Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР конституция силабус.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
501.76 Кб
Скачать

Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйемізде негізін құраушы құқық саласы болып табылады. Ол өзге ұлттық құқық саламыз тәрізді құқықтық нормалардың жыйынтығынан тұрады. Пәні өзінің реттеу объектісімен ерекшеленеді, яғни қоғамымыздың барлық жақтарын кеңінен қамтиды.

Курстың мақсаты – студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда конституциялық құқық қағидаларын, ережелерін мемлекетіміздің, қоғамымыздың дамуына, мемлекетіміздің конституциялық құрылысын, оның қауіпсіздігін сақтауда, адам және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғауда кеңінен білім беру.

Пәнді оқып-үйрену міндеттері:

1. мемлекеттік органдарымыздың құрылуын, құрылымын, құрамын, құзыретін білу;

2. адам және азаматтардың конституциялық-құқықтық негізін қамту;

3. конституциялық жауапкершілік негіздері.

Сабақтарды өткізу нысандары: дәріс, практикалық сабақ, СОӨЖ, СӨЖ. Дәрістік сабақтар оқу курсы бойынша қарастырылған тақырыптарды теориялық жағынан игеруге және талдауға бағытталған. Практикалық сабақтар ауызша және жазбаша нысандарында өткізіледі. Олар дәрістік материалдарды неғұрлым терең игеруге және бекітуге бағытталған. Студенттердің өзіндік жұмыстары аудиториядан тыс өткізіледі және алдын ала берілген тапсырмалар бойынша нормативтік, оқу және ғылыми қайнар көздермен танысуға және тапсырмалар орындауға бағытталған.

Білімді тексеру нысандары: екі аралық бақылау, емтихан. Білімді тексеру студенттердің осы арнайы курсты игергендігін кешенді тексеруге бағытталған және студенттердің қойылған сұрақтарға жауап беруі, нақты тәжірбиелік есептерді шешуі нысанында жүргізіледі. Межелі бақылау тестілеу түрінде жүргізіледі.

Студент дәріс сабақтарында жазған, түсінген білімдерін және семинар сабағына берілген тапсырмалар бойынша толық дайындалуы керек. Семинар сабағы бойынша білімді тексерудің келесідей нысандары қолданылуы мүмкін: ауызша және жазбаша (тесттік сұрау, бақылау жұмыстары, карточкалармен жұмыс, баяндамалар, ақпараттар, рефераттар, үй тапсырмалары және т.б.)

Студент дербес тақырып мәнін ашуға тиісті. Бақылау жұмысын орындау кезінде оқу құралдарынан басқа өзге де қайнар көздерді пайдаланып, оларға сілтеме жасалса, жауаптың сапасы мен оның бағасын жоғарлатады. Бақылау жұмысының көлемі 5 - 6 беттен аспауы керек.

Реферат оқытылатын пәннің қандай да бір ірі мәселелерін студенттермен дербес анықтауға, белгілі бір мәселеге қатысты түрлі концепциялар мен ғылыми көзқарастармен танысуға арналған.

Реферат міндетті түрде бірнеше әдеби қайнар көздердің негізінде дайындалады. Онда мәселенің негізгі концепциясы, мамандардың пікірлері, қайнар көздерге сілтемелер, қолданылған ғылыми әдебиет тізімі көрсетіледі.

Реферат тақырыбын тандау студенттермен дербес жүзеге асырылады. Тақырып тандағаннан кейін және пән оқытушысымен кенескеннен кейін, студент тақырып бойынша кітаптардың, ғылыми мақалардың және анықтамалық құралдардың тізімін жасайды. Міндетті түрде тақырыпқа қатысты нормативті құқықтық актілердің, құқыққолданушылық және өзге құжаттардың бары анықталады.

Реферат құрылымы қысқаша кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған қайнар көздердің тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті негізделеді.

Негізгі бөлімде мәселе жағдайы, оның тенденциялары, ғылыми концепциялары мен көзқарастар, құжатта қайнар көздер мен практика материалдары анализденеді, негізгі ұғымдар мен жағдайлар көрсетіледі.

Қорытындыда рефераттың мақсаты мен міндетіне сай, тақырыпты зерттеудің негізгі қорытындылары, авторлық тұжырымдар мен практикалық нұсқамалары көрсетіледі. Реферат көлемі 12-15 беттен аспайды.

«Қазақстан Республикасы конституциялық құқығы» пәні бойынша курстық жұмыстардың тақырыбы

  1. Қазақстан Республикасының конституиялық құқығы – құқық саласы ретінде

  2. Қазақстан Республикасының конституиялық құқығы – ғылым ретінде

  3. Адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру

  4. Қазақстан Республикасының Президентін, Сенат пен мәжіліске, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына депутаттарды сайлау

  5. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі

  6. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттері

  7. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері

  8. Қазақстан Республика Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі

  9. Азаматтықты алу және тоқтату негіздері

  10. Парламент құрылымы

  11. Парламент палаталарын құру тәртібі

  12. Парламент өкілеттіктері

  13. Қазақстан Республикасы Парламентіндегі заң шығару процесі

  14. Парламент актілері

  15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің конституциялық-құқықтық жағдайы

  16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылу тәртібі

  17. Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығының негізгі қағидалары, сайлау округтері, сайлау учаскелері, сайлау комиссиялары

  18. Депутаттыққа ұсынылған кандидаттардың құқықтық кепілдіктері

  19. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттіктері

  20. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Президентімен өзара әрекеттестігі

  21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Парламентімен өзара әрекеттестігі

  22. Үкімет актілері

  23. Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі мемлекеттік биліктің жүйесінде

  24. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өкілеттіктері

  25. Конституциялық Кеңестің шешімдері, олардың заңдылық күші

  26. Сот билігінің түсінігі

  27. Сот билігінің әлеуметтік қызметі

  28. Соттардың құрылымы мен құрамы

  29. Соттардың мәртебесі

  30. Прокуратураның конституциялық-құқықтық жағдайы

  31. ҚР Жоғарғы сотының конституциялық-құқықтық жағдайы

  32. Әкімшілік-аумақтық құрылыстың түсінігі

  33. Әкімшілік-аумақтық құрылыстың жүйесі

  34. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыстың негізгі қағидалары

  35. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын құқықтық реттеу

  36. Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқарудың түсінігі

  37. Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқарудың түсінігі

  38. Мемлекеттік биліктің жергілікті өкілеттік органы

  39. Мемлекеттік биліктің құрылу тәртібі

  40. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері

  41. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілері

  42. Жергілікті атқару органдары

  43. Жергілікті атқару органдарының өкілеттері

«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» пәні бойынша дипломдық жұмыстардың тақырыбы

  1. Қазақстан Республикасының конституциясы: тұрақтылық және динамизм

  2. Қазақстан Республикасы Конституциясы және оның қолданыстағы заңнамаларда іске асырылу мәселелері

  3. Қазақстан Республикасы Парламенті: қалыптасуы мен жүргізіліп жатқан реформалардағы рөлі, болашағы

  4. Сайлау құқығындағы конституциялық және заңды жауаптылық

  5. Адамның табиғи монополия қызметіндегі конституциялық құқықтарын сақтау қағидасының іске асырылу негіздері

  6. Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы ұлттық идеяның жүзеге асырылу негіздері

  7. Қазақстан Республикасындағы конституционализацияның генезисі: мәселелері мен болашағы

  8. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес егемен Қазақстанның әлеуметтік-мәдени және саяси-құқықтық мәселелері.

  9. Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесін анықтаудағы кейбір мселелер

  10. Қазақстан Республикасы Конституциясы және заң ғылымындағы өзекті мәселелер

  11. Қазақстандағы саяси реформаларды іске асырудың конституциялық-құқықтық мәселелері

  12. Депутаттық қолсұғылмаушылық: тарихи-құқықтық аспектілері және конституциялық-құқықтық негіздері

  13. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде конституиялық-құқықтық қалыптасуының алғышарттары

  14. Қазақстандағы конституцияонализм: қалыптасу тәжірибесі мен билік тетігінің нәтижесі

  15. Қазақстан Республикасы Конституциясы: құқықтық мемлекеттің және азаматтық қоғамның қалыптасуы

  16. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді органдардың конституциялық-құқықтық мәртебісі

  17. Қазақстандық қоғамды модернизациялау жағдайында парламентаризмді жетілдіру мәселелері

  18. Қазақстан Республикасында бекітілген қағидалар мен идеяларды іске асыру мәселелері

  19. Конституциялық-құқықтық жауаптылық мәселелері

  20. Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық-құқықтық жауаптылығы

  21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің конституциялық-құқықтық жауаптылығы

  22. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық-құқықтық жауаптылығы

  23. Қазақстан Республикасындағы судьялардың конституциялық-құқықтық мәртебесі және олардың конситуциялық жауаптылығы

  24. Қазақстан Республикасы Үкіметінің конституциялық-құқықтық мәртебесін іске асырудағы кейбір мәселелер

  25. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамасыз ету нысандарының мемлекетішілік және халықаралық-құқықтық үйлесімділігі

  26. Қазақстан Республикасындағы азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарының конституциялық-ққықтық негіздері

  27. Қазақстан халқы Ассамблеясының конституциялық-құқықтық мәртебесін анықтаудағы кейбір мәселелер

  28. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесін анықтаудағы кейбір мәселелер

  29. Азаматтық институты конституциялық құқықтың негізгі институты ретінде

  30. Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асырудағы кейбір мәселелер

  31. Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығын жүзеге асырудағы кейбір мәселелер

  32. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мемлекеттік биліктің жүйесінде алатын орны

  33. Қазақстан Республикасындағы прокуратураның мәртебесінің конституциялық-құқықтық негіздері

  34. Қазақстан Республикасындағы сот органдарының конституциялық-құқықтық жағдайы

  35. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыстың негізгі қағидалары

  36. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесін жетілдірудің конституциялық-құқықтық негіздері

  37. Қазақстан Республикасы Парламентіндегі заң шығару процесін жетілдіру мәселелері

  38. Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметпен өзара қатынасының конституциялық-құқықтық негіздері

  39. Қазақстан Республикасы Президентінің Парламентпен өзара қатынасының конституциялық-құқықтық негіздері

  40. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк билiк органдарының тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiне сәйкес қызметінің жүзеге асырылуының конституциялық-құқықтық негіздері

  41. Қазақстандағы конституциялық бақылау институтының қалыптасуы мен тарихи-құқықтық негіздері

  42. Қазақстан Республикасының конституциялық бақылауындағы халықаралық келісім-шарттың мәртебесі

  43. Қазақстан Республикасының конституциялық бақылау органының жұмысын жетілдіруі жолдары

  44. Қазақстан Республикасы Президентiнің конституциялық бақылауды жүзеге асырудағы ролі

  45. Конституция әділеттілігінің жоғарғы органы ретінде Конституциялық Соттың мәртебесі мен құзіреті

  46. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы және оның іске асырылу негiздерi

  47. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының біртұтас сайлау жүйесіндегі орны

  48. Қазақстан Республикасында сайлау процесінің конституциялық-құқықтық негіздері мен оны іске асырудың кейбір мәселелері

  49. Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасуы мен даму перспективалары

  50. Халықаралық құқық нормалары мен қағидаларының Қазақстан Республикасының ұлттық құқық иерархиясындағы алатын орны