Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
992
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Көркем шығармалармен жұмыстың негізгі кезеңдері мен басты бағыттары

Кіріспе жұмыстар. Мұғалімнің алдына қойған оқу-тәрбие мақсаты, көркем шығарманың озіне тән ерекшелігіне қарай кіріспе жұмыстары әр түрлі.Оған кеткен уақыт мөлшері де соған байланысты. Кіріспе жұмыстары өтілглі отырған тақырыпқа оқушыны қызықтыру, эмоцияларына әсер ету мақсатында жүргізіледі.Оны әңгімелеу,сол тақырыпқа байланысты қызықты қосымша материалдарды, көрнекіліктерді пайдалану арқылы немесе кинофрагменерді көрсету, күйтабақ тыңдау, т.б. жұмыстар негізінде ұйымдастыруға болады (әрине мұғалімнің қолында бар материалдар негізінде). Мысалы, М.Әуезовтың «Қараш–Қараш оқиғасы» бойынша кіріспе жұмыстарда мұғалім оның жазылу тарихы,бас кейіпкер Бақтығұл тағдыры, атақты қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі – Рысқұл тағдырынан алынғаны, жазушы Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романы туралы шағын әңгіме, Рысқұлдың, Тұрардың суреттері, қырғыз фильмі («Наперевале Қараш») туралы деректерді пайдалануға болады. Мұндай эпизодтар, сөз жоқ, оқушыны елең еткізіп, өтіліп отырған шығармаға деген қызығушылықты, ынтаны туғызады. Көркем туынды, оның авторы арқылы да осындай жұмыс жүргізудің маңызы зор. Автор туралы өлеңдер, оған берілген бағалар, өтілгелі отырған шығарманың әдебиет тарихындағы алатын орны жөнінде де көптеген жұмыстар жүргізудің тиімділігі зор. Мысалы, Ғ.Мүсірепов шығармаларын бастамас бұрын, 11 сынып оқушыларына төмендегідей мазмұндағы сауалнама таратылып беріледі.

1) Ғ.Мүсірепов туралы не білесің?

2) Төменгі сыныптарда оның қандай шығармаларын оқыдыңдар?

3) Өз бетіңмен не оқыдың?

4) Ғ.Мүсірепов шығармасы өзіңе ұнай ма, ұнаса, неге ұнайды?

5 – сыныпта Мұхтар Шахановтың «Отырар дастаны» балладасы беріледі. Өлеңді оқымас бұрын, автор туралы кіріспе әңгіме жасап, оның тек тамаша ақын емес, халқымыздың азамат ұлдарының бірі екендігін әңгімелеу, сондай – ақ Отырар тарихынан қысқаша сыр шерту, қосымша материалдар, сурет пайдалану керек.

Көркем туындының жазылу тарихына, шығарма негізінле жатқан тарихи шындыққа, тарихи мәселелерге назар аудару да кіріспе жұмыстардың ұтымды тәсілі болып келеді. Отырыр қорғаушыларының жан беріспес ерлігі, Отаншылдығы, Қайыр ханның атының тұяғы бүкіл әлемді балшықша илеген Шыңғыс ханға берілмей, ақтық деміне дейін халықпен бірге блуын тарихи деректермен баяндау, әңгімелеу, оқушы сезіміне әсер етіп өлеңге деген қызығушылығына ғана әсер етпей, өлеңді қабылдау, өз мәнінде түсіне білулеріне де жод ашады. Кіріспе жұмыстарды ұйымдастыру, жүргізудің әдіс – тәсілі, мүмкіншілігі мол. Ол мұғалімнің ізденісі, білімі, іскерлік – шеберлігіне байланысты. Мысалы, осы «Отырар дастанын» интегративтік оқыту негізінде дуэт сабақ ретінде өтіп, кіріспеде тарих пәні мұғаліміне сөз беруге болады.

7 – сыныпта Софы Сматаевтың «Есіл Біржан» атты шығармасы беріледі. Кіріспеде Біржан өлеңдерін, яғни әндерін күйтабақтан тыңдау («Теміртас», «Жанбота» сияқты), сондай – ақ Қ.Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін талдау алдында әнін тыңдау – сол көп тәсілдердің бірі. Мұғалім кіріспеде қандай жұмыстарды өткізсе де, тиімді деген қандай әдіс – тәсілдерді пайдаланса да бәрі нақты тақырыпты дөп басып, оның мән – мағынасы, қадір – құдіретіне оқушы қызығушылығын арттыратындай дәрежеде болуы керек. Ең бастысы, сынып, тақырып ерекшелігін ескере отырып, алдында тұрған оқу – тәрбие мақсатын шешетіндей дәрежеде жүргізілуі тиіс.

7 – сыныпта Қ.Аманжоловтың «Көкшетау» өлеңі беріледі. Кіріспеде мұғалім Көкшктауға сырттай саяхат жасауына болады. Эпипроектордан Көкше баурайының түрлі – түсті суреттерін (Открытка, картина, т.б) көрсету. Сәкеннің атақты «Көкшетау» поэмасындағы Бурабай, Оқжетпес, Жұмбақтас, Көкше бейнелерін суреттейтін жерлерді мәнерлеп оқу, оқу үстінде суреттерін көрсетіп, түсінік берудің тиімділігі сол, бұл тәсіл әрі балалардың сезіміне әсер етеді, әр білімін, дүниетанымын үлкейтеді, әрі туған елі оның сұлу табиғатына деген махаббатына,сезіміне әсер етеді. Бұл кіріспе жұмыс тіпті артынан өлеңді талдап болғаннан кейін де (Қасымың) іздендіру бағытындағы салыстыру жұмыстарын жүргізуде нәтижелі болып келеді («Кокшені жырлаған қай ақын Көкшенің бейнесін нағыз суреткер ақын ретінде дөп басып бейнелеп берген?»немесе «Өзіңе қай ақынның Көкшесі ұнады?»деген сүрақтар арқылы).

Табиғат лирикаларын өтпес бұрын,өқушыларға суреттер беріп(пейзаж) беріп, сол арқылы немесе өздерінің білім тануы, бақылауы бойынша табиғат көріністеріне алдын ала шағын шығарма-суреттеме беру де пайдалы. 5-8-сыныптар оқулығында ақын–жазушылар өмірі берілмейді. Мұғалім кіріспеде олардың өмірі жайында, халық алдындағы еңегі жайында қызықты деректер айтып,оқушылар ынтасын шығарма авторына аударады әсіресе,мұндай деректер,әңгімелер сол өтілгелі отырған көркем туындыға қатысты болса тіпті тиімді болмақ.Мысалы, 8-сыныпта Абайдың Әбішке арналған өлеңдері беріледі. Кіріспеде мұғалім балалардың ұлы ақын туралы бұрынғы білімдерін пысықтап,толықтыра отырып,баласы Әбіш жайына тоқталады. М.Әуезовтың «Абай жолды» эпопеясын да пайдаланудың артықтығы жоқ.Әбіштен ұлы ақынның зор үміт күтуін, «халыққа қызмет атқаруын» армандауын,Әбіш ауыруы мен қазасы осы қлеңдерді туғызғандығын әңгімелеу, эпопеядан үзінділерді мәнерлеп оқу- тиімді жолдардың бірі. 9-11-сыныптардағы кіріспе жұмыстар өзінің ғылымилығы, күрделілігімен ерекшеленеді. Мұнда ғылыми материалдар, деректер,құжаттар, күнделік-хаттарды молынан пайдалану керек(әрине тақырыпқа сай болса). Мысалы, 11-сыныпта. М.Әуезовтың алғашқы әңгімелерін өткенде, Т.Жұртбаевтың «Бесігіңді түзе» атты портрет эссесі бойынша әңгімелердің тарихи негізін дәлелдеу немесе «Абай жолының» жазылу тарихы туралы жазушының «Мен Абай туралы қалай жаздым?» атты мақаласын пайдалану–кіріспе жұмыстардың тиімді нәтижелі түрі. Жоғары сыныптардағы кіріспе жұмыстар оқушылардың сезімі қызығушылығын арттыру мақсатында ғана емес,ең бастысы, өтілгелі отырған тақырып, көркем туынды жайындағы білімдерін кеңейту, дүниетанымын арттыру мақсатында да жүргізіледі.