Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_8.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
68.61 Кб
Скачать

2. Тілдік кемістік басқа да процестің, ойлау, есте сақтау, зейін, қабылдаудың қалыптасуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Логоритмикалық негізгі құралдары болып жүру, нық жүру, тыныс алу жаттығулары бұлшықет тонусын реттеп отыратын жаттығулар, есептік жаттығулар зейінді белсендіретін жаттығулар, ритмді сезіну табылады . Басқа жұмыстың қалыптасу негізі қозғалысты әуенмен тығыз байланысты болып келеді.

Міндетті түрде тілдің материалды еңгізген жөн. Сөз түрлі жағдайда кездесуі мүмкін - әндерде, әнмен өрнектелетін драмматизацияларда, хороводтарда, берілген тақырыпты сахналауда қозғалыс ойындарындағы жүргізушінің командаларында. Сөзді кіргізу ритмикалық, логоритмикалық, әуенді ритмикалық.

Тапсырмалармен жаттығуларды бірте – бірте күрделендіру жүйесі болып табылады.

Жүру және нық адымдап жүру кіріспе тапсырма болып есептелінеді. Бір шеңбер бойымен қос – қостап, топпен жүруге, түрлі заттарды айналып өтпеуге, қарама – қарсы жүргенде, бір – біріне кедергі келтірмеуге берілген ара қашықтықты сақтауға үйренеді.

Әр сабақтың басы жүрумен басталуы керек. Ол қозғалыстың шынайы түрі болып есептеледі.

Сабақтарда жүрудің келесі түрлерін қолданады, жолмен жекелеп жүру, топпен жүру, топпен дабылдың қағылуы бойынша жүру, топпен залда айналып жүру, қанатты айналып жүру, бірінін артынан бірі және жіптен ұстап жүру.

Тыныс алу және дауыс және артикуляцияны дамытуға арналған жаттығулар коррекциялық курстың басында жүргізіледі. Тілдің кемшіліктің жойылуына байланысты курстың орта кезінде бұл жаттығулар қысқартылады, бірақ толығымен алынып тасталынбайды.

Жаттығудың міңдетті тілдік аппаратын перифериялық бөлімінің әрекетін қалыптасуына көмектесу.

Тыныс алуға арналған жаттығулар дұрыс диафрагмалық тыныс алуға, тыныс шығарып ұзақ тұруға, оны күшейюіне себебін тигізеді.Тыныс алуды дамытуға арналған жаттығуға тыныс шығарғанда айтылатын тілдік материалды еңгізу керек.

Дауыспен жұмыс істеу дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтудан басталады. Жаттығу әуеннің сүйемелдеуімен немесе онсыз да бастала береді. Дауыстылар дауыс жоғарылығының өзгеруі арқылы айтылады. Дикциямен жұмыс тыныс алу және артикуляциялық жаттығудың көмегімен жүргізіледі. Бастапқы кезде ритмикалық әуен арқылы санды немесе дауысты дыбысты үнсіз артикуляциямен, одан кейін сыбырлап және дауысты қатты шығару арқылы айтады. Коррекциялық курстың орта шеніне қарай тыныс алу, дауыс және артикуляциялық жаттығулар қозғалыс ойындарына, драматизацияларға, жай жүруге, есептеу, санау, жаттығуына еңгізіледі. Міндетті түрде дауыс диапазонын дамыту қажет. Жіңішке дауыстарда жоғары және төмен бөліктер көрінеді. Формант жағдайын көтеруде дыбыстаудың күшін жоғарылатады. Жаттығуларды дауысты дыбыстарды айтудан бастаған жөн. Дауыс орташа регистрде, бір тонда естілуі қажет. Дауысты, тыныс алуды, артикуляцияны тәрбиелеу сабақтарына адамдардың түрлі эмоционалдық жағдайларын (қуану, қорқыныш, ашулану ) беретін дыбыстарды жай және әуенмен айту енгізіледі. Одан кейін бұл дыбыстар дыбыс әртүрлі минор немесе мажор түрінде келетін әуенге сәйкес тақпақтарда көрсетіледі.

Бұлшық ет тонусын реттеп отыруға арналған жаттығулар. Бұл жаттығулар жаттығушыларға өз бұлшықеттерін бағындыра алуға, қозғалыстарын реттей алу қабілеттеріне мүмкіндік береді.

Мектеп жасына дейінгі немесе мектеп жасындағы балалар қатты және жай айтылатын әуенмен тұрған бетінде немесе сол музыкалық аспаптың жанына жинала отыру арқылы танысады және жай қозғалыстарды кішкентай туларды қозғау арқылы жасайды. Одан кейін жаттығу күрделене түседі. Бұлар тапсырмаларды жүріп , жүгіріп және секіріп келе жатып қолындағы заттарын орындайды.Мысалы:аспаптың дауысы қатты шыққан жағдайда балалар қиындығы туларын сілтей отырып шеңбер бойымен жүреді, ал аспаптың дауысы жайлағанда тоқтап қолындағы заттарын арттарына жасырады. Түрлі дыбыстарды сонымен қатар адымымен де келтіруге болады. Аспапта қатты ойнағанда балалар толық адымдап жүрсе аспаптың дауысы баяулағанда аяқтарының ұшымен жүреді. Бір дыбыс аяққа бір дыбыс қолға арналады. Бұлшықет тонусын реттей алуға тәрбиелеу жұмысында жалпы дамыту жаттығуларымен коррекциялық жаттығуларды атап айтуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]