Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_513818021.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
324.61 Кб
Скачать

4. Жүйені ретке келтipy арқылы басқару.

Функцияны беру стиль әp6ip қызметкерге, өзi басқара алатын нақты іctі тапсыруды көздейді. Бұл қызметкер өзіне бекітілген іске толық жауап береді, ал оның бастығы басқару жауапкершілігін саналы түрде шектейді.

«Міндетті белсш басқару жүйесінде» басшы, мен бағы­ныштылар алдағы міндеттерді бірлесіп қарастырады да, әp6ip адамның міндет аясы белгіленген, нәтижесіне орай жауапкершілігі айқындалады.

«Ерекшелеу тәсілмен басқаруда» басшының міндеті өз қызметкерлерінің мүмкіндігі тиімді пайдалануына қолайлы жағдай туғызу болып саналады. Төменгі лауазымдағы қызметкерлер белгіленген еңбек нормасына және жұмыс нәтижесін бағалау критерийіне сәйкес көмек қажетін хабарлайды, ал көмек қажет бола қалса, қай уақытта екендігін мәлімдейді.

«Жүйені ретке келтіру арқылы басқаруда» белгіленген тәртіпті қатаң басшылыққа алу, жұмыс процестері мен еңбек тәсілдерінің шаруашылық-экономикалық қызметін жеңілдету көзделеді.

Демек, басқару стилиінің жіктелуі алуан түрлі екендігін аңғарамыз, оның үстіне осы жіктеулердің қай-қайсысы болмасын басқарудың сан қырлы стильді толық қамтиды.

Басшы стилін жіктеу нeгiзiнe, әдетте, басшы мен бағынышты аралығындағы қарым-қатынас сипаты алынады. Басшының жеке-дара ерекшеліктеріне, оның саяси, ұйымдық, педагогикалық, моральдық-этикалық, кәсіптік сапалары жатады. Басшылық стиль ерекшеліктері осы аталған компоненттердің (құрылым тармақтарының) қайсысы басым болатындығына байланысты. Практикада көбінесе басқарудың үш стилі кездеседі: либералдық, авторитарлық және демократтық.

Либеральдық стиль — мұндай жұмыс стилінде басшы ерек­ше белсенділік танытпайды, iс-әрекетінде кездейсоқтық басым жуйелілік болмайды. Мұндай типтегі басшылар принципсіз мәселелердің өзінде, өзінен жоғары қызметтегілерге қарайлайды.

Мұндай стилдегі басшы тәртіп бұзушыға қатаң талап қоймайды, карамағындағылардың білімінің төмендегеніне, жұмысты орындауына және еңбек тәртібіне онша мән бермейді.

Мэселелерді немқұрайлы талқылайды, ашық пікірлесуге сын-ескертпелерге бара бермейді. Мұндай басшы кез-келген келіспеушілікті жарамсыз құбылыс ретінде қабылдайды. Ұжымда мұндай басшының беделі онша болмайды, әрі кәсіпорын тиімді жұмыс iстeй алмайды. Соның салдарынан жауапсыздық. берекесіздік, тәртіптің бетімен кетуі орын алады.

Либералдық стиль-басшының бағыныштылардың ic-әрекеттеріне араласпауымен сипатталады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тіпті ұжым кызметінің ең күрделi мәселелерін шешуге де қатыспайды.

Авторитарлық стильдің бірі макиавеллизм деп аталады. Бұл стиль Николо Макиавеллидің құрметіне қойылған. 1532 жылы ол «Принц» кітабында, билеушіге ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ, өйткені «мақсат талдау жасайды» деген идея ұсынды.

Авторитарлық стильде шешімді 6ip адам кабылдайды, ол жарлық, бұйрық, түрінде келеді («менің айтқаным бойын­ша icтe»). Бұйрық талқыланбайды, күштенуге хакың жоқ.

Автократ бағыныштыларының ic-әрекетін өз жауапкершілігіне алады. Тек қажетті мәліметтер жөнінде ғана пікip алысып, өз жоспары туралы әңгіме қозғамайды. Мәліметті тым көп жинайтындықтан жұмыс басты болады.

Автократ басшылар сырттай бұйырып, үнемі жұмысты ойлайтын адам сияқты көрінеді, олардың жүзінде «жұмыс басталып, icкe үлкен жауапкершілік» сезінеді. Д. Браунның сипаттауынша «••• автократ, ескірген жылу жүйеде секілді қоршаған орта климатына, дәл мағынасында эмоционалдык, климатқа көңіл бөлмейді.

Мәжілістің көбінесе бағыныштыларына нұскау беру түрінде еткізеді. Өзінің карамағындағыларды жиі-жиі қатты сынайды. Ол ұжымдары кез келген бейресми топтарды қатаң айыптайды. ''Мұндай стиль, творчестволық. белсенділік туғызбайды. Дегенмен, мұндай стиль өмірінен келеді. Оның өзi басшының жеке басының сапасына, немесе ол басқарып отырған ұжымның құрылымына байланысты. Егер басшы өз icін жетік білмесе, әрі кәсіби билік дәрежесі өзi басқарып отырған адамдардан төмен болса, онда ол авторитарлық стильді пайдалануға мәжбүр болады. Алайда, автократтардың барлығы бірдей біліксіз, білімді емес. Кейде ұжымға кәсіби білімі өте төмен адамдар жинақталады. Мұндай жағдайда тәжірибелі басшылардың өзi де авторитарлық стиль элементтерін қолдануына тура келеді.

Авторитарлық стильдің алуан түрлі формасы болады:

патриархалдық: барлық «жанұя мүшелері» басшыға бағынуы тиic, ал басшы бағыныштыларын әлі жетілмеген деп есептейді;

харизматикалық (харизм—Құдай шапағаты): Лидерді ең көрнекті, дана деп есептейді, ал оның өзі бағыныштыларына еле қатал, аяусыз, әрі оларға қамқорлық жасауды қажет деп санамайды;

автократтық: жеке адамдардан гөpi институтқа (мемлекетке, кәсіпорынға) тән. Басшылықты аппараттағы бағынышты инстанциялар арқылы жүзеге асырып, жанама түрде автократтық, шешімді жүзеге асырады;

бюрократтық, (төрешілік) — бұл туралы төменде толығырақ баяндалады.

Демократтық стильде (Батыста кооперативтік стиль деп аталады) мәселен көпшілік ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрық та осындай талқылаудан кейін беріледі. Проблеманың көпшілік ұжымда шешіліп, сонан кейін бекітіледі (мадақтау және жазалау, қоғамдық өмip мәселелері, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару т. б.). /1/

Жұмыс барысында басшының беделі қалыртасады. Бедел тек лауазымдық жағдайымен ғана емес, сонымен бірге нақты біліммен, еңбекпен және адамдарға ұқыпты қатынаспен, түсінікпен келеді. Бедел (авторитет) – бұл белгілі әлеуметтік роль, онымен қоршағандарының белгілі үміттенулері байланысты. - Басшы беделінің шарттары: - Жаналық пен прогрессивтіктің және оларды өндіріске енгізу ынтасыныңғ болуы. - Жұмыскерлік, дербестік және қайсарлық. - Әділдік және принциптік - Тапсырылған жұмысқа жауапкершілігі - Сыйлау мен адамдарға деген әділдікті және талапты үйлестіру. - Байсалдылық, шыдамдылық, өзін-өзі сынауы. - Мәдениеттілік пен дұрыс басқару стилін меңгеру. - Адамдарға сену, сенім арту. - Беделділік шын болуы мүмкін, сонымен бірге өтірік те болуы мүмкін. Өтірік беделдің қалыптасу жолдары: - Ағайыншылық (тумалық, жерлестік) бедел. Мұндай бедел ұжымда «өзіміздікі» болуға, сенімге енуге ұмтылыс нәтижесінде қалыптасады. Ол (мұндай бедел) ұжымды түгелдей бағындыруға бағытталмайды. - Әкімшілік бедел (коммуналдық бедел) – ол басшының жеке сапалық ерекшеліктеріне негізделген және құр әкімшілік стильді білдіреді. - Сатып алу беделі – басшы өзін жақтайтын, тыңдайтын қызметкерлермен қоршауының нәтижесі. - Қорқыту беделі – сын көзқарастарды, ойларды басу айтылғанды ешқандай ойсыз орындату жағдайын қалыптастыру. - Басшыдан қорғану беделі - өзінің кәсіптік, мамандық деңгейінің нашарлығы байқалып қалатын жағдайлардан қашу, әр уақытта өзінің қимылдарын алдын-ала қорғау, барлығын жоғары басшылыққа аудару. Басшы жұмысының стилі – оның басқару процесінде қолданатын сипаттық әдіс, тәсіл, амалдар жиынтығын білдіреді. Басшы стилі басқару әдістерімен белгілі бір қатынаста және байланыста болады. Басшы стилі – бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі. Бұл ұғымның ең әділ, дұрыс мағынасы мынандай: «Тәсіл мен стильді салыстыруға болады». Нота барлығына бірдей, алайда әрбір орындаушы шығарманы өзінше бейнелейді. Басшының дербес стилі алуан түрлі объективті факторлардың ықпалымен қалыптасады. жеке стиль төмендегідей факторлар ықпалымен қалыптасады: 1. Өндірістік қимыл-қызмет сипаты және өндңрңстегі экономикалық жағдай. 2. Басшымен бағынышты арасындағы өзара қарым-қатынас. 3. Психологиялық қасиеттері 4. Атқару тәртібінің жағдайы 5. Ұжымның демократиялық және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері (жыныс-жас құрамы ұжымның, мамандық және атқарушы, т.б.) Басшы стилі үнемі жетілдіріліп отырылуы тиіс.Стильдің қалыптаспауы – бұл ұзаққа созылатын, күрделі мақсатты процесс. /5/ Демократ басшы ұжымдағы мәселелер туралы, алда тұрған қиындықтар туралы қарамағындағыларға үнемі хабарлап оты-рады, ал өз атына айтылған сын-ескертпелерді дұрыс қабылдайды, бағыныштылармен қарым-қатынас жасауға тырысады, ең соңында, ол ешқашанда бағыныштыларына үстемдігін көрсетпейінше, ол ұжымның басшысы емес, соның 6ip мүшесі ретінде әрекет етеді.

Мұндай басшы жақсы ұйымдастырушы, ұсақ-түйекті елемейді, басты назарын түйінді міндеттерді шешуге шоғырландырады. Өінің қарамағындағыларды туындаған мәселелерді шешуге баулиды, пікірімен санасады. Кейбір міндеттерді дербес шешеді. Шаруашылық қызметшдегі жауапкерліктерді карамағындағыларға ceніп тапсырады.

Демократиялық стильде - бағыныштыларға еркіндік беру арқылы, олардың белсенді түрде араласуы нәтижесінде шешімдер әзірленіп, қабылданады. Жұмысты орындауға қажетті алғышарттар жасалып, оның нәтижесі әділ бағаланады. Адамдармен сыйласымды қатынастар орнатылады

Қарамағындағыларға нақты міндеттер, нұскаулар берел тиістi жерінде мадақтай да, жазалай да бітеді. Жұмыс тәсілін (өзiнiкiн және басқалардың) әдісін бағалайды. Өзiнe-өзi жұмысты құлшына істейді, құрмет пен қошемет күтпейді мұндай жағдай ұжымда белсенділік, творчестволық ахуал, ұйымшылдық, татулық, ауызбіршілік туғызады.

Аталып кеткен стильдерден басқа әркім нені және қалай icтeгici келсе өз бетінше орындайтын анархиялық стиль; белгілі 6ip шараны орындау, атқару кезінде ғана аса белсенділік танытатын, келесі жағдайларға дейін салғыртсу, әрекетсіздік білдірілетін кампаниялық стиль (кампанейский), көбінесе бұйрыққа, қызметтік тәуелділікке негізделіп, дөрекі психологиялық қысым жасалатын, epiктiлiк стиль түрлері бeлгiлi. Сонымен қатар нормативті, яғни көпшілік мойындаған, қоғам қолдайтын жалпы ортақ стильді, нақтылы басқару қызметінің жағдайларына, түрлерге және қызметкерлердің қабілетңне байланысты қалыптасатын жеке стильдері де атауға болады.

Американдық психолог Курт Левин (1890-1947 жж.) дирек­тивті басқарудағы қызметті ең өнімді деп санаған. Демократиялық басқару ең көп тараған және өнімділік пен сапа көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. Басқарудың либералды стилі барлық жағынан нашар болып шықты. Левин мінез-құлықтық бағыттың өкілі болып табылады, ce6e6i оған дейін басқару тиімділігін басқарушының жеке қасиеттерімен емес, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс-тұрыс үлгісімен анықтайтын тұлғалық және жағдайлық теориялар орын алған болатын. Осыған байланысты стильдер автократиялық және демократиялық болып жіктеледі. Авторлар сәйкесінше оларды «барлық күш-жігерін жұмысқа жұмылдырған» және «барлық күш-жігерін адамдарға бағыттаған» деп бөледі.

Барлық күш-жігерін жұмысқа жұмылдырған басшы үнемі мәселенің дұрыс қойылуы мен еңбек өнімділігін арттыру жайлы ойлайды. Ал «барлық күш-жігерін адамдарға бағыттаған» басшы еңбек өнімділігінің өcyiн тек адами қатынастарды жетілдіру жолдары арқылы ғана өз мақсаты етіп кояды.

Бірақ басшы тек жұмысқа ғана өз назарын аударып, қызметкерлеріне мүлдем көңіл бөлмеуге болмайтындығы кейіннен белгілі болды. Ол қандай да бір дәрежеде адами қатынастарды ынталандыруға, карамағындағылардың қажеттігін қанағаттандыруға мәжбүрлі. Авторитарлық бағыттың да, адами қатынастар позициясын ұстанушылардың да жақтаушылары бар. Бұл екі бағыт та тәжірибе жүзінде оң қолдауға ие болды және олар жұмыспен қанағаттанушылық жоғары еңбек өнімділігінің болуымен бағаланады. Алайда, тәжірибе жүзінде бұл көрсеткіштердің өсуін қандай да бір стильмен байланыстыруға болмайды. Жұмыспен қанағаттанушылық пен еңбек өнімділігінің жоғары болуы авто­ритарлық басқарудың нәтижесінде және керісінше, қарама-қарсы нәтижелер демократиялық басқару стилінде де болуы мүмкін.

Нақты өмірде аталмыш басқару стильдерінің ешбірі де таза күйінде көpiнic таппайды. Ешбір басшының мінез-құлқынан (жүріс-тұрысынан) аталған үш стильдің барлығына тән жалпы ерекшеліктерін кездестіруге болады. Әр турлі адамдар мен ұжымдарды басқаруға сәйкес келе беретін әмбебап басқару стилі жок- Көбінесе олар ұштасып, сабақтасып, кандай да бip стильдің басымдықа ие болуымен сипатталады. Дегенмен мемлекеттік баскарудың демократиялық стилінің мақсатқа сай, нәтижелі және перспективалы екендігін тарихи тәжірибе керсетіп отыр. Бұл стиль басқарушылық процестерді тұрақтандыруға және сол аркылы ұтымды әpi тиімді коғамдьқ дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әрине, өмірде аталған стильдердің арасында айқын шекара жоқ.

Басшы үнемі адамдар арасында болады, ал олар оның жұмыс стилі мен тэалщ кейде мақтап, кейде кінәлап отыруы мү­мкін.

3-кестеде басшылары 3 стиль әрекетінің салыстырмалы сипаттамасы келтірілген.

Стиль түрлері

Ерекшелік сипаттамасы

Өктемдік Либералдық

авторитарлық

Демократтык,

1. Мақсатты бағдарлау

міндетке

қарым-

қатынасқа

екеуін де

2. Еңбек қауырттылығының дәрежесі

Жоғары

Жеткіліксіз

қалыпты

3. Инициатива кімнен болады

Көпшілігінде басшыдан

мамандардан

Екеуінен де

4. Шешімді орталықтандыру дәрежесі

жоғары

шамалы

қолайлы

5.

Мәліметті жинауға кететін уақыт

өте көп, бәрін өзі жинағысы келеді.

шамалы, шиеленістіргісі келмейді.

Жоғары

6.

Адамдармен қарым-қатынас формасы

тұйық, байланысы нашар, қарым-қатынасы немқұрайлы *

өте жиі, әңгімелесуге құштар, қарым-қатынас жасауға әзір

қолайлы, ic мүддесіне орай:

7. Жарлық беру Mәнepi

Бұйрық

өтініш

кеңес, ұсыныс

8. Қиын-Қыстау жағдайда өзін ұстауы

тйз әрекет ойластырылма-ған i

шешім қабылдауы ұзак, ертең кел деп шығарып салу

шeшімі ойластырылран, әрекет1 тез

9. Ұжымға жариялауы

Төмен

Жеткіліксіз

Жоғары

10. Басқару тәсілі

әкімшілік

Субъективті тұрғыда

Прагматикалық

] 1. Беделі

ресми немесе лауазымды

жалған

нақты іскерлік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]