Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7_Лаб_работы.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
122.88 Кб
Скачать

II.Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен тақырыптар бойынша тест тапсырмаларын орындау (3 нұсқа)

Топтық жұмыстар: I топқа компьютермен жұмыс, II топқа ауызша жұмыс тапсырылады. Сабақтың екінші жартысында топтардың тапсырмалары ауыстырылады.

Сабақтың тапсырмалары: I Компьютермен жұмыс

  1. »Қыс» тақырыбына бір шумақ өлең жолын жаз, өз қапшығыңа сақта және түсіндір (Қапшық «жұмыс үстелінде» « Информатика» деген атпен құрылсын).

  2. Paint графикалық редакторында жазған өлең жолдарына сурет салып, Word-қа енгіз.

  3. «Информатика» сөзін фигуралық мәтінмен жаз және жұмыс аймағына орналастыр.

  4. Кез клген мәтін алып, оған сантаксистік талдауды сызық түрлерін пайдаланып отырып жаса.

  5. Математикалық символдарды пайдалана отырып квадрат теңдеуді шешу формуласын жаз.

  6. Бір шумақ өлең жаз, мәтіннің орнын ауыстыр және көшірмеле.

  7. Жазған бір шумақ өлең жолдарын пішімдеу панелінің батырмаларын пайдалана отырып бапта.

  8. 5 бағаннан, 6 қатардан тұратын, ендері бірдей кесте құр. Кестенің 2 бағанын және 2 қатарын қос.

  9. 5 бағаннан, 6 қатардан тұратын кестенің соңғы ұяшығын 3 бағанға және 4 қатарға бөл.

  10. Жасаған тапсырмаларыңды «Мәтіндік редактор» атымен сақтап, «Информатика» қапшығына сал.

II.Сұрақ-жауап

Э

2

краннан нөмірленген фигураларды таңдап, берілген сұрақтарға жауап береді.

1 2 .....

  1. Word мәтіндік редакторының терезе құрылысын ата

  2. Орфографияны қалай тексереміз?

  3. Мәтінді жылжыту және көшіру жолдарын ата

  4. Бетті қалай нөмірлейміз

  5. Дайын суреттер кітапханасынан суретті кірістіру жолдарын ата

  6. Мәтін дегеніміз не? Компьютерлік алфавит неше символдан тұрады?

  7. Мәтіндік құжатқа графикалық кескінді қалай кірістіреміз

  8. Мәтіндік құжат дегеніміз не?

  9. Абзац дегеніміз не?

  10. Word мәтіндік редакторында кесте құру әдістері

  11. Мәтіндік процессорды іске қосу әдістері

  12. Ctrl+Home және Ctrl+End батырмаларының қызыметі

  13. Абзацты ерекшелеу әдістері

  14. Құжаттарды баспаға шығару ретін ата

  15. Фигуралық мәтінді кірістіру әрекеттерін ата

V. Үйге тапсырма

VI. Бағалау

Бұл сабақ барысында мынандай бағалау парағын ұсынуды жөн көрдім:

Мұғалімнің бағалау парағы:

Оқушының аты-жөні

Үй тап. Тексеру

Практикалық жұмыс

Қор. баға

1

2

3

4

5

VII. Қорытынды.

Сабақ мақсатына жетті ме? Оқушылар өз алған білімдері мен бағаларына қанағаттанды ма?

5-6 зертханалық жұмыстарды орындағанда 7-8 сыныптардың информатика оқулықтарын (дидактикалық материалдарын) пайдалану керек, яғни дидактикалық материалдардағы тапсырмаларды орындау керек.

Студенттер зертханалық жұмыстарды орындау барысында жаңа педагогикалық технологияларды қолданып сабақ жоспарын құруды үйренеді, сабақтың құрылымымен кезеңдерімен танысады және өз топ ішінде сабақ өткізуге алғашқы дайындық кезеңінен өтеді. Зертханалық жұмыстарда 7-8 сыныптардың информатика оқулықтарындағы тапсырмалар толығымен орындалады және әрбір тараудағы тақырыптарға ерекше көңіл бөлінеді.

4.2 Зертханалық жұмыстар (7 семестр):

Тақырып

Зертханалық жұмыстың мақсаты

Зертханалық жұмыстың нәтижесі

Жұмыстың орындалуының бақылау түрі

Сағат саны

1

Информатиканы оқытудағы тиімді әдістер.

Информатиканы оқытудағы инновациялық әдістерді анықтау.

Информатиканы оқытудағы тиімді әдістерді қолданып сабақ жоспарын құру

Сабақ жоспарларын тексеру.

2

2

Орта мектептің 9- сыныптың тапсырмаларын орындау

Паскаль программалау тіліндегі есептерді шығару

Паскаль программалау тілін оқыту әдістемесін білу

Паскаль программалау тілін оқытуда тиімді әдіс тәсілдерді үйрену

5

3

Орта мектептің 10- сыныптың тапсырмаларын орындау

10-сынып оқулықтармен жұмыс жасау

Екі бағытты салыстырып, талдау жасау

Екі бағыттың айырмашылықтарымен ерекше-ліктерінн анықтау

4

4

Орта мектептің 11-сыныптың тапсырмаларын орындау

11-сынып оқулықтармен жұмыс жасау

Екі бағытты салыстырып, талдау жасау

Екі бағыттың айырмашылықтарымен ерекше-ліктерінн анықтау

4

1 зертханалық жұмысты орындағанда түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті, мәселелік, бөліктеп-іздеу, зерттеу, бағдарламалық оқыту, модельді және жобалар әдістерін қарастырады. Сондай-ақ инновациялық әдістерді қолданып сабақ жоспарын құру керек.

2 зертханалық жұмысты орындағанда 9-сыныптың информатика оқулықтарын (оқу құралы, жаттығулармен есептер жинағы және әдістемелік құрал) пайдалану керек, яғни Сызықтық алгоритмдерді программалау. Тармақталу алгоритмдерді программалау. Циклдік алгоритмдерді программалау. Графиктік режим. Графиктік объектіні программалау. Символдармен жұмыс істеу операторлары. Бір өлшемді массивтермен жұмыс. Екі өлшемді массивтермен жұмыс тақырыптарына есептерді шығару және төмендегі үлгіде тапсыру керек.

1. Үшбұрыштың ауданын есептейтін бағдарлама құрыңыздар: S1=aha

Нәтижесі

3 зертханалық жұмысты орындағанда 10-сыныптың жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарындағы информатика оқулықтарын (оқу құралы, практикум және әдістемелік құрал) пайдалану керек. 10-сыныптың жаратылыстану-математикалық бағытта Visual Basic визуальды бағдарламалау жүйесі, Corel Draw графикалық редакторы, Power Point презентация жасау бағдарламасы, ал қоғамдық-гуманитарлық бағытта MS Word 2000 бағдарламасы, мәтіндерді түзету және тексеру бағдарламалары қарастырылады.

4 зертханалық жұмысты орындағанда 11-сыныптың жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарындағы информатика оқулықтарын (оқу құралы, практикум және әдістемелік құрал) пайдалану керек. 11-сыныптың жаратылыстану-математикалық бағытта Access мәліметтер қоры, қоғамдық-гуманитарлық бағытта Page Maker бағдарламасы, ал екі бағыттарда Front Page бағдарламасымен интернет желісі қарастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]