Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_513818021.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
324.61 Кб
Скачать

2.3 Басқару стилін жетілдіру қажеттілігі

Зерттеулер көрсеткендей, қазір шет елдерде мемлекеттік қызмет жүйелі және тиімді. Басқару стилі, қызметкерлердің біліктілігі, тәртібі жоғары. “Нұр Отан” партиясы қол­ға алатындықтан, Қазақстан да осын­­дай деңгейге жететін күн алыс емес деп ойлаймын. Қызылорда облы­сын­дағы мемлекеттік қызмет­кер­лердің сапалық деңгейі жылдан-жылға артып келеді. Заң бұзушы­лық­тардың алдын алудың ең басты шарасы – оқыту. Сондықтан да олар­­ды қайта даярлауға, біліктілігін көтеруге ерекше көңіл бөліне бас­тады. Президент Жарлығына сәй­кес мемлекеттік қызметкер әр үш жылда біліктілігін арттыруы тиіс. Ал, мемлекеттік қызметке ал­ғаш қа­былданған және басшы лауа­зым­ға жаңадан тағайындалған аза­мат­тар үш айдың ішінде міндетті түрде қайта даярлықтан өтуі керек. Бұл бағытта біздің басқарма мем­лекет­тік қызметкерлерді және бюд­жеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығымен тығыз байла­ныс­та жұмыс жасайды. Өткен жылы 449 мемлекеттік қыз­меткер оқу­дан өтті. Сонымен бірге, тиісті министрліктер мен ве­домстволарда аумақтық мем­лекеттік органдардың 196 қызмет­кері, Қазақстан Респуб­ли­касы Пре­­зи­денті жанындағы Мем­ле­кет­тік бас­қару академиясын­да жер­гі­лікті мемлекеттік орган­дар­дың 27 қыз­мет­кері, 2 саяси мемле­кеттік қыз­меткер біліктілігін арт­тыру курс­тарында оқуда болды.

Шет елдерде 13 мемлекеттік қыз­­меткер білім алды. Алайда, жер­гі­лікті жерлерде кейбір лауазым иелерінің білім деңгейі қазіргі за­ман талабына сәйкес емес. Оған облыс­­тан, аудан орталықтарынан шал­­ғай елді мекендерде жеке қа­был­­даулар өткізгенде көзім жетті. Бұл бір жа­ғынан халыққа етене жа­қын болуға жол ашса, екінші жағы­нан, облыс орталығына келе ал­май­тын кісі­лер­дің арыз-шағым­дарын тыңдауға мүмкіндік береді. Және бұл шара көп­теген мәселенің бетін ашады. Осы сапарларда кей­бір ауыл, аудан әкімдерінің бүгінгі уақыт талабына сай келмейтінін байқағанда, қынжыласың. Мұндай олқылықтың орнын толтырудың бір­­ден-бір жолы – мемлекеттік қыз­­метке орналасуды конкурстық негізде іріктеу арқылы жүргізу. Өткен жылы оған 1230 адам қаты­сып, бір орынға 6 адамнан келді. Үміт­керлердің 583-і, яғни 47,3 пайы­зы әйелдер болды.

Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік қызмет істері агент­ті­гі­нің Қызылорда облысы бойынша басқармасы базасында ұйымдасты­рыл­ған тестілеу сатысына барлығы 1182 адам қатысып, 890-ы оң нә­ти­жеге ие болып, конкурстық ірік­теудің келесі сатысы – әңгі­ме­лесуге жіберілді. Қорытындысында 179 үміткер бос мемлекеттік әкім­ші­лік лауазымға орналасу құқы­ғы­на ие болды. Менің пайымдауым­ша, кон­курстық жүйе мемлекеттік қыз­­мет­кер­лердің кәсіби деңгейін көтеруге жағдай жасайды. Герма­ния, Фран­ция, Австрия, Швей­ца­рия, Испания секілді елдердің тәжі­рибесі осыған дәлел. Тесті­леу­дің мақсаты – үміт­кер­дің немесе аттестацияланушы­ның білімі мен қабілетін әділ баға­лау. Бұл керек, өйткені, тиісті заң­дардан хабары жоқ адам мемлекеттік қызметті алып жүре алмайды. Білік­тілігі мен білімі төмен қызметкердің лайықты шешім қабылдай алмай­ты­ны тағы белгілі. Оларды дұрыс іріктеу үшін тестілеуді объективті өткіз­ген абзал. Тес­тілеу компью­тер­лік түрде өткі­зі­леді, оған ешкімнің араласуына мүмкіндік жоқ. Қандай да бір күдік туған жағдайда, оның нәтижесімен компьютер арқылы толық танысуға болады.

Тәртіптік кеңестің қа­рауына 2007 жылы түскен 312 арыз-өтініштің, 44-і құ­қық қорғау және мем­ле­кеттік органдардан. Оның отырыстарында 61 қыз­мет­керге байланысты тәр­тіп­тік іс қозғалып, Қазақ­стан Республикасы “Мем­ле­­кет­тік қызмет туралы”, “Сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” заңдарының және Қазақ­стан Рес­публи­ка­сы Мем­лекеттік қызмет­шілерінің Ар-намыс ко­дексі талап­тарының сақ­талу мәселелері бой­ын­ша 10 мем­лекеттік орган бас­шы­сының есебі тыңдалды. 36 қыз­меткерге тәртіптік жаза қол­дануға ұсыныс жасалды. Олардың ішінде ауылдық округ әкімдері, мемле­кет­тік органдардың аумақтық бөлім­шелерінің, жергілік­ті және аудан­дық атқарушы орган­дар­дың, құқық қорғау және өзге де мем­ле­кет­тік құры­лымдардың қыз­мет­кер­лері бар. Атап айтқанда, мем­лекеттік қыз­мет­керлердің Ар-намыс кодексі тұр­ғысынан Қар­мақ­шы ауданы әкімінің орынбасары Қ.Тоғыз­баев­қа сөгіс, облыстық мем­лекеттік сани­тарлық эпидемио­ло­гиялық қадағалау департаменті дирек­торы­ның орын­басары Т.Сер­да­лиевке және Қазалы ауданы әкімі аппа­ратының мемле­кеттік-құқық­тық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ш.Қартабайға қатаң сөгіс берілсе, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық әрекетке жол берген Қармақшы ауданы әкімінің орын­басары Е.Ешекенов пен Арал ауда­ны Жақсықылыш ауыл­дық округі әкімі Ж.Әуесханов қызметтерінен босатылды. Сондай-ақ, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті­нің Қызылорда облысы бойынша басқармасы бас­тығының міндетін атқарушы Ф.Нұр­махова 2007 жыл­дың сәуір айында тиісті құжаттар­сыз іссапарда болған және осы күн­дерге табельге толық жұмыс уа­қы­тын көрсетіп, нәтиже­сінде негіз­сіз 20 539 теңге алған. Со­ны­мен қа­тар, басқарманың 3, 4 сәуір күнде­рін­дегі (жұмыста болмаса да) бар­лық кідіріс-шығыс құжат­тары­на нұс­қама жазған. Осы заң­сыз­дық­тар­ға байланысты комитет төраға­сы­­ның бұйрығымен оған сөгіс берілді.

Басқарма – тәртіптік кеңес заң талаптарының сақталуын қадағалау, оны бұзған қызметкерлерді жауап­кершілікке тарту мәселелерімен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, мемлекеттік қызметкерлердің құ­қықтық сауаттылығын көтеру, сы­байлас жемқорлыққа қарсы кү­рес туралы заңды насихаттау, осын­дай өзекті мәселелерді ортаға салу, пікір­лесу мақсатында өткен жылы сексенге жуық семинар-кеңес, оқулар мен дөңгелек үстел өткізді.

Қорыта айтқанда, “Нұр Отан” ХДП Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы жоғары оқу орнын бітірушілерден топ құрып, жоғары басшылық қызметке жыл­жы­ту үшін тиянақты оқытумен ай­на­лысу керек деген ой білдірді. Осы­ның негізінде елімізде басшы кадрлардың жаңа буыны қалып­тасатыны сөзсіз./14/

ҚОРЫТЫНДЫ

Басқару стилінің типі қалыптаспаған, сондықтан да шетелдік және отандық әдебиеттерде оның өзі түрліше жіктеледі. Бізде стильдің он шақты түрлері кездеседі. Практикада (күнделікті өмірде) басқару стилінің үш түрі жиі кездеседі: авторитарлық немесе автократиялық, демократиялық және либералдық. Авторитарлы стиль басшының ролін асыра пайдаланумен байланысты. Биліктің ортақтандырылуымен (приверженностью к единоначалию) сипатталады. Жетекшіліктің бұл стилінде қоластындағылардың бастамасы мен өз болуын шектейтін асыра талап қоюшылық сипаттас. Жетекшілік түсінік беру әдістері, пайымдаумен емес, күштеу әдістерімен іске асырылады. Өкінішке қарай, қазіргі заманғы жас басшылардың көпшілігі осылай ойлайды және ситльді таңдайды. Бұл стиль үлкен біліктілі қызметкерлер ұжымында төмен нәтиже береді. Либералдық стиль басшының өзіне бағыныштылардың жұмысына араласпауымен сипатталады, орындаушылардың тапсырманы орындамағаны үшін жауапкершілікті талап етпейді, жұмысын бетімен жіберген, өзіне жауапкершілік арқалайды. Кейде бұл стиль бос белбеулік деп аталады. Демократиялық стиль ұжымдағы серіктестік қатынастармен, бағыныштыларды ұжымның негізгі қызмет бағыттары бойыеша шешімдерді талқылауға және дайындауға тартумен, құқықтар мен міндеттерді өзара бөлісумен, қабылданған шешімдерді орындаған кездегі бағыныштылардың дербестігі мен бастамашылдығын дамытумен, өзара бақылауды кеңейтумен сипатталады. Басшының стилімен жұмысты жеңілдетуге болады. Жақсы басшы – жақсы психолог. Огайо және Мичигана университеттерінде (АҚШ) жүргізілген зерттеулер басшылық стилін анықтаудың матрицалық зерттеулер басшылық стилін анықтаудың матрицалық әдісін жасауға әкелді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Ихданов, Мемлекеттік басқару теориясы, Алматы,-2009.

  2. Жакенова Б.Қ. Менджмент негіздері: Оқулық / Жакенова Б.Қ., Тәмпішева Қ.Б., Мақсатова Л.М.– Астана: фолиант, 2007.- 260 бет.

  3. Рахымбаев А.Б. ж.б. Менеджмент: оқу құралы / Рахымбаев А:Б:, Сабатаева Б.О., Белгібаев А.Қ.-Алматы: заң әдебиеті, 2006.-149 бет.

  4. Сатыбалдыұлы С. Маркетинг және менеджмент негіздері: оқулық / С. Сатыбалдыұлы, Б. Байтанбаева. –Астана: фолиант, 2007. – 319 бет.

  5. Менеджмент негіздері / К.Ғ. Ахметов., Е.Н. Сағындықов., Ү.С. Байжомартов т.б.-Ақтөбе: А-Полиграфия, 2005. – 519 бет.

  6. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру// Оспанов., Құқық негіздері.2бас.,-Алматы: Жеті Жарғы,2007.-304 бет;

  7. Қазіргі мемлекеттік басқарудың адам дамуындағы ролі// Адам дамуы,-Алматы,2003;

  8. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030//Мемлекеттік басшысының Қазақстан халқына Жолдауы-қазан,1997;

  9. О местном государственном управлении в РК. Закон РК от 23 января 2001 года, №148//Казахстанская правда-2001.-30 января;

  10. Мемлекеттік басқаруды реформалау// Ақиқат,2008,№ 12;

  11. Реформирование системы государственного управления. Зарубежный опыт и Казахстан.// научное издание.-Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2005;

  12. Н.Ә. Назарбаев, ХХІ ғасыр тоғысында.-Алматы,1996;

  13. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы// http// www.akorda.kz;

  14. ҚР-ның мемлекеттік органдарының сайттары// http// www.government.kz, www.e.gov.kz.

34

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]