Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник.docx
Скачиваний:
78
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
6.17 Mб
Скачать

Тілді меңгеру үшін оған өзіңнің жүрегіңді ашуың керек /н.Назарбаев/

Сіз бұл модульда мына дағдыларды меңгересіз:

Сөйлесім: талқылау

Сын тұрғысынан ойлау: Тілді қандай тәсілмен үйренген ұнайды?

Тыңдалым:

Жазылым:

Оқылым: көз жүгіртіп оқу, өз бетінше оқу,

Грамматика:

Өз бетінше оқу дағдылары:

Талқылау

Жұпта жұмыс жасаңыз. Қандай іс-әрекет тіл үйренуге қатысты екенін анықтап, талқылаңыздар.

машықтану, бейнелеу, айналысу, үйрену, жазылу, жаттығу, талаптану, қатысу, қамтамасыз ету, сөйлесу, білдіру, ойлау, тырысу, жазып алу, жүргізу, дауыстап оқу, меңгеру, жаттау, басып шығару, түсіну, сәлем беру, құрастыру, бояу, қию, ойын жеткізу, ұғу, таңдау.

Сөздерді қолданып, сөйлемдерді аяқтаңыз. Қандай оймен келіспейсіз? Себебін түсіндіріңіз.

қостілді ана сөйлеу мәнері

акцент шет тілі грамматика диалект

Тиянақты және логикалық ойлайтын адамдар ереже жаттауды оңай деп санайды.

Музыка адамдары өлең айтуда ____________ білінбейді деп санайды.

Төселгіш адамдар сол ортаның _________ сөздеріне тез бейімделгіш болады.

Сөйлеуде тілдің тұрақты тіркестері, шешендік ______________, мақал-мәтелдерін дұрыс қолдану, ұтымды пайдалану маңызды.

_______________ адам өзгелерге қарағанда көп жұмысты қатар атқара алады.

Тіл үйренуде _____________ қажет емес.

Шетелде жүргенде адам ________ тілін ұмыта бастайды.

Бизнес адамдарына ___________ міндетті түрде қажет.

Оқылым 1

Көз жүгіртіп оқу

Тапсырма1: Мәтінге көз жүгіртіңіз. Мақсаты мен мазмұны не?

Жасыратыны жоқ, жаһандану әлемдік геосаясат пен экономикаға ғана емес, сондай-ақ «әмбебап өркениет қатынасы» әлемдік тілдерге де әсерін тигізді. Ықпалды, бақуатты елдердің тілі дамып, өркен жайса, ал басқалардікі шектеліп қалған немесе құрдымға қарай бет алған. Бүгіндегі бұл құбылыс табиғи, я болмаса ұзақ уақыт жоспарланған «нәтижелі» саясаттың көрінісі деуге болады. Бірақ та тіл мамандары ғаламдану жағдайында әлемде бір ғана тіл үстемдік құрады дегенді “қиял” деп отыр.

Осыдан екі жыл бұрын ЮНЕСКО жариялаған «Әлемдегі жоғалып бара жатқан тілдердің атласы» атты еңбекте, сол кездің өзінде әлемдегі 6,7 мың тілдің 2,5 мыңы мүлде жоғалып кету қауіпінің алдында тұрған еді. ЮНЕСКО келтірген мәліметке қарап, аталған көрсеткіш жылдан жылға өсіп отырғанын байқауға болады. Мысалы, 2001 жылы әлемде жойылу қаупі төнген тілдердің саны 900 болса, сегіз жыл өткесін оның саны екі жарым есе өскен. ЮНЕСКО мұндай әлсіз тілдердің қатарына Канада, АҚШ, Мексика және Индонезия жеріндегі байырғы халықтардың тілдерін жатқызған. Ал, толықтай жойылу қаупі төнген тілдердің тобына Австралия, Жаңа Зеландия, Непал, Бутан, Орталық және Солтүстік Африканың кейбір тайпаларының тілдері жатқызылған. Ресейге келетін болсақ, бұл елдің территориясында 136 тіл жойылудың алдында тұр. Бұлар – Солтүстік, Сібір және Қиыр Шығыстағы саны аз ұлттардың тілі. Ресейлік лингвист ғалымдар ол тілдерді сақтап қалу мүмкін емес дейді. «Қолдан келері – аз уақыт болса да жойылып кетуін шегеру шараларын жасау», – дейді олар.

Қазіргі таңда әлемде негізінен ең ықпалды алты тіл бар: ағылшын, қытай, испан, орыс, араб және француз тілдері. Бұл тілдер Біріккен Ұлттар Ұйымының «негізгі тілі» болып саналады. Ал, әлемдегі ең кең таралған тіл (қолданушылардың саны жағынан) – қытай тілі. Бұл тілді 1,3 миллиард адам қолданады. Бірақ халықаралық сарапшылардың пайымдауынша, қытай тілін дүниежүзінде көшбасшы қатынас тілі ретінде тану мүмкін емес, өйткені бұл тілде тек үш мемлекет – ҚХР, Тайвань және Сингапур ғана сөйлейді.

Ағылшын тілі әлемге жаппай таралып, сөзсіз көшбасшы болып отыр. Бұл тілді миллиардтан астам адам қолданады. Ағылшын тілі жүздеген елдің қарым-қатынас тілі ғана емес, сонымен қатар ғылыми жаңалықтарды тасымалдаушы әлемдегі жалғыз тіл болып табылады.

Үшінші орында – испан тілі. Бұл тілде шамамен 400-500 миллиондай адам сөйлейді. Төртінші орынды араб және орыс тілдері өзара бөлісіп тұр. Араб диалектісінде сөйлейтіндердің саны 240 миллиондай, ал 50 миллиондай адам бұл тілді екінші тілі ретінде таниды. Сонымен қатар, орыс тілінде әлемдегі 300 миллиондай адам сөйлей алса, оның ішінде 160 миллионы бұл тілге өзінің ана тілі ретінде қарайды. Ал, «үлкен алтылықтың» соңында тұрған француз тілін 200 миллион адам пайдаланады.

Айтпағымыз, «алтылықтың» асығы алшысынан түсіп, қалған тілдер жойылып кетеді деген сөз емес. Бұл тіл – түрлі тілдік топтар мен мәдениет өкілдерінің өзара қарым-қатынас тілі болғандықтан, кең қолданыстағы әмбебап тіл ретінде қала береді. Яғни әр этнос өз мәдениетін таныстыру үшін немесе экономикалық, саяси қарым-қатынаста екіжаққа түсінікті болу үшін де ортақ тілді пайдаланады. Кейбір ғалымдар, саясаткерлер тілдердің әлемге таралуы – сол елдің үстемдігінің жайылуын білдіріп келді. Жиі қолданылатын ағылшын, мандарин (қытай тілінің диалектісі), испан, француз, араб, орыс тілдері – өз тілдерін өзге халықтардың қолданғанын қуана құптаған империалистік мемлекеттердің тілі болып келді. Бірақ, тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрынғы отар елдердің көпшілігі әр түрлі деңгейде болса да, империялық тілдерден құтылып, өз ана тілдеріне қайта оралуға тырысты.

Бұрынғы кеңес одағындағы елдер өз тәуелсіздіктеріне ұмтылып, оған қолдары жеткен уақытта ол елдердің алдында жергілікті тілдерді қолдап, дамыту мәселесіне көшті. Оның бір көрінісі еліміздің басынан өткерген тарихи тәжірибесі.1991 жылы еліміз тәуелсіздігін жариялаған кезде Қазақстандағы қазақтардың үлесі 42 пайыз болса, ал қазір 65 пайыз болды. Оның үстіне, шетелден 1 миллиондай қандасымыз оралды. Сонымен қатар, тәуелсіздік алғанға дейін қазақ мектептерінде 22 пайыз ғана қазақ балалары оқыса, қазір 62 пайызға жетті. Елімізде өткен соңғы санақта халықтың 65 пайызы қазақ тілін білетіндігін, ал 57 пайызы қазақша оқитындықтарын айтқан. Әрі қазақ тіліндей құнарлы, шұрайлы, бай тіл әлемде бар ма? (Талғат Жолдасұлы, тарихшы ushqiyan.kz )

Оқылым бойынша тапсырмалар.

Автор мұнымен не айтпақ болды?

Бірінші абзацты оқығанда сізге қандай ой келді?

Мәтінде аталмаған тілдер «өлі» тілдер ме?

Тілдер жойылса не болады?

Мәтіннен әр абзацты атауға болатын сөз тіркестерін көрсетіңіз.

Соңғы абзац бойынша өз пікіріңізді айтыңыз.

Тапсырма 2: Мәтінді қайталап оқып шығыңыз. Мына сөйлемдер жалған ба әлде ақиқат па?

Ғаламдану жағдайында әлемде ағылшын тілі ғана үстемді болады.

Әр халық өз мәдениетін ана тілінде таныстырады.

Ағылшын тілі барлық халықтардың қарым-қатынас жасаушы тілі.

Қазақстандықтардың жартысы ғана қазақ тілін біледі.

Тапсырма 3: Тілді білген адамның қандай мүмкіндіктері бар? Тіл білудің оң және теріс жақтарын атаңыз. Дәлелдер келтіріңіз.

Оқылым 2

Төмендегі мәтінді қарап шығыңыз.

Әр абзацтың бірінші сөйлемін мұқият оқыңыз. Олар қою қаріппен жазылған. Сізге екі минут уақыт беріледі.

Қазіргі қоғамның адамы өз мақсатына қол жеткізіп, табыс биігіне көтерілу үшін батыл іс-қимыл жасай білумен қатар көпшілік алдында сөз сөйлей білуі жөн. Әрине, көптеген шешендер сөйлейтін сөзін алдын ала дайындап алады және дайын мәтінді асықпай оқып шығады. Ал кейбір адамдар айтатын ойын қысқа мазмұнда жазып, тезис түріндегі сөзін қағазға қарамай, байыппен баяндап береді.

Халқымыз "Сөз қадірін білмесең, өз қадірінді білмейсің", "Сөз сүйектен өтеді" деп, сөз өнерін ерекше тани білген. Қазақ тілі - өте бай тіл. Тілде әр алуан ойды жеткізуге көмектесетін бояуы, бейнелі, астарлы сөздер, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер көп. Мәселе – әр аудитория үшін тіл байлығын қалай таңдай білуге байланысты.

Шешендердің тағы бір түрі бар. Олар – дайын мәтінсіз көпшіліктің алдында еркін сөйлейді, тілдің бар байлығын пайдаланып, тыңдаушының назарын өзіне аударады. Ал көпшіліктің назарын аудару оңай емес. Американдық миллонерлердің бірі Ф.Армер жасы ұлғайған кезде байлығы асып-тасқан бай болғаннан гөрі айтулы шешен болғаным жақсы еді дегенді айтқан екен.

Сөз жоқ, көпшіліктің алдында жақсы әрі шешен сөйлеуге көп жылғы тәжірибе мен дағды арқылы қол жеткізуге болады. Психолог ғалымдардың айтуынша, көп адам жиналған аудитория алдында сөз сөйлейтін адамда ең алдымен қорқыныш болады. Ал атақты Д.Карнегидің айтуына қарағанда, көпшіліктің алдында сөз сөйлегенде батыл болу қажет, тіпті аудиторияда отырған әрбір адам Сізге қарыздар деп есептесеңіз, онда үлкен табысқа жетесіз.

Тапсырма 1: Жұбыңыздан сұраңыз.

Берілген 2 минут уақыт тапсырманы орындауға жеткілікті болды ма?

Қарамен берілген сөйлемдер мәтіннің не туралы екендігін ұғуға көмектесті ме?

Осы сөйлемдерден ұққаныңыз бойынша мәтіннің тақырыбы не туралы екенін анықтаңыз.

Жазылым

Мәтінде берілген 4 сөйлемді түрлендіріп жазыңыз.

Әрбір сөйлемді тақырыпқа айналдырыңыз.

1___________________________________

2 ___________________________________

3 ___________________________________

4 ___________________________________

Тапсырма 2: Не оқығаныңызды түсіну

а) Мына сұрақтарға Иә /Жоқ деп жауап беріңіз:

Қазіргі заманда адамдар мақсатқа қол жеткізу үшін тек әдемі сөйлей білу керек.

Топ алдына шыққанда адамда қорқыныш болады.

Шешендік өнеріне дағдыланбай сөйлеуге болады.

Айтатын ойды қысқа тезис түрінде жазып, қағазға қарамай айту керек.

Көпшіліктің назарын өзіңе аудару оңай.

Көпшілік алдында сөз сөйлегенде батыл болу керек.

Шешендердің бір түрі ғана бар.

ә) Тіл үйренуге көмектесетін тапсырмалардың тізімін жасаңыз.

______________________________________________________________________________________

Тапсырма 3: Тест. Өзіңіз таңдаған жауапты белгілеңіз. Тілді қандай тәсілмен үйренген ұнайды?

Қазақ тілі сабағында мен:

а) Тыңдап жазғанды ұнатамын

ә) Тек жазбаша жаттығу орындағанды ұнатамын.

б) Көбінесе ауызша жұмысты ұнатамын.

в) Мәтіндермен жұмыс істегенді ұнатамын

Топпен жұмыс кезінде:

а) Барлығының пікірін тыңдап, өз ойымды

ә) Бір адам жұмыс істесе жеткілікті.

б) Өз көзқарасымды қазақша айтып дәлелдей аламын.

в) Өзімді еркін сезінемін.

Сабақ үстінде сөйлеген кезде:

а) Менің қатемді түзетіп отырғанды қалаймын.

ә) Стилистикалық қателерге мән бермеймін.

б) Қатемді сабақ айтып болған соң айтқанды қалаймын

в) Менің қатемді түземегенін қалаймын.

Грамматикаға келгенде:

а) Ережелерді үнемі есте ұстаймын.

ә) Ережені сақтау маңызды емес деп санаймын.

б) Қателерімді жаттығу соңынан түзетемін.

в) Сауатты жазуға аса мән бермеймін

Үй жұмысын орындағанда:

а) Тапсырманы орындауға шығармашылықпен қараймын.

ә) Көбінесе кітапта бар материалмен шектелемін.

б) Тақырып бойынша қосымша ақпарат іздеймін.

в) Ғаламтор материалдарын ғана пайдаланамын.

Жоба қорғағанда:

а) Сөзімді бөлмегенін қалаймын.

ә) Қағазға қарап айтқанды қалаймын.

б) Қысқа әрі нақты айтқанды ұнатамын.

в) Нақты дерек, тезистерді қолданамын.

Өздігінен жұмыс істегенде:

а) Айтатын ойымды жинақтап жазып аламын.

ә) Кейде басқа студенттің көмегіне жүгінемін.

б) Уақытты тиімді пайдаланамын.

в) Материалды толық түсіне алмаймын.

Пікірсайысқа түскенде:

а) Менің пікірім тыңдалғанын қалаймын.

ә) Айтатын ойымды толық жеткізе алмаймын.

б) Тақырыпты әрі қарай өрбітуге қатысамын.

в) Қызу пікірталасты қолдай алмаймын.

Өзіңіздің тіл үйренушілердің қай типіне жататыныңызды анықтаңыз.

А – 2 ұпай

Ә - 1 ұпай

Б – 2 ұпай

В – 1 ұпай

Барлық ұпайды қосыңыз. Жалпы ұпай ____.

Егер жинаған ұпайыңыз 8-10 болса, Х тіл үйренушісіз

Егер жинаған ұпайыңыз 11-13 болса, Ү тіл үйренушісіз

Егер жинаған ұпайыңыз 14-16 болса, Z тіл үйренушісіз

Х тіл үйренуші Сіздің тіл үйрену стиліңіз әлі де жетілдіруді қажет етеді. Сөйлер алдында немесе жазар алдында дұрыс сөйлем құрап, сенімді сөйлеуді немесе жазуды жөн көресіз. Адамдармен қарым-қатынас жасағанда аздап ұяласыз. Сіз көп талдайсыз, көп ізденесіз.

Ү тіл үйренуші Сіз сөйлесім арқылы тіл үйренуді ұнатасыз. Адамдармен тез тіл табыса аласыз, сіз қандай жағдайда да өзіңізді еркін ұстайсыз. Қате болса да сөйлей бергенді қалайсыз. Дегенмен дұрыс жазуға көп көңіл бөлгеніңіз жөн.

Z тіл үйренуші Көптеген адамдар сияқты тіл үйренуде бірнеше стиліңіз бар. Кей жағдайда өзіңізді еркін ұстайсыз, кейде дұрыс сөйлеуге мән бересіз. Сіздің талантыңызды ашу үшін барлық дағдыңызды дамыту қажет.

Тапсырма 4: Қандай тілдер білесіз? Не үшін үйрендіңіз?

Қазақ тілінің берер мүмкіндіктер тізімін жалғастырыңыз. Егер Сіз қазақ тілін үйренсеңіз, .....

  • әңгіме тақырыбын өрбіте аласыз;

  • әдеби кітаптар оқи аласыз;

  • жұмыста қиындықтар туындамайды;

  • ұлттық мәдени шараларға еркін қатысасыз; .......

Талқылау. Өз ойыңызбен бөлісіңіз: Мына әрекеттерге қалай қарайсыз? Олар орынды ма?

  • қазақша сұраса орысша жауап беру;

  • сабақтан шығысымен орыс тілінде сөйлеу;

  • қазақ тілі сабағында көбінесе орысша сөйлеу ;

  • қазақша сөйлеуге арлану;

  • үйренгенін іс жүзінде тұрмыста қолданбау;

Тапсырма 5: Қазақ тілін үйренудегі әрекеттер тізімін жасаңыз.

ҚАЖЕТ ҚАЖЕТ ЕМЕС

_________________________ ___________________________

_________________________ ___________________________

_________________________ ___________________________

_________________________ ___________________________

Жұптық жұмыс. 10 минуттық эксклюзивті интервью жүргізіңіз.

Студент А (интервьюер): Сіздің қазақ тілін білу деңгейіңіз қандай?

Студент В (сұхбатқа қатысушы):

Студент А (интервьюер): Қазақ тілін білу міндет пе, қажеттілік пе? т.с.с.

Тапсырма 6 : Мына тіркестерді қалай түсінесіз? Қолданылу аясын түсіндіріңіз, дәлелдер келтіріңіз.

«Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады»

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»

«Шұбарлап сөйлеу»

«Тілін сындыру»

Тыңдалым. Бейнемәтін берілген. Көріп, тыңдай отырып, мыналарды орындаңыз:

  • мәтіннің мазмұнын сипаттайтын 5 етістікті тіркес жазып алыңыз.

  • мәтінге нақты келетін сөйлемді белгілеп алыңыз.

Тіл –ұлттың басты негізі (бейнемәтін)

www.youtube.com/watch?v=5O4Onq6P9qQ

Бейнемәтіннен не түсіндіңіз?

Өзіңізге қандай түсінбеген сөздер кездесті?

Есіңізде қандай ойлар қалды?

Талқылау. Пікірлеріңізді ортаға салыңыз. Басқалардың пікірін тыңдап, ұсыныстарды түртіп алыңыз.

Қазақшаңыз қалай?

Қазақша сөйлеуге кедергілерді атаңыз.

Тапсырма 7: Мыналардың ішінен өзіңізге қатыстысын белгілеңіз (). Өзіңіздің тілдік кедергіңіздің себептері мен салдарын айтыңыз.