Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР конституция силабус.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
501.76 Кб
Скачать

Білімді бағалау деңгейі

әріптік жүйеге сәйкес бағалау

Баллдың санлық эквиваленті

Проценттік мазмұны

Дәстүрлік жүйеге сәйкес бағалануы

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

10. Білімді бағалау бойынша ақпарат

Студенттердің білімдерін бағалау критерилері:

  • менеджмент негізгі категорияларынан білім;

  • теориялық материалдарды еркін игеру;

  • алған білімдерін қолдана отырып есеп, тапсырмаларды шешу;

  • барлық жұмыс түрлерінің орындалу тізімін сақтау.

11. Бағалау саясаты

Студенттердің сабақ және жұмыс түрлері

Баллдар саны

Min/max

1

Ағымды бақылау:

  • дәрістер

  • тәжірибе сабақтары

  • СӨЖ (тапсырмалар орындалуы)

0,5

(0,5 х 30=15)

1

(1 х 30=30)

0,5

(0,5 х 30=15)

Ағым қорытындысы:

30/60

2

Аралық бақылау:

Семестр бойынша әрқайсысы 5 баллды екі бақылау

5

(5 х 2=10)

Аралық қорытындысы:

5/10

Қорытындысы:

35/70

3

Бақылау қорытындысы

Емтихан

15/30

Барлығы:

50/100

Курстың саясаты:

  1. Сабаққа кешікпеу;

  2. Сабақ үстінде ұялы телефондарды «дауыссыз режиміне» қою немесе сөндіру, сағыз шайнамау,бос сөйлемеу;

  3. Студенттерге іскер стиліндегі киім тәртібін сақтау;

  4. Сабақтарды босатпау, себепті түрде қатыспаған сабақтарды оқытушының белгілеуімен орындау;

  5. Оқу процесіне белсенді қатысу;

  6. Тапсырмалардың мерзімінде орындалмауы бағаның төмендеуіне соғады;

Курстастағыларға ашық, шыдамды және мейірімді болу.

Пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы

Пән: «Қазақстан Республикасының құқығы»

Мамандық: «5В030100 – Құқықтану»

ҰҚЖМ

Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасы

Оқу нысаны: күндізгі

Курс – 1

Семестр – 1

Студенттер саны-15

Дәріс - 20 сағат, Семинар - 10 сағат, СӨОЖ - 15 сағат.

Авторлары

Аталуы

Жылы

Дана

 

Нормативтік актілер

 

 

 

Қазақстан Республкасының Конституциясы

2002

20

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары

1995

16

 ҚР Конституциялық Кеңесі

Қазақстан Республикасының Конституциясы: Ғылыми-құқықтық түсініктеме

2010

1

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы: Ғылыми-құқықтық түсініктеме / Под ред. И.И.Рогова

1995

16

Алибеков С.Т.

Конституция РК: Комментарий.

1997

5

Горобец О.Н.

Конституция Республики Казахстан.

2001

5

Некрасов В. А.и др.

Конституция Республики Казахстан и проблемы ее реализации в текущем законодательстве.

2002

30

Шалтыков А.И.

Конституция Республики Казахстан. Комментарий

1999

6

ҚР КонституциялықКеңесі нормативтік қаулыларының жинағы

2003

1

Монографиялар. Анықтамалық басылымдар. Қосымша әдебиеттер.

Абен Е.М.

Политико – правовая природа формы правления в РК: Автореферат.

1999

1

Абилкаиров М. Р.

Конституционно-правовой статус судей в РК: Автореферат

2002

2

Актуальные проблемы общества в контексте науч исследов молодых ученых: мат-лы конференций

2006

1

Атаханова С.К.

Конституц құқықт нормаларды жүзеге асыру

2006

1

Әділеттің ғылыми еңбектері 2005 № 2: науч труды

2005

1

Бопинанова Э.А.

Проблемы обеспечения законности правоприменительных актов органов государственного управления: Автореферат

1999

1

Бабакумаров Е.Ж. и др.

Парламент РК: становление, роль в реформах, перспективы. Кн. 1. Становление парламентаризма.

2004

1

Бабакумаров Е.Ж. и др.

Парламент Казахстана и реформы. Кн. 2.

2004

1

Бабакумаров Е.Ж. и др.

Парламент Казахстана: роль и перспективы. Кн. 3

2004

1

Байгелова Н.Е.

Қарқаралы петицияс конст-дем жоб және / Автореферат

2006

1

Белоновский В.И.

Правонарушение и юридическая отвественность в избират праве

2005

1

Ботанова А.М.

Принцип соблюдения констит прав человека в деятельности ест моноп

2006

2

Вестник Конституционного Совета РК Вып. 5

2002

3

Воплощение в жизнь национальной идеи о государственной независимости РК

2002

1

Генезис Конституционализации в РК: проблемы и перспективы: материалы конференции

2005

1

Государственный протокол РК. / Ж.К.Туймебаев.

2004

3

Дегтев Г.В.

Становление и развитие инстит президенства в России

2005

1

Егемен Қазақстанның әлеуметтіқ-мәдені және саяси-құқықтық мәселелері. Социокультурные и политико-правовыепроблемы суверенитета Казахстана

2000

1

Зиманов С.

Конституция и Парламент РК . Алматы Жеті Жарғы

1996

Калюжный В. А.

Законодательство о местном государственном управлении и местном самоуправлении в Казахстане: Автореферат

1999

1

Қазақстан: Мемлекеттілікк кезендерi.

1997

6

Қазакстан РеспублакасыныңКонституциясының түсіндірме сөздігі

1996

1

Қазакстан Республакасының мемлекеттік рәміздері.

2002

1

Конституция Республики Казахстан и актуальные проблемы юридической науки

1997

11

Конституция Республики Казахстан и проблемы ее реализации в текущем законодательстве

1998

2

Конституционно-правовые и организац. Проблемы реализации полит. реформ в условиях каз-го общ-ва. Мат-лы конференции.

2007

1

Кишкембаева А.Б.

Депутатская неприкосновенность: Историко-теоретич. аспекты и правовые основы. Автореф.

2003

Котов А.К.

Конституционно – правовое становление Казахстана как нового независимого государства.

2001

1

Котов А.К.

Конституционализм в Казахстане: опыт становления и эффективность механизма власти

2000

157

Котов А.К.

Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ (вопросы конст. Права)

1996

13

Кубеев Е.К.

Конституционный строй РК (социальные и духовные основы)

1998

2

Майлыбаев Б. А.

Становление и эволюция Института Президента: Автореферат

2002

1

Материалы круглого стола. «Конституция РК: становление правового государства и формирование гражданского общества». К 10 летию конституции.

2005

2

Материалы межвузовской научно – практической конференции: «Генезис конституционализма в РК: проблемы и перспективы».

2005

1

Мацупа Л.В.

Маслихаты Конституционно-правовые основы деятельности. Монография.

2006

5

Парламентаризм в независимом Казахстане: состояние и проблемы. Материалы международной научно – практической конференции. ( Каз. и .языках)

2002

1

Проблемы совершенствования и развития Парламентаризма в условиях модернизации казахстанского общества

2006

2

Проблемы реализации Положений, принципов и идей Конституции РК. Материалы респ-науч-практич конференции

2005

1

Пильников А.И.

Органы конституционной юстиции в обеспечении прав человека . . .

2002

1

Самалдыкова З.М.

Парламент РК: Структура, основные направления

2001

1

Сапаргалиев Г.

Проблемы конституционной ответственности.

2001

4

Сапаргалиев Г.

Становление конституционного строя РК. 1990-1996: Сб. статьей

1997

1

Сапаргалиев Г.

Правовые проблемы унитаризма в РК

2000

2

Сафинов К.Б.

Правительство РК на переходном этапе.

2002

1

Сафинов К.Б.

Правительство РК : Функции, созидательно-организаторская и правоустанвлив.его деят.: Авт.

2002

1

Сочетание международно-правовых и внутригосуд-х форм обеспечения и защиты прав и свобод человека и гражданина. (науч.)

2007

3

Сман А.

Конституционно – правовые основы политических прав и свобод граждан РК.

2002

3

Становление правового государства и конституционный процесс в РК: Монография

2001

28

Шаймерденов Е.

Государственные символы РК.

2001

1

Шаймерденов Е.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi.

2001

1

Черкасов А.И.

Глава государства и правительство в странах современного мира.

2006

1

Оқулықтар. Оқу құралдары.

Амандыкова С.К.

Қазакстан Республикасының Конституциясы.Оқулық.

2001

54

Ащеулов А.Т. и др.

Конституционное право РК. Уч. – метод. Пос.

2004

25

Баишев Ж.

Конституционное право РК.

2001

50

Караев А.

Конституционное право РК. 500 тестовых заданий. Уч. –метод. Пос.

2005

50

Конституционное право РК. Альбом схем/ А. С. Матвиенков

2001

1

Конституционное право РК: Учебная программа / Ж.Н.Баишев.

1998

43

Конституционное право РК: типовая учебная программа./ А. Т. Ащеулов

2001

5

Конституционное право РК: ТУП./ Г. С. Сапаргалиев

2003

10

Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы./ ТОБ

2003

10

Конституционное право РК: Учебник / Сост. А.Т.Ащеулов.

2001

235

Максименко Н. В.

Методические рекомендации к изучению Конституции РК: Учебно-метод. Пособие

1997

6

Мухамеджанов Э.Б.

Избирательное право.

2001

2

Қазақстан Республикасының конституциясы (схемы)

1998

20

Сагиндыкова А.Н.

Конституционное право РК.

1999

73

Сапаргалиев Г.

Конституционное право РК.

1998

38

Сапаргалиев Г.

Конституционное право РК. Академический курс: Учебник.

2002

18

Сапаргалиев Г.

Қазақстан Республикасыныңконституциялық құқығы.

1998

10

Сапаргалиев Г.

Қазақстан Республикасыныңконституциялық құқығы.

2004

11

Сапарғалиев Ғ.

Қ Р Конституциялық құқығы. Акад. курс

2004

58

Сапарғалиев Ғ.

Конституционное право РК Акад. курс

2005

20

Черняков А. А.

Конституционное право РК: Проблемы теории и практики. Теорет. и дидакт. матер.

1997

8

Черняков А. А.

Эволюция отраслевого содержания конституционного права: теоретич и методич проблемы. Астана

2007

13

ГЛОССАРИЙ

Қазақстан Республикасы аумағының республикалық және жергiлiктi мүдделерiн қолайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру негiзгi екi категорияға - аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi.

Аймақ - республиканың бiрнеше елдi мекендерi енгiзiлетiн, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi.

Республикалық әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстың негiзгi буындары ретiнде облыс, аудан және ауылдық (селолық) округ аймақтар болып табылады.

Елдi мекен - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, заңда белгiленген тәртiпте есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi.

Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және селолық елдi мекендерге бөлiнедi.

Қалалық елдi мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы қалалар, сондай-ақ  олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы  поселкелер; селоларға - олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елдi мекендер жатады.

Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады.

Қалалар және басқа елдi мекендер:

1) республикалық маңыздағы қалаларға бөлiнедi, бұларға ерекше мемлекеттiк маңызы бар және, әдетте, бiр миллион адамнан астам халқы бар елдi мекендер жатқызылуы мүмкiн;

2) облыстық маңызы бар қалаларға бөлiнедi, бұларға саны 50 мың адамнан асатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар, iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын елдi мекендер жатқызылуы мүмкiн;

3) аудандық маңызы бар қалаларға бөлiнедi, бұларға аумағында өнеркәсiп орындары, коммуналдық шаруашылығы, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, оқу және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектiлерiнiң дамыған жүйесi, кемiнде 10 мың адам халқы бар, оның халқының жалпы санының үштен екiсiнен астамы жұмысшылар, қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерi болып табылатын елдi мекендер жатқызылуы мүмкiн;

4) поселкелерге бөлiнедi, бұларға өнеркәсiп орындарының, құрылыстардың, темiр жол стансаларының және басқа экономикалық маңызды объектiлердiң жанындағы, кемiнде 3 мың адамы бар, оның кемiнде үштен екiсi жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi болып табылатын елдi мекендер жатқызылуы мүмкiн;

кемiнде екi мың адам халқы бар, оның жыл сайын емделу мен тынығу үшiн келетiндер саны кемiнде тең жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де поселкелерге теңестiрiледi; оларға қалалықтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халқының кемiнде 25 процентi ауыл шаруашылығымен ұдайы айналысатын саяжай поселкелерi де жатқызылуы мүмкiн;

Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді.

Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.

1) заң - аса маңызды  қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт;

2) заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары;

3) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер - заң актілері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылған, өзге де нормативтік құқықтық актілер;

4) заңнама - белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы;

5) кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген біртектес аса маңызды  қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң;

6) Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң;

7) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі - нормативтік құқықтық актілердің реквизиттерін және осы актілер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік есебінің бірыңғай жүйесі;

8) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі - олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген нормативтік құқықтық актілердің (өзгерістері мен толықтыруларын қоса) қағазға басылған мәтіндерінің жиынтығы;

9) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң;

10) құқық нормасы (құқықтық норма) - нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі;

11) нормативтік құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;

12) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жариялау;

13) нормативтік құқықтық актінің деңгейі - нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысындағы өзінің заң күшіне қарай алатын орны;

14) нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау - нормативтік құқықтық актінің толық мәтінін ресми және мерзімдік баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшін жариялау;

15) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын заңнамада белгіленген өз құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, өзге де мемлекеттік органдар).

1) халықаралық шарттың тең түпнұсқа мәтiнi - келiссөздерге қатысушы тараптар немесе уағдаласушы тараптар түпнұсқа (түпкiлiктi нұсқа) ретiнде қарайтын халықаралық шарт мәтiнi;

2) мемлекетiшілік рәсiмдер - халықаралық шартты Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ратификациялауы, Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуi немесе қабылдауы;

3) күшін жою - Қазақстан Республикасының өзi жасасқан халықаралық шарттан тиiсiнше ресiмдеп бас тартуы және Қазақстан Республикасы халықаралық шартының қолданылуын тоқтату тәсiлінің бiрi;

4) депозитарий - халықаралық шарттың түпнұсқасы сақтауға тапсырылатын және осы халықаралық шартқа қатысты халықаралық құқық нормаларында көзделген функцияларды орындайтын мемлекет, халықаралық ұйым немесе оның басты атқарушы лауазымды адамы;

5) уағдаласушы тарап - халықаралық шарттың күшiне енгенiне немесе енбегенiне қарамастан халықаралық шарттың өздерi үшiн мiндеттi екендігіне келiскен мемлекет немесе халықаралық ұйым;

6) халықаралық шарт жасасу - Қазақстан Республикасының өзi үшiн халықаралық шарттың мiндетті екендiгiне келiсiм бiлдiруi;

7) халықаралық ұйым - мемлекетаралық немесе үкiметаралық ұйым;

8) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты - Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (шет мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен (халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келiсiмнің бiр құжатта немесе өзара байланысты бiрнеше құжаттарда екендігіне қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқық реттейтiн халықаралық келiсiм;

9) ескертпе - көпжақты халықаралық шартқа қол қою, ратификациялау, бекiту, қабылдау немесе оған қосылу кезiнде мемлекет немесе халықаралық ұйым кез келген тұжырыммен және кез келген атаумен бiр жақты жасаған мәлiмдеме, осы мәлiмдеме арқылы осы мемлекет немесе осы халықаралық ұйым халықаралық шарттың белгілі бiр ережелерiнің заңдық күшiн олардың аталған мемлекетке немесе аталған халықаралық ұйымға қолданылуына қатысты жоюды немесе өзгертудi қалайды;

10) дәйектеу - келіссөздерге қатысушы әрбiр тараптың өкiлетті өкілдерінің халықаралық шарт мәтiнiмен келiсу белгісi ретінде келiсілген халықаралық шарттың жобасына немесе оның жекелеген баптарының нормаларына инициалдарымен алдын ала қол қоюы, не халықаралық шарт мәтiнiнiң тең түпнұсқалығын анықтау тәсiлдерiнің бiрi;

11) қол қою - халықаралық шартты жасасу сатысы немесе егер халықаралық шартта қол қоюдың осындай күші бар екендiгi көзделген немесе Қазақстан Республикасы мен келiссөздерге қатысушы басқа да тараптардың қол қоюдың осындай күшке ие болуға тиiс екендігі туралы уағдаластығы өзге де жолмен белгіленген, немесе Қазақстан Республикасының қол қоюға осындай күш беру ниеті оның өкілінің өкілеттігінен туындаған және (немесе) келіссөздер кезінде білдірілген жағдайда халықаралық шарттың өзі үшiн мiндеттілігіне Қазақстан Республикасының келiсiм бiлдiру тәсiлi;

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні - осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды.

Республикалық референдум - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру.

Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.

Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.

Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.

1) төтенше жағдай енгiзiлетiн жерлердiң шекаралары - Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң аумағы;

2) жергiлiктi жердiң комендатурасы - төтенше жағдай енгiзiлген жерлерде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Президентi құратын уақытша арнаулы орган;

3) жергiлiктi жердiң коменданты - Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын, төтенше жағдай енгiзiлген жердегi комендатураның қызметiне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдарды бiрыңғай басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам;

4) коменданттық сағат - арнайы берiлген рұқсат қағаздарынсыз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз көшелерде және өзге де қоғамдық жерлерде не үйлерiнен тысқары жерлерде жүруге тыйым салынатын тәулiк мезгiлi;

5) төтенше жағдай - азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерiнде ғана қолданылатын және мемлекеттiк органдар, ұйымдар қызметiне, азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгiлеуге жол беретін және оларға қосымша мiндеттер жүктейтiн ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара.

 Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.

Үкiмет алқалы орган болып табылады, азақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.

Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi- Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi.

Республика Үкiметiнiң актiлерi

1. Республика Үкiметi Республика Конституциясының, заңдарының, Президент актiлерiнiң, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде және оларды орындау үшiн нормативтiк және жеке қаулылар шығарады.

2. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Үкімет қаулыларына Республика Премьер-Министрі қол қояды.

3. Республика Премьер-Министрi өкiмдер шығарады. Премьер-Министрдiң өкiмдерi әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарылады.

4. Өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылданған Үкiмет қаулылары мен Республика Премьер-Министрi өкiмдерiнiң Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.

5. Үкiмет қаулылар мен Республика Премьер-Министрiнiң өкiмдерi Республика Үкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен әзiрленедi және қабылданады.

6. Үкiмет қаулыларының күшiн Республика Президентi мен Үкiметi жоя алады.

7. Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң күшiн Республика Президентi, Үкiметi және Премьер-Министрi жоя алады.

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi(бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

Конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар

1. Конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар болып өтiнiштерi бойынша конституциялық iс қозғалып отырған мына адамдар мен органдар танылады:

1) Республика Президентi;

2) Парламент Сенатының Төрағасы;

3) Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы;

4) өздерiнiң жалпы санының кемiнде бестен бiрi болатын Парламент депутаттары;

5) Премьер-Министрi;

6) Республика соттары;

7) актiлерiнiң конституциялылығы тексерiлетiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар.

2. Қажет болған жағдайда конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар Конституциялық Кеңеске өз өкiлдерiн жiбере алады, олардың өкiлеттiгi азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен ресiмделедi.

Конституциялық Кеңестiң өтiнiштердi қарау мерзiмдерi - Конституциялық Кеңес iс жүргiзуге қабылданған өтiнiштi қарап, өтiнiш келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде ол жөнiнде қорытынды шешiм шығарады. Егер мәселенi кейiнге қалдыруға болмаса, Республика Президентiнiң жазбаша нысанда жасаған талабы бойынша бұл мерзiм он күнге дейiн қысқартылуы мүмкiн.

Конституциялық Кеңес шешiмдерiнiң түрлерi

1. Конституциялық Кеңестiң отырысында қабылданатын кез келген акт оның шешiмi болып табылады.

2. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi Конституциялық Кеңестiң конституциялық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын қорытынды шешiмдер және Конституциялық Кеңестiң өзге де өкiлеттiгiн жүзеге асыратын басқа да шешiмдер болып бөлiнедi.

Конституциялық Кеңес шешiмдерiнiң нысаны

Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi мынадай нысанда қабылданады:

1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген құқығының құрамдас бөлiгi болып табылатын қаулылар, соның iшiнде нормативтiк қаулылар;

2) қорытындылар;

3) жолдаулар.

Конституциялық Кеңестiң шешiмдер қабылдауы

1. Конституциялық Кеңес шешiмдердi алқалы түрде қабылдайды.

2. Конституциялық Кеңес шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы, ал Конституциялық Кеңестiң тiптi бiр мүшесi талап етсе де - жасырын дауыс беру арқылы қабылдайды.

Сот билiгiҚазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.

Қазақстан Республикасының сот жүйесiнҚазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар құрайды.

Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi.

1) әкiм - Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi;

2) әкiм аппараты - жергiлiктi атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) және әкiмнiң қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк мекеме;

3) мәслихат аппараты - тиiстi мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк мекеме;

4) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың жекелеген мiндеттерiн жүзеге асыруға әкiмдік уәкiлеттiк берген және тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеме;

5) мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билiк ету қызметiн жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы;

6) жергiлiктi мемлекеттiк басқару - осы заңда және басқа да заң актiлерiнде белгiленген құзырет шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып табылатын қызмет;

7) жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдік) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

8) жергiлiктi өкiлдi орган (мәслихат) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды белгiлейтiн және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;

9) мәслихат сессиясы - мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны;

10) әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасы - тиiстi аумақта орналасқан, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүйесi;

11) орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде орталық атқарушы орган мiндеттерiн жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi.

Мәслихат аппараты- мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.