Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Журналистикаа кіріспе.толыdocx.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
88.64 Кб
Скачать

18. Репортаж жанры.

  1. Журналист қоғамдық пікірді туғызушы, қалыптастырушы.

  2. Журналистика функциясы туралы.

  3. Цензура түсінігі

  4. БАҚ-ты тіркеу тәртібі.

  1. Редакция құрылымы.

24. БАҚ-тағы авторлық құқық.

БАҚ-тағы авторлық құқық.1995 жылы республикалық референдум қаылдаған ҚР БАҚ мен журналистік қызметтің құқықтық негізі болып табылады. ОЛ сөз бен шығармашылық бостандығы. ҚР мемлекетік құпиясын құрайтын мәліметтермен басқа ақпараттық заң тиым салынбаған кез-келген тәсілдермен ақпарат алу және тарату бостандығын жариялады, цензураға тиым салды.

1999 жылы ҚР БАҚ туралы заңы қайта қабылданды. Мақсаты БАҚ салысындағы қоғамдық қатынастарды реттеу және олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктер белгілеу. Ал ең алғашқы БАҚ туралы заң 1991 ж. қабылданды. 1996 жылы 10 маусымда ҚР авторлық құқығы мен сабақтастық құқытары туралы заң қабылданды. Сол заңда авторлық құқығын олардың сол қоғамдық ұйымды қорғау туралы мәселелер қамтылған. Осыған сәйкес 1997 жылы әділет министрлігі заңды қатаң түрде тіркеуден өткізіді. Авторлық  құқықты қорғау дүние жүзілік тәжірибенің негізінде анықталған. Өйткені автор құқығы аса маңызды мәселелер жекеменшікпен байланысты. Оған ешкімнің, тіпті мемлекеттің де қожалық құқығы жоқ.

Авторлық құқықтың мақсаты: мазмұны мен маңызына сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым. Ол әдебиет, өнер, публицистикалық туындыларды қолданады. Авторлық құқықтың нысаны: 1. жазбаша мәтін болуы мүмкін (қолжазба немес басылған мәтін); 2. Ауызша мәтін – бұл көпшілік алдында айтылған сөз. ; 3. Үн жазба, бейнетаспа мәтіні.

Нақты атағанда мынандай туындылар авторлық құқытың нысаны болады:

әдеби туындылар

сценарийлер

телетуындылар

аударламалар мен өңделген материалдар.

Ал авторлық құқықтың нысаны болмайтын дүниелер:

Ресми құжаттар, заңдар, сот шешімдері, әкімшілік дипломатиялық мәтіндер, халық шығармашылығы туралы фактілер, ақпараттық сипаттағы хабарлар. Авторлық құқықтың иесі өз құқығы үшін авторлық құқық белгісін пайдалануына болады. Ол белгі туындының  әр данасына қойылады және мына үш элементтен тұрады:

1 элемент қорғауға алынған.

2. элемент айрықша авторлық құқық иесінің есімі.

3. элемент туындының алғажарияланған жылы.

Авторлық құқықты қолдану мерзімі.

Өмір бойы.

Авторлық құқықтық оның есімінің құқығын және автордың беделін  қорғайды.

Авторлық құқық шарт бойынша мұра ретінде берілсе ол заң бойынша немесе өсиет бойынша кейінгі адамға ауысады.

25.Журналист атауының түсінігі

Журналист - қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады. Журналист - газет-журнал немесе радио мен теледидар жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші - ұйымдастырушылық, екінші - әдеби өңдеу, үшінші - шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіліп жазатын болуы керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса, тіпті жақсы. Ол заман, уақыт ағымын жақсы түсіну тиіс. Әсіресе, идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білген жөн.Журналистің тағы бір қасиеті - оның саяси - әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл - жан - жақты білімділік пен саяси - азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, уақытпен санаспау керектігін білдіреді. Журналист өз ісіне адал берілген мамн болуы тиіс. Соңдай - ақ, журналист көпшіл болуы, жұртпен тез ортақ тіл тапқыш болса, тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек.Журналистика (французша - journal, немісше - journalіstіk, ағылшынша - journalіst) – 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.