Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_170452062 калькуляция.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
256.51 Кб
Скачать

Жоспар:

КІРІСПЕ…………………………………………………………………..………… 3

I. Калькуляциялау түсінігі мен қағидалары………………………………………………………………………... 4

1.1. Шығындарды есепке алу мен калькуляциялау әдістерінің түрлері................ 7

1.2. Калькуляциялаудың процесстік әдісі…….………………………………..... 8

1.3. Калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі………………………….……....... 12

1.4. Толық және толық емес өзіндік құнды калькуляциялау…………..……….… 16

II. Айнымалы шығын бойынша өзіндік құнды калькуляциялау мен есепке

алу «директ-костинг» жүйесінің ерекшеліг…………………………….... 18

1.1. Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың

нақты және нормативтік әдістері…………………………………………...… 21

III. «Стандарт-кост» жүйесі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау..………………………………………………………………… 25

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………....………………… 28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………. 29

КІРІСПЕ

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау – басқару есебінің негіздерінің бірі болып, кәсіпорын шығындарын дұрыс бөлу және іске асырумен өнімнің бірлік құнын анықтау мақсаты болып табылады. Яғни әрбір ұйымды дұрыс басқару үшін ең алдымен жедел ақпарат қажет. Сол ақпаратты өндіріс саларынан алады, содықтанда әрбір өнімге кеткен шығындарын азайту жолдарын табу кәсіпорынның ең басты мәселелерінің бірі болып табылады.

Шығындарды тарату және азайту жолдарын табу үшін халықаралық тәжіребеде әрқилы әдістер қолданады. Осы әдістерге талдау жасау арқылы кәсіпорын өзіннің өндірісіне лайықты әдісті таңдау да ең маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Өзіндік құн бухгалтерлік есепте шығын мен табыс туралы есеп, салықтар бойынша есеп беру, қаржылық есеп беру мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды.

Осы жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорынның, ұйымның өндірген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісін таңдау үшін, әрбір әдіске талдау жүргізу тиімді әдісті анықтау және де халықаралық деңгейде басқарушылық бухгалтерлік есепті жүргізу, яғни өнім деңгейін жоғарғы сапаға жеткізу, одан максималды пайда табу жолын іздеу.

Өндіріс шығындарын есепке алу әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау – жиынтық құжаттарды қабылдауы мен өндірісте анықталған шығындар бойынша өнімнің өзіндік құнын анықтайды. Шығындарды есепке алу әдісі мен калькуляциялау кәсіпорынның қалауынша таңдалады, оған кейбір факторлардың әсеріне: бұйым саласы, технологияны қолдану, өнім ассортименті және т.б. жатады.

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасы халықаралық есеп стандарттарына толығымен көшкендіктен және де ана тіліміздегі әдебиеттері аз көлемінде болғандықтар қиыншылықтар кездесті.

I. Калькуляциялау түсінігі мен қағидалары

Калькуляциялау – бұл өнім, жұмыс, қызмет бірлігінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқаруда өте маңызды, себебі ол өнімнің өзіндік құнын азайту және бәсекелестігін арттыру үшін ішкі резервтерді уақытында қолдануға мүмкіндік береді. Калькуляциялау өнімнің өзіндік құнын жоспарлау мен олардың нарықтағы сұранысын есепке ала отырып, өнім, жұмыс және қызмет бағасын бекіту үшін қолданылады.

Калькуляциялауда нақты өнім түрін өндіру мен сатуға, сондықтан жұмыс және қызмет бірлігін орындау (жүктерді тасу, жөндеу жұмыстары және т.б.) кәсіпорынның ақшалай түрдегі шығындары біріктіріледі.

Қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде калькуляциялау кейбір өнім(жұмыс, қызмет) түрлері бірлігінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі ретінде анықталады. Калькуляциялау барысында шығарылған өнім санымен өндіріске кеткен шығындар салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны анықталады.

Калькуляциялау міндеті – олар тасушылардың бір бірлігі, яғни сатылатын өнім (жұмыс, қызмет) бірлігіне кеткен шығындарды анықтау.

Калькуляциялаудың алғышарты болып калькуляциялаудың алдында болған өндірістік шығындар есебі(өндірістік есеп) табылады. Өндірістік есеп жүйесінде белгілі бір түрде дайындалған ақпарат негізінде ғана өндірістік басқарудағы қажетті болып табылатын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүзеге асырылуы мүмкін.

Өзіндік өндірісте ертеден қолданған калькуляциялау жүйелері дайын өнімнің қорын бағалау мен жартылай фабрикаттардың құнын білуі мақсат етілді, себебі ішкі өндірістің және сыртқы есеп беру құрылымның табысын анықтау үшін қажет болды. Мәселенің маңыздылығына қарамастан бұрынғы калькуляциялау жүйелері басқарушылық есеп берудегі шешім қабылдауына қажетті ақпаратпен қамтамасыздандыра алмаған, қазіргі калькуляциялау жүйелері баланстырылған болып келеді.Олардың құрамындағы ақпарат дәстүрлі есептеулерді шығаруға ғана емес, сонымен қатар экономикалық болжау жасауға мүмкіндік береді, мына жағдайларда:

  • Өнімді өндірудің келекшектегі мақсаттылығы;

  • Өнімге тиімді баға бекіту;

  • Өнімнің тиімді ассортиментін өндірі;

  • Технологиялар мен станок паркін жаңарту мақсаты;

  • Басқару қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалау;

Қазіргі калькуляциялаудың негізі кәсіпорынның шешімдерінің орындалуын немесе жоспарға жауапты орталықтардың шешімінде жатыр. Берілген калькуляциялау қолданулар өзіндік құнның жоспарлы міндеттерінің ауытқуын талдау, кейінен жоспарланған өзіндік құнды және экономикада эфективті технологияны ендіру мен технологиялық процесстерді жүзеге асыру үшін қолданылады.

Калькуляциялау трансфертті баға белгілеудің негізгі болып табылады. Трансфетті баға бір кәсіпорынның бөлімдері расындағы коммерциялық операцияларын жүзеге асыруға қолданылады.Көбінесе трансферттік бағаның актуальді қалыптасуынан кәсіпорын бөлімдері сыртқы сатып алушыларға өз мүмкіндіктері арқылы шығуы мүмкін. Осы жағдайда трансферттік бағаны дұрыс қалыптастыруы ұйымның қаржылық жағдайына тәуелді болады. Егер бөлім өнімді толығынан кәсәпорынның ішінде тұтынса, онда трансферттік бағаны есепке алынады және ол кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етпейді.

Осыдан өндірістік есеп беру мен калькуляциялау басқарушылық жүйеде тек өнімнің өзіндік құның анықтау ғана емес, сенымен қатар өндіріс саласында негізгі элемент болып табылады.

Калькуяциялау тауардң бәсекелестікке қабілеттілігі мен сапаның бақылауында маңызды роль атқарады. Калькуляциялау өндірілген өнімнің түрлері бойынша құралады, кәсіпорында номенклатуралық шығын баптары жұмыс пен қызмет бойынша бекітіледі(бірақта шығындарды есептеу өнімнің түрлері бойынша ғана емес, сонымен басқа да есеп беру объектісі бойынша). Бсқарушылық есепберудің маңызды шешімі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады.

Өзіндік құнын калькуляциялау - өндірілген өнімнің өзіндік құны берілген өндірістік шығындар бойынша есептен шығарылады. Шығындарды есепке алғаннан кейін айлық есеп беру жүргізіледі.

Басқарушылық есеп беруде ай сайын жалпы өткізілген өнімнің және детализацияланған көрсеткіштердің құнның анықтау. Мысалы, өнім түрлері бойынша өткізілген өнімнің өзіндік құны, өнімнің өзіндік құны.

Өнім(жұмыс, қызмет)өзіндік құнын калькуляциялау №7 „Тауарлы-материалдар қорын есепке алу“ бухгалтерлік есеп беру стандартында және әдістемелік ұсынулар арқылы ұйымдар басқармасымен, сонымен қатар №2 „Қорлар“ ХҚЕС-ты бойынша ұйымдастырылады. Өзіндік құнын калькуляциялау кезінде өндіріске өткізілген тауарлы-материалдар қор базасы, шығындарды тарату тәсілдері мен басқа да кәсіпорынның есеп беру саясатының элементтері жылдағы есеп беру өзгеріссіз қолдануы қажет.

Қазіргі жедел өзгеретін нарық жағдайларына байланысты кәсіпорынның басқармасына дұрыс шешімдерді қабылдау үшін, кәсіпорынның іс-әрекетіне талдау жүргізу қажет, сондықтанда берілген көрсеткіштері, оның ішінде өзіндік құн жайлы ақпарат, кәсіпорынның дамуына әсер етеді.

Өнімнің өзіндік құны - өнімді өндіру мен нарыққа шығаруға кеткен шығындардың ақшалай көрінісі. Өнімнің (қызмет,жұмыс) өзіндік құны кәсіпорынның шығындарынан қалыптасады, олар өнімнің (жұмыс,қызмет)өндіру процессінде табиғи ресурстарды, шикізат пен материалдар, отын қуат, негізгі құралдар, еңбек ресурстарын қолдануымен байланысты.

Өнімнің өзіндік құнына кіреді:

  • Еңбек шығыны, кәсіпорындағы өндірілген өнім,өндірістегі құрал мен заттар еңбек шығыны (дайындау мен игеру өндірістік шығындар; өндірістегі техникалық шарттар шығыны; технологиялық қамтамасыздандыру; дайындау мен даярлау шығындары; салықтар, өндірісті басқаруға жұмсалған шығындар т.б.);

  • Өнімді нарыққа өткізу шығыстары: орамы, тасмалдау мен тасу, дельдал қызметіне сыйақы, сыйақы мен комиссиондық жиындар, жарнама шығындары;

  • Кәсіпорын өнімін нарыққа өткізуге байланысты өндіріске қатысы жоқ шығындарды өзіндік құнға енгізу арқылы оларды есептен шығару(жерді жалға алу, суға, камуналдық шығындар);

Сонымен қатар өнімнің (жұмыс,қызмет) өзіндік құнына өнімнің бұзылуы мен сынуы кіреді. Ол өнімнің ішкі өндірісінің тоқтап қалуынан, материалдардың жетпеуінен, жұмыскелердің жұмыс қабілетінен уақытша айырылып қалуынан төлемдерді төлеу шығындары пайда болады.

Басқарушылық есеп беру жүйесі арқылы өзіндік құн тәртібін қалыптастыруы оңша регламенттелмеген. Осы өзіндік құнның мақсаты салық төлеу емес, ол басқарушылықтын кәсіпорынның толық шығындар жайлы мәлімет алу үшін қалыптасады. Сондықтан берілген есеп беру жүйесінде өзіндік құнды есептеу үшін әртүрлі әдістер қолдануы мүмкін. Кәсіпорынға өзінің шығындарын басқаруға маңызды болып келеді, ол өнімнің өзіндік қалыптастыруға әсер етеді, яғни оған өзіндік құн жайлы нақты ақпарат қажет. Басқарушылық бухгалтерлік есеп жүйесінде оындай ақпарат қалыптасады.

Толық өзін құнын қалыптасу процессі №1 суретте көрсетілген.

Тікелей еңбек шығын- Тікелей материалдық шығын-

дары және аударымдар дар

Үстеме шығыстар

Өндірістік Өткізу Әкімшілік шығыстар

өзіндік құн шығыстар

Толық өзіндік құн

Тікелей еңбек шығын+материалдар+үстеме шығыстар =өндірістік өзіндік құн+өткізу шығыстары+әкімшілік шығыстар = толық өзіндік құн+рентабельдік пайыз = келісім құны.

  1. Шығындарды есепке алу мен калькуляциялау әдістерінің түрлері.

Өндіріс шығындарды есепке алу әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау – жиынтық құжаттарды қабылдауы мен өндірісте анықталған шығындар бойынша өнімнің өзіндік құнын анықтайды. Шығындарды есепке алу әдісі мен калькуляциялау кәсіпорынның қалауынша таңдалады, оған кейбір факторлардың әсеріне: бұйым саласы,технологияны қолдану, өнім ассортименті және т.б. жатады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әртүрлі әдістер арқылы жүзеге асырылады. Калькуляциялау әдісі өндіріс саласының түріне, оның қиындығына, аяқталмаған өндірістін қалдығына өндіріс іс әрекет циклына өндірілген өнімнің номеклатурасына байланысты болады.

Шығындарды есепке алу мен калькуляциялау әдісі 3 топқа бөлінеді:

  1. Шығындарды есепке алу объектісі бойынша:

  • Процесстік әдіс;

  • Қайта бөлісу әдісі;

  • Тапсырыстық әдіс;

  • Шығындарды есепке алу толықтылығы бойынша:

    • Толық өзіндік құнды калькуляциялау;

    • Толық емес өзіндік құнды калькуляциялау;

    1. Шығындарды тексеру мен жедел есеп беру бойынша:

    • Нақты өзіндік құнды есепке алу;

    • Нормативтік шығындарды есепке алу;

  • Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]