Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛАБУС- ИГП ЗС. doc.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
165.38 Кб
Скачать

Межелік бақылаулардың тақырыптары і межелік бақылау (7 апта)

  1. Ежелгі египет мемлекеті

  2. Ежелгі Вавилон мемлекеті

  3. Ежелгі Үндістан. Касталық жүйе, Мауриилер империясы

  4. Ежелгі Грециядағы қала мемлекеттер

  5. Ежелгі Римдегі мемлекеттің қалыптасуы

  6. Франк мемлекеті Карл Мартелл реформасы

  7. Англиядағы Нормандық жаулау және мемлекеттің пайда болуы

  8. Орта ғасырлардағы Германиядағы мемлекет

  9. Орта ғасырлардағы Франциядағы мемлекет

Іі Межелік бақылау (15 апта)

  1. Француз буржуазиялық төңкерісі

  2. Фашистік Германия

  3. Рузвельттің “жаңа бағыты”

  4. Францияның 1946, 1958 жылғы конституциясы

  5. Қытай халық Республикасы құрылуы және 1949 жылғы уақытша конституциялық заңдар, 1954 ж. ҚХР конституциясы 1966-1976 ж.ж. мәдени төңкеріс. 1978 жж. 1982 жылдардағы конституциялар

  6. КСРО-ның құрылуы 1936 конституциясы, 1977 жылғы конституциясы

Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы курсының тематикалық жоспары

1-тақырып. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихының пәні және әдістері

Шетелдердің мемлекет және құқық тарихының пәні және әдістері. Мақсаты мен міндеттері. оның негізгі кезеңдері. Тарихнамасы. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы. Мемлекеттің пайда болуына әсер етуші факторлар. Географиялық және демографиялық факторлардың қарама-қайшылығы. Ежелгі Шығыс және Грек—Римдік өркениеттегі мемлекет пен құқықтың пайда болу ерекшеліктері.

2-тақырып. Ежелгі Египет және Вавилонда мемлекет пен құқықтың пайда болуы

Ежелгі Египет (Мысыр) мемлекетінің пайда болуы және оның кезеңдері. Мемлекеттік-әкімшілік жүйе және оның эволюциясы. Орталық және жергілікті басқару. Перғауын. Абыздар. Сот. Әскери күштер. Егіншіліктің дамуы. Вавилонның өрлеуі. Хаммурапи заңдары. Вавилон қоғамындағы жеке топтардың құқықтық жағдайы. Құлдық және оның ерекшеліктері. Вавилонны” мемлекеттік құрылысы. Сот ісі.

3-тақырып. Ежелгі Қытай және Үндістанда мемлекет пен құқықтың пайда болуы

Қытайдағы ұлы өзендер аймағында мемлекеттік құрылымдардың пайда болуы. Соғысушы патшалықтар дәуірі. Қоғамдық және мемлекеттік құрылысының негізгі белгілері. Шань Янь реформасы. Бір орталыққа бағынған Цинь мемлекетінің пайд болуы. Хань династиясының билікке келуі. Ван Ман реформасы. Дәстүрілі. Қытай құқығының қалыптасуы. Ежелгі Үндістан (Үнді) жер аумағындағы (территориясындағы) мемлекеттік құрылымдардың даму кезеңдері. Харап мәдениеті. Арийлердің қоныс аударуы. Ведалық кезең. Маурийлер империясының пайда болуы. Мемлекеттік және құқықтық құрылысы. Варналар. Селолық қауымның рөлі. Ману заңы.

4- тақырып. Ежелгі Греция мен Римдегі мемлекет және құқық

Афиндағы рулық құрылыстың ыдырауы және қала мемлекеттердің қалыптасуы. Солон және Клисфен реформалары. Б.д.д. V ғасырда мемлекеттік құрылысты бұқараландыру. Эфиальт және Перикл реформалары. V-ІV ғасырдағы Афин халқының құқықтық жағдайы. Афиндағы құл иеленушілік демократия. Халық жиналысы. Бесжүздік кеңес. Жоғарғы қызметтер және олардың орнын басу тәртібі. Әскери істі ұйымдастыру. Сот ісі. Афин демократиясының құқықтық саясаты және заңдары. Спарта мемлекетінің пайда болуы. Ликург реформасы. Спартандар. Перэктер. Илоттар. Спартаның саяси ұйымдасуының әскери—аристократиялық сипаты. Патшалар. Герусия. Эфорлар. Халық жиналысы. Рим қала-мемлекетінің пайда болуы. Патшалық кезең. Сервий Тулий реформалары. Аристократиялық республиканың құрылуы. Плейбейлер мен патрицийлердің күресі. Нобилдер және салт аттылар. Гракх заңдары. Марий әскери реформасы. Сулла және Цезардың диктатурасы. Принципат. Жеке биліктің орнауы. Империялық кезең. Доминат. Диоклетиан реформалары және Константин заңдары. Империяның Батыс және Шығыс болып бөлінуі. Батыс Рим империясының құлауы.

5-тақырып. Рим құқығы

Рим құқығының негізгі даму кезеңдері. Ежелгі кезеңдегі Рим құқығы. XІІ кесте заңдары. Рим құқығының қайнар көздері. Халық жиналыстарының қаулылары. Магистраттардың эдиктілері. Преторлық құқық. “Халықтар құқығы”. Манципация. Заттардың бөлінуі. Маниципацияланатын заттар. Займ шарты(нексум). Сервитуттар. Деликтілер.

6-тақырып. Франк мемлекеті мен құқығы

Франктерде мемлекеттің пайда болуының ерекшеліктері. Жаулап алушылықтың рөлі. Жерге феодалдық меншіктілік нысандарының дамуы: аллод, бенефиций, феод. Феодалдық тәуелділіктің қалыптасуы және оның нысандары. Коммендация және прекарий. Патронат. Иммунитеттер. Карл Мартелл реформалары. Меровингтер тұсындағы франктердің мемлекеттік құрылысы. Ұлы Карл және Батыс Рим империясын қалпына келтіру. Каролингтер монархиясының мемлекеттік құрылысы. Орталық және жергілікті басқару. Сот жүйесі 843ж. Верден шарты және франк мемлекетінің ыдырауы.

7-тақырып. Франциядағы ортағасырлардағы мемлекет және құқық

ІX-XІ ғғ. Француз корольдығының қалыптасуы. Франциядағы феодалдық қоғамның негізгі сословиелерінің қалыптасуы. Феодалдық иерархия. ІX-XІ ғғ. Король өкіметі. Феодалдардың әкімшілік және сот құқы. Орталық өкіметті және мемлекеттік бірлікті қалпына келтірудегі күрестің басталуы.XІ-XІІІ ғ. Ленндік монархия. Мемлекетті орталықтандырудың маңызы. Людовик ІX-нің реформалары.XІV-XVғғ. Сословиелік монархия. Абсолюттік монархия. Абсолютизм кезеңіндегі Францияның мемлекеттік құрылысы. Реформациялық қозғалыс. Азамат соғыстары. Нант эдиктісі. Ришелье реформалары.

8-тақырып. Англиядағы ортағасырлардағы мемлекет және құқық

Англ және сакстердің Британияға басып кіруі. Протомемлекеттер. Жеті корольдік. Англосакстерде феодалдық қатынастардың қалыптасуы. Англосаксон мемлекеттерінің басқару жүйесі. Англо-саксондық заңдар. Норман жаулап алушылығы және оның XІ-XІІІ ғ.ғ. Англияның мемлекеттік -қоғамдық құрылысына әсері. Ленндік монархия. Генрих ІІ-нің реформалары. Орталық өкімет органдары. Жергілікті басқару. Әскер. Сот. Ант беруші мәліметшілер. XІІІ-XVғғ. Англияның қоғамдық құрылысындағы өзгерістер. 1215 ж. Еркіндіктің Ұлы Хартиясы. Парламенттің пайда болуы және дамуы. Сословиелік - өкілдік монархияның құрылуы. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары. Сот жүйесінің эволюциясы. Ақ Роза (ақ раушангүл) мен Алқызыл Розаның(қызыл раушангүлдердің) соғысы. Англиядағы абсолюттік монархияның қалыптасуы. Қанқұйлы заңдар. Джентри мен буржуазия одағы. Англия абсолютизмінің аяқталмағандығының ерекшелігі.

9-тақырып. Ортағасырлардағы Германиядағы мемлекет және құқық

ІX-XІ ғғ. Германиядағы феодалдық қатынастардың даму ерекшелігі және ерте феодалдық неміс мемлекетінің құрылуы. Оттон І-нің шіркеу саясаты. Италияға жорық. “Қасиетті Рим империясы”. Империядағы саяси децентрализация (орталықтандыруды жою). 1356ж. Алтын мөр заңы. Князьдар өкіметі. Княздықтар мен қалалардағы басқару. Әскери ұйымдасу. Германиядағы сословиелік - өкілдік монархияның ерекшеліктері. Сословиелік -өкілдік органдар (рейхстаг және ландтагтар). Империялық сот және полиция. Германиядағы абсолютизмнің ерекшеліктері. 1525ж. шаруалар оғысы және оны” себептері мен салдары. “Каролина” заңдар жинағындағы жазалаудың қаталдығы.

10-тақырып. Ортағасырлардағы Орыс мемлекеті мен құқығы

Бір орталыққа бағынған орыс мемлекетің пайда болуы. Қоғамдық және мемлекеттік құрылысы. Орыс Шындығы. 1649 ж. Соборлық жинақ. Орыс мемлекеттің пайда болуы туралы нормандық теория.

11-тақырып. Византиядағы мемлекет және құқық

Византиядағы мемлекет пен құқықтың пайда болуы. Византия қоғамының әлеуметтік құрылымы. Византияның мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктері. Император, сот, әскер. Құқықтық жүйесі. Эклока заңы.

12-тақырып. Ортағасырлардағы Қытай мен Жапониядағы мемлекет және құқық

Қытайдағы феодалдық мемлекеттің даму ерекшеліктері. Мемлекеттік құрылысы. Орталық және жергілікті басқару органдары. Әскери және сот ұйымы. Қытай манчжурлар өкіметінің қол астында. Жапониядағы ертедегі мемлекеттік құрылымдар. Ямато бірлестігі. Тайка төңкерісі. Орталықтану процесі. Самурайлар. Жапониядағы мемлекет пен феодалдық қоғамны” даму ерекшеліктері.Император билігінің шектелуі. Сегунат. Басқару ұйымы және әскери күш. Жапониядағы әдеттік құқық. Алғашқы заң жинағы-17 бап заңдары. “Тайхо-рицуре” кодексі. Әкімшілік құқық. Сот іcі.

13-тақырып. Араб халифаты мен Осман империясыМұсылман дінінің пайда болуы. Мұхаммед пайғамбар негізін қалаған мемлекеттің құрылуы. Дінсіздермен күрес және жаулап алушылық соғыстар. Араб халифатының пайда болуы. Омеядтар мен Аббассидтар кезіндегі мемлекет. Жергілікті басқарудың ерекшеліктері. Сот жүйесі. Мұсылман құқының қалыптасуы. Шариат. Мұсылман құқыны” қайнар көздері. Құран.Сүнне.Пәтуа. Мұсылман құқығы бойынша меншік, отбасы және неке, қылмыс пен жаза. Осман сұлтандығы. Ақсақ Темірмен соғыс.XVғ. Византияны жаулап алу. Осман империясының пайда болуы. Осман империясының мемлекеттік құрылысы. Янычарлар. Осман империясындағы құқық пен сот жүйесі.

14-тақырып. Жаңа дәуірдегі Англиядағы мемлекет және құқық

Англиядағы буржуазиялық революцияны” алғы шарттары. 1628 жылғы “Құқық жайлы петиция”. Англиядағы буржуазиялық революцияны” негізгі кезе”дері мен ерекшеліктері. “Ұзақ мерзімді парламент” діни таластар. Англиядағы буржуазиялық мемлекеттің құрылуы. Кромвельдің протектораты. “Басқару құралы”. 1653 ж. Стюарттар билігін қалпына келтіру. 1660 ж. Бред декларациясы. Конституциялық монархияны дайындау. Торилер және вигилер. 1689 ж. құқықтар жөнінде билль(заң). 1701 жылғы тақ мұрагерлігі жайлы акт. Парламентті” заң шығарудағы үстемдігі.

15-тақырып. Жаңа дәуірдегі Франциядағы мемлекет және құқық

Франциядағы феодалдық қатынастардың дағдарысы. 1789-1795 жж. Француз Ұлы буржуазиялық революциясы және буржуазиялық мемлекеттің құрылуы. Революцияны” негізгі кезңдері. Құрылтай жиналысы. “Феодалдық тәртіпті жою” жайлы заң. 1789 жылғы “Адам және азамат құқықтары туралы декларация”. 1791 ж. Конституция. Ұлттық конвент. Монархияны құлату, республиканы жариялау. Жирондистер және якобиншілдер. Якобиншілдер диктатурасы. “Адам және азамат құқықтарыны” декларациясы” және 1793ж. Конституция. Наполеон Бонапарттың консулдықты орнатуы. 1799ж. Конституция. Заң шығарушы және атқарушы өкімет. Бурбондар монархиясын қалпын келтіру. 1814ж. Хартия. 1830 ж. Хартия 1848ж. Конституция. 1852 ж. Луи Бонапарттың мемлекеттік төңкерісі. 1852 ж. Конституция. 1875 ж. Конституцияны құрылысы мен саяси тәртібі. Жергілікті басқару. Сот жүйесі. әскер және полиция. Екі палаталы парламент. Перзидент өкіметінің эволюциясы. Көп партиялылық және парламенттік көпшілік.

16-тақырып. Жаңа дәуірдегі Германиядағы мемлекет және құқық

1815 ж. Вена конгресінен кейінгі Герман одағы. 1833 ж. Баж одағы. Австрияның басымдылығы. 1848 ж. революция және оның Герман мемлекеттерінің дамуына әсері. Солтүстік Герман Одағы. Герман одағындағы Пруссияның үстемдігі. 1867 ж. Конституция. Франк-прусс соғысы. Герман империясының құрылуы. 1871 ж. Герман империясының Конституциясы. Император. Канцлер. бундесрат. Пруссияның гегемониясы. Империялық әкімшілік жүйенің құрылуы. Әскер. Полиция. Сот жүйесі.

17-тақырып. АҚШ-тағы мемлекет және құқық

Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларындағы экономикалық-саяси жағдай. Отарлардың метрополиямен қарама-қайшылығы. Тәуелсіздік үшін соғыс. 1776 жылғы “Тәуелсіздік декларациясы”. 1781 жылғы конфедерацияны ұйымдастыру және “конфедерация баптары”. Конфедерациядан федерацияға өтудің себептері. АҚШ-тың 1787 жылғы Конституция бойынша қабылданған мемлекеттік құрылысы. 1789ж. сот құрылысы жөніндегі заң. АҚШ Жоғарғы Сотының “конституциялық қадағалауы”. 1791 ж. “Құқық жөніндегі билль” (заң).

18-тақырып. Жаңаша дәуірдегі Ұлыбританиядағы мемлекет және құқық

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Британ отаршыл империясының дағдарысы. 1931 ж. Вестминстрлік статус. Сайлау құқығындағы өзгерістер. 1918, 1928, 1949 және 1989 жж. сайлау заңдары. Парламентаризм дағдарысының тереңдеуі. 1945 ж. парламент реформасы. Бюрократтық аппараттың өсіп-өркендеуі. Төтенше және жазалау заңдары. Жазалау органдары және олардың дамуы. Мемлекеттік өкіметті орталықтандырудың күшеюі. Орталық өкіметтің жергілікті басқаруды бақылауының өсіп-өркендеуі. М.Тэтчер үкіметінің саясаты.

19-тақырып.Жаңа дәуірдегі Франциядағы мемлекет және құқық

Дүниежүзілік екі соғыс аралығындағы Үшінші республика. Сайлау құқындағы өзгерістер. 1919, 1927 жж. сайлау заңдары. Үкіметтің күшейіп, парламент рөлінің төмендеуі. Бюрократтық аппарат. Жазалау органдары. Көп партиялық жүйе. Партиялық одақтар. Мемлекеттің құрылысы. Саяси режимдегі өзгерістер. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы күресі. Төртінші республиканың пайда болуы. Генерал де Голль. Саяси партиялар. 1945-1946 жылдардағы құрылтай жиналыстары. 1946 ж. Конституция және оның жалпы сипаттамасы. ФКП –ның демократиялық конституция үшін күресі. 1946 ж. Конституция бойынша Францияның мемлекеттік құрылысы. Жоғарғы және жергілікті басқару органдары.1958 ж. Конституция және оның негізгі белгілері. 1981 ж. Президенттік және парламенттік сайлаулар. Солшыл күштердің үкіметі. Эконоикалық және саяси реформалар. Францияның сыртқы саясатын атлантизациялау. 1995 ж. конституциялық реформа. Референдумды пайдалануды шектеу.

20-тақырып Жаңа дәуірдегі Германиядағы мемлекет және құқық

Германияның бірінші дүние жүзілік соғысты жеңілуі. 1918 ж. қарашадағы буржуазиялық-демократиялық революция. Кеңестердің пайда болуы. Солшыл саяси партиялардың күшеюі. Версаль бітім шарты. Германияның жер аумақтарын (территорияларын) шектеу. 1919 ж. Веймар конституциясы және оның жалпы сипаттамасы. Веймар республикасының мемлекеттік құрылысы: президент, рейхстаг және рейхсрат, үкімет, жерлердегі басқару ұйымы. Қарулы күштер, полиция, сот. Буржуазиялық - демократиялық бостандықтар және оларды шектеу.1929-1933 жж. дүние жүзілік экономикалық дағдарыс және оны соғыс. Фашистік Германияның күйреуі.1945 ж. Подсдам келісімі. ГФР-ың құрылуы. Оккупациялық статус. 1949 ж. Бонн конституциясының негізгі белгілері. ГФР мемлекеттік жүйесінің эволюциясы. Саяси партиялар. ХДО-ХСО басқаруы. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарға шабуыл. ГПК-ға тиым салу. Төтенше заңдар. Саяси партиялар. Социал-демократтар мен ерікті демократтар “СДП мен Ер.ДП) коалициясының үкіметі. ГФР мен КСРО, ГФР мен Польшаның, ГФР мен Чехославакияның, ГФР мен ГДР қарым-қатынастарының нормаға (бір қалыпқа) келуі. 1982 ж. сайлаулар, оңшыл одақ партиясының жеңуі. ГДР-дың құрылуы. 1949 ж. Конституция. ГДР-дың мемлекеттік құрылысы. 1989 ж. дағдарыс. 1990 ж. ГФР мен ГДР-дің бірігуі.

21-тақырып. Жаңа дәуірдегі Италиядағы мемлекет және құқық

Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Италияның экономикалық және саяси жағдайы. Фашистік қозғалыстың пайд болуы және фашистердің өкімет басына келуі. Фашистік диктатураның орнауы. Фашистік саяси тәртіп. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жою. Лейпциг процесі. Герман фашизмнің сыртқы агрессиялық саясаты. Екінші дүние жүзілік Италиядағы фашистік тәртіптің ерекшеліктері. Саяси партияларды тарату. Демократиялық құқықтар мен бостандықтарды жою және ашық террорды орнату. Фашистік партияны мемлекеттендіру. Фашистік диктатураның жазалау органдары (әскер, полиция, сот). Бірлескен жүйе. 1926 ж. 3-і сәуірдегі заң және 1927 ж. “еңбек хартиясы”. Ұлттық бірлестіктер кеңесін құру. Екінші дүние жүзілік соғыста фашистік Италияны талқандау. Қоғамдық, саяси құрылысты демократияландыру үшін күрес. Монархияны жою. 1947 ж. Конституция, оның негізгі белгілері.

22-тақырып. Ресей мемлекеті мен құқығы

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Ресейдегі саяси партиялардың құрылуы. Земстволық қозғалыстар. Столыппиннің 1906 ж. аграрлық реформасы. Буржуазиялық —демократиялық кезеңіндегі Ресей. Уақытша өкімет. 1917ж. төңкеріс.

23-тақырып. АҚШ-тағы мемлекет және құқық

Вашингтон конференциясы. Мемлекеттік өкіметті одан әрі орталықтандыру. 20 ж. демократиялық бостандықтар мен құқықтарды қысқарту. Ф.Рузвельттің “жаңа бағытың. Рузвельттің “Жаңа бағыты” кезеңіндгі жұмысшыларға берілген жеңілдіктер.“Жаңа бағытты” жойғаннан кейінгі экономиканы мемлекеттік реттеу. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі конституциялық құқықтар мен бостандықтарға шабуылдау. 1947 ж. Тафт –Хартли, 1950 ж. Маккерен-Вуд заңдары. Оны жою үшін күрес, оның нәтижелері. 1967 ж. Жоғарғы соттың шешімі. Сайлау құқығындағы өзгерістер. Конституцияға XX,XXІVжәнеXXVІ түзетулер. Негрлерді (түрлі түстілердің) кемсітушілікке қарсы күрес. “Негрлердің жағдайын заңда формалды түзеу”. 1963 ж. сайлау округтарын қайта бөлу. Президент өкіметінің күшеюі. Мемлекеттік аппаратты бюрократияландыру және милитарландыру. Экономиканы реттеу аппаратының өсіп-өркендеуі. Жазалаушы органдар. Рейганомика.

24-тақырып. Жаңаша дәуірдегі Азия елдеріндегі мемлекет және құқық

Дүние жүзілік екі соғыс аралығындағы Жапонияның қоғамдық құрылысының ерекшеліктері. Үкімет билігінің күшеюі. 1919, 1925 ж. сайлау құқының кеңейтілуі. Әскери-монархиялық диктатураның орнауы. Әскери-фашистік диктатураның механизмі. “Жаңа саяси құрылым” мен “Жаңа экономикалық құрылым”. Жазалау органдары: әскер, полиция, сот.Сыртқы саясаттағы агрессиялық бағыт. Екінші дүниежүзілік соғыста Жапонияның талқандалуы. Потсдам декларациясы. Антифашистік демократиялық қайта құрулар. 1948ж. Конституцияны өңдеу және қабылдау. Конституцияның негізгі белгілері. Саяси өмірді демократияландыру. Жапонияның капиталистік елдердің ішіндегі өнеркәсіп иесі ретінде алға жылжуы. Феодалдық қалдықтарды жою. Аграрлық реформа. Қытай Халық Республикасының құрылуы және 1949 жылғы уақытша конституциялық заңдар.1954 ж. ҚХР Конституицясы. 1966—1976 жж. мәдени төңкеріс. 1978 және 1982 жж. конституциялар. 80 ж. экономикалық және саяси реформалар. 1919 және 1935 жж. Үндістандағы отаршылдық конституциялар. Тәуелсіздікті жариялау. 1950 ж. Үндістанның республикалық конституциясы. Саяси режимді демократияландыру.

25-тақырып. КСРО мемлекеті мен құқығы

КСРО мемлекетінің қалыптасуы. КСРО-ның Конституциялық дамуы. Тоталитарлық жүйенің ерекшелігі. КСРО-ның күйреуі. Тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы.