Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник.docx
Скачиваний:
78
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
6.17 Mб
Скачать

Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ /Халық даналығы/

Сіз бұл модульда мына дағдыларды меңгересіз:

Сөйлесім: талқылау

Сын тұрғысынан ойлау:

Тыңдалым:

Жазылым:

Оқылым : түсініп оқу, іздеп оқу,

тақырыпты анықтау,

Грамматика:

Өз бетінше оқу дағдылары:

Талқылау

Қоршаған орта туралы не білесіз? Өз ойыңызға байланысты сөздерді жазыңыз.

ҚОРШАҒАН ОРТА

Жұптық жұмыс. Пікір алмасу, талқылау.

Қазіргі таңда әлемде қандай экологиялық проблемалар тұр?

Біздің еліміздегі проблемалар қандай?

Өз ортаңдағы (үй, бөлме, аула, ...) экология қандай болу керек?

Оларды экологиялық таза ұстау үшін өз тарапыңыздан қандай іс әрекеттер жасайсыз?

Экологиялық этика нені талап етеді?

Тапсырма 1: Берілген сөздерді қолданып, сөйлемдерді аяқтаңыз.

қауіп ахуал зардап ластануы

Зиянды заттарды көшеге, балалар ойнайтын алаңға тастауға болмайды.

Табиғи ортаның шектен тыс _______________ күрделі экология­лық проблемаларды тудырады.

Ғылыми-техникалық жетістіктер адам баласына _____________ төндіруі мүмкін.

Бүгінгі күні Арал тағдыры бүкіләлемдік экологиялық _____________ болып отыр.

Апаттан __________ шеккен аймақтарға көмек көрсету жалпыхалықтық іс болып табылады.

Тапсырма 2: Бұл пайымдауларға келісу/келіспейтініңізді айтыңыз. Нақты себептерін келтіріңіз.

Оқылым 1

Түсініп оқу.

Тақырыпты анықтау/іздеп оқу

Бүгінгі таңда жаһандық проблема болып отырған экологиялық мәселелер табиғаттың даму заңдылығын ескерме­гендіктен, оның тепе-теңдігінің бұзы­луынан пайда болды. Ғылыми-техникалық жетістік ғылымның кейбір саласында адам баласына қауіп төндіруде. Адам әрекетінен туындап отырған жаңа “антропогендік ландшафтар”, жер бетінде климаттың жылынуы тіршілік дүниесіне зардабын тигізуде.

Қоршаған орта болмысының өзгеруі, ғаламшардағы ірі өркениетті елдердің өздері мойындап отырғанындай, табиғат байлықтарын тиімсіз пайдаланудан, табиғаттың даму, қалыптасу заңдылығын ескермеуден туындап отырғаны даусыз.

Ғылыми-техникалық прогрестің күрт дамуы барысында ірі өндірістік қалаларда автокөліктердің санының өсуінен, атмосфера және озон қабаттарына улы газдардың мол бөлінуінен, ірі елді мекен­дерде таза ауыз су тапшылығынан адам­ның денсаулығына залал келуде. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның радиациялық, химиялық, биологиялық ластануы әлемдік деңгейде адам баласы мен тір­шілік дүниесіне қауіп төндіруде.

Пайдалы қазбалар қорының ғылыми негізсіз пайдаланылуы, жер бетіндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүние­сінің жұтаңдануы және табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экология­лық проблемаларды тудырды. Кейбір өндіріс орындарынан бөлінген зиянды қалдықтардың шектен тыс көбеюі қор­шаған орта жағдайының нашарлауына, адам денсаулығының бұзылуына апарып соғуда. Осының барлығы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуді және оны қалпына келтіру жұмыс­тарымен айналысуды, сондай-ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануды талап етеді. Сондықтан жерді суландыру, орманды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен ақаба суларды тазартудан өткізу, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу жұмыстарын қарқынды жүргізуді өмірлік маңызы бар талап ретінде алға тартуда.

Табиғат дамуының заңдылықтарын білмеу, кейде оларды есепке алмау бос шығынға, адамдардың өмір сүру жағ­дайы­ның және табиғи ортаның нашар­лауына алып келді. Мұндай жағдай Арал теңізінің тағдырына тән. Мақта және басқа да егістіктер көлемінің артуына бай­ланысты, Арал теңізіне құятын өзендердің суын пайдалану мақсатымен көптеген су қоймалары мен суару канал­дары салынды. Мұндай су жүйелері өзендер суының азаюына, түптеп кел­генде оның шұғыл тартылуына жеткізді. Қазір теңіз деңгейінің күрт төмендеуі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жұ­таңдануын, т.б. экологиялық проб­лема­ларды тудырып отыр.

Еліміздегі Арал апаты жаһандық сипат алып, оның зиянды әсері қазірдің өзінде көптеген мемлекеттерде байқалуда. Сондықтан АҚШ, Жапония, т.б. мемле­кеттер Аралды құтқаруға байланысты шараларға қатысуға келісімдерін беріп отыр.

Қазіргі кезде Арал теңізін құтқарудың жаңа жоспарлары жасалып, ғалымдардың ұсыныстары талқылануда (мысалы, Кіші Арал туралы).

Келтірілген мысалдар адамзаттың таби­ғатқа жауапсыз қарауға болмайтын­дығын дәлелдейтін, қоршаған ортамен қарым-қатынас кезінде өз іс-әрекетінің салдарына көңіл бөліп, әрдайым дұрыс жолды таңдау қажеттілігін көрсетеді. Дүние жүзінде адамның іс-әрекетінен болатын экологиялық зардаптар мен дағдарыстар көп-ақ. Мысалы, жидек тергенде, аң аулағанда немесе егіс алқабын тазартқанда табиғатқа белгілі бір мөлшерде зиян келтіріледі. Адамның бұл әрекеті аз мөлшерде болғандықтан, табиғи орта оны ретке келтіріп, орнын толтырып отырады. Яғни, табиғаттың тепе-теңдігі сақталғандықтан, өзгеріс көп елене қоймайды.

Ал мал шаруашылығы мен жайылым­дыққа пайдаланылатын жерлердің жыр­тылуы, ормандардың кесіліп, өртелуі, каналдар мен жолдардың ойлас­ты­рылмай салынуы сол жерлердегі өсім­діктер әлемі мен жануарлар дүниесіне көп мөлшерде зиян келтіреді.

ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының жаңа бір саласы – алып өндіріс орындары көптеп бой көтере бастады. Зауыттар мен фабрикалардың еселеп өсуі барған сайын шикізат түр­лерінің мол пайдаланылуына, энергия шығынының өсуіне, қазба байлықтардың қарқынды игерілуіне алып келді. Ғы­лыми-техникалық прогрестің табиғатқа тигізетін кері әсері дауыл, су тасқыны, жанартаулар атқылауы, жер сілкіністері сияқты апатты құбылыстардың зардап­тарымен теңбе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға жетті. Мұның өзі табиғи ортаның қалыптасқан заңды­лығын бұзып, биосферадағы энергия мен табиғи зат алмасуға теріс әсер етті.

Оқылым бойынша тапсырмалар:

Мәтінді оқығанда қандай ой келді?

Мәтіндегі барлық пікірлермен келісесіз бе, келіспейсіз бе? Дәлелдер келтіріңіз.

Мәтіннің негізгі ойын 10 сөзбен айтыңыз.

Мәтінде айтылған жайттарды сіз нақты өмірде кездестіресіз бе?

Тақырыбын анықтаңыз.

Арал теңізінің экологиясы жайлы не айта аласыз?