Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SSS_kaz.doc
Скачиваний:
797
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
1.84 Mб
Скачать

№2 Тәжірибелік жұмыс.

Жанама әдіс арқылы тыныштықта және физикалық қысымнан кейінгі қанның минуттық көлемін анықтау.

Жұмыс мақсаты:Қан айналымның минуттық көлемін анықтау әдісімен танысу.

Әдістеме: Қан айналымның минуттық көлемі (ҚМК) жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметінің ең негізгі көрсеткіштері болып табылады. ҚМК-ны анықтау әдісі тікелей (ФИК, Горольман, Стюарт Гамелтон, Термодиллюция) және тікелей емес ( Стар, Сфикмографиялық, Баллистографиялық) болып бөлінеді. Ең кең тараған әдіс Стар әдісі (1954ж). Бұл анықтаудың математикалық әдісі негізі арнайы эмперитикалық формулалары мен шешу болып табылады. Зерттелушіде коротков әдісі арқылы артериялдық қысымды және жүректің соғу жиілігін анықтап алады. Одан формула арқылы систоликалық қанның көлемін анықтайды.

СҚ = 100 + 0,5 ПҚ – 0,6 ДҚ – 0,6 Ж, онда

ПҚ — пульстік қысым (мм, рт. ст.);

ДҚ — диастоликалық қысым (в мм. рт. ст.);

Ж — жас (жылмен).

Систоликалық көлемді анықтаудан кейін ҚМК-ны формула арқылы есептеу

ҚМК = СҚ х ЖСЖ, онда ЖСЖ — жүректің соғу жиілігі.

Дені сау адамдарда ҚМК-ң көлемі бірнеше ауытқуларға ие. Бұл жынысқа,жасқа,бойына, салмағына сонымен қатар жұмыс істеу тәртібіне байланысты. ҚМК-ң негізгі айналымы дені сау адамдарда минутына 3,5-5 л тең, осы жағдайда ауытқулар қан айналымның қалыпты минуттық көлемі ± 10% -нан аспайды. Науқас адамдарда ҚМК-ң ауытқулары тыныштық кезеңде дені сау адамдарға қарағанда айқынырақ.

Стар әдісін қолданып, ҚМК-і физикалық қысымнан кейін анықтау ( 30 секундта 20 рет отырып тұру) және оны ҚМК тыныштық күйде болған кездегі көлемімен салыстыру. Жүректің соғуы және артериялдық қысымды 6 мин ішінде әрбір 30 сек сайын анықтау. Одан кейін алынған деректер арқылы ҚМҚ- ны есептеп, ҚМК-ң қысымынан кейін қисық динамикасын сызу.

Жұмыстың қорытындысы мен нәтижесін шығару.

№3 Тәжірибелік жұмыс. Тыныштық күйде және физикалық қысымнан кейін қан тамырлардағы перифериялық қарсыласуын есептеу.

Жұмыс мақсаты: ҚПҚ-ны есептеу әдісі мен танысу

Әдістеме: Қан тамырларда қан айналу кезінде пайда болатын қарсыластық қан тамырлардағы перифериялық қарсыласу деп аталады. (ҚПҚ). Тыныштық күйде ҚПҚ әртүрлі адамдарда 1400 ден 2500дин. см. сек көлемінде ауытқып тұрады. Орташа ауытқуы 1850 дин.см.сек. ҚПҚ-ң көлемі Пуазейль формуласы арқылы есептеледі (1939), онда

ҚПҚ = (ОГҚ х 1333 х 60) / ҚМК, онда

ОГҚ- орташа гемодинамикалық қысым в мм. рт. ст.;

1333 - айналым коэффициенті. мм. рт. ст. в дины;

60 – минуттағы секунд саны

ҚМК – Қанайналымның минуттық көлемі

Орташ динамикалық қысымды Н.Н. Савицкий (1974) формуласы арқылы есептейді:

ОГҚ = 0,5 ПҚ + ДҚ, онда

ПҚ – пульстік қысым ;

ДД – диастолалық қысым .

Қпқ-ны тыныштық күйде және физикалық қысым түсіргеннен кейін зерттелушінің артериялдық қысымын және минуттағы жүрек соғу жиілігін Коротков әдісі арқылы анықтау керек. Физикалық қысым түсіргеннен кейін ҚПҚ-ны анықтау үшін, берілген көрсеткіштерді 6 мин көлемінде әрбір 30 сек сайын анықтау. Қысым түсірілгеннен кейін ҚПП-ң қисық динамикасын сызу. Қалыпты жағдайда қан тамырларда қанның өтуі жақсарады, жүректің жұмыс істеуі жеңілденеді, ПҚП-ң көлемі 20-30% кемиді. Қысымнан кейін 3-6 минуттың ішінде ҚПҚ өз қалпына келеді.

ПҚП-ң қысымнан кейін қисық динамикасын және ҚМК-ң қисық динамикасын салыстыру.

Жұмыстың қорытындысы мен нәтижесін жасау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]