Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhurek_-_kopia.doc
Скачиваний:
123
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
238.08 Кб
Скачать

«Жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері» тақыры бойынша ақпараттық-дидактикалық блок Глоссарилер

Қан айналымның жеткіліксіздігі – қан айналымның организм тіндеріне қажетті қоректі заттарды әкеле алмайтын және зат алмасу өнімдерін тіндерден керекті деңгейде алып кете алмайтын жағдай.

Жүрек жеткіліксіздігі - тыныштық жағдайда және жұмыс істеген кезде жүректің қан айналымды тұрақты ұстап тұра алмайтын жағдайы.

Жүрек жеткіліксіздігінің миокардиалді түрі – метаболизм субстраттарының дефициті және физикалық, химиялық, биологиялық ықпалдардың жүрек бұлшық етін біріншілікті зақымдануына негізделген жүрек жеткіліксіздігі.

Жүрек жеткіліксіздігінің күштемелік түрі – жүрек камералары жолдарындағы артық қысым (қарсыласу, қысыммен күштеме) немесе ұлғайған көлемдегі қанмен жүрек күштемесі (көлеммен күштеме) барысында дамитын жүрек жеткіліксіздігі.

Жеткіліксіз диастола синдромы кальций насосының жұмысы бұзылуынан диастола кезінде қарыншаларға қан толуының және систолиялық көлемнің төмендеуіне әкелетін миокардтың жеткіліксіз босаңсуы.

Франк-Старлинг заңы- қан көлемі тым артық болғанда миокардтың созылуына жауап ретінде жүректе пайда болған зорығуды жоғарлататын орын толтырудың гетерометриялық тегершік.

Бейнбридж рефлексі – күре атмырларда және оң жүрекшеде қан қысымы көтеріліп созылуы нәтижесіндегі жүрек жиырылу жиілігінің жоғарлауы; қанның минөттік көлемінің ұлғаюына бағытталған.

Бецольд-Яриш рефлексі – сол қарыншадан күштемені алып тастауға бағытталған, қарыншалар мен жүрекшелерде орналасқан механо- және хеморецепторлардың тітіркенуіне жауап ретінде үлкен қан айналым шеңберінің артериоласының рефлекторлы кеңеюі.

Жүректің теңгерліген гиперфункциясы – жүректің сыртқы жұмысын ұлғайтуға бағытталып, жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі жүрек қызметінің интракардиальді теңгеру тегершігі.

Миокард гипертрофиясы – кардиомиоциттер көлемінің ұлғаюынан жүрек салмағының ұлғаюы.

Жүрек дилатациясы (лат. dilatatio - кеңею) – қан мөлшері ұлғаюынан жүрек қуыстарының кеңеюі.

Тоногенді дилатация- соғу көлемінің жоғарлауымен өтетін жүрек қуыстарының кеңеюі.

Миогенді дилатация- миокард созылуымен, қанның соңғы диастолалық көлемнің көбеюімен және жүрек жиырылу күшінің төмендеуімен сипатталатын жүрек қуыстарының кеңеюі.

Миокард контрактурасы кардиомиоциттер босаңсымайтыннан дамыған жағдай. Миокард жасушаларының ишемиясы кезіндегі кальцилі күшетемелерден дамыған. Коронарлы қанағыс бұзылысын тереңдететін және коронарлы тамырлырадың басылуына алып келетін тіндік керілудің жоғарлауымен қабаттасатын асистолия аймағы зонасы.

25

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]