Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖАНДОС.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
24.45 Кб
Скачать

3. Бастапқы тергеу әрекеттері тактикасынын ерекшеліктері

Ұрлық туралы істер бойынша оқиға орнын қарау барысында келесі мән-жайларды анықтау қажет: зат ұрланған объект не болып табылады, оған баратын жолдар мен оны қоршайтын орта қандай; қылмыскер ұрлық орнына қай жақтан келді және қай бағытта жоғалып кетті (қылмыскердің келу және кету жолдары зерттеледі); қылмыскер материалды құндылықтар жаткан жерге қалай барды (қандай тәсілдерді, қандай техникалық құралдарды пайдаланды); қылмыскер қандай әрекеттерді және қай жүйеде жасады: ұрлык жасауға неше адам қатысты; ұрлық орнында қандай қылмыстық істер калды және қылмыскердің үстінде (денесінде, киімінде, құралдарында, ұрланған заттарда) окиға орнының қандай іздері қалуы мүмкін; іздерде және басқа да материалды объектілерде, олар бойынша қылмыскердің жасын, кәсіби дағдыларын, оның түр-әлпетін, ұрлық жасау тәсілдерінің деңгейін анықтауға болатын белгілердің бар-жоқтығы; ұрлықты жасағансығанын көрсететін белгілердің бар-жоқтығы,т.б.

Осы мән-жайларды анықтау үшін ұрлық жасалған жайды ғана емес, онымен шектес бөлмелерді де карау керек болады. Оқиға орнына қосылып жатқан аймақтарды мәселен, дүкен, қойма, мекемеде қарау тиімді болады, өйткені ол жерде қылмыскерлер заттарды жоғалтып алуы, тастап кетуі немесе тығып кетуі мүмкін.

Қылмыскерлер ұрлық, жасауды кездеген орынды бақылаған жерлерді де зерделеген маңызды, өйткені ол жерде бақылауға кедергі болған сондықтан алынған немесе сындырылған терезе әйнектерін олардағы қол іздерін, аяқкиім іздерін, темекі тұкымдарын табуға болады.

Оқиға орнының жағдайына қарап, тергеуші қараудын. ең тиімді тәсілін тандайды. Егер қылмыскер жайға кедергісіз бұзу арқылы кірсе, қарауды бұзу орнын және оған жақын жатқан орындарды, бірте-бірте оқиға орнының ортасына жылжи отырып, зерттеуден бастау керек, яғни қараудың концентрикалық тәсілін қолдану керек.

Егер оқиға орнының қылмыстық ортасы жайдын, түпкірінде болса, (мәселен, сейф немесе ішінен киім ұрланған шкаф) қарауды центрлес тәсілмен немесе қиыстырылған тәсілмен жүргізген тиімді. Әуелі сейфті немесе шкафты, сосын сыртқы есікті қарап (егер есікте бұзу іздері болмаса да, бөлмеге есікті тандап алын-ған немесе қолдан жасалған кілтпен не жезбезекті кілтпен ашып кіруі мүмкін) қарауды қабырға бойымен жалғастырып, бірте-бірте белме ортасына жақындау керек.

Қылмыс іздерін объектіге кіретін жерлерде (мәселен, домкратпен сығып ашылған есікте, сындырылған терезеде) және ұрланған заттар сақталған жердін бетінде іздеген жөн. Есік-терезелерде, оларға тиіп түрған жерлерде қолдың, аяккиімнің іздері, киім талшыктары, бүзу құралының іздері, еденде — темекі тұқылдары, қан тамшылары (егер қылмыскер жарақат алса), топырақ, түкірік жөне адам денесін шығатын баска да сұйықтықтары табылуы мүмкін. Қылмыскер ұстады деп ойлаған заттардан иіс іздерін алуға болады.

Оқиға орнында бұзу кұралы табылған жағдайда оны мұқият қарап, онда қылмыскер қолдарының іздерін, иесінің аты-жөнін, табуға болады, оның мамандығын, кұжаттарын аныктауға болады (мәселен сигнализацияны ағыту үшін қолданған тістеуіктің саптары пластмассамен немесе резеңкемен оралған болса, оның иесі электрик немесе телевизор жөндеуші болуы мүмкін).

Дүкендерде, қоймаларда, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында оқиға орнын қарағанда, ұрлықты жасаған белгілеріне назар аудару керек. Оларға келесілер жатады: құлыптың басқа жерде бұзылғанын; кедергі жайдың ішінде бұзылғанын және ұрылар жайдың ерекшеліктерімен таныс екенін құндылықтар сақталатын орындарды білетінін дәлелдейтін іздердін, болуы; жайдағы кедергілер мен заттардың қажетсіз закымдануы; мән-жайларға сәйкес келмейтін бөлменің шашылуы, жасырын жерде жатқан аса құнды заттардын жоғалуы, ұрланған заттардың опырылған жердің келеміне сәйкес келмеуі, т.с.с.

¥рлық туралы істер бойынша жәбірленушілер мен материалды жауапкершілігі бар тұлғалардан жауап алғанда келесі мән-жайлар анықталады: ұн ұрланды, ұрланған заггың саны, жеке заттардың белгілері; ұрланған зат қайда болғаны; ақша ұрланса, қандай купюралар; қашан және кімнен ұрлық туралы білді; аталған объект күзетілді ме, күзету тәртібі қандай; объект (дүкен, пәтер) сигнализациямен жабдықталған-жабдықталмағаны, оның дұрыс істеу-істемеуі объектінің есік терезелері қандай құлыптармен жабылғаны; кімді ұрлық жасады деп ойлауға болады; жедел тергеу тобы келгенше окиға орнының жағдайы өзгерген-өзермегені, өзгерілсе қандай мақсатпен, не өзгерілуі, т.б.

Жауап алғанда жауаптарда барынша нақтылауға тырысу керек. Әсіресе ұрланған мүліктің белгілері мен ерекшеліктері толық сипатталуы керек. Ұрланған затты егжей-тегжейлі сипаттаумен қатар, жауап беруші заттың құжатын (паспортын, кепілдік талонын) немесе бөлшектерін (түймесін, матасын) көрсете алатынын анықтау кажет.

Егер ұрлық сенімге кіру арқылы жасала, ұрланған зат, қылмыскер оның түр-әлпеті, сөзінің, киімінің тәртібінің ерекшеліктері туралы мәліметтерді, өзі туралы не айтқанын айқындау керек.

Қылмысты өз көзімен көрген куәгерлерден жауап алғанда келесі мәліметтер анықталады: сезікті түр-әлпетінің белгілері, ұрлық жасау уақыты мен тәсілі; оқиға орнында қалдырған қылмыскерлердің іздері мен затгары; ұрланған заттар мен олардын, жеке ерекшеліктері; қылмыскерлер қашып кеткен бағыт, олар мінген көлік, т.б.

Қылмыскерді ұстау барысында оның әрекеттерін мұқият бақылау қажет, өйткені ұрылар өздерін әшкерелейтін заттар мен құндылықтарды лақтырып тастауға немесе сыбайластарына беруге тырысады. Қалта тонаушыларды ұстаудың бір ерекшелігі бар: полиция қызметкерлері оларды кезекші бөлімге жүдырықтарын аштырмай алып келеді; оны ұстау хаттамасында міндетті түрде көрсету керек.

Жеке тінту барысында жасалған қылмыс сипатымен немесе ұқсас қылмыс сипатымен байланысты заттарға назар аудару кажет. Атап айтқанда, ұрлық үшін ұсталған адамда бірнеше аммияк, бір топ кілт немесе жезбезекті кілт, ұстаралар, ұсталғанға тиесілі емес құжаттар табылуы мүмкін. Ұрлық туралы іс бойынша жайларды тінту мақсаты: ұрланған заттарды бұзу үшін қолданылған құралдарды; сезікті мен оньң отбасы мүшелеріне сәйкес келмейтін киімді, т.б. табу.

Тұрғын жайлардан басқа, көмекші жайлар да — қора, үйдің төбесі, гараж тінтілуі тиіс. Онда кейбір кезде құнды емес бірак тергеу үшін маңызы бар заттарды табуға болады. Атап айтқанда, дүкен, қойма, базалардан жасалған ұрлык туралы істер бойынша көмекші жайларда этикетка, тауаар кғазын, тауар орайтын қағазды табуға болады.

Табылған құпия орындарды суретке түсіріп, хаттамада оны керсетіп, тінтілген белменің сызба жоспарында көрсету керек.

Сезіктіні куәландыру және оның киімін қараудың дәлелдемелік маңызы зор. Егер ұрлық қабырғаны немесе бөліменің төбесін бұзып жасалса, ұсталған адамның киімінде, аяккиімінде, бас киімінде немесе шашында бұзылғаң кедергі заттардың ак балшықтың, кірпіштің, т.б, бөлшектерін табуға болады.

Ол сезіктінің кінәсіздігін теріске шығаруға мүмкіндік береді.

Егер үсталғаң тұлға химиялық кақпан (тор) орнатылған және ол ұрлық кезінде қосылып кеткен объектіден ұрлық жасаса, оны куәландыру барысында ультракөгілдір жарықты қолданған жөн; сезікті қолдары мен киімінің ерекше жарық беруін хаттамада көрсетеді. Химиялық заттын іздері бар киімдері іске тіркеледі. Кейін сот-химиялық сараптаманың көмегімен тиісті химиялық заттардың біркелкілігі анықталады.