Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_513818021.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
324.61 Кб
Скачать

3. Мақсатты анықтау пpoцeci

Басқарудың бастапқы пункті — басқаруды калыптастыру мақсатты таңдау болып саналады. Мақсаткерлік — баскару жүйесінің басты касиетінің 6ipi. Басқару мақсаты - басқарма жүйесі тапсырмасының еңбек әрекеті нәтижесінде орындалуы, оған қол жеткізу үшін басқару объектісінің жұмыс icтeyi.

Басқару шешімдерін ойластыруда колда бар ресурстар мен қоғамдык кажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды роль атқарады. Мақсатты айқын тұжырымдаудың психологиялық мәні де бар, өйткені мұның өзi ұжымның өз iciнe ceнімді арттырады, өз жетістіктерін салыстыруға мүмкіндік береді, әpi кей6ip мақсатының орындалуынан қанағат алады. Мақсат неғұрлым биік, мәртебелі болса, эмоция да соғұрлым әсерлі, мұның өзi түптеп келгенде мақсатка тезірек жетуге ықпал етеді. Жануарлар организмдегі барлық рефлекстерді қарастыра келе, И.П. Павлов былай деп жазды: мақсат рефлекс маңызы ерекше зор, өйткені ол әрқайсымыздағы өмірлік энергияның нeгiзгi формасы.

¥йымда әр түрлі мақсат болуы мүмкін, мұның әcipece әр типтегі ұйымдарға қатысы бар. Мәселен, кәсіпорынның міндеттi — белгілі 6ip мөлшерде тауар шығару немесе қызмет көрсету. Басты мақсат, оның орындалуын қамтамасыз ету 6ipнеше мақсатка бөлінеді. Бұлар: өндірісті дамыту жә­не тиімділігін арттыру, оны жан-жақты интенсивтендіру, ғылыми-техникалык пpoгpecтi жеделдету, еңбек өнімділігін арттыру, ресурсты үнемдеу, табысты көбейту, ұжымның әлеуметтің дамуы, әлеуметтік саланың қазіргі материалдық базасын калыптастыру, жоғары еңбек өнімділігі үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау, әлеуметтік әділеттік, адамдарды, коршаған ортаны корғау және жақсарту. Кәсіпорынды басқару, мiнe осындай басты мақсатқа жетуге бағытталуы тиіс.

Мақсатты графикалык, схема («мақсат бәйтерегі») түрінде де бейнелеуге болады, мұнда басты мақсат батана, ал оған жету мүмкіндіктері (мақсат тармақтары) бұтақша түрінде көрсетіледі. Мақсат пен амал ұйымдары өзара байланысты, бұлар қойылған мақсатка жетудің құралы бола отырып, өздері де жүйесінің төмен деңгейіндегі мақсатқа айналады. Мәселен, бірінші деңгейдегі мақсат тармағы мақсат ретінде, ал оған жету­дің мүмкіндік құралы — екінші деңгейдегі мақсат тармағы ре­тінде қарастырылуы мүмкін- «Мақсат бәйтерегі» методологиясын пайдалана отырып, мақсатка жетуге байланысты шараларды жүйелі жүзеге асырудың 6ipereй схемасын жасауға болады.

Мұндайда, басты максат (нөлдік деңгей) — бұл негізгі бата­на, 6ipіншi деңгей — батана тармақтары, осы тармақтардан тарайтын екінші бұтақшалар және ең төменгі деңгейі — бәйте-peктің жапырақтары немесе жемістер. Деңгей саны алуан түрлі болуы мүмкiн. Принцип — кажетті минимуммен шектелуге тырысу.

Мақсат 6ipнeшe сипаттамага ие болады. Біріншіден мақсат нақтылы және өлшемінің болуы тиіс. Өз мақсатын нақты өлшемдерде, формаларда белгілей отырып, басшы келeci шешімге нақты баға жасайды және жұмыс барысын бағалайды.

Тиімді максаттың екінші сипаттамасы болжалдаудың нақты горизонты болып саналады, бұл нәтиже қашан болатындығын айқындайды. Мақсат ұзақ немесе қысқа уақыт аралықтарына белгіленеді. Ұзақ мерзімділігі мақсаттың шамамен бес жылдай, ал технологиясы оның фирмаларда — кейде оданда көп жос­парлау горизонты болады. Қыска мерзімдік мақсат көпшілік жағдайда ұйым жоспарының 6ipeyiн ғана қарастырады. Оны 6ip жылда аяқтау көзделген. Орташа мерзімді мақсаттық жоспарлау горизонты 6ip жылдан бес жылға дейін.

Ұйымның тиімділігін арттыру үшін мақсат айқын болуы тиic. Не ресурстардың жеткіліксіздігінен, не сыртқы факторлардан ұйымның мүмкіншілігіне нұқсан келтіру қолайсыз жағдайдың баянсыз мақсатқа ұшыратуы мүмкін қол жетпеген мақсат жұмыскерлердің ынта-ықыласын кемітеді.

Ұйымдары толып жатқан мақсаттар тиімді болуы үшін 6ipiнe-6ipi ықпал етуi— 6ip мақсатка жетуге кажет әрекет пен шешім, басқа мақсатқа жеткенше бөгет жасамауы тиіс./4/

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]