Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
552.9 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ӘӨ – 07.1.15.

Шығарылған күні: 31.08.2011ж

Гистология, цитология және эмбриология

кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс:

9 бет 9

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Тақырыбы: № 16 Жүйке тіні. Нейроциттер. Нейроглия. Жүйке талшықтары. Синапстар.

Сағат саны: 3

Курс: 2

Мамандығы: 051301 - « Жалпы медицина»

Дайындаған: Кикимбаева А.А., Исаева З.К.

Астана, 2012 ж.

1. Тақырыбы: Жүйке тіні. Нейроциттер. Нейроглия. Жүйке талшықтары. Синапстар.

2. Мақсаты: Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметін түсіну үшін жүйке тінінің гистофизиологиясын білу қажет, өйткені жүйке жүйесі бүтіндей организмнің және ағзалардың қызметтерін реттейді. Медико-биологиялық және клиникалық пәндердің бөлімдерін оқып түсіну үшін негізінде осы тақырып бойынша берілетін түсініктер қажет болады.

3. Оқыту мақсаты:

1. Әр түрлі нейроциттерді және глиоциттерді айыруды үйрену.

2. Микро-және ультрамикроскопиялық дәрежеге жүйке жасушаларының және олардың өсінділерінің цитологиялық ерекшеліктерін білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Нейтроциттер мен глиоциттердің даму көздері?

2. Жүйке тіні қандай жасуша түрлерінен тұрады және олар қандай қызмет атқарады?

3.Нейтроциттің дендриті мен нейтритін бір-бірінен қандай морфологиялық және функциональді белгілеріне қарап айыруға болады?

4.Жүйке жасушалары қалайша жіктеледі?

5.Нейтроциттің денесінде, дендриттерінде және нейтритінде қандай арнайы органеллалар болады?

6.Глиоцитердің жіктелуі.

7.Жүйке талшығының түзілуіне нейтроциттің және ганглия жасушаларының қандай қатысы бар?

8.Жүйке талшығының қандай түрлері бар және олардың қайсылары «жылдам» және «баяу» болады?

9. Химиялық синапс қандай бөлімдерден тұрады және оны қандай морфологиялық белгілеріне қарап аболады?

10. Синапстар қалайша жіктелінеді

11. Рецепторлар қалай жіктеледі?

12. Моторлы бляшка мен синапс арасында ортақ не?

13. Рефлекторлы доға және рефлекс дегеніміз не?

14. Қарапайым және күрделі рефлекторлы доғаның құрылысы қандай?

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтар.

Өзіндік зерттеуге арналған микропрепараттар:

1.Жұлын түйіндерінің жалған униполярлы нейроциттері. Гематоксилин – эозинмен боялған.

2.Жұлын нейроциттеріндегі базофильді зат. Нисель әдісімен боялған.

3.Жұлын нейроциттеріндегі нейрофибриллалар. Азотты қышқыл күміспен боялған.

4.Миелинді жүйке талшықтары. Осмий қышқылымен боялған.

5.Миелинсіз жүйке талшықтары. Гематоксимен эозинмен боялған.

Студенттердің оқытушының көмегімен зерттелетін препараттар:

1.Нейтроциттер цитоплазмасындағы РНҚ Браше әдісімен боялған.

2.Мидың сұр затындағы астроциттер. Азотты қышқыл күміспен боялған.

3.Мидың сұр затындағы микроглия. Азотты қышқыл күміспен боялған.

4.Жұлын нейроциттеріндегі аксо-саматикалық синапстар. Азотты қышқыл күміспен боялған.

5.Жүйке-бұлшықет ұштығы. Азотты қышқыл күміспен боялған.

Студенттер оқытушының көмегімен электронды микросуреттерді талдап зерттейді:

1.Нейроциттердегі базофильді (тигроидты) зат. Атлас.

2.Миелинді жүйке талшығының көлденең кесіндісі. Атлас.

3.Миелинсіз жүйке талшығының ұзынан кесіндісі. Атлас.

4.Буылтық (перехват) аймағындағы миелинді жүйке талшығының ұзыннан кесіндісі. Атлас.

5.Аксо-дендритті синапс. Атлас.

6.Жүйке бұлшықет ұштығы («қозғаушы буылтық») Атлас.

Студенттерлің өздігінен пайдаланатын таблицалар және сызбалар.

1.Нейроциттердің морфологиясы және қызметі бойынша жіктелуі. Нейроциттердің өзара байланысуы.

2.Глиоциттердің негізгі түрлері және олардың жүйке жүйесінде орналасуы.

3.Бос және капсуласы бар рецепторлар.

4.Бұлшықет тінінің эффекторлары.

6. Әдебиет:

Негізгі әдебиет.

Қазақ тілінде

1.Гистология оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О. Аяпова. Алматы Кітап баспасы. -2005. 285 б.

2.Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. –Алматы «Эффект» баспасы, 2006. -411 б.

3.Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005. -400б.

Орыс тілінде

1.Гистология, учебник под редакцией Афанасьева Ю.И.,Кузнецова С.Л., Юриной Н.А. М.. Медицина ,-2004.-764с.

2.Гистология, цитология эмбриология атлас для студентов медицинских ВУЗов. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. –Алматы «Эффект» баспасы, 2006. -416 с.

3.Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии учеб. Пособие для студентов мед. Вузов. /С.Л. Кузнецов, Н.Н. Мушкамбаров, В.Л. Горячкина.-М..2005.-400с.

4.Лабораторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии, под редакцией проф. Ю.И. Афанасьева.-М.. «Высшая школа», 2004.

Ағылшын тілінде

1.Basic histology. Texts and atlases, published in Northern America. 2003. 512 pp.

2.Functional histology. Texts and colour atlas. Curchill Livihgstone. International edition. Sideney. Toronto. 2000. 413 pp.

Қосымша әдебиеттер.

Қазақ тілінде:

1.Гистология. Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау. Еркін и К –ХХI, 2004

2.Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К./ҚР БМ Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті.-Алматы..Ғылым, 1996-224б.

3.Гистология және эмбриология негіздері оқулық Нұрышев М.-Алматы..Санат, 1998.-160 б.

Орыс тілінде:

1.Гистология, учебник под редакцией Улумбекова Э.Г., Челышева Ю.А.

ГЭОТАР-М.. Мед, 2001.

2.Руководство по гистологии, т.1 и 2, под редакцией Р.К.Данилова, В.Л. Быкова, Одинцова И.А. СпецЛит, Санк-Петербург, 2001.

3.Основы цитологии, эмбриологии и общей гистологии. Мяделец О.Д. М.. «МЕД КНИГА», Нижний Новгород. Изд. НГМА. -2002. 367 С.

4.Гистология человека в мультимедиа. Данилов Р.К., Клишев А.А., Боровая Т.Г. Учебник для студентов медицинских вузов. СПБ.. ЭЛБИ-СПб, 2004.-362с.

5.Цитология общая гистология. Быков В.Л., СОТИС, СПб., 2000-300с.

6.Частная гистология. Быков В.Л., СОТИС, СПб., 2000-300с.

7.Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии. Самусев Р.П., Пупышева Г.И., Смирнов А.В. М.. ОНИКС, ХХI век, Мир и Образование, 2004-400с

7. Бақылау:

Қорытынды сұрақтар:

1.Белсенді нейроциттердің әлсізденген нейроциттерден айырмашылығы неде?

2.Нейроциттің функциональді жіктелуі?

3.Сезуші нейроциттердің қандай өсінділері рецепторлармен аяқталады?

4.Синаж арқылы берілетін тітіркену импульсінің бағыты қандай? Ол неге бір бағытта болады?

5.Қозғаушы нейроциттердің қандай өсінділері қозғаушы буылтықпен ақталады.

Бақылау тестілер.

Нейроглия дамиды?

А) Мезенхимадан Б) Энтодермадан В) Мезодермадан Г) Жүйке пластикасынан Д) эктодермадан

Эмбриогенезде нейроциттердің дамуы:

А) Спонгиобласттан Б) Нейробластан В) Эпендимобласттан Г) Трофобласттан Д) Монобласттан

Жүйке талшығындағы остік цилиндрді құрайтын құрылым:

А) Рибосомалар Б) Митохондриялар В) Нейротубулалар Г) Нейрофиламенттер Д) Гранулярлы

Миелинді жүйке талшығының жүйке импульсін өткізу жылдамдығының қайсысы дұрыс:

А) 1-4 м/сек. Б) 5-120 м/сек. В) 120 м/сек көп.

Миелинсіз жүйке талшығының жүйке импульсін өткізу жылдамдығының қайсысы дұрыс емес:

А) 1-2 м/сек Б) 7-14 м/сек

В) 120 м/сек астам.

Нейроциттің цитосклеті. Барлығы дұрыс, тек мынадан басқа:

А) Микрофиламенттерден, нейрофиламенттерден және микротүтікшелерден тұрады. Б) Өсінділеріне органеллалардан тасымалдауға қатысады. В) Өсінділеріне ақуыздар мен медиаторларды тасымалдауға қатысады.

Г) Аксонда микротүтікшелердің бағытталған ориентациясы бар. Д) Дендрите микротүтікшелердің бағытталған ориентациясы бар.

Жүйке тінінің қалпына келу қабілеттілігі. Қайсысы дұрыс:

А) Жүйке тіні- тұрақты тін.

Б) Жүйке тіні- баяу қалпына келетін тін.

В) Жүйке тіні- жылдам қалпына келетін тін.

«Миелинді қабықша түзілген…»Жазылғандардың қайсысы дұрыс:

А) Жасушааралық заты тығыз, құрамында ақуыз және фосфолилиді бар.

Б) Шванн жасушасының плазмалық мембранасымен. В) Периневрияның маманданған бөлімімен. Г) Шванн жасушасының цитосклетінің элементтерімен. Д) Спиральді оралған аксон мембранасынан.

9. Эксперименте ұрықтың жүйке айдары алынып тасталған қандай структуралар дамуда бұзылады:

А) Жұлынның мотонейрондары.

Б) Симпатикалық ганглидің нейрондары.

В) Меланоциттер.

Механорецепторлы қызметі бар жүйке ұштығына не жатады:

А) Пашни денешігі.

Б) Гольджидің сіңірлі аңасы.

В) Бұлшықетті ұршық.

Г) Меркель жасушасының комплексі жүйке ұштығы.

11. Бос емес жүйке ұштығына жатады:

А) Пашни денешігі.

Б) Мейснер денешігі.

В) Руффини денешігі.

Г) Меркель жасушасының комплексі жүйке ұштығы.

Бұлшықетті-жүйке синапс.

А) Ацетилхалин-құрамы ашық синаптикалық көпіршік.

Б) Постсинаптикалық мембрана- хоменрецепторлардың көптеу жинақталған жері.

В) Жүйке терминальі Шванн жасушасымен қоршалған синаптикалық везикуласы синаптикалы саңылауға шығады.

Жазылғандардың қайсысы микрология үшін дұрыс:

А) Мезенхимадан дамиды.

Б) Мидың иммундық жауабына қатысады.

В) Жаңаруға қабілеттілігі.

Г) Көптеген лизосомалар.

Д) Нейрондар бетіндегі ре

Соседние файлы в папке МӘ тәжірбиелік