Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SSS_kaz.doc
Скачиваний:
797
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
1.84 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтардың әдістемелік өндеулер (тәжірибелік, семинарлық, лабораторлық)

Тақырыбы: Жүрек жұмысының және қантамырлар тонусының жүйкелік және гуморальдық реттелуі. Балалардағы ерекшелігі.

Сағат саны: 3

Курс: 3

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Дайындаған Хасенова К.М.

Астана, 2013ж.

Кафедра отырысында талқыланған

Және бекітілген

2 хаттама , 31.08. 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі_______Хамчиев К.М.

Кафедра отырысында талқыланған

Және бекітілген

1 хаттама , 29.08. 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі_______Хамчиев К.М.

1.Тема: Гемодинамика. Тамыр арналарының түрлі бөлімдеріне функционалды сипаттама. Гемодинамика параметрлері: АД, пульс және т.б. Балалардағы ерекшеліктері.

2. Мақсаты: Сау адамда жүрек-қантамыр жүйесінің функционалды процесінің заңдылықтары, басты принциптерді түсіну үшін және олардың тетіктерінің реттелуін және қантамыр жүйесі жұмысының функционалдық жолдарының бұзылуын студенттерге үйрету.

3. Оқыту мақсаты: тамырлар қызметінің реттелуінің физиологиялық процестерінің, балаларда қан тамыр қызметінің негізгі тетіктерінің, тамыр соғысының пальпациясы, сфигмография және артериялық қысымды зерттеуді үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Гемодинамика. Қан тамыр арналарының әр бөлімдерінің функционалды сипаттамасы.

  2. Қан тамырларда қанның қозғалысының қамтамасыз ететін факторлар.

  3. Гемодинамика параметрлері. Артериялық қысым және оның түрлері (систолық, диастолалық, пульстік). Балалардағы ерекшеліктері.

  4. Қан қысым көлемі анықтайтын факторлары.

  5. Артериялық қысымды өлшеудің ережелері.

  6. Артериялық пульстің пальпациясы.

  7. Ағзалық қан айналымы мен микроайналысы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Практикалық жұмыстарды орындау (пульсті өлшеу техникалары, манжетті кигізу техникасы, артериялық қысымды өлшеу, қалыпты жағдайдағы көрсеткіштер), фонендоскоппен (жүректі есту нүктелері, бір-біріне және манекенде жүректің аускультациясын жасау), таблицалар мен атластармен (қан айналым шеңберлерін зерттеу ).Жұмыс қорытындыларын талқылау, хаттамаларды толтыру, жағдайлық есептерді шығару.

Практикалық жұмыс №1. Адамның артериялық қысымын анықтау.

Жұмыстың мақсаты:Адамның артериялық қысымын анықтаудың тікелей емес әдістерімен танысу..

Әдістеме: Рив- Роччидің пальпаторлық әдісі.

Артериялық қысымды өлшеу үшін сфигмоманометрқолданады. Зерттеушінің жалаңаш шынтағына, иықты тығыз қамтып, бірақ талшықтарды қыспауы тиіс етіп, манжетті қою керек. Бір қолмен тамыр соғысын сәулелі артерияны пальпациялау, екіншісімен резеңке баллонмен манжетке ауаны айдамалайды. Манжеттегі қысымды манометрдің көрсеткіші бойынша анықтайды. Манжеттің ішінде максималды қысымнан асатын қысым тудырады (пульстің жойылуына дейін), кең қалпақшаның бұрандамасын бұрай отырып, ауаны жүйеден шығарып қысымды төмендетеді.

Н.С. Коротковтың аускультативті әдісі.

Шынтақ ойығының жоғарырақ жалаңаш иыққа манжетті қояды. Шынтақтың ойығында иықтын артериясын тауып, оған фонендоскопты қоямыз. Манжетте, пульс жойылатын максималды қысымнан жоғары болатын қысым тудырады да, бұрандамалық қалпақшаны бұрай отырып, манжеттен ауаны шығарады. Стетоскоп немесе фонендоскоппен шынтақ ойығынның иықтық артериясынан тонын тыңдайды. Тонның жойылу уақыты систололық қысымға сәйкес келеді. Манжетте қысымды төмендете отырып одан сайын өсетін тонды естиді, ал содан соң келе-келе кемуін естиді. Тондардың пайда болу уақыты диастоллалық өысымға сәйкес келеді. Өлшеуді үш рет қайталап, минималды көрсеткішті алады.

Қысымды Рив- Роччи әдісі мен Коротков әдісімен өлшеп нәтижелерін хаттамаға жазыңыз.

Кесте. Жүрек жиырылуының жиілігі мен артериялдық қысымының жастық өзгерістері.

Жасы, жылы

Артериялдық қысым мм сын.бағ.

1 минутта жүрек жиырылу жиілігі

әйел

еркек

10-20

115/75

118/75

90-60

20-30

116/78

120/76

60-65

30-40

125/80

124/80

65-68

40-50

140/88

127/82

68-72

50-60

155/90

135/85

72-80

60-70

160/92

145/87

80-84

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]