Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bank isi umkd.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.53 Mб
Скачать

16. Курсты оқу саясаты және процедурасы

1 Курсты оқу пассивті емес активті болу керек, себебі студент жүйелі түрде өздік жұмысты уақытында дайындау қажет.Студент дәріске жәнепрактикалық сабақтарға даяр болу қажет.Сабаққа даярлық тесттік және ауызша сұрақтармен тексеріледі.

2 Барлық бақылау түрлері жағымсыз баға алған кезінде бір рет тапсырылуы қажет. Бұл үшін балл 0,8 коэффициентіне азаяды.

Жағымды бағаны тапсыруға болмайды.

3 Студент себепсіз сабақ қалдыруға болмайды. Егер студент себеп бойынша практикалық сабақты жіберіп алса, онда орнатылған мерзімде міндетті түрде тапсыруы қажет.

4 Практикаға жоғары киіммен кіруге тыйым салынады.

5 Сабақта студент техника қауіпсіздігін сақтауы қажет, ұялы телефонды пайдалануға болмайды.

6 Өздік жұмысы бойынша барлық тапсырмалар орнатылған мерзімде тапсырылуы қажет. Егер тапсырма уақытында тапсырылмаса, онда оған баға төмендетілген 0,8 коэффициентімен қойылады.

7 Студент биязы, шыдамды, ашық және ибалы болуы керек.

ГЛОССАРИЙ

Ақша механизмі - ақша жиынындағы өзгерістер арқылы экономикаға ықпал ету тәсілі.

Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

Бөлінбеген пайда- акциялар бойынша дивидендті төленшгеннен кейін және резерівтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.

Валюта биржасы – шетел валютасымен валюталық операцияларды жүзеге асыратын, сұраныс пен ұсыныс негізінде ұлттық валютаға қатысты шетел валюталарының ағымдағы бағамын белгілейтін ұйым.

Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

Вексель дисконты – 1) қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін вексельді номиналдан төменгі бағамен сатып алу; 2) вексельдерді есепке алу барысында банктердің алатын есепке алу пайызы.

Есеп айырысу балансы – елдің шетелге қатысты талаптары мен міндеттемелері.

Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

Жинақ кассасы – жинақ салымдары түрінде халықтың ақшалай қаражаттарын тартатын және оларға пайыз төлейтін несиелік мекеме.

Инфляция – бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.

Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға беріген тауары.

Коммерциялық банк – бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша –несие институты.

Кредиттік карточка –оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес –несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Куәләндырылған чектер – бұл банктің шоттағы қаражаттың барлығын чектер арқылы куәландыруы.

Қаржылық (банктік)вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құның төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты ұзақ мерзімді лизинг.

Қазыналық вексель – бұл мемлекеттік бүджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылған, оның қарыздық міндеттемесі.

Қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалар (депозщиттер)

Қолма – қолсыз ақшалармен есеп айырысу – бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп кайырысулар.

Ломбардтар – бұл жылжитын мүліктерді (өтімді активтерді) кепілге ала отырып, қысқа мерзімге ссудалар беретін несиелік мекеме.

Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып берілетін несие.

Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.

Мерзімді депозит – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.

Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

Несие жүйесі – жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы

Несиелік одақтар – бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ несиелік мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер.

Несиелік серіктестік – бұл оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылық көмек көрсету барысында қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың ерікті түрде бірігуінің нәтижесінде құрылған, банк болып табылмайтын және ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы негізінде жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға.

Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитентін осы қаражат сомасын (номеналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қазаз.

Овердравд несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несие.

Пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары.

Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.

Төлем балансы – бұл халықтың белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарынан түскен түсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызметтер үшін төленген төлемдер арасындағы шекті қатынастар.

Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетіән несие.

Тұрғын үй құрылыс банкі – бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін құрылыс – жинақ шоттарын қалыптастыру және ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк.

Факторинг операциясы – жабдықтаушының (банк клиентінің) жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық –делдалдық операция.

Форфейтинг операциясы – форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердың төлем құжатын сатып алуы.

Форс-мажор жағдайы – экономикалық келісімшарттарға қатысушылардың әртүрлі төтенше жағдайларға (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және т.б.) байланысты міндеттемелерді орындай алмауы.

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

Электрондық ақшалар – компьютер тарабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелерні арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]