Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник.docx
Скачиваний:
78
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
6.17 Mб
Скачать

XXI ғасыр мәдениеттің, ғылым мен ақыл-ой бәсекесінің ғасыры болмақ /н. Назарбаев/

Сіз бұл модульда мына дағдыларды меңгересіз:

Сөйлесім: талқылау

Сын тұрғысынан ойлау:

Тыңдалым:

Жазылым:

Оқылым: негізгі идеяларды анықтаау

Грамматика:

Өз бетінше оқу дағдылары:

Талқылау

Жұптық жұмыс.

Мына сұрақтарды талқылаңыздар.

Ғылым мен технологияның адам үшін маңызы қандай?

Ғылымды меңгеру міндетті ме? Не үшін қажет?

Адамдар техникалық құралдардың көмегісіз тұра ала ма?

Тапсырма 1: Мына ойды жалғастырыңыз.

Бүгінгі интернет – іскерліктің қуатты үдеткіші, ақпараттың негізгі құралы, білім мен ғылымның негізгі аспабына айналды. Интернет арқылы ..........

Тапсырма 2: Мына сұрақтарға Иә не Жоқ деп жауап беріңіз. Нақты дәлелдер келтіріңіз.

Интернет адам организміне зиянды ма?

Интернет табыстың көзі ме?

Ұялы телефон мен компьютерсіз қарым-қатынас жасау мүмкін емес пе?

Оқылым.

Түсініп оқу

Қазіргі таңда жаңа технологиялардың, компьютердің, оның ішінде ғаламтордың mail.ru қызметтеріне жүгінбейтін адам кемде кем. Әсіресе, түрлі компьютерлік ойындарсыз балалар мен жасөспірімдердің күндері өтпейтін болды. Компьютердің адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін білсе де, егізінің сыңарындай айырылар емес. Статистикалық мәліметтер бойынша күніне интернет клубтарға 200 адамға жуық кіреді екен. Оның дерлік көпшілігі он-он алты жас аралығындағы балалар, ең кіші келушілердің жас шамасы бес-алты жастағы бүлдіршіндеріміз екен. Көпшілігі үш сағат шамасына үзіліс жасамай тапжылмай отыратын көрінеді. Әрине, адам өмірінде өте пайдалы, керекті құрал екеніне ешкімнің дауы жоқ. Дегенмен, сол компьютердің пайдасынан гөрі зияны көп екенін бірі білсе, бірі білмес. Мысалы, 2002 жылдың, наурыз айында 21 жасар американдық Шон Вили виртуалды EverQuest он-лайн ойынында жеңіліске ұшырап, жүйке жүйесіне әсер еткені сонша­лық, өз-өзіне қол жұмсаған. Көптеген психологтардың зерттеуіне қара­ғанда, компьютерлік ойын үстінде адамның ойлау қабілеті, эмоциясы төмендеп, тек көру қабілеті мен рефлекстері жұмыс істейтінін анықтаған. Қияли әлемге жіпсіз байланғандардың көпшілігі күнделікті өмірде көптеген қателіктерге бой алдырады екен. Себебі, компьютердегі бейнелер шынайы өмірге мүлдем ұқсамайды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, аталмыш ойындардың әсерінен қол саусақтары сіңірлеріне шамадан тыс күш түсіру нәтижесінде дертке ұшырайтынын және әлемде компьютермен жұмыс жасайтын әрбір екінші адам осы аурумен ауыратынын айтып отыр. Соның салдарынан көптеген балалардың саусақтары пернетақта басып отырғандай қалтырап, бас ауруы жиілеп, көздері ашып, ұйқы барысында көретін түстерінің мазмұны өзгеріп, бір сөзбен айтқанда бала психологиясы түрлі ауруларға шалдығады.

Тапсырма 1: Мәтінді негізге алып, өз ойыңызды айтыңыз.

Рөлдік ойын: Психолог пен интернетке тәуелді адамның туысы арасындағы жағдаятты көрсетіңіз.

Тыңдалым: Ғылыми-техникалық саясат

http://www.youtube.com/watch?v=quBSyOqTq48

Жұптық жұмыс: Мына сұрақтар бойынша басқа студентпен диалог құрастырып, ойларыңызды айтыңыз. Сұрақтарға дәлелді жауаптар келтіріңіз.

Ғылым және технология саласы бойынша қандай жаңалықтарды білесіз?

Нанотехнология жетістіктерін ғалымдарымыз қалай игеруде?

Қазақстанда нанотехнологияның араласатын салалары қандай?

Наноғылымның қоғам үшін пайдасы қандай?

Жаһандану заманындағы наноғылымы мен оның технологиясының өрісі туралы не айта аласыз?

Тапсырма 2: Биотехнологияның бір саласы саналатын генетикалық инженерия ғылымының біздің елімізде дамуы туралы ойыңызды ортаға салыңыз. Оның оң және теріс жақтарын атаңыз. Ойыңызды дәлелдеңіз.

Тапсырма 2: Гендік модификацияланған тағамдардан қауіптену қажет пе? Сұраққа жауап бере отырып, мына ойды жалғастырыңыз.

Қазіргі кезеңдегі өн­­дірістік технологияның дамуы нә­ти­жесінде азық-түлік тағам­дарын дәм­дендіру, сақталу мерзімін ұзар­ту мақ­сатында түрлі тағамдық қос­па­ларды пайдалану азық-тү­лік өнім­дерінің табиғи құрамына ай­тар­лықтай өзгерістер келтіруде. Кей­бір өндіріс орындары өнім кө­лемін ұл­ғайту үшін де тағамдық қос­паларды пайдаланудың түрлі тех­нологиялық әдіс-тәсілдерін қол­дануда......

Тапсырма: Кестені толтырыңыз:

Не?

Кімге? Неге?

Қандай? Қалай?

Не істейді?

Компьютер

адам ағза

қарапайым

әсер етеді

Тапсырма 5: Мына пайымдаулармен келісесіз бе/ келіспейсіз бе? Дәлелдер келтіріңіз.

Қазақтың байлығы техниканың тілін білетін мамандардың аздығынан игерілмей жатыр.

Әлемдегі дамыған елдердің даму тетігіне көз салсақ, олар техника мен инновацияға баса назар аударады. Біз ше?

Отандық техниктен шетелдік маман артық. Неге?

Тапсырма : Презентация /жоба дайындау.

Сіз ғылым мен инновация көрмесіне қатысасыз. Өз мамандығыңыздың саласы бойынша ашқыңыз келетін жаңалықтарды көрсетіңіз.

Білім тексеру

Модульдің соңынан мына тапсырмаларды орындаңыз.

Не үйренгеніңізді тексеріңіз.

8-модуль Экономика

Сіз бұл модульда мына дағдыларды меңгересіз:

Сөйлесім: талқылау

Сын тұрғысынан ойлау:

Тыңдалым:

Жазылым:

Оқылым:

Грамматика:

Өз бетінше оқу дағдылары:

Талқылау

Экономика дегеніміз не?

Ол туралы не білесіз?

Тапсырма 1: Сөздерді қойып, пайымдауларды аяқтаңыз.

сауда өнім әріптестік өнеркәсіп

индустрия тұрақтылық қарқынды нарық

Ең тиімді табыс көзі ауыл шаруашылық секторы болып табылады.

Қазақстан әлемдегі __________ үшін аса тартымды жиырма мемлекеттің қатарында.

Қазақстандағы экономикалық ______________ дүние жүзіндегі жоғары рейтингте.

Еліміздің экономикасы ______________ дамуда.

Басқа елдермен ____________ үлесі де жоғары.

Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық ____________ жеткізу көлемі ұлғайды.

Жұптық жұмыс. Пайымдаулар жөнінде пікір алмасыңыз. Жалған не ақиқаттығына дәлелдер келтіріңіз.

Тапсырма 2: Суреттерді сипаттаңыз.

Сұрақтарға дәлелді жауаптар келтіріңіз.

Ел экономикасына бұл салалардың әсері қаншалықты?

Қазақстанның экономикасы қандай дәрежеде?

Оқылым

Көз жүгіртіп оқу

Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. Қазақстан экономикасы жыл сайын 9-10% қарқынмен өсіп келеді. Өткен онжылдықта елдің ІЖӨ 5 есеге артты (22 млрд. АҚШ долларынан 100 млрд. долларға дейін).

Бүкіләлемдік банктің саралауы бойынша Қазақстан орта деңгейлі табысы бар елдердің тобына кіреді. 2007 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ 7 мың АҚШ долларына теңеледі. Бүкіләлемдік банктің бағалауы бойынша Қазақстан әлемдегі инвестиция үшін аса тартымды жиырма мемлекеттің қатарында. Ел экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 70 миллиардтан астам АҚШ долларына жетті. Өз кезегінде қазақстандық бизнес те шет елдерге белсенді инвестиция салуда (26 млрд. АҚШ доллары).

Қазақстан – бұл әлемдік сарапшылар үздіктердің бірі деп таныған қаржы және банк жүйесі қалыптасқан ел.

Қазақстан – жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған мемлекет. Қазақстан әлемде мұнай қоры бойынша – 7-ші орынды, газ қоры бойынша – 6-ші орынды, уран қоры бойынша – 2-ші орынды иеленеді. 2017 жылы Қазақстан әлемдегі ірі мұнай және газ өндірушілер мен экспортқа шығарушыларының ондығына кірмек.

Сонымен бірге, Қазақстанда тау-кен саласы, түсті және қара металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, шағын және орта бизнес және басқа да көптеген салалар серпінді дамуда.

Қазақстан өз экономикасының өтпелі кезеңін табысты аяқтап, жаңа сапалы қадам - әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ниет білдіріп отыр.

Akorda.kz

Тапсырма: Мәтіннің мазмұнын ашатын 5 тірек сөздің астын сызыңыз.

Қазақстан қандай табысты елдер қатарына жатады?

Қандай байлық қорлары бар?

Олардың экономикаға қатысы қандай?

Экономиканың тұрақтылығы неде?

Рөлдік ойын. Экономиспен кездесу.

Қандай сұрақтар қояр едіңіз?

Тыңдалым : Нақты ақпарат алу үшін тыңдалым.

АстанаИнвест форумы 2010

http://www.youtube.com/watch?v=Hgg3KKOjrbg

Тапсырма 1: Бейнематериалды көріп, тыңдай отырып, мынадай сұрақтарға жауап іздеңіз:

  • Форумның мақсаты не?

  • Қандай салаларға инвестиция салынбақ?

  • Негізгі қаржы қай жерге құйылуы жоспарланып отыр?

  • Бүгінде қанша жоба дайын?

Жұптық жұмыс. Екінші студентпен талқылаңыз.

Экономист мамандар қажет пе?

Неліктен қазір экономистердің көбі жұмыссыз жүр? Себептері не?

Экономиканы көтеру экономист мамандардың міндеті ме?

Топтық жұмыс. Бизнес-жоспар құрастырыңыз.

Өз көзқарасыңыздың дұрыстығына тыңдаушының көзін жеткізу үшін түсіндіріңіз, дәлелдер, мысалдар келтіріңіз.