Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bank isi umkd.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.53 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

  1. Несиені қамтамыз етуді тексеру ненің көмегімен жүзеге асырылады.

  2. Қамтамасыз етілмеген борыш кімнің есеп шотынан өндіріледі?.

Әдебиет: 1(с.204-214), 2(с.337-362), 3(с.174-198), 4(с.389-409), 7, 16

Тақырып 8. Корпоративтік несиелеу процесін ұйымдастыру

Мақсаты: корпоративтік несиелеу процесін ұйымдастыру негізін білу

Есебі:

  • берілген тақырып терминін және негізгі мәнін білу;

  • корпоративтік несиелеу процесі жөнінде түсініктеме алу;

  • теоретикалық материалды практикада қолдана білу;

Сұрақтар:

  1. Корпоративтік клиенттерді несиелеу

  2. Нақты тұлғаны несиелеу

Банктік несиелеудің негізгі субъектілерін қарастыра отырып, корпоративтік клиенттерге жататын категорияны бөліп көрсетуге болады.

Корпоративтік клиенттер- бұл заңды тұлға.

Банкімен корпоративтік клиенттерді несиелеу ұйымының екі негізгі қызметі бар: макроэкономикалық және микроэкономикалық.

Корпоративтік қарыз алушыларды несиелеудің негізгі ерекшеліктері:

  • жоғарғы көлемі;

  • жоғарғы кірістілік;

  • жоғарғы қауіп - қатер.

Банктік несиені беру процесін бірнеше кезеңге бөлуге болады:

  • несиеге арыз және алдын – ала келіссөздер;

  • қарыз алуға қажетті құжаттар;

  • қарыз алушының несиеқабілеттілігіне баға беру;

  • несиені беру жөнінде шешім қабылдау;

  • несиелік келісім шарт жасасу.

Қарыз алушының комплестік қаржылық жағдайын талдау үшін келесі кезектілік қолданылады:

  • қарыз алушының актив және пассив құрылымын талдау;

  • қарыз алушының ақшалай тасқынын талдау;

  • қарыз алушының қаржылық тұрақтығын талдау

  • қарыз алушының тиімділік қызметін талдау;

Несиелік келісім шарт жасасқан соң ұйым үнемі бақылауда болуы керек.

Заңды тұлғаны несиелеудің ең кең таратылған түрлері: коммерциялықнесиелеу,ақшалай несиелеу, вексельдік несиелеу, факторинг, форфейтинг, лизинг.

Тұтыну несиесінің бірнеше түрлері бар:

  • жаңа үйлерді сатып алуға берілетін несиелер;

  • клиенттердің басқалай қызметін қаржыландыруға берілетін несиелер;

  • несиелік карточка бойынша несие;

Нақты тұлғаға берілетін несиелер келесі сындар бойынша бағаланады:

  • клиент мінездемесі;

  • клиенттің қаржылық мүмкіншілігі;

  • клиенттің салынбаған мүлігінің жеткіліктігі;

  • несиені қамтамасыз ету;

  • несиелеу жағдайы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Корпоративтік клиент дегеніміз не?

  2. Банктің несиелік саясаты дегеніміз не?

  3. Нақты тұлғаларға берілетін несиенің қандай түрлері анықталады?

  4. Тікелей және жанама несие дегеніміз не?

Әдебиеттер: 1(с.184-298), 2(с.240-336), 3(с.77-173), 4(с.309-354),7,17,19

Тақырып 9. Несиелік портфель және несиелік мәселелерді басқару

Мақсаты: банктің несиелік портфелімен танысу

Есебі:

  • Берілген тақырып терминімен негізгі мәнін білу;

  • Теоретикалық материалдарды практикада қолдана білу;

Сұрақтар:

  1. Коммерциялық банктің несиелік портфелі.

  2. Несиелік қауіп – қатер түсінігі және оның минимизациялық тәсілі.

Банк несиелiк қауiп-қатерге барады, яғни қаржылық инструментi бойынша бiр жақ өз мiндеттемесiн орындамаудан, екiншi жағы қаржылық зиян шегуiнен.

Өз компетенциясы шегiнде несиелiк қауiп-қатердi басқару және бақылауды несиелiк комитет жүзеге асырады.

Несиелiк комитетке несиелеу бойынша барлық ұсыныстарды жiбергенге дейiн қарастырылады және қауiп-қатердi басқару Департаментi немесе филиалдың қауiп-қатер – менеджерi қорытындысын алады.

Күнделiктi несиелiк қауiп-қатер мониторингiн бас банкiнiң несиелеу Департаментi өткiзедi.

Әр қарыз алушы бойынша қауiп-қатер, банк және брокердi бекiте, қосымша баланстық және баланстан тыс қауiп-қатердi қамтатын сублимитiмен шектеледi.

Қажеттiлiгi кезiнде банк кепiлдеме, ұйым кепiлгерiн алады. Бұндай қауiп-қатер мерзiмдiлiгiмен жылына бiр рет талданады.

Несиенi беру бойынша мiндеттеме қарыз, кепiлдеме және аккредитив формасында пайдаланылмаған несие бөлiгiн бiлдiредi.

Баланстан тыс қаржылық инструменттерi бойынша несиелiк қауiп-қатер келiсiм шарт жағдайын орындамаған жағына байланысты зиян ықтималдығы ретiнде анықталған.

Қауiп-қатердi басқару жүйесi стратегиялық басқару деңгейiнде жүзеге асырылатын нақты шараларымен ретке келтiрiледi.

Қауiп-қатердiң минимизациясына бағытталған банк қызметiнiң қауiп-қатерiн басқарудың бiрнеше тәсiлдерiн қарастырамыз.

Оларға жатады:

  1. Банк қызметi жөнiнде статистикалық және динамикалық жеткiлiктi ақпараты бар талдаудың жобалық әдiстерi көмегiмен мүмкiншiлiк шығынына алдын-ала баға беру. Осы мақсат үшiн банкте қауiп-қатер деңгейiн талдаумен айналысатын және оларды маркетинг жүйесiнде басқару бойынша шараларды өңдеу бөлiмдерi құрылуы қажет;

  2. қауiп-қатер дәрежесiн көбейту кезiнде пайыздық мөлшерлемесiнiң динамикасы да көбейедi, яғни еркiн инструменттерiмен айналасу бойынша мөлшерлеме шектелген айналым инструментi бойынша мөлшерлемеден төмен; пассивтiк операция және банкаралық нарықтағы операция бойынша мөлшерлеме активтiк операция және клиентурамен несиелiк операциясы бойынша мөлшерлемеден төмен; қысқамерзiмдi операция және қамтамасыз етумен несие бойынша мөлшерлеме, қысқамерзiмдi операция бойынша және қамтамасыз етiлмеген мөлшерлемеге қарағанда төмен;

  3. қолайсыз жағдай кепiлдемесi ретiнде несиенi сақтандыру;

  4. хеджирлеу;

  5. үлкен қауiп-қатер кезiнде қарыз алушы ұсынысынан бас тарту;

  6. қауiп-қатер диверсификациясы, ол әр түрiнде пайда болуы мүмкiн:

а) жалпы несиелеу көлемiн сақтау кезiнде клиенттердiң үлкен санына шағын соммада несие беру;

б) консорциональдық негiзде несие беру, несиенiң үлкен соммасын беру кезiнде, консорциум құра отырып, бiрнеше банктер бiрiгедi;

в) салымшылардың үлкен санынан шағын соммамен бағалы қағаздарды, салымшылар депозитiн жұмылдыру;

г) берiлген несие бойынша жеткiлiктi қамтамасыз етудi алу.

Соңғы талапты жүзеге асырудың маңызды жағдайы болып кепiлдiк құқығы табылады: қарыз алушының төлемқабiлеттiлiгiн дұрыс талдап, бағалай бiлуi; қарызды оперативтi iздестiруде дұрыс бейiмделуi; активтiк және пассивтiк операция бойынша нормативтер жүйесiн қолдану, олар Орталық банкiмен орнатылады және орындау үшiн мiндетте.

Лимиттi орнату. Бұл жiберiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға жатады, яғни банк жетекшесi өз стратегиясына сәйкес қабылдауға әзiр. Бұл лимиттер әдетте банкаралық жағдайында, әдiстемеде және нұсқауда көрсетiледi. Өз кезегiнде стратегиялық жоспар банк қызметiнiң жеке бағыты бойынша оперативтiк жоспар арқылы iске асуы керек.

Бұл құжат банк қызметкерлерi жұмысының әдiстемелiк негiзiн құрайды, олар нақты операцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi лимит пен жалпы бақылау жүйесiн құрайды. Мысалға, егер лимит өте қатты және консервативтi болса, онда банк жетекшiлерi қауiп-қатерi өткен операцияларды жүзеге асыруға талпынады.

Кейде, банкаралық құжаттарда бiрiккен лимиттердiң бар болуы да кездеседi.

Олар банктiң жеке операциялары бойынша қауiп-қатер деңгейiне жатқызуға негiзделген, яғни көрсеткiштерiмен, мысалы банктiк капитал немесе пайда ретiнде (несие бойынша пайыздық мөлшерлеменi анықтау әдiстемесi, қарыз алушының несиелiк рейтiнгiн анықтау).

Банк операциясына лимит жүйесiн өңдеу, оларды төмендетуге әкелетiн қауiп-қатердi басқарудың маңызды әдiсi болып табылады.

Қауiп-қатердi өлшеу және айқындау.

Маңызды процедура болып жеке операциялар үшiн жiберілетiн қауiп-қатер деңгейiн сандық анықтау табылады.

Бұл жердегi маңыздылығы, бар қауiп-қатердiң өлшеумен шектелу емес, жаңа нарықты игерудегi қауiп-қатердi бағалау.

Бұл есебi маркетингтiк зерттеумен тығыз байланысты. Қауiп-қатердi өлшеу жүйесi оның негiзгi үш компонентiн анықтауы қажет: мөлшерi, ықпал ету мерзiмiнiң ұзақтылығы, жағымсыз жағдайдың бар болу ықтималдығы.

Нақты несие бойынша қауiп-қатер деңгейiн бағалай отырып, банк жетекшісi қауiп-қатердi қабылдау компенсациясын алуға талаптануы керек.

Қарыз алушы жоспары – бұл қауiп-қатердi анықтауға жеке тәсiлi.

Несиелiк портфель шегiнде қауiп-қатердi анықтау әдiсi несиелеудiң әр түрлi бағытына рейтингтi беру жолымен жетiлуi керек.

Әдебиеттер: 1(с.183-296), 2(с.269-319), 3(с.149-173), 4(с.399-402), 7, 18

Тақырып 10 Бағалы қағаздармен коммерциялық банк операциялары

Мақсаты: бағалы қағаздармен коммерциялық банк операцияларымен танысу

Есебі:

  • берілген тақырып терминімен негізгі түсінігін білу;

  • бағалықағаздармен банк операциясы жөнінде түсініктеме

  • теоретикалық материалдарды практикада қолдана білу;

Сұрақ:

1.Бағалы қағаз нарығында банк қызметінің түрлері.

2.Банкімен жеке бағалы қағаздарды шығару.

Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитенттердің бағалы қағаздармен сауда-саттық операцияларды жүргізеді. Берілген операциялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық конъюктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер комиссиондық төлем-ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.

Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген құқықты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық (вексельдер, чектер).

Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде коммерциялық банктерде мынадай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент немесе басқарма, орташаларда мен кішілерінде – инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктің инвестициялық саясатын банк есебінен немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомствалардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфеліне сәйкес ақыға сақтап, басқарады.

Банктердің бағалы қағаздармен операциялары қорлық, коммерциялық, эмиссиондық, саудалық, сенімділік, кепілдік, гарантиялық түрде болады.

Бағалы қағаздар қозғалысы – акцияларды сату немесе қарыз беру – бағалы қағаздар нарығын қалыптастырады. Соңғысының негізін құрайтын биржа – бағалы қағаздар айналымын ұйымдастыратын ерекше экономикалық институт. Биржа – бұл екінші деңгейдегі нарық, бұнда бағалы қағаздармен сауда-саттық нәтижесінде халық шаруашылығы ауқымында қаржылық ресурстарды қайта бөлу, бағалы қағаздардың өтімділігінің өсуі жүзеге асады және бағалы қағазды қосымша шағару үшін жағдай жасалады. Бар акционерлік қоғамдардың, компаниялардың, банктердің бағалы қағазды қосымша эмиссиялауы алғашқы нарықты қалыптастырады. Бағалы қағаздар нарығы – бұл қаржылық нарықтың анағұрлым дамыған бөлігі, оған ақша және капитал нарықтары кіреді. Республикамыздың қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздардың бағамдары төмендеуде, сол сияқты бағалы қағаздарға деген қызығушылықта төмендеп тұр. Банктердің үлкен қызығушылығы вексель айналысымен байланысты. Банктік вексель ақша сертификатының барлық қасиеттеріне ие. Оның артықшылығы – ол тауар мен көрсетілген қызметтер үшін төлем құралы ретінде пайдаланылады.

Коммерциялық банктердің комиссиондық операциялар бұл банктердің клиенттерге көрсетілген қолма-қолсыз есеп айырысу операциялары. Осы операцияның орындалуы, ең алдымен, банктік шоттарда шаруашылықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай қаражаттарын шоғырландыру және сақтаумен байланысты. Коммерциялық банктер әр түрлі шоттар ашады: есеп айырысу, ағымдық, дербес, депозиттік, конкоренттік және т.б. Бұндай шоттар жеке және заңды тұлғалар үшін ашылады. Клиенттер тапсырмасы бойынша банк қызметкерлері сәйкес төлем құжаттары негізінде клиент шотына төлем құжатында көрсетілген соманы есептейді немесе шегереді. Қолма-қолсыз есеп айырысу – бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысы, яғни ақшалай қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының шот бойынша (олармен міндеттемелерін төлемдер бойынша орындау тәртібіне сәйкес) жазба түріндегі аударымдары.

Бақылау сұрақтары:

1. Бағалы қағаздар қозғалысы дегеніміз не?

2. Комиссиондық операциялар дегеніміз не?.

3. Бағалы қағаздар операцияларының қатысушылары кімдер?

Әдебиет: 1(365-390), 2(с.478-496), 3(с.261-285), 4(с.436-452), 7,9,23(с.68-71), 36(с.49-73), 46(с.35-38)

Тақырып 11 коммерциялық банктердiң валюталық операциялары

Мақсаты: коммерциялық банктердiң валюталық операцияларымен танысу

Есебі:

  • берiлген тақырыптың негiзгi түсiнiктерiмен танысу

  • банктiң шетел валютадағы операциялары жайында түсiнiк алу

  • валюталық тәуекелдер түрлерiн және оларды реттеу әдiстерiн бiлу

  • теориялық материалды тәжiрибеде қолдана бiлу

Сұрақтар:

  1. Коммерциялық банктердiң валюталық операцияларын реттеу.

  2. Валюталық операциялардың экономикалық негiздемесi.

  3. Валюталық операциялардың түсiнiгi мен классификациясы.

  4. Валюталық тәуекелдер және оларды реттеу әдiстерi.

  5. Қаржылық инструменттер валюталық тәуекелдердi сақтандыру әдiсi ретiнде.

“Валюталық операциялар” түсiнiгiнiң маңызы мен мазмұнын ашып көрсету үшiн аталмыш тақырыптың негiзгi, басты терминдерiне анықтама беру қажет. Ең алдымен, бұл шетел валютасы болып табылады. Шетел валютасы өзiне, айналымдағы және тиiстi мемлекеттегi заңды төлем құралы болып табылатын банкнот, қазынашылық билеттер, металдар түрiндегi ақша белгiлерiн, шет мемлекеттердiң ақша бiрлiктерiндегi және халықаралық немесе есеп-айырысу бiрлiктерiндегi қаржыларды енгiзедi.

Валюталық операциялар түрiнде менншiк құнының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға өтумен байланысты операцияларды оның iшiнде төлем құралы түрiнде шетел валюталары мен шет ет төлем құжаттарын пайдаланумен; халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асырумен байланысты операцияларды түсiну көзделедi.

Валюталық операциялар процесiнде арақатынасы банктiң валюталық позициясын айқындайтын шетел валютасына банктердiң белгiлi бiр талаптарын мен мiндеттемелерi пайда болады.

Қолма қол валюта операциялары, негiзiнен, “спот” жағдайында жүзеге асырылады. Бұл – келiсiм жасалғаннан кейiнгi екiншi жұмыс күнiне жүзеге асырылатын есеп айырсуларға валюталарды тез арада жеткiзу операциясы.

Келiсiм жасаған күнгi бағам бойынша болашақта жеткiзу және есеп-айрысу арқылы валюталарды сатып алу-сату жедел келiсiмдер деп аталады. Әдетте, олар бағамдардың өзгеруiнен сақтандыру үшiн немесе алыпсатарлықпен алынған пайданы болдырмау үшiн қолданылады. Валюталық операциялардың келесi түрлерi “форвард” , “фьючерстiк операциялар” , “опцион”, “своп”, “арбитраж” жедел операцияларға жатады.

Валюталық алып сатарлық (латынша “speculatio” – сырттай қарау, аңдау). Бұл операция валюталық тәуекелдi қабылдаумен байланысты әртүрлi нарықтарда немесе уақыт аралықтарындағы валюта бағамгдарының өзгеруiне пайда алу мақсатымен жүргiзiлетiн операция болып саналады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Коммерциялық банктердiң валюталық операциялары дегенiмiз не?

  2. Валюталық нарықтың түсiнiгi, валюта түрлерi, валюталық курс түрлерi.

  3. Валюталық операциялардың классификациясын атаңыз.

  4. Валюталық тәуекел деген не? Оның түрлерiн атаңыз.

  5. Валюталық тәуекелдердi реттеу әдiстерiн атаңыз.

Әдебиеттер: 1(с.298-344), 2(с.497-583), 3(с.342-418), 4(с.508-535), 7,8,20, 36(с.292-319), 46(с.39-40)

Тақырып 12 Коммерциялық банктiң қаржылық қызметi

Мақсаты: коммерциялық банктердiң негiзгi қаржылық қызметтерiмен танысу

Есебi:

  • Берiлген тақырыптың негiзгi түсiнiктер мен терминдермен танысу;

  • Лизинг, трасталық операциялар, факторинг, форфейтинг туралы түсiнiк алу;

  • Осы операциялардың артықышылақтары мен кемшiлiктерiн және ерекшелiктерiн бiлу;

  • Теориялық материалдарды тәжiрибеде қолдана бiлу;

Сұрақтар:

1.Лизинг: лизингтiң және лизингтiк операциялардың негiзi, элементтерi, түрлерiнiң классификациясы, лизингтiк операциялардың ұйымдастырылуы мен техникасы, лизингтiк келiсiм-шарттың мазмұны мен лизингтiк мәмiлелердiң тәуекелдерi.

2.Траст: негiзi, түрлерi, траст бөлiмдерiн ұйымдастыру.

3.Факторинг: негiзi, принциптерi, факторингтiк операциялардың түрлерi мен типтерi, факторингтiк келiсiмдердiң типтерi.

4.Форфейтинг: негiзi, механизмi, артықшылықтары.

Коммерциялық банктер белгiлi бiр кiрiстер әкелетiн делдалдық (комиссиялық) сыйақылар, алымдар алатын әртүрлi қызметтер көрсетедi. Соңғы жылдары банк қызметiнiң көлемi мен түрлерi өсе түскендiгi байқалады және бұл банктiң алатын пайдасының маңызды көзiне айналуды. Коммерциялық банктердiң қызметi жалгерлiк немесе лизинг (ағылшынша – leasing –жал) операцияларын қаржыландыруда кең даму ала түсуде.

Банктер өнеркәсiп кәсiпорындарына ұзақ мерзiмге машиналарды, көлiк құралдарын, өндiрiстiк мақсаттағы құрылыстарды жалға бередi және олармен лизингтiк келiсiмдер жасайды. Сөйтiп, көрсетiлген құралдарды сатып алуға кәсiпорындарға ссудалар бергеннiң орнына банк меншiк құқығын өзiнде қалдыра отырып, оларды өзi сатып алып және жалға бередi. Осыған орай банк ссудалық пайыз емес, жалгерлiк ақы (лизингтiк төлемдер) алады. Кәсiпорындар үшiн лизинг инвестицияларды қаржыландырудың өзгеше формасы болып саналады.

Әлемдiк тәжiрибеде “лизинг” терминi ұзақ мерзiмге пайдаланылатын тауарларды жалға беруге негiзделген әртүрлi тектегi келiсiмдердi белгiлеу үшiн пайдаланылады. Жалға беру шартында жасалған мерзiмдерге қатысты жалгерлiк операциялардың үш түрiнiң ара жiгi ажыратылады:

  • қысқа мерзiмдiк жалға беру (рейтинг) – бiр күннен бiр жылға дейiн;

  • орта мерзiмдiк жалға беру (хайринг) – бiр жылдан үш жылға дейiн;

  • ұзақ мерзiмдiк жалға беру (лизинг) – үш жылдан 20 жылға дейiн және одан жоғары.

Лизингтiк операциялардың негiзгi элементтерi. Лизингтiк келiсiмдердiң негiзiн мыналар құрайды:

  1. Келiсiм объектiсi;

  2. Келiсiмдер субъектiсi (лизинг шартының тараптары);

  3. Лизинг шартының мерзiмi (лизинг кезеңi));

  4. Лизингтiк төлемдер;

  5. Лизинг бойынша көрсетiлетiн қызметтер.

Лизинг объектiсi. Егер өндiрiстiк циклде жойылып кетпейтiн болса, кез келген материалдық құндылықтар лизингтiк келiсiмнiң объектiсi болуы мүмкiн. Жалға берiлетiн объектiнiң табиғаты бойынша лизинг қозғалатын және қозғалмайтын мүлiк болып ажыратылады.

Лизинг субъектiсi. Келiсiм объектiсiне қатынасы бар тараптар лизингтiк келiсiм субъектiсi болып саналады.

Лизинг мерзiмi. Лизинг мерзiмi ретiнде шартының қолданылатын (әрекет ететiн) мерзiмi түсiндiрiледi.

Лизинг құны. Лизингтiк операциялар жобасында лизинг берушiден есептелетiн лизинг төлемдердiң сомасын анықтау кезеңi неғұрлым күрделi. Кез келген лизингтiк төлемнiң құрамына мынадай негiзгi элементтер кiредi:

  • Амортизация;

  • Келiсiмдi жүзеге асыру үшiн лизинг берушi арқылы тартылатын ресурстарға жасалатын төлем;

  • Көрсетiлетiн қызметтер үшiн (1-3 пайыз) лизинг берушiнiң кiрiсi кiретiн лизингтiк марожа;

  • Лизинг берушi жауап беретiн, мөлшерi әртүрлi тәуекелдер деңгейiне қатысты тәуекел сыйақы.

Қаржылық лизингтiң келесiдей негiзгi белгiлерi болады:

  • Үшiншi тараптың қатысуы (өндiрушiлер немесе келiсiм объектiсiнiң жабдықтаушысы);

  • Жалға алудың негiзгi мерзiмi iшiнде, яғни жалға берушiнiң шығындарын өтеуге қажеттi мерзiмде шартты бұзудың мүмкiн еместiгi. Дегенмен келiсiмде лизинг туралы қосымша ескерiлетiн жағдайлар болады, құны маңызды түрде өседi;

  • Қаржылық лизинг кезiндегi келiсiм объектiлерi, негiзiнен, құнның жоғарылығымен ерекшеленедi.

Траст – сенiм бiлдiрген тұлғалар құқығына клиенттердiң тапсыруы бойынша әрекет ететiн және негiзiнен меншiктi басқарумен байланысты операцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ басқа да қызмет түрлерiн көрсетудi орындайтын коммерциялық банктердiң бөлiмдерi.

Өнеркәсiбi дамыған елдерде қаржы активтерiнiң көбеюiмен коммерциялық банктер сенiм операцияларын ұлғайта түседi. Банктердiң бұл қызмет көрсету түрлерi сенiм хат бойынша жасалатын қатынастармен байланысты болады.

Банктер және тұлғалар, кәсiпорындар мен фирмалар, қайырымдық компаниялары (қорлар) мен өзге де мекемелер үшiн сенiм операцияларын орындайды. Сенiм операцияларын үш түрге бөлуге болады: мұрагерлiк басқару; сенiм хат бойынша қорғаншылыққа байланысты операцияларды орындау; агенттiк қызметтерi.

Факторинг (factoring) ағылшын сөзiнiң factor — комиссионер, агент, делдал түсiнiгiн бередi. Клиенттiң айналым капиталына несие берумен үйлесетiн сауда-делдалдық (комиссиялық) операциялардың бiр түрi болып саналады. Факторинг кез келген өзiнiң формасында тауарлар мен қызметтердi өткiзу процесiнде, яғни клиенттiң дебиторлық берешегiне инкасса қою кезiндегi өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы туындайтын төленбеген есеп айырысу құжаттарымен (шот-фактуралармен) байланысты болады..

Банктiң жабдықтаушыдан тиеп жөнелтiлген есеп-құжаттарын (шот-фактурасын) сатып алуды және жабдықтаушының өнiмдердi сатып алушыдан төлемдердi талап ету құқығын банкке беруi факторингтiк (факторлық) операциялардың негiщiне жатады. Сондықтан да факторингтiк операцияларды сондай-ақ жабдықтаушылардың сатуына несие беру немесе жабдықтаушыға факторингтiк несие беру деп атайды.

Коммерциялық банктер факторлық несиенi дамыта отырып, өзiнiң операцияларын кеңейтуге, пайда көлемiн ұлғайтуға және клиенттермен байланысты күшейтуге қосымша мүмкiндiктер алады.

Факторингтiң екi түрi өмiр сүредi: конвенциялық (ашық) және конфиденциалдық (жабық).

и означает вы­куп торговых задолженностей поставщика товаров (услуг) с приняти­ем на себя обязанностей по их взысканию и риска неплатежа.

Бақылау сұрақтары:

  1. Лизингдегенiмiз не?

  2. Лизингтiң негiзгi элементтерiн атаңыз.

  3. Лизингтiң және лизингтiк операциялардың түрлерiн атаңыз.

  4. Лизингтiк процесске сипаттама берiңiз.

  5. Лизингтiк келiсiм-шарттың мазмұнына не кiредi?

  6. Лизингтiк мәмiлелердiң тәуекелдерiн атаңыз.

  7. Траст дегенiмiз не?

  8. Трасттың түрлерiн атаңыз.

  9. Траст бөлiмдерiнiң қызметтерiн сипаттаңыз.

  10. Факторингке анықтама берiңiз.

  11. Факторингтiк қызмет көрсетудiң принциптерiн атаңыз.

  12. Факторингтiк операциялардың түрлерiн және факторингтiк келiсiмдердiң типтерiн атаңыз.

Әдебиет: 1(с.258-278,384-390), 2(с.455-477, 586-590,632-634), 3(с.228-260), 4(с.456-482), 7, 12,46(с.41-49)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]