Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метдика расс отд видов прест.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
197.12 Кб
Скачать

5 Тақырып есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды тергеу

Мақсаты: Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың кримииалистік сипаттамасы, қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері,бастапқы және кейінгі тергеу әрекеттері тактикасының ерекшеліктері

Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1.Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың кримииалистік сипаттамасы

2. Қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері

3. Бастапқы және кейінгі тергеу әрекеттері тактикасының ерекшеліктері

Дәрістің қысқаша мазмұны (тезистер):

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес есіртке заттарының зансыз айналымына байланысты қылмыстарға:

есірткі заттарың немесе психотроптық заттарды дайындау, алу, сақтау, тасымалдау, жолдау немесе еткізу (259-бап);есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды ұрлау немесе болжаушылық (260-бап); есірткі затгарын немесе психотроптық заттарды қолдануға бейімдеу (261- бап);өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-бап);есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды дайындау үшін қолданылатын кұралдардың, құрал-жабдықтардың, заттардың заңсыз айналымы (230-бап);есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды қолдану үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап);есірткі заттарын, психотроптық, күшті әсер етуші немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу (265-бап) жатады.

Есірткілер — бұл оларды қолданғанда ерекше психикалык жағдайды (есірткілік мас болу) туғызатын заттар. Адам ол жағдайда өте тез әдеттенеді және оны үнемі қолдануға душар болады, нәтижесінде ол әдет нашақорлық ауруына және орталық жүйке жүйесінің езгеруіне әкеліп соғуы мүмкін.

Осыған байланысты есірткі заттарын медициналық емес және ғылыми мақсаттарда пайдалануға заңмен тыйым салынған. Ол заттардың тізімі 1961 жылғы Есірткі заттары туралы бірегей Конвенцияға сәйкес Есірткілерді бақылау бойынша тұрақты комитетімен белгіленген. Ол заттар үш тізімге бәлінген:

1) күшті әсер етуші есірткі заттары;

2) улы заттар;

3) есірткі заттары мен психотроптык затгардың зансыз айналымына қарсы күресу.

Жаратылысы бойынша есірткілерді екі топқа бөлуге болады: өсімдік (табиғи) және синтетикалық (жартылай синтетикалык) есірткі заттары.

Біздің елде апиынды мак пен құрамында есірткі бар сора түрлерінен колдан жасалған есірткілер мен апиын тобына жататын медициналық дәрі-дәрмектер кең тараған.

Сорадан қолдан жасалатын есірткі заттарының негізгі түрлері:

Марихуана (катабис) — түрлі сортты сораның кептірілген гүлденген ұшар басы мен жоғары жағындағы жапырақтары.

Гашиш (анаша) — түрлі сортты сораның гүлденген үшар басының аталығын (пыльца) ұнтақтау, себу, суға қайнату, сығу арқылы дайындалған қоспа. Дайындау тәсіліне байланысты ол ұнтақ, таблетка, әр түрлі түйір, қысып нығыздалған (спрессо-ванный) тақта түрінде болады, түсі — сұрғылт-жасыл, қоңыр болады.

Гашишмайы — есірткі әсері бар заттарды алу мақсатымен сора бөліктерін әр түрлі еріткіштермен өңдеп, кейін сол еріткіштерді қайнатып, бумен шығару арқылы дайындалады. Ол қара-қоңыр түсті, сораның иісі бар қою ерітінді түрінде болады.

Мактан қолдан жасалатын есірткілердің негізгі түрлерінің бірі — шикі апиын, ол мактың қауашағынан ағатын қоюланған сүт шырыны, әдетте қара-қоныр түсті болады. Оны қайнату немесе баска тәсілдермен де өндеуге болады (түсі кара-қоңырдан қара-сұрға дейінгі түйірлер, ерітінділер және т.б.). Оларға мак шөбі - мактың қауашақтары мен сабақтары (тұтас, бөлшектенген, престелген); экстрациялык апиын (а) есірткі алкалоидтарын су немесе еріткіш арқылы алып, кейін қайнатып шайырландыру арқылы дайындалады); мак шөбінің суы немес тұнбасы (көкнар) жатады.

Кокаин (көкнар) — «кока» атгы оңтүстік америкалық өсімдігі жапырақтарынан алынатын табиғи алкалоид. Әдетте ол ақ немесе сарғыш түсті таза ұнтақ түрінде, кейде қосынды түрінде, ал кейде ақ, сары және қоңыр түсті жартылай мөлдір қатты гранулалар болып табылатын «крэктың» негізі ретінде кездеседі.

Құрамында есірткі бар медициналық түрінде болады.

Қазақстан Республикасында сонғы уақытта бүрын кездеспеген жаңа есірткі заттары заңсыз айналымда пайда болды.бұл синтетикалык есірткі заттары және препараттарға түрінде кездеседі. Героин заңсыз айналымда глюкоза, қант, крахмал, ұн, тальк, кальций карбонаты сияқты апиын тұнбасы, морфин, кофеин, ноксирок, т.б. жатады. Олар флакон, ампула, ұнтақ, таблетка өсірілетін жаңа есірткілер.

Героин — ацетилендіру арқылы алынатын морфинның туындысы, түсі ақтан қара-қоңыр түске дейін, ұнтақ инертті толықтырғыштар қосындысында, сонымен қатар фармацевтикалық препараттар қосындысында кездеседі. Әсері морфиинен 5-6 есе белсенді, ол аса қауіпті есірткілердін. бірі болып табылады, өйткені адам оған өте тез әдеттенеді. Героинды медициналық мақсатпен колдануға тыйым салынған.

Лизергин кышқылы және оның туындылары — қара бидай күйесінің түтік кеспесінде болады.

Таза күйінде қолданбайды, себебі ол өте күшті галюциногендік әсері бар лизергин қышқылының тобына жататын есірткі заттарының негізгі компоненті ретінде қолданылады. Бұл есірткі түрін өндіруге және адамдарға қатысты қолдануға тыйым салынған әдетте оны қайталанатын суреті бар (жүрек, әріп, ою, аңдар суреті түрінде) перфо қағазға салынады.

Соңғы жылдары заңсыз айналымда амфетаминдер кең етек жайып келеді. Амфетамин тобына химиялық құрылысы бойын-ша амфетаминнің туындысы болып табылатын және орталык нерв жүйесінің стимуляторы болып табылатын синтетикалық заттар жатады. Олардың кейбіреулерінің психотроптық және галюциногендік әсер бар.

Аталган қылмысты жасаудың негізгі турлері:

1. Есірткі заттарын дәрі қоймаларынан, өндіріс кәсіпорындарынан, сондай-ақ аптекалардан, медициналық, ғылыми-зерттеу және т.б. мекемелерден ұрлау.

2. Есірткі заттарын аптекалардан және емдеу мекемелерінен жалған және заңсыз берілген рецепттермен алу.

3. Есірткі заттарды артынан жасап, өндеу мақсатымен макты, сораны егу.

4. Есірткіні жасау мақсатымен мак пен сора өсірілетін немесе олар жабайы өсетін аймақтарға бару.

5. Құрамында есірткі бар дәріден есірткі заттарын жасау.

6. Есірткі контрабандасы.

7. Есірткіні сатып алу, айырбастау, қарызға алу және баска тәсілдермен алу.

Есірткіні алу және еткізудіи ең кең тараған түрі — оны әдетте бір рет қолдану үшін кішкене доза ретінде бөлшектеп сату.

Әдеттегі есірткіні өткізу орындары - адамдар көп жиналатын жерлер: базар, саяжайлар, метро станциялары, қонақ үйлері, түнгі клубтар, сауық орындары, притондар.

Есірткі өткізушіяер топ қурамында жщыс істейді: біреуі есірткі ұсынады, екіншісі сырттан бақылап тұрады, үшіншісінде есріткі заттары сақталады. Кейбір есірткі өткізушілер ездерін қауіпсіздендіру үшін есірткі сатуға балаларды және кәмелетке толмағандарды жүмсайды. Сонымен катар есірткіні тікелей бай-ланыссыз өткізу тәсілі де бар. Ол жағдайда есірткі өткізуші дайын есірткі заттарын әр түрлі жерлерге (тастың астына, дуалдың тесіктеріне, пошта жәшігіне, ағаштың үңгірлеріне, т.б.) тығып кояды. Ақшаны алғаннан кейін, ол сатып алушыға есірткінің жатқан жерін айтады. Есірткі заттарын қолданудың негізгі тәсілдері: оларды тарту, иіскеу (вдыхание), жүту, тамырға, етке, терінің астына инъекция салу, сонымен қатар әр түрлі төсілдерді үйлестіріп қолдану кездеседі.

Есірткі заттарын автокөлікпен тасымалдағанда, оларды жасыру үшін бензобакты, радиаторды, бамперді, көліктің артқы дөңгелектерін, жүк салатын бөлімін және автокөліктің басқа дажерлерін пайдаланады. Соңғы кездері есірткіні түбі екі кабат сөмкелерде жәшіктерде, чемодандарда тасымалдау жиі кездеседі.

Есірткі заттарына байланысты істер бойынша анықтауга жататын мән-жайлар:

есірткіні заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу, ұрлау, себу және өсіру, сонымен қатар оларды пайдалану үшін притон ұстау фактісі орын алған-алмағанын анықтау; сезікті тұлғалардың әрекеттері Казакстан Республикасының Кылмыстық кодексінің кай бабына сәйкес келетінін аныктау;есірткімен байланысты қылмыстың қайда, қашан, қандай жағдайда болғанын;қылмыстың кім жасағанын; ол бұрын осындай әрекеттері үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған-тартылмағанын; жазаны ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлардың бар-жоктығын; қылмысты бір адам немесе топ жасағанын, топтың әр мүшесінің рөлін және қылмысты ұйым-дастырушы кім екенін;қанша есірткі заттары тәркіленді және олар есірткінің қай түріне жататындығын;есірткі қайдан алынғанын;

есірткі заттары қандай тәсілмен дайындалғанын, қандай құрал- жабдықтар қолданғанын;есірткі затгарын дайындау үшін кандай шикізат қолданғанын және ол қайдан алынғанын;қылмыстың мақсаты мен себептерін;есірткіні заңсыз айналымға салу барысында түскен пайданың көлемін;есірткі заттарын заңсыз айналымға салуға кімнің қандайкөмек көрсеткенін; аталған кылмыстың жасалуына мүмкіндік берген себептер мен жағдайларды анықтау.

Тергеудің алгашқы саіпысындагы әдегптегі жагдайлар және тергеушінің іс-әрекеттері.

Есірткімен байланысты қылмыстар бойынша қылмыстық іс қозғаудың себептері — полиция қызметкерлерінің аталған қылмыстың жасалғанын дәлелдейтін фактілерді табуы; азаматгардың ұйымдар мен мекемелердің хаттарымен арыздары; емдеу мекемелерінің мәлімдемелері; басылымдардағы ақпараттар; өз кінәсін мойындап келу. Келіп түскен барлық, ақпарат мұқият тексерілуі тиіс. Тексеру барысында қылмысқа қатысы бар заттар алынады. Осы заттарды тауып, алуға бағытталған әрекеттерді міндетті түрде құжаттау қажет. Нашақорды (есірткі өткізушіні, тасымалдаушыны, жасаушыны) ұстаған полиция қызметкері баянхат жазады және заттарды тексеру туралы

Есірткінін, заңсыз айналымымен байланысты істерді тергеудін бастапқы сатысында әдетте келесі жагдайлар қалыптасады:

1) сезікті тұлға қылмыс үстінде немесе тәркіленген есірткі заттарымен байланысты қылмысты жасағаннан кейін ұсталады;

2) тұлға есірткіні заңсыз айналымға салды деген сезікпен ұсталады, бірақ ол заттар онда табылмайды.

Бірінші жағдайда келесі тергеу әрекеттері, ұйымдастыру және жедел іздестіру шаралары жүргізіледі:

сезіктіні ұстау және жеке тінту;тұлға ұсталған мекенді (жерді); құрамында есірткі бар өсімдік есірілген жерді; есірткі немесе оларды дайындау үшін шикізат сақталған жайларды қарау;құрамында есірткі бар заттарды, құжаттарды қарау; киімдіқарау;ұсталған тұлғаны медициналық құжаттандыру;сот-медициналық, сот-химиялық және т.б. сараптамаларды тағайындау;тұрғын орнын, жұмыс орнын тінту немесе сол жерлерден есірткіні алу;сезіктіні тергеу;куәгерлерді тергеу;қылмыстық байланыстарды, есірткіні сақтау орнын, еткізу жолдарын, т.б. анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізу.

Екінші жағдайда келесі шаралар тән:

есірткіге мастығын немесе ашықканын айқындау үшін сезіктіні медициналық куәландыру;тқрғын жөне жүмыс орнын тінту;сезіктіні тергеу;куәгерлерді тергеу;сезіктінің құжаттарын, заттарын, киімін кару;сот-медициналық, сот-химиялық сараптама тағайындау;есірткі заттарын заңсыз айналымы фактісін, олардың сақталу орнын, қылмысқа катысушыларды, т.б. анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізу.

Тергеудің бастапқы сатысындағы нақты жағдайға байланысты келесі болжамдар ұсынылуы мүмкін:

табылған затты сезікті өзі танымайтын есірткі сатушыдан сатып алған; сезіктіесірткі сатушы түлғаның тұрақты түтынушысы;есірткі тұтынушы есірткі заттарын өзі сатып алған, өсірген шикізаттан жасап алады;есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмысқа қатысты деген сезікпен ұсталған тұлға қылмыстық топ мүшесі;сезіктіден табылған немесе ол қолданған есірткі (әсіресе құрамында есірткі дәрі-дәрмектерді емдеу мекемесінен, дәріханадан, т.б. жерлерден өзі немесе басқа біреу ұрлаған.

Сонымен қатар есірткі дайындау тәсілі, қылмысқа катысушы тұлғалардың, тұрғын орындары, есірткі сактау орны, есірткі өсімдіктерін өсіру жерлері туралы болжамдар ұсынылуы мүмкін жоспарлау барысында әр түрлі қызметтерінің өз ара әрекеттесу мәселелеріне ашу және тергеу кешенді тергеу әрекетгерін жүргізуді, оларды әр түрлі ЖІШ араларымен үйлестіруді талап етеді, себебі бұл қылмыстар республиканың әр түрлі аймақтарында жасырын жасалады.

Окиға орнын қарау есірткінің дәріханалардан, емдеу мекемелерінен, химиялык-фармацевтикалық кәсіпорындардан үрланып тергеуде аса маңызды қарау барысында табылған заттарды (бумалар, шприцтер, ампулалар) ұрланған есірткі түрін анықтау үшін қылмыскердің қолымен қалдырған іздерін айқындау үшін қарайды. Сонымен қатар дабыл жүйесі, оның түрі қалпы және келтірілген зақымдары тексеріледі. Қарау барысында темір есіктердің, терезелерде темір торлардың, есірткі затгарды сақтау үшін қажет сейфтердің, басқа да құрал жабдыктардың бар-жоқтығы тексеріледі. Сондай-ак, өлшеуіш кұралдар мен таразыларды қарайды, Есірткі заттарын сақтау ережелерін тексеру үшін оның сақтау орындарын қарайды. Құрамында есірткі заттары бар дәрілерді қарағанда, олардың зауыттың буып-түйілу жағдайын хаттамада көрсетіп, қажетті жағдайда оларды алу қажет. Оқиға орнын қарау хаттамасында келесі жағдайлар көрсетіледі: дәрілердін, жалпы түрі; олардың олар не үшін қолданады, салмағы, саны; дәрі туралы негізгі деректерді шифр түрінде қамтитын дәрінің сан түріндегі белгілері (пайдалану мерзімі, дайындаушы кәсіпорын, дәріні дайындаған топтын, немірі, дәрінің стандартқа сәйкестігін талдау деректері, т.б. сипаттамалар).

Оқиға орнын қарау барысында сақтау орындарынан есірткі заттарының үлгілері, өлшеп оралған дәрілер, ауруларға сату үшін дайындалған ампулалар, ұнтақтар, таблеткалар алынады. Дайын дәрі-дәрмек үлгілерін зерделеп, есірткі заттарын артылту тәсілдері туралы, дайындау технологиясын өзгерту аркылы олардың жетіспеушілігін жасыру туралы болжауларды тексе-руге болады.

Притондарды қарау барысында хаттамада оқиға орнындағы карау кезінде табылған жағдай, есірткі заттарын пайдалану іздері, аталған жайда накты тұлғалардың болғаны туралы іздер көрсетіледі. Күрамында есірткі бар өсімдіктер егісін қарау ба-рысында хаттамада келесі мөн-жайларды анықтап, сипаттау қажет:

егіс көлемі және өсірілген шөптердің саны;олардың бүркеленуі;себілген және өсірілген мәдени дақылдардың түрі;сезіктінің плантацияда болғандығын дөлелдейтін іздері (қолдарының, аяқтарының іздері, автокеліктің, оттың іздері, үйшіктердің болуы, т.б.);жерге егін еккенде, өндегенде, егін жинағанда, жерді егін егуге дайындағанда қолданған құралдардың іздері (ормандағы ағаштарды, талдарды кесу; жер қопару, тыңайтқыш себу т.б.);учаскенің сезіктінің үйіне қатысты орналасуы, оған бару жолдары.

Маманның кемегімен егістіктің үлгілері алынады. Оларды кейін зерттеу үшін буып-түйеді, ал егістікті жояды, оны оқиға орнын қарау хаттамасында көрсетеді.

Қылмыскерді қылмыс ұстау көп жағдайда қылмыскерді әшкерелейтін есірткі заттарын, кұжаттарды, тағы да басқа объектілерді табуға мүмкіндік береді.

Ұстау әдетте мынадай жағдайда жүзеге асырылады:

1. Тұрғын жайында ұстау есірткі заттарын сақтау, сатып алу-сату, дайындау немесе қолдану кезінде.

2. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер егілген учаскеде ұстау — онда нақты жұмыстар жүргізу барысында (егу, тыңайту, өндеу немесе жинау). Ол тыйым салынған дақылды нақты тұлғалардың кылмысты жасағанына мүмкіндік береді.

3. Көлікте ұстау — есірткіні тасу барысында. Ол үшін тасымалдаушылардың маршрутын алдын ала анықтау кажет және олардың айлаларын білу кажет. Олар есірткіні тасымалдау үшін екі қабат түбі бар чемодандарды, іші қуыс заттарды (іші бос кітаптар, консервілердің ыдысын, термостарды, музыка аспап-тарын, ойыншықтарды, т.б.) пайдалануы мүмкін. Есірткіні әр түрлі азық-түлікте жиі жасырады. Есірткіні авиакөлікпен тасымалдағанда қылмыскерді нақ ұшаққа отыру алдында немесе ұшақтан түсу кезінде немесе қолжүгін алу не тапсыру кезінде ұстайды.

4. Көшеде ұстау — есірткіні сату-сатып алу кезінде, сондай-ақ оны тасымалдау, сақтау немесе өткізу үшін беру кезінде.

5. Кәсіпорында үстау — ұрланған немесе заңсыз алынған есірткіні алып шығу кезінде.

6. Дәріханада немесе емдеу мекемесінде үстау — жалған рецепт бойынша есірткі затын алып жатқан кезде.

Сезіктіні заттармен ұстау алдында оны суретке немесе бейнетаспаға түсіріп алу қажет. Сезіктіні ұстаған орынды егжей-тегжейлі қараған жөн. Хаттамада ұсталған тұлғадан табылып, алынған заттар — есірткі, бумалар, акша, кұжаттар көрсетіледі. Бумамен ұсталғанның, басқа да тұлғалардың қолдарының іздерін және киімдерінің талшықтарын іздеу қажет.

Сезіктіні жеке тінту және киімін қарау. Алдымен сезіктіден, ол лақтырып тастауы мүмкін заттарды, бумаларды, ақшаны немесе ол қорғану үшін пайдалануы мүмкін заттарды алу қажет. Одан кейін оның киімі мұқият тексеріледі.

Жеке тінту барысында дәлелдеме ретінде қолдануға болатын заттар мен құжаттарды, есірткі заттарын олардың бумаларын, қойын дәптерлерін, хаттарды, қонақүй шоттарын, билеттерді, ақшаны, поштамен аударылған акша туралы мәлімдемелерді, жалған рецептерді, шприцтерді, т.б. іздеу қажет. Есірткілер киімде, аяқкиімде, протездің астында, косметика бұйымдарында, фотоапараттарда, шашта, дененің табиғи қуыстарында сақталуы мүмкін. Хаттамада жалпы деректермен қатар есірткі түрі, нақты салмағы, бумасы, нысаны және бумада табылған барлық белгілер керсетіледі.

Сезіктіні куәландыру оның денесінде есірткі заттарының микробелшектерін табуға мүмкіндік береді. Сезіктінің бетіне (мұрнының үстін, ерінінің жан-жағынан), алақанын, саусақтарын, сумен шайып үлгілер алынады және тырнақ астынан үлгілер алынады. Куәландыру барысында денесіндегі уколдың орындары анықталып, белгіленеді.

Тінту. Тінтуді жүзеге асыру үшін маманды (мәселен химикті, криминалисті) тартқан жөн, өйткені ол әр түрлі есірткі заттарының ерекшеліктері мен оларды қолдан жасау тәсілдерін жақсы біледі, маман тергеушіге табылған заттарды реттеуге көмектеседі, оларды дайындау үшін қандай кұралдар заттар қолданғанын айтады. Арнайы даярлықтан өткен иті бар кинологтің қатысуы да жаксы нәтиже береді. Тінту барысында:

— есірткі заттары, олардың бумаларын;

— кұрамында есірткі бар есімдіктердің бөлшектерін;

— есірткінің ізі бар заттарды;

— есірткінің өткізілгенін көрсететін заттарды;

— кылмыс жолымен табылған ақша мен құнды заттарды;

— кінәлі түлғалар, кылмыстык операциялар туралы, кылмысқа қатысушылардың бір-бірімен есеп айырысуы туралы, олардың байланысы туралы ақпарат алуға болатын құжаттарды;

— есірткі заттарын дайындау, сақтау, қолдану үшін қажет кұралдары;

Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің өсу аймақтары көрсетілген географиялық карталарды, автокөлік және темір жолдарының сызбаларды, әр түрлі құжаттарды табуды көздеу қажет.

Нашақорлар есірткіні сол үшін арнайы жабдыкдлған құпия жерлерде жасыратынын ескерген жен. Есірткілердің көбінің ерекше иісі болады, сондықтан оларды полиэтилен, целофан пакеттерінде, тығындалып жабылатын ыдыста немесе катты иісі заттардың касында сакталады, кейде оларды азық-түліктің астында көмеді, үстіне қаймак, май құяды.

Куәгерлерден жауап алу. Оларды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа сезіктіні қылмыс үстінде ұстағанын өз көзімен көрген куәгерлер жатады. Әдетте олардан сезіктіні ұстау мән-жайлары туралы және оның ұстаудың алдындағы, ұстау кезіндегі және ұстаудан кейінгі тәртібі туралы жауап алады.

Екінші топқа аталған тұлғанын, есірткі заттарын дайындауы, өткізуі, алуы немесе ұрлады деген фактісін, сондай-ақ есірткімен байланысты басқа да қылмыстарды жасады деген фактісін растайтын куәгерлер жатады.

Куәгерлердің үшінші тобына — есірткіні тасымалдау фактісі немесе сезіктілер (жолсерік, такси жүргізушілері) пайдаланған басқа да қызметтер туралы жауап беретін тұлғалар жатады.

Куәгерлердің төртінші тобы — сезіктілермен жұмыс істеген тұлғалар, олардың туыстары, көршілері. Әдетте олардан сезіктінің жеке тұлғасы туралы, оның тәртібі, өмір салты туралы, таныстары туралы, кездесулері мен іс-сапарлары туралы жауап алады.

Бесінші топ — нашақор-куәгерлер. Бірінші тергеуде олар әдетте жалған жауап береді. Белгілі бір емдеу курсын еткеннен кейін нашақорлар ез жағдайын сезініп, өкініп, келесі тергеуде шын жауап беріп, есірткі өткізушілерді әшкерелеуі мүмкін. Сондықтан олардан кайтадан жауап алған жөн.

Сезіктілерден (айыпкерлерден) жауап алу. Сезіктілердің (айыпкерлердің) жауаптары іс бойынша айқындауға жататын мән-жайларды анықтау үшін аса маңызы, себебі бұл адамдар қылмыстың мән-жайларын жақсы біледі.

Әдетте ұсталған тұлғалар оларда табылған есірткі жайлы ғана көрсетпе береді, ал баска қылмысқа қатысушыларды, байланыстары мен қылмыстық әрекеттерін жасырады. Қылмыс үстіне ұсталған сезіктілер олардан алынған есірткі деп бас тартуға тырысады (мәселен, белгісіз адамдар, кейін ішінде есірткі табылған заттарын қарап қоюға тастап кетті дейді).

Жауапкершіліктен қүтылып, қылмыстыктоптағы өзінің шын ролін жасыру үшін ұсталған тұлға езін белгісіз біреулер есірткі өткізген нашакор деп көрсетеді. Бүл жағдайда оның денесінен тыртық немесе уколдын іздерін табу үшін оны куөландыру керек немесе нашакорлыкпен ауыратынын не ауырмайтынын анықтау үшін наркологиялық сараптама еткізу кджет. Бір салым мөлшерге бөлшектенген есірткі, оны қабылдайтын құралдардын. болмауы ұсталған адамның нашақор еместігін дәләлдейді.

Ұсталған тұлға есірткіден мас болған жағдайда оның қалыпқа келуін күту керек. Оны хаттамада және наркологтің қайта куәландыру туралы кұжатында көрсетеді.

Егер жауап беруші есірткінің тапшылығынан денсаулығының нашарлауына байланысты жауап бере алмаған жағдайда абстиненттік синдромды жою үшін наркологті шақырған жөн. Содан кейін ғана жауап алуды бастау керек немесе жалғастыру керек. Егер үсталған тұлғадан есірткіден мас болған жағдайда жауап алса, жауап алуды кайталаған жен.

Сараптама тагайындау. Әдетте аталған қылмыстар бойынша сот сараптамаларын тағайындауы: химиялық, ботаникалық, наркологиялық, криминалистік сараптама.

Сот-химшлық сараптаманың объектілері: Қолдан және кәсіпорында өндірілген есірткі заттары, олардың шикізаты, өлшеу құралдарындағы (таразыда, қасықтарда, ыдыста) және қабылдау құралдарындағы (шприцтер, түтіктер), сақтау және буып-түю заттарындағы, киімдегі іздері. Сараптамаға алынған есірткі заттары; есірткі өсімдіктерінің бөлшектері; есірткі затының ізі бар заттар; есірткіні қабылдау кұралдары; сезіктіден алынған киім, шылымдар; оның қолынан алынған шайынды, т.б. жіберіледі. Сараптамаға өсімдікті жібергенде оның барлық бөлшектерінің сакталуын қамтамасыз ету қажет.

Сот-химиялық сараптама келесі мәселелерді шешеді:

— зерттеуге ұсынылған зат есірткі заты немесе күшті әсері бар фармацевтік препарат екендігін жөне кандай зат екендігін айқындау;

— зерттеуге ұсынылған затгың кұрамындағы белсенді есірткі компоненттерінің құрамы қандай;

— сезіктіден алынған зат қандай тәсілмен (қолдан немесе кәсіптік жолмен) дайындалғанын;

— ұсынылған заттарда есірткі немесе әсері күшті заттардың іздерінін бар-жоқтығы, егер бар болса, қандай заттың ізі екендігін айқындау;

— зерттеуге ұсынылған темекі заттарының (сигарет, шылым, оның ішінде тартылған шылым, темекі қоқымы, т.б.) құрамында есірткі заттарының бар болуын анықтау.

Сот-ботаникалық сараптаманың міндеттері:

— сараптамаға ұсынылған тұқымдар апиын, майлы көкнәр немесе сора тұкымы екендігін, егер сондай болса, қандай түрі екендігін айқындау;

— тінту кезінде алынған апиын немесе майлы көкнәр (сора) тұқымдарының егістен алынған үлгілерімен ұксастығын айқындау;

— егістен алынған өсімдіктер үлгілері апиын, майлы кекнәр немесе сора екендігін, егер олай болса, қай түріне жататынын айқындау;

— аталған сораны (апиын немесе майлы көкнәрдің басын) есірткі затын дайындау үшін қолдануға болатын-болмайтындығын айқындау;

— аталған өсімдік қайда өсетіндігін айқындау;

— сараптамаға ұсынылған есімдіктер үлгілерінің көбею дәрежесі қандай екендігін айқындау.

Сот-биологиялық сараптаманы нақты түлғаның есірткіні қабылдайтының анықтау үшін жүргізеді. Ол үшін адамның қанын, шашын жөне әр түрлі ағзаларын зерттейді.

Сарапшы зерттеуге ұсынылған қанда, шашта, зәр мен түкірікте есірткі затының бар-жоқтығын, егер бар болса, қандай зат екендігін аныктайды.

Сот-психиатршлык, сараптаманың міндеттері:

— тексерудегі тұлғанын қылмыстық әрекет жасау дұрыс болғанын анықтау;

— психикасының қылмыс жасағаннан кейін бұзылған-бұзылмағандығын айқындау;

— оған медициналық мәжбүрлеу шараларын және қандай шараларды қолданудың қажеттілігін айқындау;

— есі дұрыстығын және іс жүргізу өрекетке қабілетгілігін жоққа шығармайтын психикалық ауытқушылықтың бар-жоқтығын, ол неден көрінетінін және оған өзін-өзі қорғауын қиындататынын немесе қиындатпайтынын айқындау;

— егер айыпкердің психикасы бұзылған болса, ол оған нақты мән-жайларды дұрыс қабылдауға кедергі жасамайтынын немесе жасайтынын және ол туралы дқрыс жауап бере алатынын немесе бере алмайтынын анықтау.

Бұл сараптаманың алдында оның қажеттілігі айқындалатын сот-наркологиялық сараптама жүргізіледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың кримииалистік сипаттамасы

2. Қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері

3. Бастапқы және кейінгі тергеу әрекеттері тактикасының ерекшеліктері

Тақырыпқа қатысты нормативтік көздер:

1. «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» ҚР-ның 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңы.

2. «Есірткі, психотроптық және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы №3 нормативтік қаулысы

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)

Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі