Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bank isi umkd.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.53 Mб
Скачать

Мақсаты: қарыз алушының несиеқабілеттілік мазмұнының түсінігі

Есебі:

  • Берілген терминімен түсініктерін білу;

  • Қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдау жөніндегі түсініктеме;

  • Теоретикалық материалдарды практика жүзінде қолдана білу;

Сұрақтар:

1.Несиелеуді талдау түсінігі, есебі, мақсаты

2.Қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдаудың топтастыру әдісі

3.Несиелік талдауда қолданылатын көрсеткіштер

4.Несиеқабілеттіліктің жалпы бағасы

Коммерциялық және өзге банктердің клиенттермен несиелік өзарақатынастарын дамыту көптеген жағдайлар мен факторларға қатысты банктер тәжірибесіндегі күрделі процесс болып табылады. Несие қабілеттіліг несие шартының жағдайларына сәйкес сый ақы төлей отырып, клиенттің банкке ссуданы беру қабілеті. Несиеқабілеттілігін бағалау ең алдымен ссудалық борыштарды қайтару мүмкіншілігін болжайды.

Қарыз алушының қаржылық есеп беруін зерттеу – бұл басты ақпарат көзі болып саналады. Пайдалар мен зияндар туралы, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы, есептер мен динамикадағы актив пен пассив бойынша баланстың өзіне талдау жасалады. Актив бойынша мыналар талдауға жатады:

- ссуданы қайтару көзі болып қатысатын дебиторлық қарыз;

- тауар – материалдық құндылықтардың жай күйімен бағалардың тұрақтылығы;

- дайын өнімдерді өткізу;

- несиені қамтамасыз ету түрінде қатысатын құндылықтардың қалдықтары.

Клиент балансының пассиві бойынша талдау келесілерді қамтиды:

- төлемдер жағдайы, оның мерзімімен көлемі;

- ұзақ мерзімдік несиенің көзі болып қатысатын меншікті капитал;

Қарыз алушының несиеқабілеттілігінің дәрежесін анықтау негізінде көрсеткіштердің өлшемдік деңгейі мен олардың рейтингі табылады. Қарыз алушының несиеқабілеттілігін бағалау үшін үш негізгі көрсеткіш қолданылады:

- өтімділік коэффициенті;

- өтеу коэффициенті;

- меншікті қаржылар мен қамтамасыз ету көрсеткіштері;

Банктен қарыз алушылар несие төлеу қабілеттілігі дәрежесі бойынша үш сыныпқа бөлінеді:

- бірінші сынып, сенімді қарыз алушы;

- екінші сынып, тұрақсыз қарыз алушы;

- үшінші сынып, сенімсіз қарыз алушы.

Несиеқабілеттілігіне жалпы баға балл арқылы беріледі. Балл несиеқабілеттілігі сыныбына есептелген әрбір көрсеткішке берілген рейтинг сомасын білдіреді.

100-150 балл кезінде бірінші сынып; 151-251 балл кезінде екінші сынып; 251-300 балл кезінде үшінші сынып.

Қарыз алушының мүмкіншілігін анықтау кезінде коэффициенттер бес топқа топтасады:

- өтімділік коэффициенті;

- тиімділік және айналымдық коэффициенті;

- қаржылық левераж;

- пайдалық коэффициенті;

- берешекке қызмет көрсету коэффициенті.

Өтімділік коэффициенті өзінің борыштық міндеттемелері бойынша және банк алдындағы борышын мерзімде қайтару үшін өзінің айналымынан ақша түрінде қаржыларды босатудағы қарыз алушылардың қабілетін көрсетеді.

Тиімділік коэффициенті бірінші топты толықтырады, мұнда күндермен есептегендегі айналымның ұзақтығы, айналымдардың саны есепке алынады.

Қаржылық левераж коэффициенттері қарыз алушының меншікті капиталмен қамтамасыз етушілік дәрежесі мен клиенттің тартылған ресурстарға тәуелділігін көрсетеді.

Пайдалылық коэффициенттері оның қатыстырылған бөлігін қоса отырып, барлық капиталды пайдаланудың тиімділігін сипаттайды.

Берешекке қызмет көрсету коэффициенті пайданың қанадй бөлігі пайыздық және белгіленген төлемдерді қайтару үшін пайдаланылатындығын көрсетеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Қарыз алушының төлемқабілеттілігі деген не?

2. Актив бойынша олар қалай талданады?

3. Төлемқабілеттілікті бағалау үшін қандай көрсеткіштер қолданылады?

4. Төлемқабілеттілік коэффициенттерін атаңдар

Әдебиет: 1(с.198-203), 2(с.222-239), 3(с.199-227), 4(с.313-319), 7,21

Тақырып 7. Банктік ссуданы қайтаруды қамтамасыз ету формасы

Мақсаты: банктік ссуданы қайтаруды қамтамасыз ету формасының тәсілімен

танысу

Есебі:

  • Берілген тақырып терминімен негізгі мәнін білу;

  • Несиені қайтаруды қамтамасыз ету формасы жөнінде түсініктеме алу;

Сұрақтар:

1.Несие операциялары жөнінде түсініктеме.

2.Кепілдеме жөнінде түсініктеме.

Банктер несие беру процесінде ссудаларды қамтамасыз етуге, қарыз алушының дебиторлық және кредиторлық борыштарының өзгеруіне, нақты қорлар мен шығындардың жай күйіне жүйелі түрде бақылау жасауды жүзеге асыруға міндетті. Банкте оның берілген ссудаларын тиісті өтеусіз қорлар мен шығындардың қалдықтарын төмендету және кредиторлық төленбеген қарыздардың өзгеруі туралы мәліметтер бар болған жағдайда банк қойма және бухгалтерлік есеп деректері бойынша немесе ақша орнына төлем құралы ретінде берілетін зат түрінде қарыз алушының несиемен қамтамасыз етілуін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.

Несиемен қамтамасыз етуді тексеру баланс деректерінің көрсеткіштер негізінде банктің мүддесі үшін жүргізіледі. Несиені қамтамасыз етуге өндірістік қорлардың қалдықтары, аяқталмаған өндіріс, баланстық құны бойынша дайын өнімдер, сондай – ақ төлем мерзімдері келмеген, түсірілген және өткізіліп берілген тауарлар қабылданады. Ұзақ жылдар бойы қолданылған қысқамерзімдік несиелер бері ережелеріне сәйкес келесілер ссуданы қамтамасыз етуі қабылданбайды:

- несие беру үшін белгіленген мерзімдерден ұзақ жолда болған тауарлық – материалдық құндылықтар;

- сақталу жағдайы олардың бүлінбеуін қамтамасыз етпейтін тауар – материалдық құндылықтар;

- сақталу мерзіміне қатыссыз түрде өндірісте пайдалана алмайтын тауарлы – материалдық құндылықтар;

Қамтамасыз етілмеген борыш қарыз алушының есеп айыру шотынан өндіріледі, ал есеп айырысу шотында қаржы болмаған жағдайда кешіктірілген ссудалар есеп шотына жатқызылады. Артығымен қамтамасыз етуге арналған ссуданы жалпы белгіленген тәртіпте сол күнгі ссудаларды шұғыл өтеуге бағыттау арқылы, содан соң кешіктірілген ссудаларды өтеуге, ал қалған сомасын есеп айырысу шотына беруге болады. Ссудалар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз етуді тексеру нәтижелері бойынша нақты жағдайларды ескере отырып, мекеме басшысы ссудалар беруге рұқсат ету құқығын иеленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]