Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перечень спец МПФ 2014-2015 К.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
103.94 Кб
Скачать

5В090600 –мәдени-сауық жұмысы

Академиялық дәреже: 5В090600 «Мәдени - сауық жұмысы» мамандығы бойынша облыста қызмет жасау бакалавры

Қабылдау емтихандары: Қазақстан тарихы, қазақ ( орыс) тілі, 2 шығармашылық емтихан (орындаушылық шеберлік, сценарий презентациясы).

Кәсіби қызмет саласы: Мәдени-сауық жұмысы бакалавры мәдениет, өнер, білім, ғылым және бұқаралық ақпарат салаларында кәсіби қызметі.

Кәсіби қызмет нысандары: мәдениет, өнер мекемелері, шығармашылық орталықтар, әуесқой, клубтық бірлестіктер, орта білім беретін мәдениет, өнер оқу орындары, мектеп және мектептен тыс мекемелер және бұқаралық ақпарат.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • өндірістік-басқару: мәдениет, өнер, білім салаларында бірлестіктерді және ұйымдарды, шығармашылық ұжымдарды, мекемелерді жетекшілік ету, мәдени орталықтарды, жеке меншікті әртүрлі фирмаларды және шығармашылық студияларды басқару,

  • шығармашылық: таңдалған мамандандыру бойынша орындаушылық шеберлік және теориялық білімдерді жоғары дәрежеде меңгеру; мәдени ағартушылық жұмыстарының әдістерін және түрлерін, тәжірибелік дағдыларын және ұжыммен, студиялармен, үйірмелермен жұмыс істеу, көпшілік іс – шаралар, концерттер, және қойылымдарды қою әдістерін меңгеру;

  • ұйымдық-шығармашылық: барлық әлеуметтік топтарда сауық ұйымдастыру және де шығармашылық ұжымдарды құру және жетекшілік ету, Халықаралық және Республикалық байқауларды, фестивальдерді, симпозиумдарды, шеберлік сыныптарды ұйымдастыру және өткізу;

  • білім беру (педагогикалық): шығармашылық оқу орындарында арнайы пәндер бойынша педагогикалық қызметті атқару, педагогикалық міндеттерді қаулы ету, шешім шығару, сабақ берудің жаңа түрлері мен әдістерін енгізу;

  • жобалық-технологиялық: адамдардың шығармашылық орындалуына жағдай жасау, әртүрлі мәдени салаларда шығармашылық жобаларды дайындау, сол жобаларға ақпараттық және жарнамалық қамтамасыз ету;

  • ғылыми - зерттеушілік: мәдени-сауық қызметтердегі, мәдениет салаларындағы жағдайларды, мәдени мұралардың көркем дәстүрлерін және тарихи заңдылығына зерттеу жүргізу, мәдени – сауық жұмыс тәсілдерін, түрлерін, әдістерін зерттеу;

Кәсіби қызмет мазмұны: халық арасында мәдени-сауық жұмыстарын ұйымдастыру; шығармашылық ұжымдармен және тәрбиелік жұмыстармен жетекшілік ету; мәдениет пәндерін білікті оқыту.

5В010500 – дефектология

Академиялық дәрежесі: 5В010500 дефектология мамандығы бойынша білім бакалавры

Кіру емтихандары: математика, қазақ (орыс) тілі, биология, Қазақстан тарихы.

Кәсіби қызмет саласы: Арнайы мектепке дейінгі мекемелер мен арнайы мектептердегі (зиятында, естуінде, көруінде, тірек – қимыл қозғалысында, психикалық дамуында ауытқуы бар балаларға арналған) түзету, оқыту, тәрбиелеу процесі болып табылады және т.б.

Кәсіби қызмет нысандары: мемлекеттік және жеке меншік жалпы білім беру мекемелері; арнайы мектепке дейінгі мекемелер және мектептер; оңалту орталықтары; түзету кабинеттері; ПМПК; ерте жастағы балаларға көмек көрсету кабинеттері; әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау; ғылыми – зерттеу ұйымдары бола алады.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ұйымдастырушылық - технологиялық (дамуында әр түрлі ауытқулары бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің түрлі әдістемелерін таңдау және іске асыру);

  • басқару - өндірістік (әдіскер-дефектолог, арнайы мектепке дейінгі және мектеп мекемелердің басқарушы);

  • жобалық - (жалпы білім беру бағдарламаларын арнайы білім беретін мекемелердің нақты типіне бейімдеу; дамуында әр түрлі ауытқулары бар балаларға оқыту- тәрбиелеу және түзете - дамыту көмек көрсету жоспарларып әзірлеу және жүзеге асыру);

  • ғылыми-зерттеу (мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және түзету процесінің ерекшеліктерін зерттеу);

  • педагогикалық (таңдаған мамандығы бойынша: олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, мұғалім-логопед, әлеуметтік педагог, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі және әдіскер);

  • диагностикалық -кеңес берушілік (МШ балаларға диагноз кою, олардың ата-аналары мен педагогтарға әдістемелік кеңес беру жұмысын жүргізу);

  • жарнамалық - насихаттаушылық әлеуметтік маңызды идеяларды, дәстүрлерді қолдау, дамыту және жалғастыру; мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсету жарнамаларын ұйымдастыру; әлеуметтіқ жауапкершілік, қоғамға қызмет көрсету идеяларын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау болып табылады.

Кәсіби қызмет мазмұны: Дефектология мамандығы бойынша білім бакалавры кәсіби қызметінің мазмұны - әр түрлі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды толығынан әлеуметтендіруге, қоғамға кіргізуге, тұлғалық дамытуға бағытталған коррекциялық-педагогикалық іс-әрекетін жүргізу болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»,«Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау туралы» заңдарын, БҰҰ баланың құкығы туралы конвенциясын, Қазакстан Республикасының әлеуметтік саясатының негіздерін; педагогиканың, этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері және ұғымдары.