Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Модульная книга 1 (каз).doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
956.93 Кб
Скачать

ЖбПжТджм құзыреттілігі:

Модульдің аяқталуына байланысты студенттер тапсыруы қажет:

  • оқып отырған пән модулі аяқталғаннан кейін пән аясында өз білімі мен түсініктерін көрсете білу;

  • мәліметтерді дұрыс қабылдап, тапсырмаларды жеке орындаумен рекшелену, өздігінен білім алуға дағдылану;

  • әртүрлі жағдайларға байланысты өздігінен шешім табуға дағдылану ( кейс-стади тапсырмаларын шешу);

  • Қазақстан тарихы, әлеуметтану, құқық негіздері пәндерінен берілген тапсырмалармен құзыреттіліктерді ескере отырып, модульдік тапсырманы қорғау;

ойларын сыни тұрғыда жеткізу және жаза білу;

  • пән аясында алған білімдерімен жетістіктерін ұтымды пайдалана алу, мүмкіндігінше өз қажетіне жарату, кәсіби біліктілігін одан әрі дамыту және мамандығын дұрыс таңдау;

  • белсенді азаматтық позицияны ұстану және өзіндік патриоттық сананы қалыптастыру.

Модул тақырыптарымен мақсаттарының сипаттамасы

«Заманауи Қазақстанның бастауы» модулі өзара келесідей жалпы білім беретін пәндермен байланысты оларға: 1.Қазақ немесе орыс тілдері (1). Қазақстандық қоғамдағы тұлғаны қалыптастырудағы тілдің рөлі; 2. Қазақстан тарихы. XV – XXI ғғ. Қазақ зиялыларының рухани және адамгершілік-этикалық мұрасы; 3. Әлеуметтану. Қазақстандық қоғамның аспектілері; 4.Құқық негіздері; 5. Дене шынықтыру дайындық мектебінің 1 курс студенттеріне оқытылады.

Модуьдің негізгі мақсаты қазақ және орыс тілдерінің, Қазақстан тарихының, әлеуметтану, құқық негіздері пәндерінің негізін үйрету.

«Қазақстан тарихы. XV – XXI ғғ. Қазақ зиялыларының рухани және адамгершілік-этикалық мұрасы» пән модулін меңгеру барысында студенттер алған білімдерін жүйелеуге, тарихи білім деңгейлерін көтеруге; Қазақстан тарихының жалпы және ерекше кезеңдеріне сараптама жасай алуға; логикалық ойлауға, пікірталастарда ғылыми дәлелдемелер келтіру; дереккөздерімен жұмыс жасау; жүйелі түрде қорытындылай алу.

«Қазақстанның әлеуметтік әлемі: тарих және қазіргі заман» модулі студенттердің когнитивті дағдылары мен білімдерін қалыптастыруға, сонымен қатар білім алудың кейінгі сатысында өз бетінше немесе автоматты жағдайда білімін жалғастыруға мүмкіндік беретін кең түрдегі пәнаралық салада осы білімдерін қолдануға және пайдалануға бағытталады.

Модуль мазмұнының қысқаша сипаттамасы:

«Қазақстанның әлеуметтік әлемі: тарих және қазіргі заман» модулін оқып үйрену студентке қазақ және орыс тілдері, әлеуметтік-экономикалық, саяси білімінің, Қазақстан тарихындағы этномәдени процестер мен халықаралық қатынастар, аспетілер, қазақстандық қоғам дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктері, әлеуметтанудағы оның институттары мен жүйелері, ұлттық құқық негіздері бойынша конституциялық құқық пен түрлі заң жиынтықтарына кіріспе, сонымен қатар тұлғаны дамытуда пайдаланылатын, қолданылатын құндылықтар мен білім жиынтығын ұсынатын мәдениет бөлімі, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесі және даярлығы жолымен әлеуметтік бейімделудің коммуникативтік дағдылары саласында жалпы құзыретті меңгеруге мүмкіндік береді.

Модуль бойынша тапсырмалардың қысқаша сипаттамасы

Пәндерді біріктіруші және модуль тақырыптарына қатысты пәнаралық топтық тапсырмалар:

«XV-XXI ғғ.Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-құқықтық жағдайы (қазақстандық) (Қазақстан тарихының әртүрлі кезеңдері бойынша тапсырмалар:екі кезең бойынша салыстырмалы сараптама жасау» (кезеңдерді таңдау студенттердің өз еркі бойынша).

Жұмыс оқу тілі бойынша 4-5 беттік көлемде жазылуы тиіс. Абстрактіні жазу қазақ тілінде оқитын студенттер орыс тілінде, орыс тілінде оқитын студенттер қазақ тілінде жазулары тиіс.Жаңа бастаған топтар үшін -300 сөз көлемінде, жалғастырушы топтар үшін – 500сөз көлемінде болуы тиіс.

«Қазақ немесе орыс тілдері жаһандық ақпараттық ресурс ретінде:берілген тапсырма аясында ауызша, жазбаша түрде өз білімдерімен танымдық деңгейін көрсете білу,мәтіндерді оқу-ғылыми үлгідегі стилде жаза білу( қазақ тілінде оқитын студенттер орыс тілінде, орыс тілінде оқитын студенттер қазақ тілінде жазулары тиіс)».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]