Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 Модуль Баешев.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
82.58 Кб
Скачать

Қорытынды

Біз, берілген ғылыми жобада алдыңғы қатарлы жасыл университеттерді қарастырдық. Салыстыру және де анализ жүргізу арқылы концепциялардың таза «жасыл» болашақты қамтамасыз етуде тиімді, тиімсіз жақтарын анықтадық. Әрине қазіргі таңда «жасыл» университеттерде мукулатура мен бөтелкені бөлек жинау, альтернативті тог көздерін пайдалану секілді проблемаларды шешуге арналған концепциялар бар. Дегенмен, жетекші жасыл университеттерде ауаны дезинфекциялау үшін кварцты лампаны қолданысқа енгізбеген. Сол себепті, біз жаңа креативті идеямызды жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Айтылған ойларды бір жүйеге келтіре отырып, өзіміз дайындаған концепцияның жүзеге асатынына сенімдіміз. Біздер концепциямызды іске асыру барысында келесі әрекеттер жасадық: 515 кб-тегі студенттердің сабағы аяқталғаннан кейін, бос аудиторияда кварцты лампамен өз тәжірибемізді өткізу арқылы гипотезамызды дәлелдедік. Кварцты лампадан бөлінген ультрафиолетті сәулелер организмге пайдалы әсерін ететінін, неміс дәрігері Курт Гульдчинский 1918 жылы рахит ауруымен – (сүйектің деформациялануы) ауыратын балаларға ультрафиолетті сәулелердің жағымды әсер етуін байқаған. Осылайша, ультрафиолетті сәулелер организмде D витаминінің түзілуіне себепші болады. Бұл дегеніміз, сүйек қабатын қатайтады. Нәтижесінде, осы дәлелдеулерден кейін, кварцты лампа медицинада кеңінен қолданыла бастады. Біздің ойымызша, кварцты лампаны университет аумағында пайдаланудың маңызы зор.

9