Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метдика расс отд видов прест.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
197.12 Кб
Скачать

4 Ұрлықты тергеу әдістемесі

Мақсаты: Ұрлықтың криминологиялық сипаттамасы анықтау.

Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Ұрлықтың криминологиялық сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-жайлар.

2. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі әдеттегі жағдайлар және тергеушінің іс-әрекеттері

3. Бастапқы тергеу әрекеттері тактикасынын ерекшеліктері

4. Кейінгі тергеу әрекеттері

Дәрістің қысқаша мазмұны (тезистер):

Ұрлықтар, немесе біреудің мүлкін жасырын ұрлау (алу), ең кең тараған қылмыстарға жатады. Ұрлықтың жиі жасалатын түрлері азаматтардың пәтерлерден, саяжайлардан гараждарынан ұрлық жасау, жеке заттарды вокзалдар мен поездардан ұрлау, базарларда, дүкендерде, кала көліктерінде, сонымен ақша, аудио- бейнетехника, алтын заттар, киім, автокөлік, мотоцикл, велосипед, сирегірек — ыдыс-аяқ, тағам заттары (сая-жайларды тонағанда) қылмыстық әрекеттің тікелей заты болып табылады.

Соңғы уақытта астық ұрлау кең етек жайып келеді, сонымен қатар дүкендерден, қоймалардан және материалдық құндылықтарды сақтап, өткізетін басқа да орындардан да ұрлық жасалады.

Ұрлық жасау тәсілдері әр түрлі. Оларды мынадай тәртіпте жүйеленеді:

1. Тұрғын жайлардан ұрлық жасау. Олар бұзу, аркылы есікті, терезені т.б.) және бұзусыз (сәйкес құлыпқа сөйкес кілт табу арқылы) жасалады.

2. Тұрғын-жайға кірмей азаматтардың мүлігін ұрлау. Оларға қалта тонау сөмкелерінен зат ұрлау, олардын, ішінде сөмкені, қалтаны кесіп ұрлау; мас адамдарды тонау; чемодандарды, сөмкелерді, басқа да заттарды ұрлау жатады.

3. Сенімге кіру арқылы ұрлық жасау. Олардың ішінде тұрғын-жайға кіріп, яғни жәбірленуші мүлік тұрғын жайға немесе пәтеріне ұрлықшыны кіргізгенде және жайға кірмей (мәселен, жолаушы өзінің мүлігін күзетуді өзіне таныс емес тұлғаға тапсырғанда) жасалған ұрлықты атауға болады.

4. Көлік ұрлығы.

6. Авткөліктен ұрлау.

Бүл жерде жиі кездесетін ұрлык тәсілдері келтірілген. Қылмыскерлер әдеттен тыс тәсілдерді де жиі қолданады.

Ұрлық, қылмысын тергеу барысында анықтауға жататын мән-жайлар ұрлықтың болған-болмағаны; ұрлық жасау уақыты, орны және жағдайлары; ұрлық заты (қылмыскер не ұрлады), оның құны, белгілері; ұрланған зат кімдікі; ұрлық жасау тәсілі; ұрлық субъектісі (кім жасады); ұрлықты қылмыстық топ жасады ма, егер солай болса — топтың әр мүшесінің кінәлік деңгейі, ұрланған затты өткізу орны уақыты және тәсілі, кінәлілердің жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мөн-жайлар; ұрлықтың жасалуына мүмкіншілік берген себептер мен жағдайлар.

Ұрлық қылмысын тергеудің бастапқы кезеңіне үш әдетті тергеу жағдайлары тән:

1) қылмыс жасағанда сезікті тұлға ұсталды;

2) қылмыс жасағанға сезікті тұлға ұсталған жоқ, бірақ ол туралы белгілі мәліметтер бар;

3) қылмыс жасаған тұлға туралы мәліметте құкық қорғау органдарында жоқ.

Аталған жағдайлардың тергеушінің немесе анықтау жүргізетін адамның іс-әрекетінің арнайы бағдарламаса бар.

Тергеу барысында қалыптасатын жағдаяттарға байланысты жоғарыда аталған бастапқы тергеу әрекеттерінің бағдарламалары өзгеріп отырады және ол өзгерістер тергеушінің міндеттеріне, сонымен қатар нақты жағдайда алынған акпаратқа байланысты болады.

Егер оқиға орнының қылмыстық ортасы жайдын, түпкірінде болса, (мәселен, сейф немесе ішінен киім ұрланған шкаф) қарауды центрлес тәсілмен немесе қиыстырылған тәсілмен жүргізген тиімді. Әуелі сейфті немесе шкафты, сосын сыртқы есікті қарап (егер есікте бұзу іздері болмаса да, бөлмеге есікті тандап алын-ған немесе қолдан жасалған кілтпен не жезбезекті кілтпен ашып кіруі мүмкін) қарауды қабырға бойымен жалғастырып, бірте-бірте белме ортасына жақындау керек.

Егер үсталғаң тұлға химиялық кақпан (тор) орнатылған және ол ұрлық кезінде қосылып кеткен объектіден ұрлық жасаса, оны куәландыру барысында ультракөгілдір жарықты қолданған жөн; сезікті қолдары мен киімінің ерекше жарық беруін хаттамада көрсетеді. Химиялық заттын іздері бар киімдері іске тіркеледі. Кейін сот-химиялық сараптаманың көмегімен тиісті химиялық заттардың біркелкілігі анықталады.

Сезіктіден (айыпкерден) жауап алу барысында, егер ол өз кінәсін мойындаса, келесі мән-жайларды анықтау қажет: қылмыстын. мән-жайлары; ұрланған заттар қайда жасырылды; сезікті (айыпкер) қылмысты өзі жасады ма әлде сыбайластарымен бірге жасады ма; ұрланған заттарды ол қашан, кімге және қандай жағдайда өткізді; сатып алушы қандай ақша төледі (теңге ме әлде басқа валюта ма); сезікті ұрланған затгарды еткізу нәтижесінде қандай сомаға ие болды; кім оның айтқанын дәлелдей алады, т.б. Сонымен қатар жауап беруші адам бұрын ұрлық жасаған-жасамағанын анықтау қажет.

Сот-химиялык сараптаманы сезіктінің киімінде, денесінде табылған әр түрлі заттардың құрамының бұзылған кедергі бөлшектері, мататалшықтары, бояу) қылмыс орнынан алынған заттармен сәйкестілігін анықтау үшін тағайындайды. Ұрлық туралы істер бойынша материалтану сараптамалары (микрообъектілерді зертгеу) жүргізіледі. Бұл сараптамалар қалта тонаушы жәбірленушіге тиген жоқпын деп айтканда, яғни қалта тонау қылмысын тергегенде аса тиімді болады. Бұл жағдайда сезіктінің киімінде жәбірленуші киімінің микробөлшектерін табудың дәлелдемелік маңызы зор болады.

Ұрлықты одан кейінгі тергеу кезендерінде жүргізілетін тергеу әрекеттерінің (көзбе-кез беттестіру, таныту үшін көрсету, жауаптарды оқиға орнында тексеру) аса ерекшеліктері жоқ.

Бақылау сұрақтары

1. Ұрлықтың криминологиялық сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-жайлар.

2. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі әдеттегі жағдайлар және тергеушінің іс-әрекеттері

3. Бастапқы тергеу әрекеттері тактикасынын ерекшеліктері

4. Кейінгі тергеу әрекеттері

Тақырыпқа қатысты нормативтік көздер:

1. «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №8 нормативтік қаулысы.

2. «Қорқытып алушылық жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы №6 нормативтік қаулысы.

3. «Көлік қызметкерлерінің көрсетілген көлік қызметі үшін төленген қаражатты өз меншігіне айналдыруымен байланысты әрекеттерін саралау туралы» ҚазКСР Жоғарғы Соты Пленумының 1988 жылғы 23 қыркүйектегі №5 қаулысы

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)

Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі