Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
18
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
554.82 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ӘӨ – 07.1.15.

Шығарылған күні: 31.08.2011ж

Гистология, цитология және эмбриология

кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс:

12 бет 12

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Тақырыбы: № 11 Борпылдақ талшықты дәнекер тіні. Тығыз және арнайы қасиеті бар дәнекер тіндері

Сағат саны: 3

Курс: 2

Мамандығы: 051301 - « Жалпы медицина»

Дайындаған: Кикимбаева А.А., Исаева З.К.

Астана, 2012 ж.

1. Тақырыбы: Борпылдақ талшықты дәнекер тіні. Тығыз және арнайы қасиеті бар дәнекер тіндері

2. Мақсаты: Дені сау организмнің маңызды тіршілік үрдісін түсіну үшін көп ағзалардың құрамына кіретін және қан тамырлармен бірге ере жүретін әр түрлі дәнекер тіндердің құрылысы мен қызметінбілу қажет, себебі дәнекер тіндер зат алмасуына,қорғану, қалыпқа келу процестеріне және ішкі ортаның тұрақтылығына белсенді қатысады.

3. Оқыту мақсаты: Микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейлерде әртүрлі дәнекер тіндерінің құрылымдық компоненттерін анықтай білу.

  1. Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтаудағы дәнекер тінінің рөлін түсіндіре білу. Дәнекер тінінің қоректі, механикалық, қорғаныс, пластикалық қызметтерінің мәнін білу

  2. Дәнекер тінінің жасушаларының ультрамикроскопиялық құрылысының және цитохимиялық ерекшеліктерін ескере отырып олардың қызметтерін түсіндіре білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Талшықты дәнекер тінінің жасушааралық затының негізгі компоненттерін атаңыз?

  2. Дәнекер тінінің талшықтарын және аморфты затының химиялық құрамын атаңыз?

  3. Сіз білетін коллагеннің түрлерін атаңыз және олар орналасатын жерлерден мысал келтіріңіз?

  4. Борпылдақ және тығыз талшықты дәнекер тіндерінің, оның құрылысының ерекшелігіне және атқаратын қызметтеріне байланысты айырып түсіндіріңіз?

  5. Арнайы дәнекер тінінің қайсы түрі қан түзуші ағзалардың (лимфа түйіні, көкбауыр, сүйектің қызыл кемігі) стромасын түзеді және дамып түзілетін жасушаларға жағдай жасайды?

  6. Организмнің қорғаныс реакциясына қатысатын дәнекер тіні мен қанның жасушалық элементтерін атаңыз?

  7. Фибробласттың қызметінің мәні, қандай органелласы жақсы жетілген?

  8. Макрофагтың даму көзін атап, қызметін атқаруда қандай органеллалары жақсы жетілгенін айтыңыз?

  9. Тінді базофил жасушасының негізгі цитологиялық ерекшелігін және дәндерінің химиялық құрамын көрсетіңіз?

  10. Плазматикалық жасушаның құрылысын сипаттап, цитоплазмасының базофилді болуын түсіндіріп, даму көзін және қызметін атаңыз?

  11. Ұсақ тамырлардың (капилляр, венула) қабырғасында кездесетін дәнекер тіннің жасушаларын атаңыз?

  12. Ақ және сұр майлы тіннің құрылымы мен қызметіне байланысты айырмашылығын түсіндіріңіз?

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтарда.

Өзіндік зерттеуге арналған микропрепараттар:

  1. Борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тіні, пленкалы препарат темірлі гематоксилинмен боялған.

  2. Борпылдақ дәнекер тініндегі гистиоциттерде бояудың жинақталуы. Тірі кезінде трипан көкті ендіріп ядроны карминмен бояған.

  3. Саусақ терісіндегі борпылдақ және тығыз қалыптаспаған дәнекер тіндері. Гематоксилин және эозинмен боялған.

  4. Сіңірдің ұзыннан және көлденең кесіндісіндегі тығыз қалыптасқан дәнекер тіні, гематоксилин және эозинмен боялған.

  5. Эластикалық байлам. Пикрофуксинмен боялған.

  6. Ақ май тіні. Шажырқайдың тотальді препараты. Судан 3 және гематоксилинмен боялған.

Студенттердің оқытушымен бірге зертейтін препараттары:

  1. Лимфа түйіні және көкбауырдағы ретикулярлы дәнекер тіні. Күміс нитратымен импрегнацияланған.

  2. Борпылдақ дәнекер тініндегі тінді базофил. Азур 2 және эозинмен боялған.

  3. Лимфа түйіндегі плазмоциттер. Метил көкпен және пиронинмен боялған.

  4. Нәрестенің сұр май тіні. Гематоксилин және эозинмен боялған

Студенттер электронды микросуреттерді оқытушының көмегімен талдайды:

  1. Фибробласт. Атлас.

  2. Макрофаг. Атлас.

  3. Плазматикалық жасуша. Атлас.

  4. Тінді базил. Атлас.

  5. Ретикулярлы жасуша және ретикулярлы фибриллалар. Атлас.

  6. Колагенді фибриллар. Атлас.

Студенттердің өздігінен пайдаланатын таблицалар және сызбалар:

  1. Механизма жасушасының жіктелу сызбасы.

  2. Борпылдақ талшықты дәнекер тіні.

  3. Коллаген талшығының құрылыс сызбасы.

  4. Перицит және адвентиция жасушалары.

  5. Тығыз талшықты дәнекер тіні.

  6. Май тіні

  7. Ретикулярлы жасуша және ретикулярлы тіні.

6. Әдебиет:

Негізгі әдебиет.

Қазақ тілінде

  1. Гистология оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О. Аяпова. Алматы Кітап баспасы. -2005. 285 б.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. –Алматы «Эффект» баспасы, 2006. -411 б.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005. -400б.

Орыс тілінде

  1. Гистология, учебник под редакцией Афанасьева Ю.И.,Кузнецова С.Л., Юриной Н.А. М.. Медицина ,-2004.-764с.

  2. Гистология, цитология эмбриология атлас для студентов медицинских ВУЗов. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. –Алматы «Эффект» баспасы, 2006. -416 с.

  3. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии учеб. Пособие для студентов мед. Вузов. /С.Л. Кузнецов, Н.Н. Мушкамбаров, В.Л. Горячкина.-М..2005.-400с.

  4. Лабораторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии, под редакцией проф. Ю.И. Афанасьева.-М.. «Высшая школа», 2004.

Ағылшын тілінде

  1. Basic histology. Texts and atlases, published in Northern America. 2003. 512 pp.

  2. Functional histology. Texts and colour atlas. Curchill Livihgstone. International edition. Sideney. Toronto. 2000. 413 pp.

Қосымша әдебиеттер.

Қазақ тілінде:

  1. Гистология. Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау. Еркін и К –ХХI, 2004

  2. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К./ҚР БМ Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті.-Алматы..Ғылым, 1996-224б.

  3. Гистология және эмбриология негіздері оқулық Нұрышев М.-Алматы..Санат, 1998.-160 б.

Орыс тілінде:

1. Гистология, учебник под редакцией Улумбекова Э.Г., Челышева Ю.А.

ГЭОТАР-М.. Мед, 2001.

  1. Руководство по гистологии, т.1 и 2, под редакцией Р.К.Данилова, В.Л. Быкова, Одинцова И.А. СпецЛит, Санк-Петербург, 2001.

  2. Основы цитологии, эмбриологии и общей гистологии. Мяделец О.Д. М.. «МЕД КНИГА», Нижний Новгород. Изд. НГМА. -2002. 367 С.

  3. Гистология человека в мультимедиа. Данилов Р.К., Клишев А.А., Боровая Т.Г. Учебник для студентов медицинских вузов. СПБ.. ЭЛБИ-СПб, 2004.-362с.

  4. Цитология общая гистология. Быков В.Л., СОТИС, СПб., 2000-300с.

  5. Частная гистология. Быков В.Л., СОТИС, СПб., 2000-300с.

  6. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии. Самусев Р.П., Пупышева Г.И., Смирнов А.В. М.. ОНИКС, ХХI век, Мир и Образование, 2004-400с.

7. Бақылау:

Қорытынды сұрақтар:

    1. Фибробласттардың қызметі қандай, құрамында қандай органоид зор дамыған?

    2. Гистиоциттің қызметінің қандай органоидтар оны атқарады, гистоциттердің дамуының қайнар көзі не?

    3. Тін базофилдің негізгі цитологиялық ерекшелігін және гранулаларының химиялық құрамын көрсетіңіздер.

Бақылау тестілері :

Назар аударыңыз! Берілген 5 варианттан бір дұрыс жауапты таңдаңыз:

1.Барлық дәнекер тінінің даму көзі болып табылады:

А) эктодерма

Б) спланхнотом

В) миотом

Г) мезенхима

Д) энтодерма

2. Тығыз қалыптаспаған дәнекер тіні кездеседі:

А) Қан және лимфа тамырлары бойында.

Б) Сіңір және байлам.

В) Қуыс түтікті ағзалардың шырыш асты негізі.

Г) Дерманың торлы қабатын.

Д) Дерманың бүрлі қабаты.

3. Жасушааралық затты синтездеуші жасуша:

А) Фибробласт.

Б) Плазмоцит.

В) Фиброцит

Г) Перицит

Д) Фиброкласт

4. Дәнекер тініне түскен моноцит түрленеді:

А) Меланоцитке

Б) Макрофагқа

В) Тінді базофилге

Г) Адвентиция жасушасына

Д) Липоцитке

5. Меланоцит:

А) Механизмадан дамиды

Б) Жүйке тінінен пайда болады

В) Сүйек миы ізашараларынан пайда болады

Г) Энтодермадан дамиды

Д) Дәнекер тінінң бағанды жасушасынан дамиды

6. Дәнекер тініне түскен В-лимфоцит айналады:

А) Плазмоцит жасушасы

Б) Макрофаг

В) Лаброцит

Г) Перицит

Д) фиброкласт

7. Тығыз дәнекер тінінің борпылдақтан айырмашылығы:

А) Негізгі аморфты заттың көп болуы

Б) Макрофагтың көп болуы

В) Лаброциттің гликозаминогликанды көп синтездеуі

Г) Тін матриксінде аздаған

Д) Аморфты затпен жасушаларының аз мөлшерде болу

8. Плазмоцит жасушасының қызметтері:

А) Қан плазмасын өндіру

Б) Фагоцитоз

В) Иммуноглобулинді синтездеу және бөлу

Г) Жасушааралық заттың компоненттерін синтездеу және бөлу

Д) Гепарин және гистолинді синтездеу және бөлу

9. Адвентициальді жасуша:

А) Антидене өндіру

Б) Жасушааралық заттың резорбциясына қатысу

В) Аморфты заттар мен тамыр қабырғасының өткізгіштігін реттеу

Г) Дәнекер тінінің бағанды жасушасы

Д) Брадикинин, серотонин, гистаминді синтездеу

10. Нәрестеде жылуды сақтауға қатысатын:

А) Ретикулярлы дәнекер тіні

Б) Пигментті дәнекер тіні

В) Шырышты дәнекер тіні

Г) Сұр май тіні

Д) Ақ май тіні

11. Шырышты дәнекертіні құрамы бар:.

А) Сарыуыз қапшығы қабырғасы

Б) Амнион

В) Кіндік бау

Г) Хорион

Д) Аллантоис

12. Миофибробластқа тән ерекшелік:

А) Хемотаксиске қабілеттілігі

Б) Жасушааралық затты синтездей отырып жиырылуға қабілеттілігі

В) Шығу тегі сүйек миынан

Г) Фагоцитозға қабілеттілігі

Д) Иммуноглобулинді синтездеуге қабілеттілігі.

13. Тығыз қалыптасқан дәнекер тінінің қалыптаспағаннан айырмашылығы:

А) Беріктілік қасиеті

Б) Талшықтарының ретімен орналасуы

В) Аморфты затының таралуы

Г) Аморфты затына қарағанда коллагенді талшықтарының

Д) Жасушалар құрамының көп болуы.

14. Дәнекер тінінің беріктілігін анықтайтын:

А) Коллаген талшықтары

Б) Эластикалы талшықтар

В) Аморфты затының компоненті

Г) Дәнекер тінінің жасушалары

Д) Ретикулярлы талшықтар

15. Перициттің қызметі:

А) Меланиннің синтезі мен жинақталуы

Б) Иммуноглобулиннің синтезі мен бөлінуі

В) Фагоцитоз

Г) Тамыр қабырғасының өткізгіш қасиетін реттеу.

Д) Фибриллин және эластиннің синтезі мен бөлінуі

16. Ретикулярлы талшықтары бар:

А) Терінің бүрлі қабаты

Б) Сіңір және байлам

В) Терінің торлы қабаты

Г) Ішкі ағзалардың капсуласы және фасций

Д) Қан түзуші ағзалардың стромасы

17. Эластикалық талшықтар:

А) Фиброциттер өндіреді

Б) Деформациядан кейін қайта қалпына келуге қабілеттілігі

В) Дәнекер тініне беріктілік береді

Г) Қан түзетін ағзалар стромасының құрамына кіреді

Д) Тінді базофил жасушалары өндіреді

18. Коллаген талшығының ақыры жинақталуы жүреді:

А) Фибробласттың гранулярлы эндроплазмалық торында

Б) Фибробласттың Гольджи аппаратында

В) Фибробласттың агранулярлы эндоплазмалық торында

Г) Фибробласттың секторлы көпіршіктерінде

Д) Жасушадан тыс

19. Мезенхима сипатталады:

А) Коллагенді талшықтар санының көп болуымен

Б) Эластикалық талшықтар санының көп болуымен

В) Ретикулярлы талшықтар санының көп болуымен

Г) Аморфты заттың көп болуымен

Д) Жасушалар санының көп болуымен

20. Протеогликан:

А) Ақуызды матрица, гликозаминогликанмен байланысқан

Б) Аминосахар және урон қышқылынан тұратын полисахарид

В) Глюкурон қышқылды полимер

Г) Фибриллин және ламининнен тұратын, комплексті ақуыз

Д) Фибронектин және энтактиннен тұратын, комплексті ақуыз

21. Фиброкластың қызметі:

А) Жасушааралық заттың талшықты құрылымын синтездеу

Б) Негізгі аморфты затын синтездеу

В) Жасушааралық затын резорбциялау

Г) Биогенді аминді сіңіру және бөлу

Д)Гепарин, гистамин, серотонинді синтездеу және бөлу

22. Ретикулярлы талшықтарды түзетін:

А) I типті коллаген

Б) эластин

В) II типті коллаген

Г) Фибриллин

Д) III типті коллаген

23. Шырышты дәнекер тінін сипаттағанда басым болатын:

А) Коллаген талшығы

Б) Эластикалық талшық

В) Ретикулярлы талшық

Г) Аморфты заты

Д) Мезенхима жасушалары

24. Дефинитивті пішіндегі фиброцит бұл:

А) Фибробласт

Б) Фиброкласт

В) Миофибробласт

Г) Макрофаг

Д) Мастоцит

Соседние файлы в папке МӘ тәжірбиелік