Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖАНДОС.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
24.45 Кб
Скачать

4.Кейінгі тергеу әрекеттері

Сезіктіден (айыпкерден) жауап алу барысында, егер ол өз кінәсін мойындаса, келесі мән-жайларды анықтау қажет: қылмыстын. мән-жайлары; ұрланған заттар қайда жасырылды; сезікті (айыпкер) қылмысты өзі жасады ма әлде сыбайластарымен бірге жасады ма; ұрланған заттарды ол қашан, кімге және қандай жағдайда өткізді; сатып алушы қандай ақша төледі (теңге ме әлде басқа валюта ма); сезікті ұрланған затгарды еткізу нәтижесінде қандай сомаға ие болды; кім оның айтқанын дәлелдей алады, т.б. Сонымен қатар жауап беруші адам бұрын ұрлық жасаған-жасамағанын анықтау қажет.

Егер жауап беруші ұрлық жасағанын мойындамаса, оған қылмыс жасалған кезде ол қайда болғанын, не істегенін айту және оның әздерін дөлелдейтін адамдарды атауды ұсыну керек.

Келесі кезеңде ұрлык туралы істер бойынша куәгерлер ретінде мекеме, кәсіпорын және ұйым бастықтарынан; ведомстводан тыс күзету күзетшілерден, жеке күзетшілерден; аула сыпырушылардан; комиссиялық дүкендер мен сатып алу пункті қызметкерлерінен және жасалған қылмыспен байланысты мән-жайларды білетін басқа да тұлғалардан жауап алған жөн болады. Анықталатын мән-жайлар жәбірленушіге қойылатын сұрақтармен сәйкес болады.

Құлыптарды зерттегенде анықталатын сұрақтар: құлып ұрлык кезінде ашык әлде жабық болды ма; ол дүрыс істеп түрды ма; егер құлып бұзылған болса, оның қандай кемістіктері болды және олар құлыптың жабылуына кедергі болған жоқ па; бақылау құрылғысын бұзбай құлыпты жабуға немесе ашуға бола ма, құлып ілулі тұрғанда бұзылды ма; ол кілтпен, жезбезекпен немесе басқа затпен ашылды ма; құлып кандай тәсілмен бұзылды; құлып нақты құрал-сайманмен бұзылған жоқ па.

Сот-тауартану сараптамасы арқылы тауардың аты, бағасы, артикулы, сорты, басқа да белгілері; сезіктіден алынған заттар ұрланған заттармен сәйкестілігі аныкталады.

Сот-химиялык сараптаманы сезіктінің киімінде, денесінде табылған әр түрлі заттардың құрамының бұзылған кедергі бөлшектері, мататалшықтары, бояу) қылмыс орнынан алынған заттармен сәйкестілігін анықтау үшін тағайындайды. Ұрлық туралы істер бойынша материалтану сараптамалары (микрообъектілерді зертгеу) жүргізіледі. Бұл сараптамалар қалта тонаушы жәбірленушіге тиген жоқпын деп айтканда, яғни қалта тонау қылмысын тергегенде аса тиімді болады. Бұл жағдайда сезіктінің киімінде жәбірленуші киімінің микробөлшектерін табудың дәлелдемелік маңызы зор болады.

Ұрлықты одан кейінгі тергеу кезендерінде жүргізілетін тергеу әрекеттерінің (көзбе-кез беттестіру, таныту үшін көрсету, жауаптарды оқиға орнында тексеру) аса ерекшеліктері жоқ.