Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Modulnaya_kniga_2_kaz.docx
Скачиваний:
47
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
198.42 Кб
Скачать

Құзыреттіліктер:

ҚазГЗУ-дың жалпы құзыреттіліктері:

«Құзыреттілік–студенттің бойында тікелей дамытылатын және оған ғана тиесілі сапа, қабілет, мүмкіндік немесе дағды».

Құзыреттілік жеке тұлға аралық, интеллектуалдық және практикалық дағдылар мен этикалық құндылықтардың білімі және түсінігін бейнелейтін когнитивті және метакогнитивті дағдылардың динамикалық комбинацияларын ұсынады.Олар нақты бір зерттеу саласында спецификалық (мамандықтар үшін) немесе жалпы(барлық білім беру бағдарламалары үшін) болуы мүмкін.

ҚазГЗУ-дың бакалавриат бағдарламасының студенттері үшін жалпы кілттік құзыреттіліктері:

«ҚазГЗУ-дың түлектері үш тілді меңгерген, түрлі дерек көздерін іздеу мен талдауда ықылас білдіретін және кәсіби болашағын болжай алуға қабілетті, сонымен қатар халықаралық контексте әлеуметтік жауапкершілігін есепке ала отырып және азаматтық борышын сезіну арқылы әрекет ете алатын тәуелсіз жеке тұлға болып табылады».

Ж б б ПжТджм құзыреттіліктері

«Ғылыми бағыты» модулін оқыту үрдісінде студенттер білуі тиіс: қазіргі бағдарламаларды қолдану арқылы қолданбалы міндеттерді шешу, мәдениет контекстінде дүниетанымдық мәселелерді шешудегі негізгі философиялық әдістерді, өз ғылыми зерттеу нәтижесін жазбаша және ауызша түрде сауатты жеткізу.

Модуль мазмұнының қысқа сипаттамасы:

«Ғылыми бағыты» модулін оқыту студенттерге: ақпаратпен және білімді басқарумен байланысты құзыреттілікті алуға, деректерді бағалау және классификациялау қабілетін, ақпаратты білімге айналдыруға, оны талдауға, сақтауға, тиімді қолдануға; ақпараттық ортаныың дамуының негізгі принциптерін түсінуге, коммуникацияның жаңа құралдарын және ақпараттық ағындармен жұмысты өздігінше меңгеруге; өзінің жазба жұмыстарын ұсынуға және қорғауға мүмкіндік береді.

Модуль пәндерін оқу нәтижесінде студенттерде келесі қалыптасады:

  • білім беру ортасындағы педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени үрдістердің кешенді теоретикалық және жағдаяттық талдауға қабілеттілік;

  • салыстырудың талдауы мен синтезіне қабілеттілік;

  • нақты теоретикалық тапсырманы шешуде қосымшаға түрлі пәндік аналитикалық құралдарды қоса алу қабілеті;

  • аналитикалық құралдардың портфелінің өзіндігінше толықтыру қабілеті;

  • талдау барысында алынған деректерді визуализациялау дағдысы;

  • алынған деректерді ғылыми интерпретациялау қабілеті;

  • білім беру қоғамдарының қызметінің индикативті көрсеткіштерін анықтау және жасақтай алу, олар негізінде өздік бағалау жүйесін құра алу қабілеті;

  • ауызша және жазбаша ойын логикалық түрде дұрыс, аргументтелген және анық құра алу.

Модуль мақсаты:

«Ғылыми бағыты» модулі студенттердің когнитивті дағды мен білімдерін қалыптастыруға бағытталған, сонымен қатар оларды кең пәнаралық контекст аумағында да, өзінің мамандығында да қолдану, бұлар өз кезегінде студенттерге оқу үрдісін едәуір түрде өзінше және автономды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Модуль бойынша тапсырманың қысқаша сипаттамасы:

Модульдік тапсырма - бұл 4 студенттен біріктірілген топтың философия және этика, академиялық оқу мен жазу бойынша құрастырған дайын ақпараттық өнімі болып табылады.