Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Модульная книга 1 (каз).doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
956.93 Кб
Скачать

Студенттің міндетті қызметіне шолу

Модульді оқу барысында студент:

Сабақтың барлық түріне, оның ішінде, дәрістерге, семинарларға, практикалық сабақтарға, өндірістік практикаларға (саяхаттарға), лабораториялық семинарлар мен СОӨЖ-дің кеңес берулеріне, ҚазГЗУ-дегі іс-шараларға қатысуға;

Сабақтың барлық түрі бойынша өз бетінше жұмыстарды орындаудан, есеп жазудан және оларды сабақтар мен оқу үдерісі кестесіне сәйкес тапсырудан құралатын модуль бойынша барлық жұмыс түрін орындауға міндетті.

Модульдің пререквизиттері:

Пәнді оқуды меңгеруде тарих, география, қоғам және адам мектеп бағдарламасындағы қазақ/орыс тілдері бойынша білімі болуы қажет. Қазақстан тарихын оқу тарихи үдерістерді анықтауға, әлемдік тарихта өз орнын табуға мүмкіндік береді. Өз тарихын білмей, Қазақстан Республикасының азаматы болуы мүмкін емес. «Қазақстанның әлеуметтік әлемі» модулінің аясындағы «Қазақстандық қоғамды қалыптастыруда тілдік тұлғаның рөлі» тақырыбының мазмұны даярлық мектебі студенттерінің коммуникативтік құзыретін дамытуға көмектеседі. «Әлеуметтану: қазақстан қоғамының әлеуметтік аспектілері» модулін меңгеру қоғамдағы әлеуметтік үрдістерді анықтауға және қоғамда өз орнын анықтауға мүмкіндік береді.

Бағалау саясаты

Бақылау түрлері

Бақылау формасы

Балдары

Жұмыс саны

Ағымдық (АғБ)

Семинар/тәжірибелік сабақтарына тапсырмалар

1-100 (24%)

1 кредит - 2 2 кредит - 4 3 кредит - 6 4 кредит - 8 6 кредит - 12

Аралық (АрБ)

Аудиториялық бақылау

(4 және 8 апталар)

1-100 (16%)

2

Модуль бойынша бақылау

Модульдік тапсырма

(8- апта)

1-100 (20%)

1

Қорытынды (ҚҚ)

Емтихан

1-100 (40%)

1

Қорытынды баға

100%

Аралық бақылау 4 және 8-аптада кеңес сағаттарын жүргізетін оқытушылардың өткізетін аудиториялық бақылау тапсырмаларының негізінде көрсетіледі. Ағымдық және аралық бақылаулардың қорытындысы бойынша 4 және 8-аптада студенттердің рейтингісі қорытындыланады, Аралық бақылауды өткізу міндетті. Аралық бақылау өткізілмесе рейтинг шығарылмайды.

Р1 / 2 = АғБ*0,6 + АрБ* 0,4 = 100%

Емтиханға рейтингтен 50%-дан жоғары балл алған және модульдік тапсырманы 50%-дан жоғары балл жинаған студент жіберіледі.

Пән бойынша емтихан 9-10-апталарда өткізіледі. Емтихан материалына осы курс бойынша оқытылған барлық материал енгізіледі, атап айтқанда: дәріс, семинар/тәжірибе/зертхана сабақ материалдары.

Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері

Қорытынды бақылау және модульде көрсетілген жұмыстардың барлық түрін орындау бойынша оң баға модуль бойынша кредиттер алу үшін шарт болып есептеледі.

Егер модуль бірнеше пәннен құралатын болса, осы компоненттер бойынша барлық талаптарды орындау модуль бойынша кредиттер алудың шарты болып есептеледі.

Егер модуль бір пәннен тұратын болса, осы пән бойынша қорытынды бақылау нәтижесі модуль бойынша қорытынды баға болып есептеледі. Қорытынды бағаға пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген жұмыс түрлері (практикалық, зертханалық, есеп-графикалық, курстық) бойынша бағалар кіреді.

Егер модуль бірнеше компоненттерден тұратын болса, емтихан негізгі компонент бойынша өткізіледі, реферат, эссе, жоба немесе курстық жұмыс басқа компоненттердің қорытынды бақылау формасы болып табылады.

Модуль пәндері бойынша рейтинг нәтижелері қорытынды бақылауға рұқсат ретінде есептеледі.

Модульдің құрамдас компоненттерінің бірінен қанағаттанарлықсыз баға (50% төмен) алған жағдайда модуль бойынша кредиттер есептелмейді.

1 кредит бойынша тест тапсырмаларының көлемі – 100 сұрақ, 2 кредит – 200 сұрақ, 3 кредит – 300 сұрақ және т.с.с.

Білім алушы бағдарламалық материалды толық игеріп, қандай да бір қателік жібермесе, бақылау тапсырмаларын, коллоквиумдарды, үй тапсырмаларын уақытылы және дұрыс орындаса, оған қоса өз бетінше пайымдау жасап, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, пәнді оқып-үйрену бойынша қосымша ғылыми әдебиетті пайдаланса, бағдарламалық материалды өз бетімен жүйелей алса, «өте жақсы» бағасы (А; 4,0;95-100%; А-; 3,67;90-94%) қойылады.

Білім алушы бағдарламалық материалды 75 % төмен игермей, жауабында күрделі қателік жібермесе, бақылау тапсырмаларын, коллоквиумдарды, үй тапсырмаларын уақытылы және айтарлықтай ескертусіз орындаса, оқытушының ұсынуымен қосымша әдебиетті пайдаланса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, ішінара қателіктерге жол беріп, оларды өзі түзей алса, оқытушы көмегімен бағдарламалық материалды жүйелей алса, «жақсы» бағасы (В+;3,33; 85-89%; В; 3,0; 80-84%; В-; 2,67; 75-79%) қойылады.

Білім алушы бағдарламалық материалды 50 % төмен игермей, бақылау және зертханалық тапсырмаларын тапсыру кезінде оқытушының көмегіне жүгінсе, коллоквиум тапсыру кезінде күрделі емес қателіктер жіберіп, белсенділік көрсетпесе, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиетін ғана пайдаланса, бағдарламалық материалды жүйелеуде қиындықтарға кездессе, «қанағаттанарлық» бағасы (С+; 2,33; 70-74%; С – ;2,0; 65-69%; С-; 1,67; 60-64%; D+; 1,33; 55-59%; D; 1,0;50-54%) қойылады.

Студент бағдарламада көрсетілген негізгі материалды нашар игерген болса, материалдың жартысын білмейтін болса, жауап беру кезінде күрделі қателіктер жіберсе, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау түрлерінде көрсетілген жекелеген тапсырмаларды орындамаса, бағдарламада көрсетілген негізгі әдебиетке шолу жасамаған болса, «қанағаттанарлықсыз» бағасы (F; 0; 0-49%) қойылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]