Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник.docx
Скачиваний:
78
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
6.17 Mб
Скачать

Қазақ баласын үлкенді сыйлауға кішкентайынан үйретеді /э.С.Вульфсон/

Сіз бұл модульда мына дағдыларды меңгересіз:

Сөйлесім: талқылау

Сын тұрғысынан ойлау:

Тыңдалым:

Жазылым:

Оқылым: негізгі идеяларды, тақырыпты анықтау

Грамматика:

Тыңдалым:

Талқылау

Тапсырма 1: Мына сұрақтарды талқылаңыздар.

Сіздер өзара  қалай  сәлемдесесіздер?

Өз жақтарыңда қалай амандасатыны туралы айтыңыздар.

Сәлемдесу  әдет  пе, әдеп  пе?

Әдепке не жатады/әдетке нелер жатады?

Тапсырма 2: Өз ойыңызға байланысты сөздерді жазыңыз.

ӘДЕП

Жазылым. Берілген сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

ізеттілік этикет әдептілік рухани

парасаттылық интеллект қоғам қағида әдет

Ғабит өте мейірімді, ақкөңіл және үлкен адамдармен сыпайы сөйлеседі.

Білім мен ғылымның шыңына шығар азаматтың эрудициясы мен _____________ деңгейі жоғары болғаны жөн.

Компания қызметкерлері жұмыста қызметтік _____________ сақтаулары керек.

_______________ - адамның санасына ана сүтімен сіңетін мінез.

Нұрлан әрқашан _______________ көрсетіп, амандасып жүреді.

Оның бойында үлкен адам да қызығатын _______________, көрегенділік пен данышпандық қасиеттер үйлесіп тұрады.

Жаман ________ жақсы ат әпермейді.

Өркениетті елдермен иық теңестіру дәрежесіне жету үшін материалдық байлықпен бірге зор __________ байлық керек.

Әр ата-ана балаларын өздерін қоршаған ортаға және ________ үшін пайдалы азамат етіп өсіруге міндетті.

Кез келген істе басшылыққа алынатын белгілі бір _________ болуы тиіс.

Тапсырма 1: Мына сұрақтарды талқылаңыз.

а) Әдептілікке/әдепсіздікке не жатады?

ә) Әдеп пен мәдениет сөздері неге бірге қолданылады?

б) Әдептілік тәрбиеге байланысты ма?

в) Әдет деген не?

Тапсырма 2: Адам бойындағы әдептілік сипаттар қандай болу керек?

а)Адам бойынан табылуы керек қасиеттер тізімін қарап шығып, «өте маңызды» (), «маңызды емес» (X) деп белгілеңіз. Себебін түсіндіріңіз.

жағымсыз істерден бойын аулақ ұстау

жанашырлық таныту

кешірімді болу

көмек көрсету

рақымды, мейірімді болу

сөзді бөлмейді

өзгелердің пікірін сабырлықпен қабылдау

кеңпейіл болу

тәкаппарлыққа жол бермеу

ә) Әдепсіздікке жататын іс- әрекеттерді атап шығыңыз.

Мысалы: дөрекі сөйлеу, ........

Талқылау

а) Сіз оқу орнында, көшеде, басқа қалада жүргенде немесе қоғамдық орындарда мәдениеттілік танытасыз ба? Өзіңізді қалай ұстайсыз?

ә) Өз ойыңызбен бөлісіңіз: Мына әрекеттерге қалай қарайсыз? Олар тәрбиеге байланысты ма?

  • оқытушының атын атау;

  • қыздарға дөрекі сөйлеу;

  • сабақ үстінде басқаларды мысқылдау;

  • оқу орнының мүліктерін бүлдіру;

  • сабақ үстінде орынсыз күлу;

  • ұнамаған адамына мінез таныту;

Мына кестені толтырыңыз. Жасауға болатын және болмайтын әрекеттер тізімін кестеге толтырыңыз. Себептеріне дәлел келтіріңіз.

Болады

Болмайды

б) Өз пікіріңізге айғақты дәлелдер келтіріңіз.

Адам үшін қандай қасиет маңызды? Әдептілік пе әлде мәдениеттілік пе?

Әдеп пен мәдениет арасындағы байланыс қандай?

Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы қандай?

«Жаман әдет жұмсақ кресло сияқты: отыру оңай, тұру қиын» деген ойға келісесіз бе?

Оқылым 1

Түсініп оқу.

Тақырыпты анықтау/іздеп оқу

"Жылы-жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады" деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақал жағымды, ізетті сөз саптаудың адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу — әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің "тілін таба білу" іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс. Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда тең еместігінен туындайды. "Ұлық болсаң, кішік бол!" деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентіңді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. Бағынушыға ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтініш айтса жөн. Бұл—оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандығы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді. (Уикипедия ашық энциклопедиясы)

Тапсырма 1:

Мәтінде не туралы айтылған? 5 сөзбен сипаттап шығыңыз.

Әдептілік нышандарын тауып оқыңыз.

Сіз ортаңызда адамдармен қалай сөйлесесіз?

Ұсыныс, тілектеріңізді білдіруде қандай тілдік орамдар қолданасыз?

Тапсырма 2: Мына тілдік орамдарды айтылу ретімен орналастырыңыз. Өз жауабыңызды басқа студенттің жауабымен салыстырыңыз.

Мен қосайын деп едім

Мен сіздің сөзіңізді бөлсем бола ма?

........ дегенде не айтқыңыз келгенін түсіндіре аласыз ба?

Мен дұрыс түсінбей қалдым...

Кешіріңіз....

Сіздің не айтпақ болғаныңызды түсіндім.

Қорыта айтқанда, ....

Қайталап жібермес пе екенсіз?

Менде бірнеше сұрақ туындап отыр.

Мен онымен келісе алмаймын.

......... деген рас, бірақ, бір жағынан, ....

Мұны қалай түсінуге болады?

Тапсырма 3 : Мына жағдайларда қандай тілдік орамдарды пайдаланасыз?

Келісу Мен толық келісемін_____________________

Қарсы болу __________________________________________

Себептерін түсіндіру __________________________________

Мысал келтіру _______________________________________

Қайталап айтуды сұрау ________________________________

Сұрақ қою ___________________________________________

Сөзін бөлу ___________________________________________

Кешірім сұрау ________________________________________

Топқа тақырыпты таныстыру ___________________________

Негізгі дәлелді алға тарту _______________________________

Тапсырма 4: Тілдесімде белсенді қолданылатын коммуникативтік маңызы бар тіркестерді этикет нысандарына сәйкес бағандарға тиістісін жазыңыздар.

Мен ................ айтқанын қолдаймын; Мен басқаша ойлаймын;

Барлық пікірлерді салыстыра келе;

Мен сенімен толық келісе алмаймын; Мен де солай деп ойлаймын;

Кешіріңіз, мен сізбен келісе алмаймын; Менің бұл туралы ойым басқаша;

Ойлану керек; Оның айтқандары дұрыс;

................ айтқандарының жаны бар; .............. айтқанына қарағанда;

Мүмкін/сірә солай да шығар; Менің ойымша бұл дұрыс емес;

Басқа тұрғыдан алып қарастырғанда; Мен мынадай шешімге келдім;

Сіз қателестіңіз бе деп ойлаймын;

Келісу/құптау

Келіспеу/құптамау

Бейтараптылық/сын көз

Мен олай деп ойламаймын

Тапсырма 5: Сөйлесу. Мәдениетті және дұрыс қарым-қатынас жасасу үшін сөйлесу дағдыларын меңгеріңіз. Тілдік орамдарды қолдана отырып, диалог құрастырыңыз.

Тапсырма 6: Мәтіннен адамның іс-қимылын білдіретін сөздердің астын сызыңыз. Академиялық мәдениеттегі маңызды сөздер тізбесін жасаңыз.

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

Талқылау Өзіңізге қарама-қарсы типтегі студентпен өзіңіздің және оның әлсіз жақтарын талқылаңыз (3-5 минут).

Талқылаудан ой түюге қажетті тілдік орамдар: демек, сөйтіп, ендеше, қорыта келе, қорыта айтқанда, сөз соңында айтарым, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші;

Бүгінгі өмірді телефонсыз елестету қиын. Телефон тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. Мінекей содан бері телефон көп өзгеріске ұшырады, бірақ телефонмен сөйлесу қағидаттары қай уақытта да әдептілікке негізделеді.

Сіз телефонмен қалай сөйлесесіз?

Ашулы тұрған жағдайда ұялы телефоныңызға біреу қателесіп қоңырау шалса не істер едіңіз?

Автобуста келе жатып телефоннан қуанышты хабар естідіңіз? Дауысыңыз көңіл-күйіңізді білдіруде өзгереді ме?

Университет ғимаратының ішінде, қоғамдық орындарда, көпшілік жерлерде ұялы телефонмен жиі сөйлесесіз бе?

!!! Пайдалы кеңеске құлақ түріңіз!

Сіз телефонмен сөйлесу мәдениетін білесіз бе?

-Телефон шырылдағанда үшінші-төртінші қоңырауға дейін көтеру керек;

-Визуалды байланыс жоқ болғандықтан, екпін, сөйлеу жылдамдығы сияқты факторлар маңызды рөл ойнайды;

-Үй телефонына қоңырау шалғанда кешірім сұрауды ұмытпаңыз;

-Телефонмен қысқа әрі нақты айту керек;

- Үй телефонына хабарласу: таңғы сағ. 9.00-ден кешкі 22.00 аралығында ғана;

- Бейтаныс адамға телефон соққанда нөмірін кімнен алғанын айтуды ұмытпаңыз;

- Аз танитын тұлғамен 3-5 минут көлемінде ғана сөйлескен жөн;

- Телефон шалған бойда амандасқаннан кейін өзіңіздің кім екеніңізді атаңыз;

- Талқыланатын мәселелер тізімін дайындау артық етпейді;

- Телефон соғушыға керек адам болмай қалса, хабарласқан адамға “Бұл кім” деп сұрамай, “Кім телефон соқты деп айтайын” дегеніңіз дұрыс;

- “Білмеймін” деудің орнына “анықтайын” дегеніңіз жөн;

- Асықпай, нақты, әр сөзіңізді ойланып айтыңыз;

- Кедергі жасамағаныңызды анықтап алыңыз;

- Телефон арқылы бос әңгімеге жол бермеңіз. Ішкі дүниеңізді ақтарғыңыз келсе, көзбе-көз кездескен артық;

- Біреу қателесіп сізді терген жағдайда, бас салып айғайламай, “кешіріңіз, сіз нөмірмен қателестіңіз” деп сыпайы жауап беруге де болады;

- Танысыңызға қонаққа келетініңізді алдын ала ескертуде телефонды пайдаланыңыз.

- Үй телефонына хабарласып: “Үйдесің бе?” деп сұрамаңыздар.

Тапсырма 1: Рөлдік ойын. Мына жағдаяттарды көрсетіңіз.

Мен дауды (конфликтті) қалай шештім?

Аялдамада, көшеде жөн сұрастыру.

Пікірталас барысындағы келіспеушіліктерді қалай шешемін?

Тест сұрақтары.

Әдеп ережелерін білесіз бе?

Таңдаған жауабыңызды дөңгелетіп белгілеңіз.

1.    Әйел адам өзін егде жастағы немесе құрметті лауазымды ер адаммен таныстырса, орнынан тұруы тиіс пе (а), әлде ол өз қалпын жоймастан таныса алады ма (ә)?

2.    Кенет сіз жаңа танысыңыздың есімін ұмытып қалдыңыз. Одан өз атын есіңізге салуды тура сұрағаныңыз жөн бе (а), әлде оны басқа да жолдармен анықтаған жөн бола ма (ә)?

3.    Егер жігіттің басында берет болатын болса, қызбен кездескен жағдайда бас киімін сәл көтергені дұрыс па (а), әлде оның қолын қалтасынан, темекісін аузынан алғаны жеткілікті ме (ә)?

4.    Қыс мезгілінде ер адамға танысымен кездескен жағдайда, қол алысу үшін қолғабын шешкені жөн бе (а), әлде шешпей-ақ амандасуға болады ма (ә)?

5.    Би кешінде қыздың өзі көркем жігітті биге шақыра ала ма (а), әлде жігіттің ұсынысын күткені жөн бе (ә)?

6.    Егер қыз жігітке алғаш рет бара жатқан болса, ол өзімен құрбысын ерткені дұрыс па (а), әлде онсыз да жағдайдан шыға ала ма (б)?

7.    Жігіт қызды оның қаржылық көмегіне сүйене отырып әлдеқайда шақыра ала ма (а), болмаса өзінің қалтасының толуына дейін күткені абзал ма (ә)?

8.    Үй иесі өз қалауынан тыс келген қонағының көңілі үшін бір әуенді әлденеше рет қоса алады ма (а), әлде сыпайы түрде басқа да әуендермен танысуын ұсынғаны жөн бе (ә)?

9.    Жігіт қыз баланы үй есігінің алдына дейін шығарып салуы тиіс пе (а), болмаса таксиге отырғызып жібергені жеткілікті ме (ә)?

10.    Жас жігіт жаңа құрбысының өткені туралы сұрауы тиіс пе (а), әлде қыздың өзі туралы айтқан мәліметіне қанық болғаны дұрыс па (ә)?

Ұпайлар:

1. а – 10, ә – 5; 6. а – 10, ә – 5;

2. а – 5, ә – 10, 7. а – 5, ә –10;

3. а – 5, ә – 10; 8. а – 10, ә – 5;

4. а – 10, ә – 5; 9. а – 10, ә – 5;

5. а – 10, ә – 5;  10. а – 5, ә – 10.

«Білмеймін» жауабы барлық жағдайда нөлге теңгеріледі.

Барлық ұпайды қосыңыз. Жалпы ұпай ____.

Егер сіз бірде-бір ұпай жинамаған болсаңыз, онда өзіңізбен жұмыс жасағаныңыз жөн.

1.    Егер 5 пен 50 аралығындағы ұпай жинасаңыз, сіз өжет, тіл табысқыш, өзіңізге сенімді, кейде тым табанды және заман талабына сай жансыз.

2.    Егер жинаған ұпай саныңыз 50 мен 80 арасында болса, сіз тәрбиелі, жеткілікті дәрежеде ескіше ойлайтын, ақылдан гөрі сезім ерік беретін адамсыз. Сізбен тіл табысу оңай және достарыңызға сізбен уақыт өткізген ұнайды.

3.    Егер 80 немесе одан жоғары ұпай жинасаңыз, сіз ұяң, кейде ұялшақ, адамдарға талабыңыз күшті (кейде өзіңізге кері әсерін тигізеді), алайда сіз өз қалауыңызды білетін жансыз. Кей жағдайда тәкаппарлыққа дейін тым кішіпейіл бола аласыз.

Үлкен-кіші болсын  әдеп  сақтау  халықтық  тәлім-тәрбиенің аса  үлгілі, тәрбие ісіндегі қалыптасқан заңы,  жолы   бар  ерекше  қасиетті  тәлімдік  дәстүрі.  Ұлтымыздың   үлкеннің кіші  алдындағы,  кішінің  үлкен  алдындағы, еркектің  әйел  алдындағы, әйелдің  еркек  алдындағы  әдеп сақтаудың тамаша үлгілері  өте көп.  Мысалы, үлкеннің  жолын кеспеу,  бұрын  сөйлемеу,  келінге  сыпайы сөйлеу, ата алдындағы иба,  халық  ортасындағы  инабат,  мешіт  ішіндегі  әдептілік, сәлем беру,  сәлем алу  жолы  тағы  сол сияқты адамгершілік, сыйлау,  сыйласу  халқымыздың  ертеден   келе жатқан әдеті  әрі ғұрпы. Бұлардың  бәрі  жасына  қарамастан  тәртіп, тәрбие жолына  үздіксіз әрі үзіліссіз  қызмет  етіп  келеді.  Әдептілік  – әр  адамның   бет бейнесі, өзін-өзі  таныту  жолындағы  іс-үлгісі, адамның  қасиеті екені  сөзсіз. 

Талқылау.

Әдеп сақтау - халықтық рәсімге, тәртіпке бағыну. Шын ба/жалған ба? Қарсы аргументтер келтіріңіз.

«Әдепті дегенше, әдемі  десейші» деген халық мақалының мағынасында не жатыр?

Адамның киген киімі оның мәдениетін көрсетеді ме?