Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Азы тулік

.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
45.63 Кб
Скачать

 

2-ші кестеде көрсетілгендей, факторлардың бірінші тобына кіретіндер:

—  отандық өндірістің көлемінің ұлғаю негізінде дамуы;

—  елдегі азық- түліктік қауыпсіздікті қамтамасыз етуді регламенттейтін, өндірістердің экономикалық қызметін регламенттейтін.

— осал нормативтік – құқықтық база;

—   баға құрылуының әсершіл механизмінің болмауы;

—              шикізаттың, өндіріс құралдарының, дайын өнімдер мен әртүрлі саладағы қызмет түрінің бағасының тұрақсыздығы;

—  нарықтың бөлшектері мен сегментерін шетелдік-тауарлардың басуы, отандық тауар өндірушілердің нарықтық ортадан ығыстырылуы;

—  отандық тауарларға жалпы сұраныстың төмендеуі;

—  тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасының өсу қарқыны мен жалақының арасындағы сәйкессіздік, жұмыссыздықтың өсіуі;

—  экономиканы жандандыруға бағытталған әрекетті республикалық, салалық бағдарламалардың болмауы;

—  материалдық өндіріс сферасындағы жаңа енгізулердің деңгейінің төмендігі, жекелеп алғанда – тамақ өндіріс орындары мен өңдеуші өнеркәсіпте, қолданудағы құрал жабдықтардың моральдық және физикалық тозуы, бірбеткей жаңа зерттеулер мен ноу-хоу үлес салмағының болымсыздығы, жаңашылдықтардың пайда болуына әсер етуші механизмнің болмауы;

—  елімізден халықтың сұранысына сай стратегиялық шикізаттар мен дефицинт азық-түліктердің шығарылып әкетілуі; [8]

—  сауда нарықтық комплекстердің қызметіне бақылаудың төмендігінен олардың тиімділігінің жетіксіздігі;

—  баға құрылуы саласындағы экономикалық процесстерге өкімет тарапынан әсердің салғырттығы;

—  кредитті- қажылық, салық және кедендік саясаттың тұрақсыздығы;

—  нарықтық қатынастар жағдайындағы жоспарлау мен стратегиялық болжамның әдістері мен принциптерінің болмауы;

—  әртүрлі саладағы қызмет атқарушы субьектілердің өндіріс факторлары мен ресурстарын қолдануына толық есеп пен бақылаудың болмауы;

—  олардың қызметі жайындағы  нақты есептің болмауы;

—  экономиканың түрлі салаларының мүмкіндіктері мен қорларын дұрыс бағалауға рұқсат берілмейтін осал ақпараттық база және т.б.

Негативті көріністерге қарама- қайшылық ретінле позитивті тенденция болып сипатталатын сәйкес дамушы процесстер қызмет атқарады. Сондықтан факторлардың 2-ші тобына әлемнің дамыған елдерінің практикасы мен тәжірибесіне арқа сүйей отырып, келесі жағдайлар енгізілген:

-халықтың жалақысы мен жалпы материалдық қамтамасыз етілуінің деңгейін көтеру;

—  отандық өндірісті оның көлемін ұлғайту негізінде дамыту;

—  экономикалық жүйенің функциясын қалыпқа келтіруге ықпал ететін бір қалыпты нормативтік- құқықтық базаның жасалуы;

—  баға құрылуының тиімді механизімін жетілдіру және азық- түліктік шикізатқа, өндіріс құралдары мен тауарларға өзара байланысты бағалар жүйесін дамыту;

—  ауылшаруашылығы секторында қолданылатын ауылшаруашылық шикізатты,өндіріс құралдары мен тауарлар;

—  елге іспеттес тауарлары өзімізде өндірілетін немесе отандық кәсіпорындар өндіруге мүмкіндігі бар шарттық тауарларды әкелуге шектеу салу;

—  жаңаенгізулерге жаппай зерттеме жүргізу, ғылыми техникалық прогрессті енгізу;

—  елімізден стратегиялық шикізат пен тапшы азық –түлікті сыртқа шығаруға енгізу;

—  бір түтас тауар саясатының стратегиясын дамыту, тауар қозғалымының өркениетті каналдарын жасау,тиімді өндірістік- сауда структураларын дамыту;

—  азық- түліктік нарықтың инфрақұрылымын –өркендету;

—  нарықтық жағдайларға тиімді принциптер негізінде әртүрлі шаруашылық субьектілері мен жалпы экономикалық жүйенің қызметін жоспарлау және болжау;

—  ауылшаруашылық тауар  өндірушілері мен өңдеуші өндіріс орындары арасында интеграциялық процесстердің күшейуі,ірі құрастырылған және мамандандырылған өкіметтік капиталдың бөлігі басым өндірістердің ара қатынасы;

—  тиімді және нақты ақпараттық жүйелерді енгізу;

—  халықтың сұранысынқанағаттандыруға жеткілікті ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге мүмкіндік беретін егістіктерді бөлу;

—  жерді өңдеу мен оның сапасын жоғары деңгейде ұстау мақсатында әлемдік тәжірибені қолдануарқылы ауылшаруашылық өнімдерінің  астық өнімділігін көтеру;

—  өнімдер шығаруда элиталық ұрықтық формаларды қолдану;

—  өнімдердің сапасын әлемдік деңгейге сәйкес етіп көтеру.

Позитивті факторлардың өндірістердің дамуына әсерін қамтамасыз ету көптеген түрлі тіршілік ету аспектілері мен нарықтық ортада өмір сүруге тікелей байланысты.Қайта өндіру мен ауылшаруашылық өндірістерінің тиімділігіне байланысты негізгі мәселелердің бірі бәсекелестік пен шығарылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге сәйкестік деңгейін көтеру;

Бағалау көрсеткіштерін таңдағанда жалпы және ерекшеленген методологиялық ережелерді негізге алу қажет. Азыық-түліктік қауіпсіздікті анықтаудағы жалпы қағида – ол оның бүкіл әлемде,әрбір жеке елде екі жазықтықта қаралуы, мекен жайына және әрбір жеке тұлғаға қатысты.

Азық-түліктікқауіпсіздікті бағалау үшін негізгі жеті көрсеткішке табан тірейтін методикалық базаны ауқымды деңгейде қолданады. Олардың ішінде ең белгілісі — әлемдік астық қорының бүкіл әлемдегі тұтынуына қатынасы. [9]

Қауіпсіздік болып саналатын деңгей ауыспалы қордың  60- тәуліктік әлемдік астықты тұтыну мүмкіндігі, бұл шамамен оның бүкіл жылдық тұтынуының 17 % .

Басқа көрсеткіштер астықтың экспортер және импортер елдерге арналған хал- ахуалын сипаттайды. Астықты экспортқа шығаратын мемлекеттерге қатысты алғанда әлемдегі негізгі бес астық экспортерларының ұсынысының (Аргентина, Австралия, Канада, ЕО, АҚШ) қажет көлемге қатынасы және осы елдердегі ауыспалы қордың жалпы тұтынуға сәйкестігі – астық түрлері бойынша жалпы және дифференцияланған.

Импортер елдерге қатысты алғанда Қытай, Индия, ТМД секілді дамып келе жатқан импортер елдердегі астық өндірудегі өзгерістер белгіленеді.

ФАО – ның соңғы көрсеткіші ғаламдық астық қауіпсіздігін бағалау үшін – бидай, жүгері, және күріш өнімдері бойынша қадағаланатын орта есеппен экспорттық бағалар.

Елдің астықтық қауіпсіздігінің деңгейі өзара байланысты басқа да көрсеткіштермен сипатталады.

Олардың қатарына : мемлекеттің астықпен өз-өзін қамтамасыз етуі, астықпен жабдықтаудың және АПК – лардың қормен қамтамасыз етілуінің импорттық жеткізулерден тәуелсіздіі: стратегиялық және оперативтік астық қорларының мөлшерінің нормативтік сұранысының сәйкестігі, азық- түлік өндірісінің көлемінің, әсіресе олардың базалық түрлерінің, әр жан басына есептегенде, аса маңызды азық түліктердің физикалық және экономикалық жету мүмкіндігі, азық- түліктің негізгі түрлерінің бағасының тұрақтылығы мен жету мүмкіндігі азық- түліктердің сапасы мен экологиялық тазалығы.

Азық – түліктің қауіпсіздік жағдайын және оның ең төменгі белдеуін бағалағанда мемлекеттің ішкі және сыртқы қаупі сияқты көрсеткіштерді қолданады.

Елдегі азық-түліктік қауіпсіздікке ішкі қатермен азық – түліктік хал-ахуалдың нашарлауын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер болып саналатын:

—  егістік  алқаптардың құнарсыздануы;

—  өңдеу сапалары мен ауылшаруашылық өнімдерін сақтаудың дамытылмағандығы;

—  егіс  алқаптары мен мал басының қысқаруы;

—  кейбір жылдардағы қолайсыз қалыптасқан табиғат факторларының (қуаңшылық, су тасқаны т.б) ауыл шаруашылық өнімдерінің төмендеуіне әсер ететін немесе оларды ірі шығындарға соқтыратын үйлесімділігі;

—  өндірістің негізгі құралдарының моральдық және тікелей тозылуының салдарынан ауыл  шаруашылығында және де агроөндірістік комплекстің басқа салаларында қайта өндіру шарттарының бұзылуы;

—  халықтың экономикалық белсенді бөлігінің ірі  қалаларға миграциялауы, қоғамның мүлікті бөлшектенуінің тереңдеуі, мұндай жағдайда халықтың ең қорғаусыз бөлігінің табысы күрт төмендейді.

Кез келген елдің нарқы  іштен де сырттан да төнетін қауіптерге душар болуы айқын. Мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздігіне сыртқы қатер Республиканың түгелдей негізгі  тағамдар бойынша импорттан тәуелді болуының күшейуінен туындайды, өндірістік орталықтарының экспортер елдерден тәуелді болуы, Қазақстан ВТО – ның құрамына кіру мақсатымен өзінің ішкі нарығының ашық болуын күшейтуде, осыған байланысты азық  — түлік импортының ірі масштабты экспансия қаупі туындайды, отандық тауар өндірушілердің ығыстырылуы, және осы себептен олардың өндірістерінің тоқырауы.

Ғалым – экономистердің көзқарасы бойынша, азық – түліктік қауіпсіздікке сырттан туындайтын қиындықтырға келесі факторларды жатқызуға болады:

  • ауылшаруашылық шикізатына әлемдік бағалардың коньбнктурасы (бағалық қайшылықтар);

  • саяси сипаттағы шаралар (эмбарго,гуманитарлық көмек)

  • сауда дискриминациясы;

  • ақпараттық қайшылықтар;

  • тарифтік (тариф емес) тежеулер;

  • қарсы демпинг

Азық-түліктік қауіпсіздікті сапалық бағалаумен шұғылданатын көптеген авторлардың көз қарасына сәйкес көрсеткіштер (немесе индикаторлар) ретінде келесілерді атауға болады:

  • азық-түліктің негізгі түрлерін өндіру мен оны әр жан басының тұтыну деңгейі;

  • нормативтерге сәйкес олардың жеткіліктілік дәрежесі;

  • осы көрсеткіштердің аймақтар бойынша және халықтың әлеуметтік топтары бойынша дифференцияациялануы;

  • олардың мөлшерінің әртүрлі жағдайлардағы тұрақтылығы;

Олардың тұжырымы бойынша, азық-түліктік қауіпсіздіктің сапалы түрде бағалануымен қатар, өсімдік шаруашылығының өнімдерімен шұғылданатын шаруашылық құрылымдарына егіндіктің100 гашаққанда қажетті ауылшаруашылық техникасының нормативін (санын) бекітіп беру қажет, осы норматив ауылшаруашылығындағы азық- түліктік қауіпсіздіктің ең төменгі деңгейінің тиімді мөлшерін анықтайды яғни, азық-түліктік қауіпсіздіктің берік жүйесін жасау мемлекеттің бірқатар жалпыұлттық ерекшеліктермен байланысты, қаржылық-экономикалық қиындықтармен, мемлекеттің қызметімен тікелей байланысты обьективті және субьективті факторлардың бүкіл комплексі, азық-түліктік қауіпсіздіктің негізін құрайтын жүйе болады.

Зерттеу тақырыбының көпсалалығы елдің азық-түліктік қауіпсіздігінің тиімді параметрлерін іздестіруді және ең төменгі деңгейін анықтауды талап етеді.

Азық-түліктік қауіпсіздіктің құрастырушыларын сараптауда өмір шындығы олардың әрқайсына белгілі мөлшерде негіз береді, бірақта, олардың экономикалық табиғатын зерттеу барысында ең бастысы аса қиындатпауда,немесе жеңілдетіп жібермеуде.

Жоғарыда көрсетілген азық-түліктік қауіпсіздіктің критерилері мен көрсеткіштері шетелдік, қазақстандық және ресейлік зерттеушілердің көзқарасына сәйкес азық-түліктік қауіпсіздіктің классификациялық беогілерін (құрастырушыларын) ашып көрсетуге мүмкіндік береді және оның негізін құрайтын мазмұнын  анықтауда біржақты ғана қараудан аулақ болуға мүмкіндік тудырады.

Азық-түлік қауіпсіздігі тауар- ақша қатынастары бар барлық экономикалық жүйелерге тән экономикалық категория оның дамуы азық- түлік қауіпсіздігінің маңызды ерекшеліктеріне тарайды, әр экономикалық жүйенің тарихи мерзімінің барлық қызмет ету сатысында сипатталады. «Жалпы» және «арнайы» белгілерінің әртүрлі бағытта дамитындығынескеру қажет.

Азық-түлік қауіпсіздігі жалпы категория ретінде әкімшілік басқару жүйесінде дамуының ең жоғарғы нүктесіне жетті, ал қазіргі дамуы төмен.  Нарықтық қатынастарға тән жаңа мазмұны ары қарай дамуда. Мұндай позиция оның тұқымдық белгілерінің түп белгілерінен ажырату емес, біріншісі көруге міндетті және екіншісінің спесификасын анықтайды. Мұнда олардың жалпы ерекшелігін анықтайтын тура байланыс байқалады. Нарық жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қолдану шекарасы мен механизмі, функциясы жаңа мазмұнда көрінеді, ал түрі өзгерістерге ұшырайды.

Қоғамның тұрақты даму кезеңінде, азық-түлік өндіру- жай қоғамның өндіріс, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері өзекті емес. Ол апатты жағдайларда, өнім жоқта, соғыс кезінде, ауылшаруашылық өндірісі  жер өңдеу және тамақ өнеркәсібі бұзылғанда, экономикалық дағдарыстарды, қоғамның эономикалық құрылымы мен жерге меншікті түбегейлі түрлендіруде туындайды.

Көптеген ТМД зерттеушілерінің ойлары бойынша елдің экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және климаттық жағдайларына байланысты өзгеріп және толықтырылып отыруы мүмкін азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін анықтаудың төрт негізгі критериі ажыратылады.

Ресей ғалымы А. Гордеевтің ойы бойынша «азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін анықтау үшін үш жүйе әрекет етеді», атап айтқанда:

— негізінен халықтың (экономикалық қол жетімділік) сатып алу қабілеттілігіне және тұтыну нарығының (физикалық қол жетімділік) қанығуына тікелей байланысты болатын тұтыну жүйесі;

— азық-түлік тұтыну нарығын отандық өндіріс және импорт есебінен толықтыратын және бұл кезде өндірістің жарты бөлігі тауарлық емес (халықтардың өзін өзі қамтамасыз етуі) болып табылатын екі жүйе.

Азық-түлік қауіпсіздігі.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді. Бірақ, енді ғана басталып келе жатқан экономикалық өсу 90-жылдары туындаған дағдарыстың салдарын жойып жіберді деп айту мүмкін емес. Мұндай тұжырымды жасауға республиканың азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайы, аграрлық өнеркәсіптің (шынайы даму тенденциясы) және отандық азық-түлік нарығының шынайы даму тенденциясы, оның деңгейінің әлемдік, азық-түлік нарығындағы өзгерістерге тәуелділігі, елдің әртүрлі аймақтарындағы халықтардың әлеуметтік жағдайы мен төлем қабілеттілігі жағдайы негіз болып табылады. Елді азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің қажетті шарты – ұлттық шаруашылықтың көптеген салаларымен қарым-қатынаста болатын, экономиканың ірі секторы – агроөнеркәсіптік кешен қамтамасыз ететін олардың өзін-өзі қамтамасыз етуі ( азық-түлік тәуелсіздігі) болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету дегеніміз ауыл-шаруашылық өндірісінің дамуы үшін, сондай-ақ отандық өндірістер мен импорт арасындағы оптималды арақатынасты анықтау үшін азық-түліктің негізгі бөлігін материалдық, қаржылық, еңбек және әлеуметтік – экономикалық жағдайлар жасау есебінен ел ішінде өндіру. [1] Кез келген елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің деңгейі мен сапасы ауыл шаруашылық жағдайы мен агроөнеркәсіптік кешенге байлынысты салалардың жағдайына тікелей байланысты болады. Зерттеулер көрсеткендей, ауыл-шаруашылық өндірісінің келесідегі жағдайы негізгі үрей туғызады: егістік өнімдері жағдайларының нашарлауы, ауыл-шаруашылық кәсіпорындарының материалдық-техникалық базаларының жетіспеушілігі; жермен және малмен айналысудың өнімділігінің төмен деңгейі; кейінгі жылдардағы табиғи-климаттық факторлардың жағымсыз үйлесуі (құрғақшылық, су тасқыны және т.б.); астық мәдениетінің өнімділігінің қысқаруы және т.б. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін зерттеу, ғылыми негізделген нормалар бойынша негізгі тамақ өнімдеріне деген халықтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, ел ішіндегі аграрлық өндірістің тиімділігін көтеруге бағытталған іс-шаралар кешенін жасау зерттеу тақырыбының өзектілігін және оның елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ғылыми-практикалық маңыздылығын анықтайды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету отандық және шетелдік авторлардың зерттеулеріндегі көзқарас бойынша республикадағы агроөнеркісіптік өндірісті дамытудың теориялық және практикалық аспектілерін талдау және оның потенциялы мен мүмкіндіктерін бағалау, зерттеліп отырған тақырып толық ашылмағандығын және де концептуалды шешімдерді іздеу деңгейінде екенін көрсетеді. Осыған байланысты, диссертациялық жұмыста азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша шетелдік оқымыстылардың ғылыми жұмыстары талданған. Жұмыстың мақсаты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін анықтау үшін Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігінің баға берудің теориялық және әдістемелік аспектілерін жасау. Жалпы мақсаттар негізіндегі келесідегідей нақты міндеттер анықталады:  азық – түлік қауіпсіздігі категориясының мәнін нақтылау;  азық-түлік қауіпсіздігі көрсеткіштерін, негізгі критерийлерін және квалификациялық ерекшеліктерін анықтау;  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономиканың агроөнеркәсіптік секторының жағдайын қарастыру;  азық-түлік тауарларына қол жетімділікке баға беру;  республикадағы азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайын талдау;  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеделдік әдістерін жалпылау және оның облыс жағдайына адаптациялану мүмкіндіктерін анықтау;  Азық-түлік қауіпсіздігін болашақта да нығайту жолдарын анықтау;  Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін көтеру бойынша іс-шараларды негіздеу. Зерттеу пәні облыста азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды қалыптастыру процесінде пайда болатын экономикалық қатынастар кешені болып табылады. Зерттеу обьектісі ретінде облыс экономикасының агроөнеркәсіптік секторы алынған. Ғылыми — зерттеу жұмысының теориялық және методикалық негізін отандық және шетелдік ғалым-экономистердің теориялық концепциялары, ғылыми ой жетістіктері, экономикалық реформа бойынша үкімет құжаттары, заңдық пакеттер және заңдық актілер көрсетеді. Зерттеудің ақпараттық базасы облыстың заңдық актілері, Жамбыл облысыСтатистика Агенттігінің нақты статистикалық мәліметтері, ауылшаруашылығы Министрлігінің, Жамбыл облысы бойынша ауылшаруашылық Департаментінің мәліметтері, монографиялар, мерзімдік баспа және интернет басылымдардың материалдары болып табылады. Қорғауға азық-түлік қауіпсіздігінің және оны қамтамасыз ету бойынша ұсыныстардың экономикалық мазмұны туралы теориялық жағдайлардың жиынтығын көрсететін ғылыми өңделімдер шығарылады. Зерттеу барысында ең маңыздылары болып табылатын тұжырымдамалар мен ұсыныстар қалыптастырылды: — азық-түлік қауіпсіздігінің экономикалық категория ретіндегі авторлық трактовкасы көрсетілді және теориялық аспектілері нақтыланды; — азық- түлік қауіпсіздігінің ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігіне және жиынтық экономикалық потенциалға шарттастырылған көрсеткіштері, түрлері мен критерийлері негізделді; — жіктеу қасиеттері бойынша азық-түлік қауіпсіздігін құрайтын топтамалар жасалынды; — Қазақстан экономикасының аграрлық секторын дамытудың қазіргі деңгейіне автор қолдануға тырысқан, халықаралық тәжірибеде қолданылған, азық-түлік қауіпсіздігінің бірқатар теориялары; — Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін күшейту мақсатында 2012 жылға дейін өндіріс және негізгі тамақ өнімдерін тұтыну бойынша болжамдық есептеулер жасалынды. Зерттеу жұмысының тәжірибелік мәнділігі оның нәтижелерінің келесідегідей мүмкіндіктерінен тұрады: — азық-түлік тауарларының өндірісін дамыту бойынша Қазақстандағы мемлекеттік саясат үшін ғылыми негізделген шешімдерді қабылдау; — ауылшаруашылығын дамыту ерекшеліктерін анықтау кезінде 2012 жылға дейінгі болжамдық мәліметтерді пайдалану; — аймақтық ауылшаруашылық бағдарламаларын, сондай-ақ ауылшаруашылық кәсіпорындарының қызметін жақсарту бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау кезінде ескеру және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]