Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
992
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Іv тарау Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, маңызы

Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуге тиіс.Әдебиет-өнер, сөз өнері пәні.Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем-дағдысын дамыту,тәрбиелеу, қабілеті, дарынына әсер ету,оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді.Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесіндежүзеге асыру мүмкін нәрсе емес.Оқушыларды сөз өнеріне тарту,көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру,эстетикалық талғамын,сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие берудің басты-басты мәселелері сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыруарқылы жүргізіледі.

Оқушылар еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру,бос уақыттарын пайдалы,тиімді өткізу де, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік гуманистік қасиеттерге баулуда,ұлттық өнерді,халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс жұмыстардың жас ұрпаққа берері,үйретері көп.

Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері

а)Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті,икемі,дарыны,жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді.Үйірме жұмыстары-сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры.

ә)Әдеби - шығармашылық үйірмелердің сонымен қатар «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері, әсіресе, соңғы кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде.

Үйірме жұмыстарының арнаулы органы –қолжазба журналы,газеті болады.Жұмыс жоспары жасалынады.Мұндай істерге кейде жергілікті ақын-жазушылар да(өз тілегімен)көмектесіп,белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби-шығармашылық үйірмелерінің жұмысын жас ақын-жазушылармен бірігіп жүргізу нәтижелі болмақ.

б)Әдеби үйірмелердің бір түріне «Кітап достары»немесе «Кітап- білім бұлағы»деген үйірмені жатқызуға болады.Әсіресе, 5-8-сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше.Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді,мысалы,«Құрметтейік те көтерейік Ананы»(8Наурыз қарсаңында),«Менің Қазақстаным»(Республика күніне),т.с.с.Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып,төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек.Кітапты күтіп ұстау,ұқыпты болу,оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді.Мысалы,«Ұқыпты бала», «Кітап жанашыры»,«Білгір» (кітапты көп оқитын), «Шапшаң» немесе «Алғыр» (кітапты тез,әрі қатесіз оқитындар үшін), т.б. тақырыптарда. Жеңімпаздарға қоғамдық ұйымдар,үйірме ,мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс.Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады,каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соған үйретеді,дағдыландырады.

в) Үйірмелердің тағы бір түрі –мәнерлеп оқу , драма үйірмелер . Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады. Драмалық шығармалардан үзінділер, инсценировкалар әзірлейді. Оларды мұғалім сабаққа пайдаланып отырады. Мысалы, Ғ.Мүсірепов, М. Әуезов драмаларын талқылаған кезде олардың туындыларынан шағын көрініс, монолог дайындалып, сабақпен ұштастырылады (осындай жұмыстарды үнтаспаға жазып алып та сабаққа пайдалануға болады).

5-8-сыныптар бойынша әдебиет үйірмелерімен бірлесе отырып, «Алтын сақа» немесе «Ер Төстік елінде» атты драма үйірмесін жүргізуге болады.Үйірме мүшелері ертегілерді мәнерлеп оқуға, инсценировка жасауға, сахналық көрініс көрсетуге үйренеді.Төменгі сынып оқушыларына, балабақшаларға барып,өз өнерлерін көрсетеді, бөбектерді ертегіні сүюге баулиды.Сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі- клубтар.Үйірмеге қарағанда клубтардың ауқымы кең.Үйірмеге қабілетті,соған икемді ғана балалар тартылса, клубқа қатысам деушілерге ондай шек қойылмайды.Бір сыныпты түгелімен бір клубқа қатыстыруға болады.Мысалы,«Аққу»,не «Әлди,әлди,ақ бөпем»клубына (атын басқадай да атауға болады) қыздар тартылады.Әдеби біліммен қатар,эстетикалық тәрбие беру,сұлулық, әдемілікті сезінуге баулу,ұлттық тәрбиені жүзеге асыруда оның атқаратын жұмысы ерекше.Клубта әдебиеттегі қыздар бейнесі,ақын-жазушы қыздардың өлеңін оқып-талдау,өнерпаз,білімпаз қыз-келіншектер туралы,сондай-ақ қыздарға өзін-өзі күту,болашақта үй тұрмысын қалай жүргізу,дастарқан мәзірінің жайы,бала тәрбиесі,сән, т.б. туралы қызықты,маңызды әңгімелер өткізіліп, әр саладағы мамандармен кездесу ұйымдастырылады.«Алтыбақан»,«Мұрагер» клубтарын құрып, халықтың өнерін, әдет-ғұрпын, әдебиетін,шешендік өнерін кеңінен насихаттауға болады.Клубқа қандай ат қойылады,-оны қатысушылар өздері шешеді. «Сиқырлы сөз» клубын ұйымдастырып, өткізуге болады.Онда ақын, әншілер, сал-серілер шығармашылығы, ақын-композиторлар, Абай, Сәкен, Қасым,т.б. өлеңдері туралы тамаша хабарлар, отырыстар жүргізу де пайдалы. Клуб жұмыстары әр түрлі формада өткізіледі. Бірде дәріс-әңгіме түрінде өтсе, енді бірде композиция, концерт, кездесу,т.б. түрінде өтіледі.

Ақын - жазушыларға байланысты мынадай кештер өткізуге болады:

1.«...Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп...» (Ш.Уәлиханов туралы).

2.«Жүрегіңнің түбіне терең бойла...» (Абай).

3.«Адамзаттың Айтматовы» (Ш.Айтматов).

4.«Кінәны жүрекке қой,қойма маған» М.Жұмабаев).

5.«Мен кетермін, артта жазған сөзім қалар...» (Шәкәрім туралы).

6.«Оқыған азаматтың ардағы,бетке ұстар көсемі» (Ахмет Байтұрсынов).

7.«Өлсе де денем,мен өлмен...» (Ж.Аймауытов туралы).

8.«Оян, қазақ!» (Міржақып Дулатов).

Әдеби конференциялар

Әдеби конференцияларды үлкен бір проблемалар,тақырыптар бойынша жүйелі өткізіп тұру тиімді. «Қайта оралған есімдер» шығармашылығы бойынша мынадай тақырыптарды қамтуға болады:

1.Мағжан поэзиясындағы нышан,романтика, миф.

а)Шәкәрім-Шығыс поэзиясындағы жарқын тұлға.

ә)Шәкәрім поэзиясындағы Абай үлгісі,Абай әсері.

2.Ана тілін түрлеген Ахаң.

3.Жүсіпбек прозасындағы шеберлік пен шешендік.

4.Міржақып-алғашқы қазақ романының авторы.