Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Журналистикаа кіріспе.толыdocx.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
88.64 Кб
Скачать

29.Журналистік бақылау мен баяндау

30. Әлеуметтік желі дегеніміз не?

Әлеуметтік желіні «әлеуметтік медиа» деп те атайды. Бұл – адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамасыз ететін интернет сайт(тар). Жалпыға ортақ сөзбен айтар болсақ, әлеуметтік желі дегеніміз бұл – адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы.Әлеуметтік желі не үшін керек?Бұл сұраққа жауап бермес үшін қарсы бір сұрақ қояйын: Өмірдегі таныс-біліс не үшін керек?. Әрине, селбесіп, араласып-құраласып өмір сүру үшін. «Адамның күні адаммен» деп те жатамыз. Шамасы, адам баласының табиғатында бар қасиет болса керек, біз өзгелермен сөйлесуді, бейтаныс адаммен танысқанды, белгілі бір тақырыпта пікір алмасуды, өз ойымызды айтуды, басымызға түскен қуаныш пен қайғыны хабарлағанды, үйге қонақ келгенде фото-альбомдарымызды көрсеткенді жақсы көреміз. Шынайы өмірде біз мұндай әрекетті тек реті келгенде ғана жасасақ, қазіргі ақпараттық технология, әсіресе интернеттің қарыштап дамыған заманында бұл оңайлана түсті. Өйткені, біздің ұғымымызда «әлеуметтік желі», яғни «адамдардың бір-бірімен виртуалды байланысы» деген түсінік пайда болды. Демек, сіз өзіңіздің дәл қазіргі көңіл-күйіңіз қандай екенін жұртқа айту үшін немесе кешегі түнде болған досыңыздың тойындағы суреттерді өзгелерге көрсету үшін һәм өзіңіз сүйіп тыңдайтын әншінің шығармашылығы туралы достарыңызбен, не өзіңіз секілді фанатпен сөйлесу үшін, тіпті қалаға көшіп кеткен сыныптасыңызбен сырласып-сөйлесу үшін келесі бір туған күн кешін не басқа бір жиынды күтіп отырмайсыз. Бірден МойМир әлеуметтік желісіне кіріп, жаңадан фото қосасыз, статусыңызды өзгертесіз, МайлРуАгенттегі сыныптасыңызбен сөйлесіп, соңғы хабарларды естисіз, сондай-ақ, өзіңіздің достарыңыздың туған күні келіп қалғанын, оның басқа біреумен танысқанын, атақты киноактердің қоғамдастығына мүше болғанын білесіз. Тиісінше, сіз де өзгелер секілді достарыңыздың санын көбейтіп, бұрынғы жұмыс орныңыздағы адамдарды тауып, олардың достарының ішінен бала кезіңіздегі досыңызды тауып, өз ортаңыздағы таныстық шеңберін кеңейте түсесіз. Осылайша, сіз әлеуметтік желінің мызғымас бір бөлігіне айналасыз. Тоқетері, әлеуметтік желі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы үшін керек.

  1. Журналистикадағы кері байланыс.

  2. Аймағымыздағы баспасөзге сипаттама бер.

  3. Журналист әдебі.

Бұл тақырып бойынша студенттер әдеп және оның журналист кәсібіндегі мәні туралы білім бағыты айқындалады. Журналистика әдебіне байланысты алғашқы ағыс XX ғасырдың басында Еуропа мен Америкада газет шыға бастаған кезде басылымдарды қоғам өміріндегі өзгерістердің кейбір қалтарыстарын бұқараға жеткізуде айла әрекекеттер жасаудың құралы ретінде пайдаланудан басталды. Деморкратиялық жұртшылықтың, оның ішінде журналистердің қоғамдағы жайсыздықтарға қарсылығын реттеу және мұндай жағдайлардан оқырмандарды оқшаулау мақсатында XX ғасырдың 20-жылдарында көптеген елдердің журналистік бірлестіктері кәсібіи әдеп бойынша алғашқы кодекстерді дайындағанына зер салу тақырыптың мәнін ашуға студенттерге зор ықпал жасайды.

Одан кейін студенттер қазіргі кезеңде журналист әдебінің қоғамдағы практикалық жағдайларға байланысты күнделікті қызметте аса қажеттігін білуі тиіс. Байланыс каналдарының өсуі жаңа инновациялық технологияның қажеттігін және бұқаралық ақпарат құралдарын жетілдірудің өміршеңдігін көрсетті. Сондықтан, XX ғасырдың 70-жылдары әлемдік қауымдастықтың алдында, оның ішінде құрамында Қазақстан болған бұрынғы Кеңес Одағының алдында БАҚ-тар қызметінің құқықтық және әдептік проблемеларын реттеу өзекті мәселенің бірі болып саналды.

«Кәсіби әдеп» термині екі өзгеше ұғымда қолданылады:

1) Журналистің кәсіби әдебінің еркешелігі туралы ғылым.

2) Күнделікті жұмыста «кәсіби әдеп» термині журналистің кәсіби әдебінің нормалары мен ережелерінің жиынтығы ретінде қалыптасқан ұғым, журналист кодексі деген сөздің синонимі ретінде айтылады.Бұл пәнді оқытудың негізінде журналистиканың шығу тарихымен байланыстылығын таныстыру, журналистика саласының қоғам өміріндегі сан салалы қызметтегі ерекшеліктерді бағамдау және осыған байланысты кәсіби әдептің қалыптасуындағы толассыз үрдістерді бағамдау бар.

Қазіргі Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту және қорғау кезеңінде әлеуметтік жағдайларды түбегейлі жақсарту жолында БАҚ-тар қызметкерлері саналуан проблемалармен бетпе-бет келуіне орай журналист әдебін реттеудің мәні айқындала түсуде. Әрине, шығарамашылқ қызметті қатаң шектеуге болмайды. Стандартта шығармашылық жұмысқа шектеуді барынша азайту арқылы журналист қызметінің адамгершілік мотивін реттеу оңайға түседі. Қоғамдық оқиғаларға тәуелділік қазіргі жаһандасудың кенеттен болатын әсеріне байланысты туындайды, сондықтан, шешім қабылдауда жаңашылдық бағыт қажет болады. Ақпарат жинау және оларды тарату барысындағы ғылыми-техникалық ілгерілеудің нәтижесінде адамгершілік деңгейіндегі моральді-психологиялық жағдайлар пайда болып отырады. Мәселен, ақпараттарды қазіргі заманғы электронды техникалардың көмегімен дайындаудың нәтижесінде бұрынғы ескі технологиялардың орнына жаңа инновациялық технологиялар алмастырылып, материалдың сапалы болуы негізінен журналистің кәісби парызы және арына тікелей қатыстылығы анықталды.

Жалпы журналистикада әдеп мәселесі басқа салаларға қарағанда кенже туындады және дәстүрлі мәні де үздік-создық жағдайда болды. Мәселен, XX ғасырдың өзінде А.Петров, К.Ушинский, А.Макаренко және т.б. негізін салған педагогикалық этиканың ауқымды дәстүрі қалыптасты. Ал журналистикада басталған этикалық дағдылар 1918 жылы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының нұсқауымен бұрынғы дәстүр жалғаспады. Большевиктік партияның жұмыс стиліне орайластырылған журналистика әдебі бұрынғы классикалық, халықтық мұраларға тежеу жасады. Жеке тұлғаның нақты шындықты ашатын ақпараттар алуына және оның осы мағынада таратылуына ресми қарсылық болмағанымен тосқауыл жасаудың түрліше амалдары қолданылды. Кеңестік кодекстер абстаркты гуманизм баспасөзіне лайықталып өзгертілді. Журналистерге БАҚ-тарға тек бір партиялық басшылық ұстанымы және журналистердің партиялық жауапкершілік идеясы бойынша қызмет ету талабы қойылды.

Тек қана 1988 жылы Кеңес Одағының журналистер одағы қатысуымен бірінші Журналист әдебінің халықаралық ұстанымдары жазылып, жарыққа шықты. 1990 жылғы тамыз айында КПСС-тің монополиясы және цензура тоқтатылғаннан кейін, оның БАҚ-тарға билік жасауы, журналист бостандығына жасалатын кедергілер жойылды. Алайда, бұл үрдіс көпке бармады. 1992 жылы энергия қуатының, қағаздың, бояулардың және полиграфикалық жұмыстардың бағасы ырықтандырылуына байланысты газеттердің, журналдардың бағалары екі есеге өсіп, телерадио хабарларының шығыны көбейіп, олардың бірқатарына жабылу қаупі төнді. Мәселен, Павлодар облыстық телекомпания қызметкерлерінің 60 пайызы қысқартылды, ал, облыстық радио республика бюджетінен облыстық бюджетке ауыстырылды. Оқырмандардың газеттерді сатып алу, телерадио хабарларын көру-тыңдау мүмкіндіктері төмендеді.

Рыноктық экономикаға бизнесмендерге жақындасқан БАҚ-тар ғана төтеп бере алды. Олар оқырмандарға, көрермендерге және тыңдармандарға прагматикалық ақпараттар, дедективті-эротикалық материалдар ұсынды. Сол кезеңде көптеген тәжірибелі редакторлардың өздері қаржылық мұқтаждықтың салдарынан ірі бизнесмендердің немесе биліктің ықпалында қалды. Осылай күрт өзгерістер кезеңінде цензураны тоқтатумен ғана журналистік бостандықтың болмайтыны айқындалды, кедейдің бостандықта болған күні жоқ. Әрқашан экономикалық тәуелсіздік қажет, сонда ғана бостандыққа жол ашылады. Олай бломағанда БАҚ-тарға ие болып отырған алпауыт капиталистер өздерінің айтқандарын жасатады.

Кәсіби әдептің жалпы ұстанымы жоғарыда айтқанымыздай осыдан 84 жыл бұрын жасалды. Бұл халықаралық журналистің кәсіби әдебінің ұстанымдары немесе ережелері қазір де мәні жойылмаған сенімді құжаттар. Отандық журналист әдебінің нормалары мен ережелері де халықаралық құжаттар талабы деңгейінде сақталуы тиіс. «Қазақстан Республикасында 2007 жылғы сайлау науқандарын көрсетіп жариялауда этикалық нормаларды ұстану туралы хартия» осы негізде жасалды.

  1. Журналистің міндеті. Журналист:

1) Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;

2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;

3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға;

4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге;

4-1) 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.

  1. «Айдар» дегеніміз не?

(рубрикалар)-газеттің ішкі құрылымынан хабардар ететін, оны танытатын басты компоненттерінің бірі. Айдаралар қызметі жағынан негізгі және арнаулы болады. Бірнеше газет типтеріне ортақ жалпылама және бір ғана газет типіне тән, соған ғана лайық арнайы айдарлар да ұшырасады.

Айдарлар құрылымы жағынан тұтас, бір ғана мәселеден хабар береді. Мысалы, «Қазақ» газетінде «Сыртқы хабарлар», «Ішкі хабарлар», «Оқшау сөз», т.б. айдарларының әрқайсысы берер хабарының шығу тегін (ішкі, сыртқы) немесе өзгелерге ұқсамайтын оқшаулығын аңартып тұр. «Қазақ» газетіндегі «Сыртқы хабарлар» қазіргі газеттердің көбіне тән «Шетел жаңалықтары» рубрикасына сәйкес. 1913-1918 жылдары «сыртқы» сөзінің орнына «шетел» сөзін пайдаланса, әрине, оқырманға түсініксіз болар еді. Яғни, бұл жерде оқырманның қабылдау деңгейіне лайықты «сыртқы» лексемасы таңдалынып алынып отыр. «Қазақ» әуелі «Европа», «Азия» және олардағы түрлі «патшалықтар» туралы сериялы танымдық бағытта жазып, ондаған мақалалардан кейін ғана «Европадан хабар» атты айдар пайда болды. Мұның өзі газеттің біраз уақыт дайындық іспетті жасаған іс-әрекетінің нәтижесі, оқырман көзқарасы көкжиегінің кеңи түскендігінің көрінісі, газет лексикасында оқырманның әлеуметтік деңгейіне байланысты өзгеріс пайда болғандығының айғағы.

Бірнеше газет типтеріне ортақ рубрикалар мемлекеттік дәрежеде көтерілген саяси, әлеуметтік мәселелердің газеттердің насихатталуы барысының көрсеткіші сынды дүниеге келіп отырады. Айталық, 1980-жылдарғы газеттерге партия, оның саясаты, мемлекет басшыларының позицияларынан туындайтын, әр түрлі көзқарастарды аңғартатын айдарлар ортақ болып келді. Сол тұстағы айдарлардың көбі бейтарап лексика элементтерінің қатысуымен жасалған, құрылысы қарапайым. Мысалы, «Съезд мінберінен», «Делегаттар сөйлейді». Бірнеше газет типтерінде ұзақ жылдар бойы мезгіл-мезгіл көрініп отыратын айдарлардың бірнешеуіне тоқталайық. Мәселен, «Алтын орақ», «Алтын дән», «Егін орағы-...» деп аталады. Бұлардың алдыңғы екеуі бағалауыштық қасиеттке ие болса, соңғысы- бейтараптанған лексикалық элементтерден тұрады. Бейтараптанған лексикалық элементтерлер туралы М.Белбаева былай дейді: «Барлық стильде бірдей қолданыла беретін стильдік бейтарап сөздердің тобына негізгі сөздік қордағы сөздер енеді. Мысалы: тау, жер, су, үй, киім, жүру, тыңдау, сөйлеу, ақ, қара, көк, мен, сен, т.б. Стильдік бейтарап сөздер күнделікті өмірде жиі және жалпылама қолдану қасиетімен сипатталады» (26,63). Яғни, бейтараптану үшін бағалаушылық қасиет болмау керек екен. Затқа, оның сапасы мен санына іс-әрекетке айтушы немесе жеткізуші баға бермейді, жай ғана хабарлайды. Мұндай бейтараптанған айдарлардың құрамы көбіне қарапайым, сөз, сөз тіркесі түрінде болады. Мысалы: «Тәртіпті кеңес іс үстінде»(19.09.98) дегенде, тәртіптік кеңес ісіне баға берушілік, бағалау тұрғысында көзқарас білдіру қасиеті мүлде жоқ, информация ғана беріліп тұр. Көзқарасты бейтараптандыру, уақыт пен көлем жағынан ұта түсу, мақсатынан туындаған мұндай синтаксистік құрылымдар газет бетінде жиі қолданылады. Оған мысал ретінде «Бүгінгі номерде», «Бүгінгі оқитындарыңыз», «Баспасөз баршаға», т.б. айдарларды келтіруге болады. Газетте, жарнама жиі кездесетін эллипсистенген сөйлемдер контексті тұтас алып қарастырғандағы дәл сондай сөйлемдерден ерекше болып келеді. Өйткені, контест ішіндегі (бұл жерде кең көлемдегі контекст) эллипсис сөйлем мен өзінің алдындағы немесе өзінен кейін келетін бірнеше сөйлем арқылы, сол сөйлемдердің мазмұны арқылы ашылады, толығады.

  1. Журналистика-әлеуметтік институт.

  1. БАҚ жұмысын ұйымдастыру.

(БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасәзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бүл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, сая- сибиліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.

БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.

БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.

БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Әрине ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.

БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-қылықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке түлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жал¬пы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің шабыттанған үгітнасихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.

БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті түсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) ар¬қылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бүқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік қүрылымдарын жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.

БАҚ-тың жүмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жүмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.

БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табы¬лады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез- құлқын жасырын басқару жатады. Алдапарбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады. БАҚ-тың жағымсыз салдары оның қоғамдық үйымдарымен шектелуі мүмкін. Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты үйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мем¬лекеттік және қоғамдық-қүқықтық. АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бүқаралық ақпарат қүралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бүл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ- тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында. Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. Электронды бұқаралық ақпарат қүралдарын үйымдастырудың үшінші түрі Германияда басым. Бүл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бүл аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді.

  1. БАҚ және жарнама.

  2. «Егемен Қазақстан» газетіне сипаттама бер.

  3. «Айдар» дегеніміз не?

  4. Журналистикадағы талдамалы жанрлар.

Публицистиканың теоретиктері бұл жанрды ұзақ уақыт бойы байқамай келген. Оны репортаж, корреспонденция, мақала жанрына да жатқызылуы заңды құбылыс. Журналистік зерттеудің қазақ журналистикасында қалыптасуы мен дамуы XX ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Әсіресе, 1980-90 жылдары жылдары соттық отырысты мұқият зерттейтін корреспонденциялар көбейді. Тэжірибе көрсеткендей, эр жанрдың қалыптасуы мен дамуы ондаған жылдарды талап етеді. Журналистиканың жанр теориясы тэжірибеден туындайды жэне тэжірибеге негізделеді. Қазақстандағы журналистік зерттеудің қалыптасуы да ондаган жылдарга созылған.

Америкада журналистік зерттеудің пайда болуы 1930 жылдармен, яғни Америкадағы экономикалық дағдарыс кезеңімен тұспа-тұс келеді. Сол кезде газеттің тәжірибесі газеттік публицистиканың жаңа жанрын журналистік зерттеуді өмірге алып келген.

Кеңес журналистикасында жаңа жанрдың пайда болуы мен қалыптасыу М.Е.Кольцовтың шығармашылығында байқалған. 1980 жылы шыққан «Теория и практика советской периодической печати» атты оқу құралында журналистік зерттеу ұғымы әлі аталмайды, Ол КСРО мен Ресей аумағында 1990 жылдардың басында пайда болғаны белгілі.

Зерттеу жанрының америкалық үлгісі мен ресейлік үлгісінің арасында біршама өзгешеліктер бар. Дэвид Вейер, Дэн Нойес журналистік зерттеу туралы былай дейді: «Зерттеуді бастай отырып жақсы дерек жинау қажет. Журналистік зерттеу жанры әлеуметтік тұрақсыздық пен түрлі революциялар кезеңінде дамиды. Журналистік зерттеуде дерек өте құнды болып келеді. Алайда репортер осы деректерді жинап, әрі реттегенде, мақалада автордың бағасы пайда болады. Ол оқырманның қабылдауына зор ықпал етеді»,-дейді. Осындай туындының авторы өз пікірінің объективтілігін дәлелдейді.

Журналист эрқашан өз пікірі мен дерегіне қайшы келетін жағдайлардан аулақ болуы тиіс. Журналистер үшін ең басты ереже -мақала зерттеу субъектісі жарияланбас, не тапсырмас бұрын кез-келген кінэлауға жауап беру мүмкіндігіне ие болу.

«Объективтілік» ұғымынан бас тарту «шындықтың» мақаладан алып тасталынуын не «объективтіліктің» журналистік зерттеуде маңызды рөл атқармағанын білдірмейді. Керісінше, зерттеуші-журналист бұл жағдайда ешқашан нүкте қоюға болмайтынын ескеріп, оқиға арқылы оның түп-тамырына жетіп, шындықты табуға талпынады»,- дейді зерттеушілер.

АҚШ журналистерінің әдістемесіне сәйкес, журналистік зерттеу әдісінің мәні - құрғақ дерек арқылы емес авторлық бағалау арқылы жетістікке жету. АҚШ-тағы журналистік зерттеудің концепциясы -қасақана еместік. Көріп отырғанымыздай, бұл АҚШ журналистикасының теориясы мен тәжірибесіндегі жаңашылдық. Отандық журналистикада деректерге шынайы мән беру арқылы, нақты, әрі тексерілген авторлық позиция көптеген талантты журналистердің шығармашылығында баршылық.

Журналистік зерттеу жанрында корреспонденция, мақала, очеркке сәйкес белгілер кездеседі. Журналистік зерттеудің басқа жанрлардан төмендегідей ерекшеліктері бар: зерттеудің мақсаты; зерттеудің пәні; зерттеудің әдісі; алынған материалды мазмұндау тәсілі өзгеше болуы тиіс.

  1. Этикалық кодекс.

  2. Журналистика-әлеуметтік институт.

  3. «Ақпарат» ұғымының шығу тарихы.

  1. Қазіргі әлеуметтік желілердің масс-медиада алатын орны.

  2. ҚР Конституциясы сөз бостандығы туралы.

  3. Газеттегі меншікті тілші мен арнайы тілші қызметтеріндегі ерекшеліктер.

Тілші– хабар жеткізуші, хабарлаушы.

1 Редакция аппаратында қызмет істейтін штаттағы маман-журналист (меншікті Тілші, Тілші-ұйымдастырушы т.б.), редакцияның ерекше тапсырмасын орындаушы (арнаулы Тілші) немесе журналистиканың арнайы бір саласына маманданған қызметкер (мысалы, фототілші);

  1. Штаттан тыс, бірақ бұқаралық хабар мен насихат қызметіне тұрақты қатысатын редакция қызметкері (жұмысшы немесе ауылдық, әскери, жас Т., т.б.);

  2. Бұқаралық хабар мен насихаттың басқа бір органына хабар не мақала жазушы газет, радио, телеарна редакциясы (ұжымдық Т.).