Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лабораториялы жмыс 1-6.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
212.48 Кб
Скачать

Лабораторлық жұмыс №3.

Тақырыбы: Ақпараттық жүйелерді сипаттауға, қазіргі компьютерлік технологияларды қолдану.

Stratum 2000 модельдеуші ортасында графикамен танысу

Тапсырма 1.Екі өлшемді графикамен жұмыс істеудегі негізгі тәсілдер.

Аспаптар панеліндегі Жаңа жобаны жылдам құру” батырмасын басыңыз. Үстінгі жағында «Сұлба: ...» деп жазылған, жұмыс аймағы пайда болады. Енді онда имидждерді орналастыруға, бейнелерді салуға, мәтіндерді жазуға болады.

 Графикалық объекттілерді құру-

  1. Сызықтарды құру. Аспаптар панеліндегі сызықты құру батырмасын басыңыз. Жүгіргі, жүйе сызықты құру режиміне көшкеніне нұсқау беріп, өз түрін өзгертеді. Енді тінтуірдің жүгіргісін беттің аймағына апарыңыз. Сол жақ батырманы басыңыз және оны басылған күйінде ұстап тұрып сызықтың суретін сала шетке апарыңыз. Суретті салуды тоқтату үшін сол жақ батырманы жіберіңіз.

  2. Тік төртбұрышты салу. Аспаптар панеліндегі тік төртбұрышты құру батырмасын басыңыз. Жүгіргі, жүйе тік төртбұрышты құру режиміне көшкеніне нұсқау беріп, өз түрін өзгертеді. Енді тінтуірдің жүгіргісін беттің аймағына апарыңыз. Сол жақ батырманы басыңыз және оны басылған күйінде ұстап тұрып тік төртбұрыштың суретін сала шетке апарыңыз. Суретті салуды тоқтату үшін сол жақ батырманы жіберіңіз.

  3. Дәл осылай дөңгелектелген бұрышты тік төртбұрышты, шеңберді, секторды немесе доғаны салыңыз.

  4. Мәтінді құру. Аспаптар панеліндегі мәтінді құру батырмасын басыңыз. Жүгіргі, жүйе мәтінді құру режиміне көшкеніне нұсқау беріп, өз түрін өзгертеді. Енді тінтуірдің жүгіргісін беттің аймағына апарыңыз. Сол жақ батырманы басыңыз. Бетте кейбір мәтіннің суреті пайда болады. Оның өзгерісі үшін мәтінде екі рет шертіңіз. Ағымдағы графикалық объектінің қасиетімен диалог ашылады. Мәтін Microsoft Word редакторындағыдай болып өзгереді. Өзгертулерді енгізгеннен кейін ОК батырмасын басыңыз.Мәтінде немесе мазмұнда қаріпті өзгертуде кейде объектінің өлшемін өзгерту керек болады, барлық әріптер көрініп тұруы үшін (Өлшемді автоматтық түрде іріктеу үшін керекті объектті таңдаңыз және Ctrl+A басыңыз).

  5. Полисызықты өздеріңіз салып көріңіздер. (Салуды тоқтату оң жақ батырманы басу арқылы).

  6. Суретті құру үшін, файлдан қою тармағын таңдаңыз және диалогтан керекті файлды таңдаңыз (мысалы *.bmp, *.gif, *.jpg, *.pcx кеңейтілуімен).

Құрылған объектілерге келесі әрекеттерді жүзеге асыруға болады: орын ауыстыруға, масштабтауға, өңдеуге.

  1. Объекттің орнын ауыстыру үшін тінтуірдің жүгіргісін объектінің суретіне апару керек. Сол жақ батырманы басыңыз және оны басылған күйде ұстап тұрып, объектінің орнын ауыстыра шетке апарыңыз. Орын аустыруды тоқтату үшін сол жақ батырманы жіберіңіз.

  2. Объектіні масштабтау үшін тінтуірдің жүгіргісін объектінің суретіне апару керек. Сол жақ батырманы басыңыз – графикалық фреймның суреті пайда болады (сегіз шаршы түрінде). – Бұл әрекет графикалық объектіні таңдау деп аталады. Енді керекті шаршыны тінтуірмен басыңыз және оны басылған күйінде ұстап тұрып объектіні өзгерте шетке апарыңыз. Орын аустыруды тоқтату үшін сол жақ батырманы жіберіңіз.

  3. Графикалық объектілердің параметрлерін редакциялау үшін керекті объектіге екі рет шерту керек, немесе осы объектінің контексті мәзірінен «Қасиет» пунктын таңдау керек. Бұл диалогта объектінің өлшемін, қалып күйін және түсін өзгертуге болады. Объектінің өлшемін және қалып күйін өзгерту үшін «Қалып күй» белгісін қолдануға болады. Сызықтарды жиектеу параметрлерін өзгерту үшін «Сызық» белгісін қолданыңыз. Құю параметрлерін өзгерту үшін «Құю» белгісін қолданыңыз.

  4. Полисызықтың нүктелерін өзгерту үшін таңдалынған полисызықта аспаптар панеліндегі тиісті батырмасын басу керек. Барлық түйінді нүктелер кішігірім шаршылармен белгіленеді. Одан кейін олардың орнын тінтуірдің көмегімен ауыстырған жөн. Жаңа нүктелерді қосу үшін Ctrl пернесін басып және оны жібермей, тышқанмен қажетті орынға басу керек. Өшіру үшін Shift пернесін басып және оны жібермей, тышқанмен қажетті орынға басу керек. Бұл ретте жүгіргі жұмыс режиміне байланысты өзгеретін болады.

 

Тапсырма 2. Бейне файлдармен жұмыс

Ерікті avi файлын ашыңыз (мысалы lion.avi). Графикалық объектілі терезе ашылады – бейне кадрлы. Бейне кадрды немесе контексті мәзірді басқару үшін Бейне аспаптар панелін қолданыңыз. Кез келген аспаптар панелін Түр және оның Аспаптар панелі тармағы арқылы қосуға болады...

Роликты ойнату үшін ОЙНАТУ батырмасын басыңыз.

Тоқтата тұру үшін КІДІРІС.

Басына өту үшін БАСЫНА

  1. Тышқанның көмегімен бейнекадрды терезенің бет жақ бойымен орын алмастырыңыз.

  1. Бүкіл кадрдан ерікті бөлікті таңдап көріңіз.

  1. Бейнекадрдың өлшемін өзгертіңіз.

  1. Оны ТҮЗЕТУ мәзіріндегі ҚАЙТАЛАУ командасымен қайталаңыз.

 

Тапсырма 3. Графикамен жұмыс

Өзіңіздің жеке бейнеңізді құрыңыз: немесе өзіңіздің пәндік аймағыңыздан, немесе басқасынан. Мысал түрінде сендер өздеріңіздің оқулықтарыңның мазмұнын немесе оның кез келген бетін илюстрацияларын немесе титулдық бетін салуыңызға болады.