Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метдика расс отд видов прест.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
197.12 Кб
Скачать

3 Тақырып тонау мен қарақшылық тергеудщ әдістемесі

Мақсаты: Тонау мен қаракшылықтың криминалистік сипаттамасы анықтау.

Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Тонау мен қаракшылықтың криминалистік сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-жайлар

2. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің алғашқы кезендеріне тән жағдайлар

3. Тонау мен қаракшылық шабуылдарды табысты ашу және тергеудің негізгі шарттары

Дәрістің қысқаша мазмұны (тезистер):

Тонау пен карақшылык қоғамға өте қауіпті қылмыстар болып саналады, өйткені олар жәбірленушілерге материалдық зиян келтіріп қана коймай, олардың өмірі мен денсаулығына қастандық әрекет жасаумен байланысты болады. Сондай-ақ, қарақшылық, шабуыл мен тонауды, олардың негізінде баскесерлік шабуылдар, қорқытып алушылык және т.б. қылмыс жасайтын қылмыстық құрылымдар қалыптасатын топтар жиі жасайды.

Тонау мен қарақшылық шабуылдың көпшілігі азаматтардың жеке мүлкін (бөрікті, аз мөлшердегі ақша, киім, тағам жәнет.б. заттарды) тартып алу мақсатында және әдетте арнайы дайындықсыз жасалады. Қылмыскерлер шағын топтар кұрамында немесе жекелеп, негізінен ашық жерлерде (көшелерде, саябақ-тарда, үйлердің аулаларында) кешкі уақытта әрекет жасайды, алайда қарақшылық пен тонау күндіз де жиі жасалады.

Мемлекеттің немесе коммерциялық құрылымдар (ақша қаражатын сақтау орны, ақша айырбастау пункті, кассир, инкассаторлар), мүлкін тартып алуға, сонымен қатар такси, жеке көлік жүргізушілеріне және азаматтардың тұрғын үйіне қарсы бағытталған тонау мен қарақшылық шабуылдар сирек кездеседі, бірақ дәл солар қауіпті болып табылады. Мұндай қылмыстарды негізінен ұйымдасқан топтар жасайды. Әдетте бұған алдын ала мұқият дайындалады: қылмыскерлер объектіні күзету жүйесімен толық танысып шығады, қылмыс құралдарын, жасырыну тәсілдерін мұқият даярлайды, қылмысқа қатысушыларды іздестіреді.

Тонау мен қарақшылық шабуыл тәсілдерінің ішінен мыналарды атауға болады:

1. Ашық жерлерде не ғимараттарда кенеттен, күш көрсетусіз жасалынатын шабуылдар (сумканы, берікті, азаматтардың ақшасын, дүкендерден және т.б. орындардан бұйымдарды қағып алып кету).

2.Ашық жерлерде, сонымен бірге үйлердің аулалары мен подъездерінде күш қолданып немесе күш қолданам деп қорқытып шабуыл жасау.

З.Тұрғын үйлерге бір себептермен немесе күш қолданып кіру арқылы азаматтарға шабуыл жасау.

4.Мемлекеттік және коммерциялык банктердің қызметкерлеріне, кассирге, сатушыларға қарап сауда кәсіпорындарының ғимараттарында, қаржы мекемелерінде, байланыс бөлімшелері мен басқа да мемлекеттік немесе жеке мекемелер мен кәсіпорындарда жасалынатын шабуылдар.

5.Темір жол, су көліктері немесе басқа көліктердің жылжымалы құрылымында азаматтарға қарсы шабуыл жасау.

6.Такси жүргізушілеріне тапқан акшасын не болмаса көлігін және басқа заттарын тартып алу мақсатында шабуыл жасау.

Тонау мен қарақшылык жасайтын адамдар көбінесе жұмыс істемейді, адамгершілікке жат өмір сүреді, үнемі маскүнемдікке салынады, есірткі пайдаланады. Олардың денін бұрын сотталғандар құрайды.

Тонау мен қаракшылык, шабуыл жайлы іс бойынша анык-тауға келесі мән-жайлар жатады:

— тонау немесе қарақшылықтың орын алған-алмағаны;

— тонау немесе қарақшылық жасау тәсілі; егер қарақшылық жасалса, жәбірленушіге қатысты қолданылған күш көрсету неден байқалады;

— қылмыс қашан, қайда және қандай жағдайда жасалынды;

— тонау немесе қарақшылық нәтижесінде не ұрланған, ұрланған зат кімге (мемлекетке, кооперативтік немесе қоғамдық ұйымдарға, жеке тұлғаға, нақты кімге) тиесілі, ұрланған заттың бағасы қанша;

— қылмысты кім жасады; егер оны топ жасаса, топқа кімдер кіреді, әрбір қатысушының рөлі қандай;

— жәбірленуші кім, қарақшылык шабуыл жағдайында жәбірленуші денсаулығына зиян келді ме, оның сипаты мен ауырлық дәрежесі қандай, ұрланған затгы жасыруға көмектесетіндер немесе жасырушылар болды ма, нақты кімдер;

— қылмыс нәтижесінде келген жалпы материалдық зиян қандай, тонау немесе қарақшылық шабуыл жасауға қандай жағдайлар мүмкіндік туғызды.

Тонау мен қарақшылық жайлы қылмыстық іс қозғау үшін жиі себеп болып табылатындар: жәбірленушілердін немесе олардың туыстарының арыздары; мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке ұйымдардың лауазымды тұлғаларының, осы ұйымдарға жататын мүлікті ашық түрде ұрлап кету фактілері туралы немесе мүлікті тартып алу мақсатында олардын қызметкерлеріне шабуыл жасалғандығы туралы хабарлауы; медицина мекемелерінің шабуыл жасау нәтижесінде жәбірленген адамдарға көмек көрсеткені туралы, хабарлауы; көзі керген түлғалардың тонау немесе қарақшылык шабуыл белгілері деп табылатын фактілер туралы арыздары; тергеушінің өзінің немесе аныктау органдарының қылмыс белгілерін табуы.

Әдетте тонау мен қарақшылықты тергеудің алғашқы кезеңінде мына тергеу жағдайлары жиі кездеседі:

1. Тонау немесе қарақшылық жасаған сезікті тұлға қылмыс орнында не болмаса дәл жасалғаннан соң ұсталған.

2. Қылмысты жасаған сезікті тұлға әлі ұсталмаған, бірақ тергеушінің қолында оны іздестіру мен ұстауды ұйымдастыруға мүмкіншілік беретін мәліметтер бар.

3. Қылмыс жасаған тұлға туралы құқық қорғау органдарында ақпарат жоқ немесе жоқтың қасы.

Егер жәбірленушінің оқиға болған жерді қарауға қатысуға шамасы болса, оны сонда шақыру қажет. Қарауға сарапшы-криминалист пен кинолог инспекторды қатыстыру да үлкен пайда әкеледі.

Қарау барысында тергеуші қол, аяккиім, қан іздерін, қылмыскер не жәбірленуші тастаған немесе түсіріп алған заттарды және күрес іздерін табуға тырысуы тиіс. Кейде оқиға болған жерді қарау нәтижесінде қылмыскердің үстінде немесе оның киімінде қандай іздер қалуы мүмкін екендігін аныктауға болады (мысалы, оқиға болған жерден киімнен үзіліп түсіп қалған түйме табылса, ал ол жәбірленушінікі болмай шықса, онда ойша ол түйменің қылмыскердің киімінен түсуі мүмкіндігін болжауға болады).

Тонау немесе қарақшылықты тергеу барысында қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелер жиі кылмыс орнынан қашықтау жерлерден табылып жатады. Сондықтан қарау шекарасын қылмыскердін, кұрбанға жакындауы мүмкін жолдарын және мүмкін бағыттарын ескерту арқылы кеңейткен орынды.

Егер тонау немесе қарақшылық кезінде қылмыскер мен құрбанның арасында күрес болса, жәбірленушінің киімінде не болмаса жеке заттарында микробөлшектер қалуы мүмкін. Олар әдетте жұққан заттармен бірге алынады. Окиға орнынан қылмыскер ұстауы мүмкін нәрсе табылса, иіс үлгісін алу керек.

Қарақшылық және тонау жайлы іс бойынша жәбірленушіден жауап алу оқиға болған жерді қараудан соң дереу жүргізіледі, ал жеке жағдайларда қараудың алдында жүргізілуі мүмкін.

Қарақшылык жайлы іс бойынша, егер жәбірленушіге күш қолданылған болса, тез арада жәбірленушіні куәландыру және онын, киімін қарау жүргізілуі тиіс. Сот-медициналык сараптамасын жүргізу кезінде жоғалып кетуі мүмкін, жәбірленушінің денесіндегі күш көрсету іздерін (көгерген жер, қанды сүйел-дер) сондай-ақ оның киіміндегі закымдалған ластанған іздерін де айқындап, бекітудің дәлелдемелік маңызы зор.

Егер жәбірленушіні куәландыру нәтижесінде күш керсету іздері табылса, лезде сот-медициналық сараптама тағайындалады. Оның барысында денсаулығына келген зиянның сипаты мен деңгейі туралы мәселелер жиі шешіледі.

Қылмыскерді ұстау кезінде батыл, сонымен қатар сақтанып әрекет ету қажет, себебі сезіктілер көбінесе қарулы болады. Ұстағаннан соң, лезде сезіктіні тінту жүргізіледі. Тінтудің максаты — қаруды, жәбірленушіден ұрлап алынған заттарды, сонымен қатар ұсталынған тұлғаға тиесілі емес және басқа тонау және қарақшылык кезінде ұрлануы мүмкін бұйымдарды тауып алу болып табылады. Айта кететін жайт, тонау мен карақшылық шабуыл жасаушы қылмыскерлер жәбірленушіден тартып алған құнды емес және бірден кезге түспейтін жеке белгілері жоқ (тарақ, автоқалам т.с.с.) ұсақ бұйымдарды өзінің жеке басына пайдалану үшін қалдырады. Бірақ жәбірленушілер оларды онша байқала қоймайтын белгілері бойынша таниды. Сондықтан тергеу барысында ұсталған тұлғадан табылған әрбір заттың кімге тиесілігін мұқият тексеру қажет.

Қаракшылық шабуыл туралы іс бойынша ұсталған тұлғаны куәландыру мен киімін ұсталғанның киімін қараудың дәлел-демелік маңызы зор, атап айтқанда, куәландыру мен киімді қарау арқылы күресу іздерін және куәлер немесе жәбірленушілер хабарлаған сезіктінің денесіндегі татуировкалар мен басқа да ерекше белгілерді табуға болады.

Окиғаны көзімен көрген тұлғалардан, куәлардан (егер олар бар болса) жауап алу ізін суытпай жүргізілуі қажет, өйткені оларға қылмыскер, оның достары немесе туыстары жағынан жағымсыз әсер етілуі мүмкін. Егер мұндай әсер жауап алғаннан кейін жасалса, олар мақсатына жете қоймайды. Жауап алу кезінде, әдетте, жәбірленушіден де жауап алу кезіндегі мән-жайлар аныкталады.

Қарастырылып жаткан категориядағы іс бойынша тергеудің келесі кезенінде әр түрлі сараптамалар тағайындалады: сот-медициналык (тірі тұлғалар мен заттай дәлелдемелер), криминалистік (трасологиялық және қарутанушылык), сонымен қатар топырақтану, материалтану және басқа да сараптамалар.

Жауап алу барысында айыпкерге қойылатын сұрактар тергеудің бастапқы кезеңінде жүргізілетін сезіктіден жауап алу барысында анықталған сұрақтарға үқсас болады. Әдетте тонау және қарақшылық жайлы іс бойынша айыпкерлер жалған жауап беретінін естен шығармаған жөн. Сондықтан жауап алу кезінде дәлелдемені ұсыну тәжірибесі кең қолданылады, сонымен қатар айыпкердін еркіне қарамастан оның кінәлігін дәлелдейтін мағлұматтарға, не екендігін анықтауға бағытталған тәсілдер, тергеушінің мағлұматтылығы туралы жауап алынушыда ұлғайтылған түсініктің тууы қолданылады.

Тонау және қарақшылық шабуылдарды тергеудің келесі кезеңінде тануға ұсыну, айғақты оқиға орнында тексеру және басқа да тергеу әрекеттері жүргізіледі.

Қылмыстық оймен азаматтардың тұрғын үйлеріне кіру арқылы жасалған қарақшылықтың аса әдепсіздігі, қатыгездігі және айқын пайдакүнемдік — тойымсыздық бағыты, көп жағдайда, оларды тергеудін белгілі бір күрделілігін туғызып, тергеушіден біркатар шарттарды есепке алуды талап етеді.

Жұртшылықтың қылмысқа қарсы күреске қатысуы құкық қорғау органдарының күшін анағұрлым артгырады, осы міндетті тікелей атқаратын, сонымен қатар еңбекші бұқаранын, мемлекеттік аппарат қызметімен байланысының маңызды түрі болып табылады, оларға құқықтық заңның қолданысын бақылау мүмкіндігін туғызады, занды құрметтеуді және құқық бұзушылыққа жол бермеу сезімдерін тәрбиелейді. Бүл саладағы жүмыста бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио, бас-па) маңызды рәл атқарады, өйткені олардан көмек сұрау тергеуден жасырынып жүрген қылмыскерлер мен ұрланған мүліктерді іздестіруді табысты жүзеге асыруға, азаматтарға қарақшылык шабуыл жасауға мүмкіндік туғызатын мән-жайлар мен жағымсыз істердің себебін жою мақсатында алдын алу жұмыстарын белсенді жүргізуге мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:

1. Тонау мен қаракшылықтың криминалистік сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-жайлар

2. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің алғашқы кезендеріне тән жағдайлар

3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері

4. Келесі тергеу әрекеттері

5. Тонау мен қаракшылық шабуылдарды табысты ашу және тергеудің негізгі шарттары

Тақырыпқа қатысты нормативтік көздер:

1. «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №8 нормативтік қаулысы.

2. «Қорқытып алушылық жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы №6 нормативтік қаулысы.

3. «Көлік қызметкерлерінің көрсетілген көлік қызметі үшін төленген қаражатты өз меншігіне айналдыруымен байланысты әрекеттерін саралау туралы» ҚазКСР Жоғарғы Соты Пленумының 1988 жылғы 23 қыркүйектегі №5 қаулысы.

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)

Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі