Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Журналистикаа кіріспе.толыdocx.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
88.64 Кб
Скачать

48. Журналистің міндеттері мен құқықтары

Бұқаралық ақпарат құралдары ту­ра­лы Қазақстан Республикасының 1999 жыл­ғы 23 шілдедегі №451-1 За­­ңының 20-бабында журналистiң құ­қықтары бел­гіленген. Журналистiң: 1) ақпаратты iз­дестiрудi жүзеге асыру­ға, сұратуға, алу­ға және таратуға; 2) мем­лекеттiк ор­ган­дарға, барлық мен­шiк нысанда­рындағы ұйым­дарға ба­руы­­на және өзiнiң қызмет ба­бындағы мiн­деттерiн жүзеге асыруға бай­ланыс­ты олардың лауазымды адам­да­рының қа­былдауында болуға, жабық шара өт­кi­зу туралы шешiм қа­был­дан­ған­нан бас­қа жағдайда өзiн тiркеген орган өт­­кi­зе­тiн барлық шаралар­ға қатысуға; 3) ҚР заң актiлерiнде тыйым салынған жағ­дай­ларды қоспағанда, жазбалар, со­ның iшiнде оларды дыбыс бейне тех­­ни­касын, кино-фото түсiру құрал­да­рын пайдалана отырып жасауға; 4) жур­налистiң куәлiгiн көр­сету арқылы дү­лей апаттар болған ау­дан­дарда, ми­тин­гiлер мен демон­стра­ция­ларда, сон­дай-ақ қоғамдық, топтық және же­ке мүд­де­лер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға; 5) құ­жат­тар мен материалдардың мем­­ле­кеттік құпиялар болып табыла­тын мә­лiметтерi бар үзiндiлерiн қоспа­ған­да, олармен та­ны­суға рұқсат алу­ға; 6) алынатын ақ­па­­­раттың дұрыс­ты­ғын тексеруге; 7) алын­­ған ақпараттық ма­териалдарды тексеру кезiнде ма­ман­дарға жүгiнуге; 8) өзi да­йындаған хабарлар мен материал­дар­ға қолын қойып, шартты атын (бүр­кен­шiк атын) көр­сетiп тара­туға; 9) ма­те­риал­дың маз­­мұны редак­циялық тү­зе­ту­ден ке­йін журналистің жеке сені­мі­не қай­шы кел­се, оған өз қолы қойы­лып, жа­­рия­­ла­­нуынан бас тартуға; 10) автор­лық жә­не ақпарат көздерiнiң құпиясы сот­­тың талап етуiмен жарияланған жағ­дай­ларды қоспағанда, бұл құпия­лар­ды сақтауға құқығы бар.

  1. «Ақпарат» ұғымының шығу тарихы.

  2. Телевизияда жарнама беру тәртібі.

  3. Оқиғалық репортаж жанрының құрылымы.

  4. Автор-газет-оқырман арасындағы байланыс.

Репортаж. Бұл жанр төңірегінде зерттеушілер арасында түрлі көзқарастар бар. Ал, осы пікірлерден шығатын қорытынды, біріншіден, репортаж - негізгі фактіге құрылатын, оқиғаны шындықпен суреттейтін әрі белгілі бір объектіге арналатын жанр. Бұл қасиеттердің барлығы оның хабарлама жанрына жататынын дәлелдейді. Екіншіден, репортаж - эмоциямен жазылады. Оқиғаны әсерлі етіп, әдемі сөздермен өрнектейді. Үшіншіден, репортаж - халықтың көзі мен құлағы тәрізді. Оны жазу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Репортажды жазу үшін оның жанрлық ерекшелігін жете меңгерген жөн. Оны жазған журналист өзі қатысқан немесе өзі бақылап тұрған оқиғаны әлі жеткенше көркем тілмен жазуы керек. Төртіншіден, репортаж - нақты бір уақыт аралығындағы болып өткен жаңалықты, оқиғаны қамтиды. Репортаж басқа хабар жанрлары сияқты жаңалықты, оқиға, құбылысты жай хабарлай салмайды, көз алдымызға елестетеді, суреттеп көрсетеді. Оқиғаның болған жері, ондағы кейіпкердің көңіл-күйі репортаж арқылы көрсетілуге тиіс. Бесіншіден, репортажда автор көрген-білгенін тізе беру емес, оқиғаның ең маңызды, керек тұстарын ғана баяндайды. Репортажда проблема көтеріліп, ұсы-ныс-пікір айтылуы тиіс. Репортажда ойдан қосуға болмайды, ол оқиға сәттерін дәл беруге, ондағы әрбір сәтті шын, болған қалпында суреттеп, иә болмаса хабарлауы керек. Ең негізгісі - факті дәл әрі нақты берілуі тиіс. Репортаждағы басты мақсат — оқиғаны елестету, көрсету, суреттеу болып табылады. Мысалы, газет репортажы ең қиыны. Себебі, оқырман оны оқып отырып, оқиғаны көз алдынан еткізуі шарт. Бұндағы оқырманның оны көз алдынан өткізіп, сезінуі, бір сөзбен айтқанда, барлығы да автордың жазу шеберлігіне байланысты. Ал, керісінше, радио мен теледидарда салыстырмалы түрде жеңілірек. Өйткені, эфирден дауыс, көңіл-күй естіледі, теледидардан әрі көріп, әрі естиді. Репортаж негізінен 3-ші жақта баяндалады. Әйтсе де, онда автордың «мені» айрықша білініп тұрғаны шарт. Өйткені, оның осы «мені» репортажда оны және бір қырынан көрсетуге көмектеседі. Автор мұнда мәселенің тек сыртына ғана үңіліп қоймай, «өзінің» «мені» арқылы оқиғаның ішкі тылсымын да түсіндіруге тырысады. Яғни, бұл жерде репортаждың басты кейіпкері-автордың өзі. Басқа хабарлама жанр-лар негізінен болған оқиғаны хабарлаумен шектелсе, ал репортаж болса қысқа жазылатынына қарамастан, құбылысты жан-жақты, барлық көрінісімен суреттеуге тырысып, әрекет жасайды.Енді репортаждың тілдік қүрылымына келетін болсақ, онда репортаж жазу барысында көптеген нәрселер қамтылады. Мысалы, хабарлау, суреттеу, көрсету, бағалау т.б. Бұл қасиеттерді қамту автор тілінің тартымдылығын талап етеді. Сондықтан да біз репортаждан басқа да газет жанрларына тән элементтерді кездестіріп отырамыз. Бұл жөнінде орыс зерттеушісі Е.Рябчиков: «Репортаж басқа жанрлардың арасында көрнекті орын алады. Ол бойына очерк, интервью, есеп, корреспонденция сияқты түрлі жанрлардың ең жақсы белгілерін жинай білген. Оның басқалардан айырмашылығы - белсенділігі мен күрескерлігінде, өмірдің алуан түрлі тақырыптарын қозғай білуінде. Кез келген оқиғаны жаза отырып, репортер оқиға көріністерін әдемі суреттейді, қатысушы адамдарға мінездеме беріп, олардың бет-бейнесін шебер жасайды. Сондай-ақ, оқырманға олардың тілдік белгілерін көрсетуге, езі жазып отырған (завод, цех, т.б.) органдарының ауасымен тыныстатуға тырысады», - деп жазған. Репортаж, әдетте, бір оқиға төңірегінде жазылған-дықтан нақты фактіге құрылуы керек. Басты міндет - шындықты көрсету. Жалпы алғанда, репортаж ауызекі сөйлеу және кітаби стилмен жазылады. Ал, ауызекі сөйлеу стилі болса, автордың «менімен» тығыз байланысты. Бәрімізге белгілі бұл екі стилдің жазылуы өте жеңіл әрі баршаға түсінікті болып келеді. Бұған себеп, репортаж қысқа болған соң, оған түсінікті, қарапайым тілмен жазылу тән. Тегі, репортажды жақсы жазамын деп әрсіз метафора, эпитет, қиын да күрделі метонимия, әлсіз әсерлі ету құралдарын қолдану дұрыс емес. Себебі, дұрыс қолданыс таппаған тіркестер, материалдың шынайы реңін, әрін жояды. Бұл жерде тағы бір ескеретін жай репортажды әсерлі етіп жазудың екінші бір жолы - диалогты қолдану. Егер автор өзінің айтар ойын оқырманға диалог арқылы ұқтыра алса, репортаж көркемдігі одан әрі арта түсері сөзсіз.

  1. Сұхбат алдындағы дайындық.

  2. Редактор дегеніміз кім?

  3. Журналистика-әлеуметтік институт ретінде.

  4. «Газет-халықтың көзі, һәм тілі құлағы» деген цитатаның авторы және неліктен олай дейді?

  5. Телевизиядағы кері байланыс дегеніміз не?