Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ulzhan_referat.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
37.91 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Алматы технологиялық университеті

«Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасы

Бухгалтерлік есеп және аудит пәні бойынша

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Екі жақты жазу жүйесі. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау

Орындаған: «МІ және МБ 13-11» тобының студенті Байбатчинова Ұлжан Айдарбекқызы

Тексерген: «Бухгалтерлік есеп және қаржы» қафедрасының мұғалімі Шерзатов Қанат Аманханұлы

Алматы қаласы, 2014 жыл

Мазмұны

I. Кіріспе бөлім

Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы

II. Негізгі бөлім

  1. Екі жақты жазу жүйесі

  2. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау

III. Қорытынды бөлім

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе бөлім

Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы

Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорларды жабдықтау, өндіру және сату процестерінің барысында қозғалысы туралы мәліметтер қажет. Ол үшін әрбір шаруашылық операциясын көрсету керек, мұның өзі қажетті ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі пайдаланылады. Оның көмегімен есепиің экономикалық жағынан біртектес объектілері жіктелінеді.

Бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістемесінде бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесіне ерекше рөл беріледі, өйткені оларды пайдаланумен қатар ақпараттарды қосарлап көрсету, оларды жинақтау және жалпылау проблемалары шешіледі. Шоттарда жазбалар екі жақты жазу әдісін қолдану арқылы жүргізіледі.

Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз- шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі.

Шот- бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әртүрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады. Шоттар шаруашылық қорлардың әрбір түріне, олардың көздеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғашқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай көрсеткіштерге ауыстырылады.

Сыртқы түрі бойынша шот екі бөлікті кестеден тұрады. Шоттардың сол жақ бөлігі- дебет, ал оң жақ бөлігі кредит деп аталады. Әрбір шотқа айдың басындағы және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және дебеті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән.

Шаруашылық операцияларын шоттарда көрсету үшін құжаттық растау қажет. Оларға қағаздық алғашқы құжаттар, машиналық тасығыштар, дискеттер және т.с.с. мысал бола алады. Бұл орайда олардың әрқайсысының заңдық күші болуға тиіс. Шоттардың активтік және пассивтік деген түрлері болады. Олар өз атауын баланс жақтарының атауынан алған және олардың мазмұнын көрсетеді.

Активтік шоттар шаруашылық қорларын олардың құрамымен орналасуы бойынша есепке алуға арналған. Активтік шоттағы қалдықтар (сальдо) тек дебеттік болады.

Пассивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыты бойынша есепке алуға арналған.

II. Негізгі бөлім

  1. Екі жақты жазу жүйесі

Бухгалтерлік есептің басты мақсаты- құжаттарда бейнеленген шаруашылық операцияларына бақылау жүргізу. Кәсіпорындарда орындалған әрбір шаруашылық операцияларын шотта бейнелеу үшін бухгалтерлік есептің ерекше тәсілі қолданылады. Ол тәсіл екі жақты жазу әдісі (doubleentry) деп аталады. Екі жақты жазу- бұл шаруашылық операциясын әртүрлі шоттардың дебиті мен кредиті бойынша бірдей сомамен бір мезгілде көрсету әдісі. Дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды көрсету шоттар корреспонденциясы немесе бухгалтерлік жазу (бухгалтерлік жазба) деп, ал шоттар корреспонденцияланатын деп аталынады.

Шоттар корреспонденциясын жасау типтік және жалпылама сипатқа ие болатын қарапайым шаруашылық операцияларының мысалында қарастырылатынын айта кету керек. Олардың мағынасы: шаруашылық операциясы бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне әсерін тигізеді, яғни оған тек екі шот қатысады.

Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарына жазу құжаттарының негізінде жүргізіледі. Шаруашылық операциялардың пайда болу мөлшеріне қарай жүргізілетін жазу және олардың құжаттармен рәсімделуі хронолологиялық деп аталынады. Мұндай жазулар шаруашылық операцияларын тіркеу журналында жүргізіледі.

Деректерді экономикалық біртектес объектілер бойынша жүйелендіретін жазулар жүйелік деп аталынады. Шаруашылық операциясының бұл жазулары шоттарда (шоттар схемасында) жүргізіледі.

Экономикалық мағынасына қарай әрбіршаруашылық операциясы есептің екі объектісіне, яғни екі шотқа әсерін тигізеді, өйткені екіжақты сипатқа ие болады.

Шаруашылық операциясын екі жақты көрсетудің мәні- ол бір шоттың дебеті бойынша және екінші шоттың кредиті бойынша бірдей сомамен жазылуы тиіс. Демек, екі жақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын жасаған кезде үш құраушы қатысады: шаруашылық операциясының мазмұны; дебеттелетін шот; кредиттелетін шот.

Екі жақты жазудың мәні кәсіпорын балансының құрылысымен түсіндіріледі. Онда оның мүлкі екі тұрғыдан қарастырылады: құрамы мен орналасуы бойынша (баланс активі); осы мүліктің қалыптасу көздері бойынша (баланс пассиві). Сондықтан баланстың активі мен пассивінің жиындары әрқашан тең. Демек екі жақты жазу әдісінің қажеттілігі кәсіпорынның мүлкін баланстық топтау әдісінен туындайды. Екі жақты жазу әдісінің үлкен қадағалаушылық мәні бар, өйткені сол бір ғана шаруашылық операциясы бірдей сомамен екі рет көрсетіледі. Сондықтан осы операция бойынша сома айырмашылығы болса, жіберілген қателік пен оған жауапкер де анықталады.

Екі жақты жазудың қажеттілігі экономикалық құбылыстардың өзара байланыстылығынан туындайды. Бухгалтерлік есеп объектілерінің арасында өзара белгілі бір байланыс болады. Бұған дәлел ретінде ұйымның шаруашылық құралдары мен оның құрылу көздерінің және шаруашылық процестерінің осы кәсіпорындағы орындалатын әрбір шаруашылық операциясын екі жақты экономикалық құбылысқа алып келетіндігін жіне олардың өзгерістерінің міндетті түрде баланстың екі бабында да бірдей сомада көрсетілуін келтіруге болады. Екі жақты жазу шаруашылық операцияларының нәтижесінде бухгалтерлік есеп объектілеріндегі болатын өзара өзгерістерді көрсетеді.

Осы айтылғандар түсінікті болу үшін операциялардың шотта екі жақты жазылуының тәртібін нақты мысалда құрастырайық. Ол үшін шартты баланс негізінде бухгалтерлік есепшотын ашамыз.

«ККК» фирмасының 1 қаңтар 2006 жылғы балансы

АКТИВ

ПАССИВ

Баптардың аталуы

Сомасы

Баптардың атлуы

Сомасы

Материалдық емес активтер

15000

Жарғылық қор

80000

Негізгі құралдар

30000

Бөлінбеген пайда

20000

Аяқталмаған өндіріс

90000

Банк несиесі

60000

Дайын бұйымдар

70000

Бюджетпен есеп айырысу

40000

Материалдары

20000

Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу

50000

Ақшасы

110000

Еңбекақы бойынша есеп айырысу

85000

БАЛАНС

335000

БАЛАНС

335000

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]