Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник.docx
Скачиваний:
78
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
6.17 Mб
Скачать

Талқылау. Екеуара талқылаңыз. Өз ойыңызды немен дәлелдей аласыз?

Қажетті сөз орамдары

Мүмкін солай да шығар, алайда ....

Басқа тұрғыдан алып қарағанда

Менің бұл туралы ойым басқаша

Мен мынадай шешімге келдім ....

Барлық пікірлерді салыстыра келе ..

Мен ........ айтқанын қолдаймын.

Білімді адам бақытты ма?

Сіз өзіңізді бақыттымын деп ойлайсыз ба?

Тапсырма 5: Сұраққа 10 жауап дайындаңыз. Оларды дауыстап оқып, өзгелердің жауаптарымен салыстырыңыз. Өз ойыңызды дәлелдеңіз.

Білім мен байлықтың қайсысы артық?

Жазылым

Эссе жоспарлау

Түсіндіру

Тапсырма 1: Талқылау. Сұрақтарға жауап беріңіз:

Эссе деген не?

Бір нәрсені түсіндіру үшін қандай тәсілді қолданасыз? (Мысалы, сәбиді қалай тамақтандыру керектігін түсіндіріңіз)

Бір нәрсені түсіндіру үшін қандай құрылымды қолданасыз?

Тапсырма 2: Берілгендердің ішінен «эссе» ұғымына қатысты анықтаманы табыңыз.

  1. философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

  2. жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі.

  3. өмірде шынайы болған ірі тұлғалар мен ел тарихында өткен елеулі оқиғалар жайында көзбен көріп, куәгер болған адамдардың сол өткенді еске түсіріп, өз атынан баяндап беруі.

  4. өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмыстың бір түрі.

Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан-жақты ашу,

таныту.

2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып

бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.

Тапсырма 3: Эссе қалай жазылады? Эссе жазу кезеңдерінің дұрыс ретін көрсетіңіз. Жаныңыздағы студенттің жауабымен салыстырып, дұрыс/бұрысын түсіндіріңіз.

1.Мысал(факт)

2. Аргумент

3. Байланыстырушы сөйлемдер

4. Түсіндіру

Тапсырма 4: Эссе мен шығарманың айырмашылығы неде? Екеуара талқылап, ойларыңызды ортаға салыңыздар (2 минут).

Мына кестені толтырыңыз

Шығарма

Эссе

Есте сақтаңыз!

Сұрақты түсініп, оған беретін жауабыңызды жоспарлау – эссенің бірінші сатысы.

Екінші стратегия - көптеген басқа да эсселердің құрылымымен танысу.

Тапсырма 5: Мына қасиеттерді кімнен кездестіре аламыз: Эссеист (Э)/Шығарма жазушы (Ш)?

Болған оқиғаларды өз атынан баяндайды

Ойлау деңгейі жоғары

Ақиқаттан алшақ кетпейді

Батыл болжамдар айтады

Өткір ұсыныстар келтіреді

Нақты шығарма арқылы өз пікірін білдіреді

Өз ойын әдеби тіл қалыбында жеткізеді

Аз сөзбен көп мағынаны қамтиды

Тапсырма 6: Берілген ойды жалғастырыңыз.

Мемлекетіміздің үлкен бір қозғаушы күші  – білім саласы екендігі баршаға мәлім. Осы білім саласының атқарар жауапкершілігі де қазіргі таңда өте зор. Әсіресе соңғы жылдары мемлекетіміз осы білімнің әлемдік деңгейде болуын айрықша талап етіп, қатты назар салып отыр.  Еліміздің дамуы мен өркендеуіне, алдыңғы қатарлы өркениетті елдер қатарына жетуіне үлкен бір дем береміз десек, ...........

Осы саладан білетініңізді жинақтап, ой түйіңіз де, жоспарын құрыңыз.

Тапсырма 7: Өз жинаған біліміңізбен түсіндірме эссе жазыңыз.

Жоғарыдағы мәтінге сүйене отырып, отандық білім беру жүйесі туралы эссе (немесе эссе жанрындағы шығарма) жазыңыз. Эссенің тақырыптары былай болуы мүмкін:

« ................... туралы»

«Менің ................. деген көзқарасым»

«................ туралы ойлар»

«Мен қалай ................... »

«Менің сүйікті ................. »

«.................. қазіргі заманға сай ма?»

«............... менің өмірімдегі орны», т.с.с.

Білім тексеру

Модульдің соңынан мына тапсырмаларды орындаңыз.

Не үйренгеніңізді тексеріңіз.

2-модуль Отбасы және туыстық қатынастар

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған –туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады /Н. Назарбаев/

Сіз бұл модульда мына дағдыларды меңгересіз:

Сөйлесім: талқылау

Сын тұрғысынан ойлау: Отбасы сіз үшін құндылық па ?

Тыңдалым:

Жазылым: тұжырымдама, эссе жанрындағы шығарма жоспарлау, абзац құру, түртіп алу

Оқылым: түсініп оқу,

Грамматика:

Өз бетінше оқу дағдылары:

Талқылау

Тапсырма 1:

Туыстық қатынастарға байланысты сөздер қатарына қарап, өзіңіз білетін туыстық атауды талқылаңыз. Егер жаңа сөз болса, сөздікпен жұмыс жасаңыз.

бауыр, жиен, жеңге, нағашы, апалы-сіңілі, ағайын, ағалы-інілі,туыс, бөле, жезде

Тапсырма 2: Осы сөздерді сөйлемдерде қосымшалармен қолданыңыз:

Мен өткен аптада анамның ауылына барып, ________________ көрдім.

Биыл жазда ағам үйленсе, менің ____________ болады.

Біз Жанат екеуміз ____________________.

Ол екеуі __________________ Мұрат пен Сұлтанның ұлдары.

Ауыл ішіндегі адамдар көбінесе бір-бірімен ____________ болып шығады.

Осы демалыста ауылдан келген апам мен __________ қаланы көрсетіп, қыдыртпақшымын.

Нағашыларына еркелеп _______________ қарындасым қонаққа келді.

Бірге туған ______________ Мирастың мінезі менен гөрі жұмсақтау.

_________________ Мирамгүл мен Ботагөз осы жазда Бурабайда демалып келді.

Өткен аптада ______________ әпкеммен көрші ауылда тұратын нағашы әжемізге барып қайттық.

Тапсырма 3: Сөздердің арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды талқылаңыз.

Ағайын/туыс Нағашы/жиен Жеңге/жезде

Бауыр/бөле Апалы-сіңілі/ағалы-інілі

Тапсырма 4: Мына сұрақтарды жаныңыздағы серіктесіңізге қойыңыз.

Сен үйдің кенжесісің бе (ортаншысысың ба/тұңғышысың ба)?

Саған нағашы туысың жақын ба әлде өз туысың жақын ба?

Сен үшін отбасыңдағы ең жақын адам кім?Неге?

Сен өз отбасың туралы не айтар едің?

Тапсырма 5: Берілген сөздер мен тіркестердің мағыналарын сәйкестендіріңіз. Талқылаңыздар.

Құндылық жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын

қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында

жүргізілетін жүйелі процесс

Тәрбие адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы

Жауапкершілік адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан

кешіретін кіші әлеуметтік орта

Адамгершілік адамдар арасында бірлескен іс-әрекет, байланыс орнату

Отбасы адам бойындағы белгілі бір істі, өзіне тапсырылған

міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын

адамгершілік қасиет

Қарым-қатынас адам мүддесінің объектісі

Тапсырма 6: Топпен жұмыс жасап, талқылаңыз.Тірек сөздерді жазып алыңыздар.

Отбасы туралы түсініктеріңізбен ой бөлісіңіз.

Туыстық қарым-қатынас пен отбасы қандай болу керек?

Отбасы мүшелерінің тәрбиесі, адамгершілік қасиеттері туралы не айтасыз?

Тапсырма 7: Рөлдік ойын. Мына жағдаяттарды ойнап көрсетіңіз.

*Әкесі баласының түнгі клубқа баруына қарсы.

*Ата-анасы баласының сұраған ұялы телефонын әпере алмайды.

*Баласы жоғары оқу орнына түскісі келмейді.

*Баласы сабақ оқымай, еркін жүруді қалайды.

*Анасы қызының рұқсатсыз достарымен қыдырғанын қаламайды.

*Үйдегі кішкентай баламен отыратын адам жоқ.

*Болашақ өз отбасыңның проблемасы.

Тапсырма 8: Суреттердегі жағдайларды анықтаңыз. Сізге қандай ой салады?

Ойқозғау.

Отбасындағы проблемалар көбінесе неге тіреледі?

Балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынаста түсініспеушіліктер проблемаға айналуы мүмкін бе? Ойларыңызды дәлелдеңіз.

7-тапсырмада көрсетілген жағдаяттарда туындаған проблемаларды шешудің жолдарын атаңыз.

Тапсырма 9: Үйде, мектепте, университетте сізге проблема тудырған жағдайларды есіңізге түсіріңіз. Оларды маңыздылығына қарай қалай шешкеніңізбен бөлісіңіз.

Проблемаларды шеше алмау адамның кемшілігі ме, әлде уақытша қиындық па?

Өзіңізде кемшілік бар деп ойлайсыз ба?

Жазылым.

Әдетте проблеманы шешумен қандай етістіктер біріктіріледі? 3 минутта есіңізге түсіріңіз. Есіңізге түскен етістіктерді пайдалана отырып, мына сөйлемдерді аяқтаңыз.

Егер менің ісіме анам қарсы болса, __________________________________________

Отбасында мәселе шешілмей жатса, ________________________________________

Жазғы демалысты атам мен әжеммен өткізу міндетті, ________________________

Кішкентай бауырымды балабақшаға апаратын адам жоқ, сондықтан ___________

Анамды автобустан тосып алуға қолым тие бермейді, ________________________

Таңертең ата-анам оятпаса, ______________________________________________

Айтқаныма ата-анам рұқсат бермесе, _______________________________________

Тапсырма : Өз ойыңызды ортаға салыңыз. Себептерін түсіндіріңіз.

Ата-ананың міндеті не?

Ата-анасы баладан не күтеді?

Отбасы қандай болуы шарт?

Оқылым 1

Көз жүгіртіп шығу

Сөздің мағынасын сөйлемнен түсіну.

Тапсырма1: Жылдам көз жүгіртіп шығу. Мына берілген сөздер мен тіркестерді мәтіннен жылдам тауып шығыңыз.

үлгі-өнеге, көргенді, сүйіспеншілікпен, ар-ұяты, ақылшысы, ағайын, әулет

Тапсырма 2:

Сөздердің сөйлемдегі мағынасы қандай? Қалай түсінесіз?

а)Мәтінді 10 сөзбен сипаттап шығыңыз.

ә)Мәтіндегі мақалдардың мағынасын қалай түсінесіз?

б)Мәтінді толық оқып шығыңыз, абзацтарды мазмұн ретімен нөмірлеңіз.

в) 1-бөлімді оқығанда қандай ой келді?

г) 1-абзац пен 2-абзацтың арасында қандай байланыс бар?

Тапсырма 3: 1-тапсырмада берілген сөздер тізімінен өзіңіз білетін сөздерді белгілеңіз. Жұбыңыз білмейтін сөздің мағынасын түсіндіріп көріңіз.

Тапсырма 4: Мына сөйлемдегі «көкірегі» сөзінің мағынасын сөздіктің көмегінсіз анықтап көріңіз. Сөйлемде қандай мағынада қолданылып тұр.

Туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Тапсырма 5: Отбасы қандай болу керек? 10 сын есіммен атап шығыңыз. Олардың қолданылу аясы жөнінде өз пікіріңізді айтыңыз.

Татулығы жарасқан

________________________

________________________

________________________

________________________ ОТБАСЫ

________________________

________________________

________________________

________________________

________________________

Тапсырма 6: Бұл тіркестердің қайсысы сіздің отбасыңызға сәйкес келеді?

Отбасыңыздағы негізгі ұстанымдарды атап шығыңыз.

Өмір талаптары мен сіздің отбасыңыздағы қағидалар үйлеседі ме?

Басқалардың ойын тыңдаңыз.

Талқылау. Мына тұжырымдарға сенесіз бе/сенбейсіз бе?

Отбасындағы тәрбие әміршілдік қағидаларға негізделеді.

Отбасында балалармен еркін қарым-қатынаста болу қазақи тәрбиеге жат.

Жас отау иелері отбасына жауапкершілікпен қарамайды.

Жұптық жұмыс.

1.Қазіргі қоғамдағы отбасы. Қазіргі уақытта қалыптасқан жалпы жағдайға деген қандай пікірдесіз?

2.Әр елдің, ұлттың отбасын құру жолдары әртүрлі. Соған байланысты бала тәрбиесі де ерекше.

Отбасы тәрбиесі өмір өзгерісіне ұшырап отырады. Мәселен, қазақтың ертедегі, кеңес заманындағы және бүгінгі отбасындағы, бала тәрбиесіндегі өзгешіліктер қандай?

Тапсырма 7: Газет мақаласын оқыңыз. Мақалада айтылған мәселені әрі қарай жалғастырыңыз. Сөзіңізде сондықтан, алайда, сол себепті, сөйтсе де, себебі, ал өзіме тоқталатын болсам деген сөздерді қолданыңыз.

Қазіргі жастардың ақыл парасаты құлдырау үстінде. Олар аяқ астынан бәлеге ұрынып,  абыройынан айырылып қалатын жәйттер де баршылық. Осы кезде оларды жақсы тәрбие ғана түзеп, дұрыс жолға сала алады. Кейбіреулер білімді болса тәрбие өзі-ақ қалыптасады дейді. Сондықтан білімді болған жөн деседі. Білім алғанның бәрі  жақсы тәрбиелі бола алмайды. Білім алу үшін де тәрбие қажет. Тәртібі осал, ата-анасының ақылын алмай сабақ бетіне қарамайтын бала қалай білімді бола алады. Бір сөзбен айтқанда тәрбиелі болса ғана білім алады. Тәрбие ақылмен тығыз байланысты. Адамды адам қылатын - ақылы. Ақылсыз адамға дұрыс тәрбие қалыптаспайды. Халқымызда  “Ақылдыға ерсең адаспайсың” деген мақал бар. Ата-ана мен  аға буындардың ақылын алып,  солар сілтеген дұрыс жолмен жүретін болса, ........... 

Автордың ойымен келісесіз бе/ келіспейсіз бе? Себебін нақтылаңыз.

  • Тәрбие бастауы не?

  • Жастардың келеңсіз жайттарға тап болуына ата-аналарының кінәсі бар ма?

  • Ақыл-парасат пен тәрбие тең келу керек деп ойлайсыз ба?

Тапсырма 8: Отбасы сіз үшін құндылық па ?

Келісу/келіспеушілікті иә не жоқ деп белгілеңіз.

Нақты дәлелдер келтіріңіз.

Батыста отбасы құндылық емес.

Отбасы құратын жастардың шыққан орталары бірдей болу керек.

Отбасы құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын жақсы білу міндетті.

Қазіргі аналар отбасы тәрбиесінен гөрі әлеуметтік, материалдық қажеттіліктерге мән береді.

Отбасы құрып, оларды асырағанша жеке жүргенім жақсы.

Бала тәрбиелеуге балабақша бар ғой.

Әлеуметтік желі Интернет арқылы отбасы құруға болады.

Әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоционалдық көмектесумен сезіледі.

Әке баламен анасы арқылы байланысады.

Отбасы үшін жауапкершілік әкеге жүктелуі тиіс.

Оқылым 2

Түсініп оқу.

Тақырыпты анықтау/іздеп оқу

Отбасы – мемлекеттің іргетасы. Отбасы – қоғамның бастапқы бөлшегі, алғашқы ошағы. Бірге өмір сүріп, бала өсіруді мақсат етіп, екі адам шағын қоғамды құрады. Отбасының қызметтері көп: жеке, әлеуметтік, экономикалық т.б. Отбасының негізгі қызметі – баланы әлеуметтендіру, яғни қоғамда өмір сүруге жан-жақты дайындау. Әлеуметтендіру – қоғамда қалыптасқан мәдени-әдептілік нормаларға, әлеуметтік құндылықтарға сәйкес және заңмен бекітілген тәртіп аясындағы барлық ережелерді сақтап, қоғамның басқа мүшелерімен ынтымақтастықта өмір сүруге, қызмет етуге үйрету. Ұжымдаса іс-әрекет жасауға бейімдеудің басты шарты – кез келген әлеуметтік жағдаяттарда қоғам мүшелерінің өзінің тұлғалық қажеттілігін/қызығушылығын қанағаттандырумен қатар өзгелердің құқықтары мен мүддесін ескеруге міндетті болуы. Жағдаяттық дауларды шешу барысында қоғам мүшелері өз ой-пікірін дәлелдеп, көзқарасын білдіреді, адамдармен араласып, тіл табысуға үйренеді, адамдар ұжымдасып, іс-әрекет жасауға бейімделеді. Адамның әлеуметтенуіне орта мен әлеуметтендіретін дәуір ықпал етеді. Ғалымдардың айтуынша, адамның әлеуметтенуі мен дамуы «әлеуметтік ортада әлеуметтік нормаларды меңгеру мен ынтымақтастық іс-әрекетте жүзеге асады».

Баланы әлеуметтендіруде отбасы рөлі ерекше. Қазақи жанұя – отбасылық қарым-қатынасқа зор мән беретін, отбасына ерекше сеніммен қарайтын дағдылы отбасылар, әулеттер қатарына жатады. Қазақ отбасының әрбір мүшесінің орны бөлек.

Ата – елдің бірлігін, болашағын ойлайтын дана қария. Әже – әке-шешенің анасы. Қазақ әжесін ақ жаулықты, алақаны алтын, аяулы, ардақты, мейірімді жан дейді. Ол – жанұя бірлігін сақтаушы, балалардың тәрбиешісі, ақылшысы.Қазақ отбасында ата-ана орны ерекше. Қазақ отбасында бала – ең үлкен құндылық. Қазақтың түсінігі бойынша, ұл бала – өмірдің жалғасы. «Қыз бала – қонақ» дейді қазақ. Ол болашақ жар, ана. Сондықтан жанұядағы адамдар қыз баланы мәпелеп, аялап, сыйлап жүреді. Қазақи отбасында үлкендерді сыйлауға, жасампаздықты, кішіпейілдікті тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. Жағымды мінез-құлық, тәртіп, сыйластық – отбасы мен қоршаған орта әсерінен бойға сіңетін қасиеттер.

Оқылым бойынша тапсырмалар:

  1. Мәтінге сұрақ қойыңыз.

  2. Баланы «бауырына салу» мен «алақанына салу» бірдей ме? Әлде айырмашылықтары бар ма?

  3. Қариялармен бірге тұрған пайдалы деп ойлайсыз ба?

  4. Мәтінге қатысты тірек сөздерді атаңыз. Ең көп аталған сөздерді түртіп алыңыз.

  5. Отбасы, бала тәрбиесіне қатысты мақал-мәтелдер келтіріңіз. Мағыналарын ашып, түсіндіріңіз.