Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhurek_-_kopia.doc
Скачиваний:
123
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
238.08 Кб
Скачать

«Артериялық гипертензиялардың этиологиясы және патогенезі » тақырыбы бойынша тесттік тапсырмалар

1. Орын толықтырушы тамырларға жатады: 1) аорта және серпімді артериялар; 2) капиллярлар және венулалар; 3) ұсақ веналар; 4) артериолалар; 5) лимфалық капиллярлар.

2. Резистивті тамырларға жатады: 1) артериолалар және венулалар; 2) аорта серпімді артериялар; 3) ұсақ веналар; 4) артериолалар; 5) лимфалық жүйенің бастапқы бөлігі.

3. Зат алмасулық тамырларға жатады: 1) аорта және серпімді артериялар; 2) ұсақ веналар; 3) капиллярлар және венулалар; 4) артериолалар; 5) лимфалық жүйенің бастапқы бөлігі.

4. Зат алмасулық тамырлардың негізгі қасиеті: 1) өткізгіштік; 2) жиырылғыштық; 3) қарсыласулық; 4) серпімділік; 5) көлемділік.

5. Көлемдік тамырларға жатады: 1) аорта және серпімді артериялар; 2) ұсақ веналар; 3) капиллярлар және венулалар; 4) артериолалар; 5) лимфалық капиллярлар

6. Орын толықтырушы тамырлардың дертіне тән көріністер: 1) атеросклероз; 2)гипертензия; 3)гипотензия; 4)тамырлар өткізгіштігінің төмендеуі; 5)тамырлар өткізгіштігінің жоғарылауы.

7. Резистивті тамырлардың дертіне тән көріністер: 1) гипер - және гипотензия; 2) атеросклероз; 3) тамыр қабырғасы өткізгіштігінің төмендеуі ; 4) тамырлар өткізгіштігінің жоғарылауы; 5) гиперемия.

8. Зат алмасулық тамырлардың дертіне тән көріністер: 1) тамыр қабырғасы өткізгіштігінің бұзылуы; 2) атеросклероз; 3) гипертензия; 4) гипотензия; 5) тамырлар қабырғасының гипертрофиясы.

9. Көлемдік тамырлардың дертіне тән көріністер: 1) веналық қысымның жоғарылауы; 2) гипертензия; 3) гипотензия; 4) атеросклероз; 5) эндартериит.

10. Тамырлар тонусының базальді компоненті осыған тәуелді: 1) тамырлардың құрылымдық ерекшеліктеріне; 2) тамыр тарылтатын симпатикалық иннервацяға; 3) тамыр кеңітетін иннервацияға; 4) холинергиялық әсердің күшіне; 5) периваскулярлы кеңістіктің жағдайына.

11. Тамырлар тонусының базальді құрамбөлігін анықтайтын миогенді фактор - бұл: 1) тамырлардың құрылымдық ерекшеліктері; 2) тамыр тарылтатын симпатикалық иннерваця; 3) тамыр кеңітетін иннервация; 4) тамырлар қабырғасының қан толудан созылуына жауап ретінде - жиырылуы; 5) периваскулярлы кеңістіктің жағдайы.

12. Тамырлар тонусының вазомоторлық құрамбөлігі осыған тәуелді: 1) тамырлардың құрылымдық ерекшеліктеріне; 2) тамыр тарылтатын симпатикалық иннервацяға; 3) холинергиялық әсердің күшіне; 4) тамырлар қабырғасындағы простациклин және эндотелин мөлшеріне; 5) тамырлар қабырғасының қан толудан созылуына жауап ретінде - жиырылуына.

13. Қалыпты жағдайда систолалық артериялық қысым (АҚ) тең: 1) с.б.бойынша 80-140 мм.; 2) с.б.бойынша120-160 мм.; 3) с.б.бойынша100-160 мм.; 4) с.б.бойынша100-140 мм.; 5) с.б.бойынша160-180 мм.

14. Қалыпты жағдайда диастолалық АҚ тең: 1) с.б.бойынша 60-90 мм; 2) с.б.бойынша 50-100 мм.; 3) с.б.бойынша 70-100 мм.; 4) с.б.бойынша 50-70 мм ; 5) с.б.бойынша 40-80 мм.

15. АҚ-ның артериялық гипертензиясы осыған тең: 1) 160/95 мм с.б. жоғары ; 2) 140/90 мм с.б. жоғары ; 3) 130/90 мм с.б жоғары ; 4) 120/90 мм с.б. жоғары ; 5) 110/85 мм с.б.жоғары .

16. Аурудың жиі кездесетін түрі: 1) кардиоваскулярлы гипертензия; 2) бүйректік гипертензия; 3) гипертониялық ауру; 4) симптоматикалық гипертензия; 5) феохромацитома кезіндегі гипертензия.

17. Біріншілікті гипертензияға жатады: 1)кардиоваскулярлы; 2) ренопаренхиматозды; 3) гипертониялық ауру; 4) эндокринді; 5) нейроциркуляторлы.

18. Эссенциальді гипертензия – бұл: 1) біріншілікті гипертензия; 2) екіншілікті гипертензия; 3) симптоматикалық гипертензия; 4) бүйректік гипертензия; 5) нейронды гипертензия.

19. Эссенциальді гипертензия кезінде АҚ жоғарылауы: 1) тек аурудың белгілері; 2) аурудың біріншілікті және жеке белгісі; 3) аурудың екіншілікті белгісі; 4) ауру патогенезінің басты түйіні; 5) ауру дамуының патогенездік қосымша факторы.

20. Гипертониялық ауру кезіндегі нысана-мүше: 1) бүйрек; 2) бауыр; 3) ұйқы безі; 4) көк бауыр; 5) аяқ- қолдар.

21. Гипертониялық ауру кезіндегі нысана-мүше: 1) бауыр; 2) жүрек; 3) өкпе; 4) ұйқы безі; 5) көкбауыр.

22. Гипертониалық ауру кезінде нысана-мүше: 1) өкпе; 2) бауыр; 3) бас миы; 4) көк бауыр; 5) ұйқы безі.

23. Гипертониялық ауру кезінде жүректің зақымдалуы жиі көрінеді: 1) жүрек ақауымен; 2) миокардиопатиялармен; 3) сол жақ қарыншаның гипертрофиясымен; 4) миокардитпен; 5) жүрек өспелерімен.

24. Гипертониялық ауру кезінде жүректің зақымдалуы жиі көрінеді: 1) жүрек ақауымен; 2) миокардиопатиялармен; 3) сол жақ қарыншаның гипертрофиясымен; 4) миокардитпен; 5) жүрек өспелерімен.

25.Гипертониялық ауру кезінде бас миының зақымдалуы жиі көрінеді: 1) менингитпен; 2) энцефалитпен; 3) инсультпен; 4) Даун ауыруымен; 5) Альцгеймер ауруымен.

26. Гипертониялық ауру кезінде бүйрек зақымдалуы жиі көрінеді: 1) циститпен; 2) нефролитиазбен; 3) пиелонефритпен; 4) созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен; 5) нефротикалық синдроммен.

27. Гипертониялық ауру кезінде патологияға ең жиі ұшырайтын тамырлар: 1) өкпенің; 2) бауырдың; 3) қаңқа бұлшықеттік; 4) ішектің; 5) көз торының.

28. Орталықты-жүйкелік теорияға сәйкес гипертониялық аурудың этиологиялық факторы: 1) зиянды әдеттер ; 2) гормональді түзілістер; 3) зат алмасудың бұзылыстары; 4) жүйкелік-психикалық зақымдалулар; 5) жасуша мембранасының ақаулары.

29. Орталықты-жүйкелік теорияға сәйкес гипертониялық ауру патогенезінің негізгі түйіні: 1) гипертензиялық қасиеті бар белсенді заттар түзілуінің жоғарылауы; 2) парасимпатикалық жүйке жүйесінің белсендірілуі ; 3) тұрақты қозымдылықтың қыртысты-қыртыс асты кешенінің түзілуі; 4) гипоталамустың артқы бөлігінің симпатикалық ядроларының тежелуі; 5) тамырқимылдататын орталықтың және ретикулярлы формацияның адренергиялық құрылымының тежелуі.

30. Жасушалық мембрананың ақауы тек осы кезде ғана анықталады: 1) гипертониялық ауру; 2) симпатикалық гипертензия; 3) ренопривті гипертензия; 4) реноваскулярлы гипертензия; 5) гормональді гипертензия.

31. Гипертониялық ауру кезіндегі жасуша мембранасының генетикалық ақауы алып келеді: 1) жасуша цитоплазмасында натрийдің жоғарылауына ; 2) жасуша мембранасының электрлік потенциалының жоғарылауына; 3) жасуша ішілік құрылымнан кальций босауының тежелуіне; 4) миозиннің АТФ-аздық белсенділігінің тежелуіне; 5) тамырлар тонусының төмендеуіне.

32. Гипертониялық ауру кезіндегі жасуша мембранасының генетикалық ақауы алып келеді: 1) жасуша цитоплазмасында кальцийдің жоғарылауына; 2) жасуша мембранасының электрлік потенциалының жоғарылауына; 3) нерв талшықтарының медиаторларды кері қармау жылдамдығының жоғарылауына; 4) миозиннің АТФ-аздық белсенділігінің тежелуіне; 5) тамыр қабырғаларына медиаторлардың әсер ету уақытының азаюына.

33.Климакс кезіндегі әйелдердің АҚ жоғарылауы байланысты: 1) жыныс бездернің андрогендік қызметінің жоғарылауымен; 2) жоғары вазомоторлы орталықтардың зорығуымен; 3) бүйрек үсті безі қыртысы қызметінің жоғарылауымен; 4) жас шамасына сәйкес психогендік өзгерістермен; 5) жыныс бездерінің қызметі төмендеуімен.

34.АҚ жоғарылауына осының артық болуы ықпал етеді: 1) натрий; 2) калий; 3) кадмий; 4) фтор; 5) амин қышқылдары.

35. Организмде гипернатриемия болуы осыған алып келуі мүмкін: 1) айналымдағы сары су көлемінің азаюына; 2) тамыр қабырғасының ісінуіне; 3) гипотензияға; 4) сусыздануға; 5) тамыр сезімталдығының прессорлық механизмдерге төмендеуіне.

36. Ас түзының көп қабылдануы әкеледі: 1) АҚ реттеуге қатысатын мидың диэнцефальді құрылымдарының өзгеруіне; 2) қолқа имегі барорецепторларының әсерінің күшеюіне; 3) тамырлар кемерлерінің катехоламиндерге сезімталдығының жоғарылауы; 4) тамыр қабырғасында магний мөлшері жоғарылауына; 5) натрийуретикалық механизмдер белсенділігінің жоғарылауына.

37. Гипернатриемия ағзада осындай өзгерістерге әкеледі: 1)судың іркілуі; 2) судың шығарылуының жоғарылауы; 3)қан қысымының төмендеуі; 4) гипоосмолярлы гипергидратация; 5) су тепе-теңдігнің өзгеруі.

38. Алкогольді сусындарды қабылдағанда АҚ жоғарылауы осымен байланысты: 1) катехоламиндер өндірілуінің тежелуіне; 2) симпатикалық ганглий қызметінің тежелуіне; 3) АҚ реттеуге қатысатын барорецепторлық механизмдердің сезімталдығының төмендеуіне; 4) жалпы перифериялық қарсыласыудың төмендеуіне; 5) тіке вазодилятациялық әсеріне.

39. Никотинді қолданған кезде АҚ жоғарылауы осымен байланысты: 1) катехоламиндер өндірілуінің тежелуіне; 2) тамыр қабырғасында магний мөлшері төмендеуіне; 3) жалпы перифериялық қарсыласыудың төмендеуіне; 4) симпатикалық ганглий қызметінің тежелуіне; 5) тікелей тамыр тарылтатын әсеріне.

40.Гипертониялық ауру патогенезінің орталықты түйіні - бұл: 1) ОЖЖ қозу және тежелу үрдістері қатынастарының бұзылуы; 2) ишемия мен жиырылуға бейім ағзалар артерияларының тоникалық тарылуы; 3) прессорлық заттардың өндірілуі және депрессорлық заттардың азаюы; 4) айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы; 5) бүйректің құрылымды-қызметтік жұмысының өзгеруі.

41.Гипертониялық ауру патогенезінің гуморальді түйіні-бұл: 1) ОЖЖ қозу және тежелу үрдістері қатынастарының бұзылуы; 2) ишемия мен жиырылуға бейім ағзалардың артерияларының тоникалық тарылуы; 3) прессорлық заттардың өндірілуі және депрессорлық заттардың азаюы; 4) айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы; 5) бүйректің құрылымды-қызметтік жұмысының өзгеруі.

42. Гипертониялық ауру патогенезінің вазомоторлы түйіні-бұл:1) ОЖЖ қозу және тежелу үрдістері қатынастарының бұзылуы; 2) ишемия мен жиырылуға бейім ағзалар артерияларының тоникалық тарылуы; 3) прессорлық заттардың өндірілуі және депрессорлық заттардың азаюы; 4) айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы; 5)депрессорлық механизмдер белсенділігінің төмендеуі.

43. Гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңі сипатталады: 1) АҚ тұрақты жоғарылауымен; 2) ағзалар мен тіндерде қанайналым бұзылуымен; 3) ішкі ағзалардың зақымдануымен; 4) көпағзалы жеткіліксіздіктің дамуымен; 5) ішкі ағзалардың бүлінбей, қайталанатын АҚ жоғарылауымен.

44. Гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңі сипатталады: 1) прессорлық механизімдердің белсендіріліп депрессорлық механизімдердің тежелуімен; 2) прессорлық және депресорлық механизімдердің бір мезгілде белсендірілуімен; 3) депрессорлық механизімдердің белсендірілуімен; 4)прессорлық және депресорлық механизімдердің тежелуімен; 5)прессорлық механизімдердің тежеліп депресорлық механизімдердің белсендірілуімен.

45. Гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңінде симпатико-адреналинді жүйенің белсенділігі әдетте: 1)өзгермейді; 2) төмендейді; 3)жоғарылайды; 4)жасуша мембранасының ақауына байланысты; 5) организмде кальций мен магнийдің мөлшеріне байланысты.

46. Симпатико-адреналинді жүйенің белсенділігі жоғарылаған кезде артериолалардың альфа-адренергиялық белсендірілуі: 1) ЖМК жоғарылатады; 2) ПТК жоғарылатады; 3) ЖМК және ПТК бір мезгілде жоғарылатады; 4) ЖМК төмендетеді; 5) ЖПК төмендетеді ал, ПТК жоғарылатады.

47. Симпатикалық белсенділіктің созылмалы жоғарылауы кезінде дамиды: 1) артериялық тамырдың тұрақты релаксациясы; 2)артеиолалардың тегіс бұлшықеттік жасушаларының гипертрофиясы; 3) көлемдік тамырлардың дилатациясы; 4) нысана-ағзалардың артериялық гиперемиясы; 5) гипероксия.

48. Симпатико-адреналинды жүйенің белсенділігі жоғарылаған кезде жүректің бета-адренергиялық белсендірілуі: 1)ЖМК жоғарылатады; 2) ПТК жоғарылатады; 3) бір мезгілде ЖМК және ПТК жоғарылатады; 4) ЖМК төмендетеді; 5) ЖМК жоғарылатады және ПТК төмендетеді.

49. Гипертониялық аурудың қалыптасу кезеңіндегі симпатикалық жүйкенің венулалармен веналарға ықпалының жоғарылауы: 1) көлемдік тамырларды кеңітеді; 2) жүрекке веналық қан ағысты жоғарылатады; 3) ПТК жоғарылатады; 4)минөттік қөлемді азайтады ; 5)жүрек ырғағын төмендетеді.

50. Гипертониялық аурудың қалыптасу кезеңіндегі симпатикалық жүйкенің венулалармен веналарға ықпалының жоғарылауы: 1) көлемдік тамырлар саңылауын тарылтады; 2) жүрекке веналық қан ағысты азайтады; 3) ЖМК кішірейтеді; 4) минөттік көлемді азайтады; 5) жүрек ырғағын төмендетеді.

51. Гипертониялық ауырудың қалыптасуы кезеңінде қан айналымының гиперкинездік түрі сипатталады: 1)ЖМК төмендеуімен, ПТК өсуімен; 2) ЖМК жоғарылауымен және ПТК аз өзгерісімен; 3) ЖМК қалыпты жәнеПТК өсуімен; 4) ЖМК қалыпты жәнеПТК қалыпты болуымен; 5) тек ПТК жоғарылауымен.

52.Гипертониялық аурудың қалыптасу кезеңінде бүйректік прессорлық заттардың жоғары өндірілуі осы жолмен жүреді: 1) ренин-ангиотензин механизмі қосылуымен; 2) калликреин-кинин жүйесі қосылуымен; 3) простагландин Е2 түзілуі жоғарылауымен; 4) альдостерон түзілуі төмендеумен; 5) қолқа доғасы барорецепторларының тежелуімен.

53. Ангиотензин – 1: 1)тамыр тонусына әсер етпейді; 2)ең күшті прессорлы зат; 3) норадреналин және адреналин босанысуын жоғарылатады; 4)альдостерон түзілуін жоғарылатады; 5)вазопрессин түзілуін жоғарылатады.

54.Айқын вазоконстрикторлық әсері бар: 1) ангиотензин-1; 2) ангиотензин – 2; 3) ангиотензин -3; 4) норадреналин; 5) альдостерон.

55. Ангиотензин-2 қасиеті: 1) анти-натрийуретикалық әсерде; 2) катехоламиннің босанысуының тежегіш әсерде; 3) тіке вазодилатациялық әсерде; 4) калийді жинақтаушы әсерде ; 5) айқын депрессорлық әсерде.

56. Ангиотензин-2 қасиеті: 1) натрийуретикалық әсерде; 2)катехоламиннің босанысуының белсендіргіш әсерде; 3) тіке вазодилатациялық әсерде; 4)тамыр қабырғысына уытты әсерде; 5) айқын депрессорлық әсерде .

57. Ангиотензин-2 қасиеті: 1) натрийуретикалық әсерде; 2)катехоламиннің босанысуының белсендіргіш әсерде; 3) тіке вазодилатациялық әсерде; 4)тамыр қабырғысына уытты әсерде; 5) айқын депрессорлық әсерде.

58. Ангиотензин-3 осының бөлінуін жоғарылатады: 1) альдостеронның; 2) рениннің; 3) Е2 простагландинін; 4) серотониннің; 5) ацетилхолиннің.

59.Гипертониялық ауру кезінде альдестерон шығарылуының жоғарылауы әкеледі: 1) организмнен натрийдің шығарылуына; 2) организмде натрийдің тұрып қалуына; 3)организмде калийдің тұрып қалуына; 4) организмде калий және натрийдің тұрып қалуына; 5) айналымдағы сары судың көлемі төмендеуіне.

60. Альдестеронның гиперпродукциясы осыны шақырады: 1) артериолалардың қабырғасында натрийдің іркілуін; 2) тамырлардың тегіс бұлшық еттерінде кернеулікті қысқартады; 3) депрессорлық жүйенің белсенділігін жоғарылатады; 4) ПТК төмендетеді; 5) резистивті тамырлардың тонусын төмендетеді.

61. Вазопрессин түзілуінің жоғарылауы осыған байланысты: 1) калликреин-кинин жүйесінің қызметі төмендеуіне; 2) артериолалармен веналардың альфа-және бета-рецепторларының тежелуіне; 3) ренин-ангиотензин жүйесінің белсенділігі төмендеуіне; 4)қолқа доғасының барорецепторының белсенділігіне; 5) вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімінің белсенділігі жоғарылауына.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]