Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bank isi umkd.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.53 Mб
Скачать

Тема 13 Банктердiң халықаралық операциялары

Мақсаты: банктердiң халықаралық операцияларымен танысу

Есебі:

  • Берiлген тақырып бойынша негiзгi түсiнiктер мен терминдермен таынсу;

  • Халықаралық төлем жүйесi туралы түсiнiк алу.

Сұрақтар:

  1. Мемлекеттiң төлемдiк жүйесiнiң түсiнiгi.

  2. Халықаралық төлем жүйесi.

  3. Сыртқы экономикалық қызметтi несиелендiру.

  4. Халықаралық ұзақ мерзiмдi несие.

  5. Банктердiң корреспонденттiк қарым-қатынастар негiзi.

  6. Банктiк аударымдар.

  7. Чектермен операциялар.

  8. Құжаттық инкассо және аккредитивтер арқылы есеп-айырысу.

  9. Пластикалық карточкалар.

Коммерциялық банктердiң халықаралық оперцияларына мыналар кiредi: халықаралық саудаға қатысушы клиенттер тарапынан сұраныс бар алуан қызмет түрлерiн көрсету, ссудалық капиталдардың халықаралық нарығындағы инвестициялық қызмет; шетел бағалы қағаздары, шетел валюталарын сатып алу және сату; инкассо қою үшiн чектердi, вексельдердi, банк акцептерiн қабылдау.

Банктердiң халықаралық оперциялардан алатын табыстарының басым бөлiгi несие беруден түседi. Банк несиесiн берудiң халықаралық саудасы тауарларға, тауар құжаттарына кепiлдiкке ссудалар беру, векселдiк және акцептiк несиелер, банк ссудалары формасында қатысады. Лизинг, факторинг, форфейтинг сауданы несиелендiрудегi өзгеше жаңа формалары болып саналады. Орта және ұзақ мерзiмдi халықаралық банк несиелерi сондай-ақ еуронесиелер формасында берiледi.

Банктердiң халықаралық операциялары бiр валютаны екiншi валютаға айырбастаумен байланысты. Мұндай операциялдар валюта операциялар деп аталады. Оларды жүргiзудiң қажеттiлiгi, халықаралық несие беру мен сыртқы сауда және қызметтер көрсету бойынша есеп-айырысу кездерiнде халықаралық айналым құралы түрiнде пайдалануға болатындай бiртұтас төлем құралдарының болмауынан туындайды,

әртүрлi валюталық операциялардың жиынтығы ссудалық капиталдардың әлемдiк нарығының бөлiгi болып саналатын валюта нарығын құрайды. Валюта нарығында шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс шоғырландырылады. Ұсыныс ең алдымен, сатылған сауарлар мен қызметтер үшiн валюталық түсiм алған экспорттаушылардан болады, ал сұранысты сатып алған тауарлар мен қызметтердi, капиталдар мен несиелердi төлеу үшiн шетел валютасын қажетсiнетiн импорттаушылар туғызады.

Валюта нарығындағы операцияларды банктер, жекелеген компаниялар мен жеке тұлғалар жүзеге асырады. Биржалық және биржадан тыс валюталық нарықтарға ажыратылады. Бүкiл валюталық операциялардың басым көпшiлiгi биржадан тыс коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылады.

Банктер валюталық операцияларды (тiкелей немесе делдалдар арқылы) банкаралық валюта нарығында бiр-бiрiмен, өздерiнiң клиенттерiмен жүргiзедi, сондай-ақ биржаларда да операциялар жасайды. Валюталық келiсiмдердiң негiзгi бөлiгiн банкаралық валюта нарығында коммерциялық банктер бiр-бiрiмен жүргiзедi.

Валюталармен операцияларды банктер өз есебiнен, сондай-ақ өз клиенттерiнiң (делдалдық бастаулар негiзiнде) есебiнен жүзеге асырады. Шетел валютасымен көрсетiлген аударымдар арқылы жасалатын төлем құралдары: банк депозиттерi, чектер, вексель мен аударымдар, негiзiнен, валюталық келiсiм құралдары болып саналады. Қолма-қол шетел валюталармен (банкноттар, монеталар) жасалатын келiсiмдер көлемi соншалықты көп емес.

Студенттер төмендегi сұрақтардың жауаптарын конспектiлеуi жөн:

1.Төлем жүйесiнiң негiзгi элементтерiн атаңыз.

2.Халықаралық төлем жүйесiне сипаттама берiңiз.

3.Сыртқы экономикалық қызметiн несиелендiру түсiнiгiн берiңiз.

4.Халықаралық ұзақ мерзiмдi несие дегенiмiз не?

5.Банктердiң корреспонденттiк қарым-қатынастардың негiзi не болып табылады?

6.Банктiк аударымдар дегенiмiз не?

7.Құжаттық инкассо мен аккредитивтер бойынша есеп-айырысулар ненi бiлдiредi?

8.Жол чектерi дегенiмiз не?

9.Пластикалық карталарға сипаттама берiңiз?

10.Пластикалық карточкаларды бiздiң елiмiзде және шетелде тәжiрибеде қолдану ерекшелiктерiн атаңыз.

Әдебиеттер: 1(с.297-364), 2(363-454), 3(с.286-341), 4(с.485-503), 5(с.320-347),

7,13,31(с.65-80)

Тақырып 14 Банктiк маркетинг. Банктiк менеджмент.

Мақсаты: банктiк менеджмент пен банктiк маркетинг жайында түсiнiк алу

Есебі:

  • банктiк маркетинг және банктiк менеджменттiң негiзгi түсiнiктерiн оқу;

  • банктiк сферасындағы маркетинг пен менеджмент туралы түсiнiк алу;

  • банктiк маркетингтiң принциптерiн, мақсаттарын және есептерiн, банктiң құрылымындағы маркетингтiң негiзгi қызметтердi, маркетингтiк кешенiнiң әдiстерi мен тетiктерiн, банктегi маркетингтiк стратегияларды бiлу, сонымен қатар банкттiк менеджменттiң сферасын, мазмұнын және ерекшелiгiн бiлу;

  • теориялық материалды тәжiрибеде қолдана бiлу.

Сұрақтар:

1.Банктiк маркетинг: негiзi, қағидалары, әдiстерi және стратегиялары.

2.Банктiк менеджмент: мазмұны, сферасы, банктi ұйымдастыру принциптерi, банктiк менеджменттiң спецификасы.

Маркетинг – бұл экономика, социология және басқару арасындағы ғылым. Нарықтық экономикада кез-келген кәсiпкерлiк нарыққа шығумен, барлық процестердi бiлумен және өнiмдердi алға жылжытумен аяқталады. Егер дамыған елдерде маркетинг жарты ғасырдан аса бұрын өнеркәсiпте тарау алса, оның соңын ала, 40 жылдай бұрын маркетинг iрi банктер аясында қолдауға ие болады. Қазақстандағы нарықтық экономиканың дамуы мен прогресi жағдайында банк маркетингi мен оның ерекшелiктерiн үйрену – бұл қажеттiлiк және банктiк менеджменттiң ажырағысыз бөлiгi болып саналады.

Банктiк маркетинг толығымен маркетингтiң жалпы қағидаларына негiзделедi, алуыан түрлi қызметтердi орындайды, “маркетинг жалпы түсiнiгiнiң құрамды бөлiгi мен буынын бiлдiредi. Маркетинг – бұл өндiрiспен және бәсекелестiктi ескере отырып тауарларды тұтынушыға жеткiзумен байланысты кәсiпкерлiк қызметтiң түрi, кәсiпорындар қызметiн ұйымдастыру мен басқару жүйесi.

Банктiк маркетингтi маркетингтi маркетингтiң ерекше саласы, клиенттердiң нақты қажеттiлiктерiн ескере отырып, банк өнiмдерiнiң неғұрлым пайдалы нарықтарын iздеу және пайдалануға бағытталған коммерциялық, сол сияқты барлық басқа банктердiң қызмет түрлерi ретiнде қарау керек.

Банктiк маркетингтiң жалпы қағидалары келесiдей түрде болады:

  • нақты мақсаттарға жетудегi барлық банк қызметкерлерi әрекетiнiң бағдарланушылығы;

  • жоспарлауды, талдауды, реттеудi, бақылауды қамтитын банк қызметi процесiнiң кешендiлiгi;

  • маркетингтi болашақ және ағымдағы жоспарлаудың бiртұтастығы;

  • қабылданатын шешiмдерге бақылау жасау;

  • жұмыскерлердiң шығармашылық белсендiлiгiн ынталандыру, олардың бiлiктiлiгiн арттыру;

  • ұжымды табысқа жету үшiн қызығушылықты арттыру.

Банктiк маркетинг “банк өнiмдерiн” көбейтуге бағытталған қызметтердiң нақты түрлерiн жүзеге асыру арқылы өз қызметiн жүргiзедi:

  • маркетингтiк зерттеулердi жүргiзу, ақпараттарды жинау, талдау;

  • банк өнiмiн жасау. Банктiң өз қызметiнiң сатушысы болуы.

  • Көрсетiлетiн қызметтер мен операцияларға баға белгiлеу.

  • Банк өнiмдерiн таратуды ұйымдастыру.

Маркетинг қызметiнiң нарықтағы табысы көп дәрежеде ахуалды жүйелi түрде ой елегiнен өткiзуге, банктiң күш жұмылдырушылығын үйлестiруге, мақсаттар мен мiндеттердi алдыға дәл қоя бiлуге мүмкiндiк беретiн стратегиялық жоспарлау сапасымен айқындалады.

Банктiк менеджменттiң жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестiру, ынталандыру және бақылау сияқты қызметтерi бөлiп көрсетiледi.

Банктiк менеджмент – клиенттердiң қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мен операциялар жасау және жаңа нарықтар қалыптастыру үшiн банктiң, жекелеген орындаушылардың мүдделерiне әсер ету процесi болып табылады.

Банктiк менеджмент сандық, сапалық және әлеуметтiк көрсеткiштердi орындауға бағдарланған.

Банктiк менеджменттi екi көзқарас тұрғысынан үйрену көзделедi: 1. Банк қызметi тарапынан; 2. Ұжымды басқару тарапынан.

Бақылау сұрақтары:

  1. Банктiк маркетингке анықтама берiңiз.

  2. Банктiк маркетингтiң принциптерiн, мақсаттарын, есептерiн атаңыз.

  3. Банктегi маркетингтiң қандай негiзгi қызметтерi сiзге белгiлi?

  4. Маркетингтiк кешенiнiң әдiстерiн және құралдарын атаңыз.

  5. Банктiң маркетингтiк стратегиясын сипаттап берiңiз.

Әдебиеттер: 1(с.435-442), 3(с.489-538), 4(с.656-686,727-746), 7,22,35,39,40,41

Тақырып 15 Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлемқабілеттілігін

басқару

Мақсаты: коммерциялық банктің өтімділігі мен төлемқабілеттілігін басқару түсінігін ашу

Есебі:

  • Берілген тақырып терминімен түсінігін аша білу;

  • Коммерциялық банк өтімділігі мен төлемқабілеттілігін талдау жөнінде түсініктеме;

  • Коммерциялық банк өтімділігі мен төлемқабілеттілін анықтайтын факторларды білу;

Сұрақтар:

1.Банк өтімділігі жөніндегі түсінік

2.Төлемқабілеттілік түсінігі.

3.Банк өтімділігі мен төлемқабілеттілігінң негізгі көрсеткіштері.

Халықаралық банк терминологиясынан өзгешелiгi, отандық экономикалық әдебиеттерде екi ұғым – банк балансының өтiмдiлiгi мен соңғының төлемқабiлеттiлiгi жиi түрде араласып кетедi. Егер алғашқыны үлкен дәрежедегi банктiң өз iсi деп санайтын болсақ, онда банк белгiленген қалыптар деңгейiнде өзiнiң өтiмдiлiгiн ұстап тұру тәсiлдерiн өзi таңдайды, ал екiншiсi, негiзiнен, Ұлттық банкi атынан мемлекет орындайтын қызметке жатады.

Сөзбе сөз алғанда “өтiмдiлiк” терминi өткiзудiң, сатудың, материялдық құндылықтардың ақшаға айналуынын жеңiлдiгiн бiлдiредi. Банк активтерi олардың ақша формасына жеңiл айналушылығына қатысты өтiмдi немесе өтiмдi емес қаржы ретiнде анықталады. Банк активтерiн олардың өтiмдiлiк дәрежесi бойынша үш топқа бөлуге болады: 1. Тез арада дайын болатын өтiмдi қаржылар немесе бiрiншi сыныпты өтiмдi қаржылар. Оларға жататындар касса, қор, есеп шоттағы қаржылар, бiрiншi сыныпты векселдер және мемлекеттiк бағалы қағаздар. 2. Ақшаға айналуы мұмкiн банктiң иелiгiндегi өтiмдi қаржылар. Биржада тiркелген, бағалы қағаздар түрiнде шартты түрде өткiзiлетiн, банктiң пайдасына таяудағы 30 күн iшiнде орындалуы тиiс. Несиелер мен өзге құндылықтар мен төлемдер. 3. Өтiмдi емес активтер – бұл кешiктiрiлген активтер мен қайтарылуы белгiсiз қарыздар, негiзгi қорларға жататын банктiң иелiгiндегi ғимараттар мен құрылыстар.

Баланс өтiмдiлiгi. Егер оның жағдайы актив бойынша қаржыларды тез өткiзу есебiнен пассив бойынша шұғыл мiндеттемелердi жабуға мүмкiндiк беретiн болса, баланс өтiмдi деп саналады. Өзiнiң мiндеттемелерiн орындау ұшiн банк активтерiнiң ақша формасына тез айналу мүмкiндiгi, бiрқатар факторлар арқылы алдын ала анықталады. Олардың iшiнде қаржыларды орналастыру мерзiмiнiң ресурстарды тарту мерзiмiне сәйкес келушiлiгi шешушi фактор болып саналады.

Баланстың өтiмдiлiгiне оның активтерiнiң құрылымы әсерiн тигiзедi: активтердiң жалпы сомасындағы бiрiншi сыныпты өтiмдi қаржылардың үлесi неғұрлым көп болса, банктiң өтiмдiлiгi соғұрлым жоғары болады. Халықаралық банк тәжiрибесiндеi кассадағы ақша ғана емес, сонымен бiрге аталмыш несие институтының банктегi ағымдық есеп шотында болатын ақша қаражаттары да кассадағы қол ақша болып саналады. Банк ұлттық банкте мемлекет кепiлдiк берген бағалы қағаздарды қайта есепке алуы мүмкiн бiрiншi сыныпты қысқа мерзiмдi коммерциялық векселдер нарықтық экономикалы елдерде өтiмдi баптар болып саналады. Ұзақ мерзiмдi бағалы қағаздар түрiндегi банк инвестицияларының өтiмдiгi неғұрлым аздау, оның себебi қысқа мерзiм аралығында оларды өткiзу әрқашанда мүмкiн бола бермейдi. Ұзақ мерзiмдi ссудалар мен қозғалмайтын мүлiк салымдары өткiзуi қиын активтер ретiнде қарастырылады.

Одан басқа, банк өтiмдiлiгi жекелеген активтi операциялардың тәуекел дәрежесiне де байланысты болады: банк балансында тәуекелдi активтердiң үлесi неғұрлым жоғары болса, оның өтiмдiдiгi соғұрлым төмен болады. Мәселен, қалыптасқан тәжiрибеде сенiмдi активтерге қолма-қол ақша қаражаттарын жатқызу қабылданған, ал жоғары тәуекелге – банктердiң ұзақ мерзiмдi салымдары жатқызылады.

Сонымен, өзiнiң ақша қаражаттарының сомасы банкке өзге көздерден тез жұмылдыру арқылы пассив бойынша мiндеттемелердi уақыттылы орындауға мүмкiндiк беретiн болса, онда банк өтiмдi болып саналады. Мынаны атап өту көзделедi: өзiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында банк ақша нарығының, клиеттiң, әрiптес банктiң қаржылық жағдайының өзгеруiмен байланысты туындауы мүмкiн алдын ала болжап бiлмеген жағдайларды түзеуi үшiн белгiлi өтiмдi резервке ие болуы қажет.

Банк балансының өтiмдiлiгi активтер мен пассивтердiң арақатынасынан, активтердiң құрылымын көрсететiн арнайы көрсеткiштердi есептеу арқылы бағаланады. Халықаралық банк тәжiрибесiнде бұл мақсаттар үшiн жиi түрде өтiмдiлiк коэффициенттерi пайдаланылады. Өтiмдiлiк коэффициенттерi пассивтердiң белгiлi баптарымен немесе керiсiнше пассивтердiң активтермен несие беру мекемесi балансы активiнiң әртүрлi баптарымен арақатынасын бiлдiредi. Негiзiнен өтiмдiктi бағалау үшiн қысқа мерзiмдiк және орта мерзiмдiк өтiмдiк коэффициенттерi қолданылады, олар қысқа мерзiмдi өтiмдi активтердiң немесе пассив мерзiмдерi бойынша тиәстi орта мерзiмдi активтердiң қатынасы ретiнде есептеледi. Нарықтық экономикалы бiрқатар елдерде банктер өтiмдiк коэффициенттерiн өтiмдiк қалпының белгiлi деңгейiнен төмен түсiрмей ұстап тұруға мiндеттi болып саналады.

Бұл елдердегi өтiмдiк қалыптарын банк пен валюталық бақылау органдары белгiлесе, екiншi бiр елдерде банк заңдылықтарымен белгiленедi, олардың мөлшерi жинақталған тәжiрибе мен нақты жергiлiктi жағдайларды ескере отырып анықталады.

Төлемқабiлеттiлiк банк өтiмдiгiнiң негiзi болып қызмет етедi. Төлемқабiлеттiлiк өзiнiң мiндеттемелерi бойынша қажеттi мерзiмде және толық сомада жауап бере алатын банктiң қабiлеттiлiгi ретiнде түсiндiрiледi. Дегенмен, ол баланстың өтiмдiгiне ғана емес, сонымен бiрге бiрқатар өзге факторларға да тәуелдi болады. Олардың қатарына жататындар: елдегi немесе аймақтағы саяси және экономикалық хал-ахуал, ақша нарығындағы жағдай, ұлттық банктiң қайта қаржыландыру мүмкiндiгi, бағалы қағаздар нарығының дамуы, кепiлдiк және банк заңдылықтарының болуы мен жетiлдiру,банктiң меншiктi капиталмен қамтамасыз етушiлiгi, клиенттердiң және әрiптес банктердiң сенiмдiлiгi, банктегi менеджмент деңгейi, аталмыш несие мекемесiнiң мамандануы мен көрсетiлетiн банк қызметiнiң алуан түрлiлiгi және өзге де факторлар.

Қазiргi жағдайдағы банктердiң коммерциялық қызметi елдегi ресiмделген ақша нарығының жоқтығынан, клиенттер мен мамандардың несие мекемелерi жұмысының жаңа мазмұнына дайын еместiгiнен қиындықтарға кезiгуде.

Баланстардың өтiмдiгiн коммерциялық банктердiң ұстап тұруы мақсатында мынадай көрсеткiштер белгiленген: банктердiң (К1) мiндеттемелерiн шектеу, азаматтардың салымдарын (К2) шектеу, банк балансының ағымдағы өтiмдiк коэффициентi (К3).

Банктiң меншiктi қаржысы мен оның мiндеттемелерiнiң (К1) арақатынасы өзiнiң экономикалық мазмұны бойынша банктердiң өзiне қабылдайтын мiндеттемелерiнiң көлемi мен оның капитал сомасы арасындағы тәуелдiлiктi белгiлеуiн бiлдiредi: соңғының мөлшерi неғұрлым көп болса, мiндеттемелер сомасы соғұрлым көп болады.

Банктердiң қаралған өтiмдiк көрсеткiштерi талаптарының сақталуы ҚР Ұлттық банкiнiң, сол сияқты коммерциялық банктердiң өздерi қабылдайтын әртүрлi әдiстерi мен тәсiлдерi қамтамасыз етiледi.

Бақылау сұрақтары:

  1. Банк өтімділігі дегеніміз не?

  2. Банктің өтімділік көрсеткіштерін атаңдар

  3. Банк төлемқабілеттілігі дегеніміз не?

Әдебиет: 1(с.413-434), 2(с.140-168), 3(с.419-440), 4(с.212-242), 7,25(с.89-95), 31(с.113-125), 38(с.98-115), 46(с.50-56)

Тақырып 16 Коммерциялық банк қызметінің қаржылық нәтижесін

талдау

Мақсаты: Коммерциялық банк қызметінің қаржылық нәтижесін талдаудың маңызын ашу

Есебі:

  • Берілген тақырып терминімен мәнін білу;

  • Коммерциялық банк қызметінің қаржылай нәтижесін талдау жөнінде түсініктеме;

  • Теоретикалық материалды практикада қолдана білу;

Сұрақтар:

1.Коммерциялық банк балансы жөнінде мәлімет.

2.Банк балансын құрудағы принциптері

3.Балансың активтік және пассивтік шоты.

Коммерциялық банк балансы – бұл бухгалтерлік баланс, онда банктің жеке және жұмылдыру қаражатының жағдайы қарастырылады.

Баланс мәліметі бойынша ақшалай ресурстарды қалыптастыру және орналастыруға бақылау жүргізіледі.

Коммерциялық банк балансы олардың есеп және есептемесінің басты бөлігі болып табылады.

Оларды талдау банк өтімділігін бақылауға, банк қызметін басқаруды жетілдіруге мүмкіншілік береді. Басқалай банк есебін қолдана отырып, банк жетекшілігі несие беруде, корреспонденттік қатынастарды орнату кезінде олардың жұмыс жағдайымен танысады.

Банк балансы коммерциялық ақпарат құралына жатады, олар негізгі талабына жауап береді: оперативтік, нақтылық.

Банк балансын құру кезінде экономикалық біркелкі белгісі бойынша операцияны топтастыру принципі қолданылады.

Банк балансы номенклатурасының шоты баланстық және баланстан тыс болып бөлінеді.

Баланстық шот активтік, пассивтік және активтік – пассивтік болады.

Пассивтік шотындағы қаражат басқалай банктік операцияларды өткізу және несиелеу үшін банк ресурсы болып табылады.

Активтік шотындағы берешек осы ресурстарды пайдалануды көрсетеді.

Пассивтік шотында банк қоры, кәсіпорын мен ұйымның қаражаты, депозиттер, банк пайдасы, кредиторлық берешек, басқалай пассивтер және жұмылдыру қаражаты көрсетіледі.

Активтік шотында банк кассасындағы қолма-қол ақша, қысқамерзімді және ұзақмерзімді несиелер, мемлекеттік бюджет шығыстары, капитал жұмсауға шығыстар, дебиторлық берешек, басқалай активтер есептелінеді.

Баланстан тыс шотында құндылықтар мен құжаттар қозғалысы көрсетіледі.

Оған мемлекеттік баж салығын төлеу белгілері, акция бланкілері, тапсырма бойынша акциялар, аккредитив бойынша құжаттар жатады.

Банк қызметін талдауға сәйкес келетін тәсілдер көбінесе оның түрлері және әдістерімен анықталады. Несиелеу сұрағын шешу мен басқалай корреспонденттік қатынастарды орнату кезінде жалпы өтімділік пен пайдалылық жағдайын шешу қажет.

Талдаудың үлгісі негізінде модифицирленген баланстық теңдеу жатыр;

Активтер = Пассивтер, банктің айналым қаражатын пайдалану тиімділігін талдау үшін баланс теңдеуі.

Талдау үлгісінің басты мақсаты банктің өтімділік деңгейі мен пайдалылық көлемін айқындаудан емес, пайдалылық пен өтімділік арасындағы баланстау позициясынан банкінің қаржылық жағдайын жан-жақты айқындаудан аяқталады.

Талдау үлгісі пайдалылық пен өтімділік үйлесімді ара-қатынасын айқындауға мүмкіншілік береді.

Топтастыру әдісі баланс мәліметін жүйелендіру жолымен талданатын құбылыс пен процесс маңызын ажыратуға жағдай туғызады.

Детализация дәрежесі, сонымен бірге баланс активі мен пассиві баптарын топтастыру ерекшеліктері өткізілетін аналитикалық жұмыс жолымен анықталады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Банк пайдасына анықтама беріңдер.

  2. пайданың қайнар көзі болып не табылады?

  3. Банк шығынына анықтама беріңдер.

Әдебиет: 2(с.115-139), 3(с.539-555), 4(с.568-571,670-672), 7,25(с.86-93), 38(с.96-125), 46(87-96)

Тақырып 17 Банктік қадағалау. Банктік аудит

Мақсаты: банктік қадағалау және банктік аудит маңызын ашу

Есебі:

  • берілген тақырып терминінімен негізгі түсінігін білу;

  • банктік сферада аудит және қадағалау жөнінде түсініктеме;

  • банктік қадағалау есебін, формасын білу;

Сұрақтар:

  1. Банктік қадағалау формасы, есебі, мақсаты

  2. Банктік қадағалау әдістері

  3. Банктік аудит есебінің мақсаты.

  4. Банктік аудитті өткізу әдістері

Банктік қадағалау банк жүйесінің қауіпсіздігімен тұрақтылығын қамтамасыз етуі болып бағытталған. Банктік қадағалаудың негізгі мақсаты: біріншіден, барлық мүмкіншілігі бар қауіп – қатерден банк клиенттерін қорғау, екіншіден, дұрыс басқармаушылықтан салымшыларды қорғау, үшіншіден, сақтық қорды қорғау.

Банктік қадағалау есебі:

- банк қызметінде орнатылған тәртіп және заңдарды сақтауды қамтамасыз ету;

- мемлекеттің валюталық – қаржылау және ақшалай несиелік саясаттарын банк қызметінде сәйкес келуін қамтамасыз ету;

- елімізде банк ісінің деңгейін арттыру, толығымен банк жүйесін және жеке банк қызметтерін жетілдіру және нығайтуды қамтамасыз ету;

- экономикада толығымен банк қызметінің ортасын дамыту және енгізу.

Банк қызметін қадағалау келесі формада жүзеге асырылады:

- мемлекетаралық бақылау;

- мемлекеттік бақылау;

- аудиторлық бақылау;

- құрылтайшылық бақылау;

Банктік аудит – банк қызметін бақылау мен экономикалық талдаудың ең бір негізгі бағыты. Банктік аудит негізінде бухгалтерлік есеп ережелері, заң ережелері және салықсалу ережелері бар. Банктік аудит мақсаты болып ұсынылатын есеп толықтылығы мен жеткіліктігін орнату, әрекет етіліп жатқан банктік заңдылықтарға сәйкес келуі, бухгалтерлік есеп және қаржылай есеп талаптарына сәйкес келуі жатады. Банктік аудит сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Аудит әдісін таңдау банк репутациясына, жұмыс көлеміне, тексеріс есебімен мақсатына байланысты.

Әдістері ажыратылады: 1) бақылау тәсілі, 2) аналитикалық тәсіл, 3) операцияны детальды үйрену.

Бақылау сұрақтары:

  1. Банктік қадағалауға анықтама беріңдер.

  2. Банктік қадағалау мақсатын, формасын, есебін атаңдар .

  3. Қандай банктік қадағалау әдістері сіздерге мәлім?

  4. Банктік аудит дегеніміз не?

  5. Банктік аудит мақсатын және есебін атаңдар.

  6. Банктік аудит түрін атаңдар.

Әдебиеттер: 1(с.391-412), 2(с.146-168), 3(с.556-571), 4(с.125-153), 7

ҚОСЫМША 1

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]