Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 Модуль Баешев.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
82.58 Кб
Скачать

2.1 “Жасыл” университет туралы қалыптасқан негізгі теориялық түсініктер

Қазіргі кезде Дания, АҚШ, Бангладеш, Канада, Жаңа Зеландия, Швейцария секілді елдерде жасыл университеттердің тиімділігін дәледейді.

Жасыл университеттердің негізгі ерекшеленетін өзіндік сапасы болып:

  • Ыңғайлы дизайнмен ерекшеленетін университеттер

Мысалы: университеттің техникалық жарықпен қамтамасыз етілу жөнінен АҚШ - тың Даллас штатында орналасқан Техастық университет ғимараттарды жарықтандыру үшін энергияны тиімді тұтынуды және ғимаратты жарықтандыру, салқындату мақсатында әзірленген техникалық жабдықтар үшін бірнеше рет марапатталды.

  • Қайта қалпына келетін энергия

Даниядағы Копенгаген университеті күн энергиясын қабылдайтын плиталар арқылы өз ғимаратын толық электроэнергиямен қамтамасыз етеді. Одан артылған энергияны жер төлесінде сақтайды.

  • Гидратация станциясы

Кейбір университеттерде негізінен қабырғаға орнатылған диспансерлар бөтелкелердің қайта қолданылуын анағұрлым жеңілдетеді. Негізгі идея көмірқышқылды ластану және қалдықты қаптауды төмендетуге бағытталған. Университеттің аумағында кейбір жағдайларда бөтелкедегі суды сатуға тыйым салынған.

  • Локальды – өсірілген пайдалы тағам

Канададағы Нортерн Британдық Колумбия университеті жергілікті фермалармен келісе отырып, олардан азық – түлікті сатып алу арқылы экологиялық таза тағамдарды тұтыну идеясын қолдады. Мысалы: Жаңа Зеландияның Кентербери университетінің студенттері арнайы универсиеттің территориясы белгіленген арнайы бақшаларда өздерінің өнімдерін өсіру мүмкіндігін иемденді.

  • Қалдықтарды рациональды түрде реттеу

Швейцариядағы университеттер тағам қалдықтарын жақын жердегі фермалық өндірістерге үй жануарлардың тағамы ретінде өткізіледі. Ал сол уақытта Перу де орналасқан университеттің студенттері мукулатураны жинай отырып өндеуші зауыттарға өткізеді пайдаға түскен қаражатты оқушылардың оқу ақысына өтеуге кетеді.

  • Жасыл көлік

АҚШ университеттерінде студенттерге арнайы велосипед беріледі және оны тегін түрде жөндеуден өте алады.

  • Акциялар және де байқаулар

Әрбір жасыл университеттерде студенттер және де ұстаздар арасында өзіннің идеяларымен технологиялардың алға қоятын іс шаралар өткізіледі.

Қазіргі кезде елдерде жасыл экологияны дамыту үшін қажетті қаржы бөлінбейді,бұнын себебі болып жана технологиялар үлтен мөлшерде қаржы талап етеді.Алайда болашақта жасалған жасыл университеттер ресурстарды тұтынуды бірнеше есеге төмендетуге және құрылысқа кететін қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылған мағлұматтарды қорытындылай келе, жасыл университеттер мемлекеттің экономикалық дамуына елеулі әсер етпейді. Бірақ, елдің табиғи байлықтарын қоршаған ортаны жақсарту жолында рациональды түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Университетің қабырғаларында даму жолымен алынған технологияларың тиімділігін көрсетеді.

2.2 КазГюу университетіне «жасыл» университет концепциясын енгізу

Дамыған жасыл университеттердің басты белгілері болып табиғат пен адам қоғамының арасындағы баланстың сақталуына деген қызығушылықтың болуы, сонымен қатар альтернативті энергияны өңдеу, ресурстарды үнемді тұтыну.

КазГЮУ-да ескі қалыптасқан университет модельін қарастыра отырып, келесі негізгі кемшіліктерді айқындап өтсек:

  • Қалалық электр қуаты жүйесіне деген тәуелділік;

Қалалық инфраструктураның даму дәрежесіне қарамастан жоғарғы оқу орындарында электр қуатының сөну жағдайлары болып тұрады.

  • Транспорттық жүйенің рациональды түрде болмауы;

Жол кептелісі мен көліктерден шығатын газдардың экологияға кері әсер етуі;

  • Дұрыс емес тағам;

Студенттердің басым бөлігі фаст-фуд қолданады. Мұндай тағам жас организмге еш пайдасын тигізбейді.

  • Су және энергия ресурстарын артық мөлшерде шектеусіз пайдалану.

  • Жылумен қамтамасыз ету жүйесі.

Қыс мезгілінде жылумен қамтамасыз ету жүйесінде әлі күнге дейін көмір жағу арқылы жылытатын орталық жүйеге қосылған. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді.

КазГЮУ-ға біздер енгізетін концепция: негізі қаланған әдіс, сонымен қатар мұқият анализ жүргізуді және ескі университеттерден жаңа жасыл универсиеттерге көшудің басты себептерін анықтау.

“Жасыл” университетке жетудің нақты он қадамы:

  • Алтерьнативті ток коздерін қолдану;

  • Иррацианалды транспорттық жүйе-жасыл көлік;

  • Ботаникалық бақша

  • Қоқысты бөліп жинау:

1)макулатура 2) бөтелке

  • Асханадан қалған қалдықтарды арнайы мекенге өткізу

  • Университет аланында көгалдандыру жұмысын өткізу

  • Аудиторияны дизинфекциялау

  • Аудиторияларға бөлме гүлдерін орналастыру

  • Акциялар,іс шаралар өткізу

  • Жасыл университет бағытын насихаттайтын ұйым ашу

Жасыл университетке жету жолында нақты бір қадамды, дәлірек айтқанда аудиторияны дизинфекциялауды жүзеге асыруды алдымызға міндет етіп отырмыз.

Қазіргі таңда, әсіресе қыс мезгілінде организмнің вирустық инфекцияларға төтеп беру қасиеті төмен болады. Сол себепті организмнің инфекциялық ауруларды жұқтыру дәрежесі әлдеқайда жоғары. Мысалы: аудиторияда бір ауру студенттің болуы, басқа студенттерге ауруды жедел таратуына себепші болады. Қапырық, әрі оттегі жеткіліксіз, құрамы нашар ауа, студенттердің сабақ барысында информацияны толығымен игеруге кедергі жасайды және ойлау қабілетін нашарлатады. Біз осы проблеманың қаншалықты өзекті екендігін білу мақсатында КазГЮУ студенттерінің арасында әлеуметтік сұрау жүргіздік. Нәтижесінде студенттердің 90% мен қоса тәлімгерлер де аудиториялардағы лас ауаның салдарынан ұйқының келуіне, адамның тез шаршауына, ауаның қапырығына, тазалығына шағымданды. Осы проблеманы шешу мақсатында, біз терезесі жоқ аудиторияларда (әсіресе 5 қабатта) ауаны дезинфекциялайтын, өз кезегінде ауа құрамын азонмен байытатын кварцтау әдісін қолдануды жөн көрдік. Кварцты лампа емдік профилактикалық мақсатта, курортты аймақтарда, балабақшаларда, дәрігердің нұсқауымен үйде де қолданылады. Сол себепті, біз бұл әдісті университет қабырғасында 40 минуттық үзіліс уақытында қолдануды ұсынып отырмыз. Нәтижесінде, жоғарыда айтылып өткен проблемаларды шеше аламыз деген ойдамыз.