Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SSS_kaz.doc
Скачиваний:
797
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
1.84 Mб
Скачать

Жалпы медицина факультеті Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар

Физиология-2пәні 051301 «Жалпы медицина» мамандығы

Тарау:Жүрек-қантамыр жүйесі

Тәжірибелік сабақ: №3

Тақырыбы:Жүрек жұмысының және қантамырлар тонусының жүйкелік және гуморальдық реттелуі. Балалардағы ерекшелігі.

Курс: 3 курс

Факультеті: Жалпы медицина

Құрастырушылар:

2013 Ж.

1.Тақырыбы: Жүрек жұмысының және қантамырлар тонусының жүйкелік және гуморальдық реттелусі. Балалардағы ерекшелігі.

2. Мақсаты: Сау адам жүрек қан тамыр жүйесінің процесстерінің негізгі зандылықтары туралы студенттердің білімдерін үйлестіру, басты принциптерін түсіну үшін олардың механизімдерін және қан тамыр жүйесінің функционалды жұмысының бұзылуының компенсация жолдарын түсіндіру.

3. Оқыту мақсаты: Жүрек пен қан тамырлардың қызметін реттейтін физиологиялық процестерді, балалардан жүрек қан тамыр қызметтерінің негізгі тетіктерінің түсінуге, жүрек пен қан тамыр жұмысын функционалды зерттеу (жүрек қан тамыр рефлекстерін зерттеу, перефериялық қарсылықты есептеу, минуттық қан айналым көлемін анықтау).

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жүрек қызметінің реттелуі

  2. Жүрек қызметінің интракардиальды және экстракардиальды жүйке тетіктерінің реттелуі.

  3. Жүректің гуморальды реттелуі.

  4. Балалардағы реттелу ерекшеліктері.

  5. Қанайналымының реттелуі. Қан қысымының тұрақтылығын қамтамасыз ететін функционалдық жүйе.

  6. Қан айналымының гуморальды реттелуі.

  7. Балалардағы реттелу ерекшеліктері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Практикалық жұмыстарды орындау, кестелер мен атластармен жұмыс жасау (жүрек рефлекстері, перифериялық қарсылықты есептеу), шағын топтарда және жұптасып жұмыс жасау. Жұмыс нәтижелерін талқылау, хаттамаларды толтыру, жағдайлық есептерді шығару. Бақылау жұмысы.

№1 Тәжірибелік жұмыс. Жүрек рефлекстері.

Жұмыс мақсаты: Кейбір рецепторлық аймақтардың қозуы симпатикалық және кезеген жүйке орталықтары арқылы жүректің қызметіне әсер етеді. Бұл әсер баяу және әлсіз немесе шапшаң және күшті жүрек жиырылуымен көрінеді.

Данини-Ашнердің көз –жүректік рефлексі.

Әдістеме: Жұмыс адамға жүргізіледі. Отырған күйде 1 минут ішінде қан тамыр соғысы арқылы жүрек жиырылу санын санаймыз. Содан кейін қан тамыр соғысын көз алмасына саусақпен басу арқылы 15-20 секунд аралығында санаймыз, содан соң тез саусағымызды түсіреміз. Қан тамыр соғысының тәжірибеден 5 минуттан кейін санаймыз. Жүрек жиырылу жиілігінің өзгерістер сипаттамасын тіркеу. Тәжірибені электрокардиограммада тіркеу арқылы анықтауға болады.

Синокаротидті аймақтың барорецепторлық рефлексі.

Әдістеме: Жұмыс адамға жүргізіледі. Зерттелуші шалқасынан жатып толығымен денесін бос ұстайды. Мойынның көкірек-бұғаналық-сосцевидтәрізді бұлшық етінің алдыңғы жағына жалпы ұйқы артериясынан қан тамыр соғысын табамыз. Қалқаншалық шеміршектің жоғарғы шекарасына қарай бұталанған ұйқы артериясы мен каротидті синус орналасады. 2 секундта артерияны омыртқаға тығыз қысамыз.Ұйқы артериясын қысқанға дейін және қысқаннан кейін тамыр соғысының жиілігін санаймыз. Бір уақытты ұйқы артериясының екеуін де қысуға болмайды.Бұл тәжірибені электрокардиограмма арқылы тіркеуге болады.

Геринг- Брейер рефлексі.

Әдістеме: Афференттік талшықтар өкпенің механорецепторларынан жүректің жұмысын реттейтін орталық- сопақша миға барады...Баруы кезеген жүйкеде жабырқаңқылықты туғызады және жүректің қызметін тездетеді. Шығуы- кезеген жүйкенің тітіркенуін тудырып жүректің қызметін бәсеңдетеді.

ЭКГ-ні екінші тіркелімде немесе қалыпты жағдайдағы тыныстың тамыр соғыс жиілігін санайды. Содан кейін терең тыныс алып, тынысты өзінде ұстап, ЭКГ- да тіркейді. Дем шығарудың максималды биіктігінде ЭКГ-да тіркеуді қайталайды. Интервалдар ұзақтылығын (P-T; Q-T; T-P; R-R) немесе қан тамыр соғысының жиілігін бағалайды.

Әрбір рефлекстің орындалуына байланысты жұмыс нәтижесі мен қорытындысын жазу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]