Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_170452062 калькуляция.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
256.51 Кб
Скачать

Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау- дың нақты және нормативтік әдістері.

Шығындарды есепке алу объектілерінің көп болуына қарамастан оны екі әдіс арқылы – нақты және нормативтік әдістерін қарастыруға болады, олар жедеодік деңгейлері бойынша айырылады: нормативтік әдіс өндіріс процесінің барысында өзіндік құнын калькуляциялау, ал нақты – есеп беру кезеңнің аяқталғаннан кейін. Осы әдістердің бөлінуі маңыдысы өндіріс процесіндегі мезгіл ұзындығы есеп беру кезеңнің мерзім ұзақтығынан аспауында.

Ұзақ мерзімді өндіріс процессін жүргізуде нормативтік өзіндік құн әдісі туралы айту, ешқандай мағынасы жоқ, өйткеніесепке алу кезінде нормативтік әдісті қолданаған уақытты үнемдеуі. Еңбек шығының жоғарлауы норманы дамыту не түзету мүмкіндігін ақтамайды. Тәжірибе кезінде әдісті таңдау мәселесі объективті себептерге сүйене таңдалады. Себебі өндірістін мерзім ұзақтығы бірігей немесе кішігірім сериялы болып келеді, ал осындай өндіріске нормативтік әдіс мүлден ыңғайлынсыз болып келеді. Ол үлкен сериялы және көп номекклатуралық өндірісте, үлкен көлемде және өнім бірлігін өндіруге қажетті операциялардың әртүрлілігі қолданылады.

Өзідік құнды калькуляциялау мен шығындар есебінің нормативтік әдісі мынадай тұрғыда сипатталады, ол онда шаруашылық субъектілерінің әрбір бұйымы бойынша алдын ала жасалған нормативтік калькуляциясы, яғни еңбек шығындары мен материалдар шығындарын ай басына әрекет етуші нормалары бойынша есептелген өзіндік құнның калькуляциясы.

Бұл жерде есеп барлық ағымдағы шығындарды: шығындардың нормасы мен нормадан бөліп көрсетеді. Анықталған ауытқулар туралы мәліметтер бұйымның өзіндік құнын басқаруға және сонымен бірге, әрбір баптар бойынша нормалардан ауытқудың үлесін тиісінше нормативтік өзіндік құнға қосу (немесе шегеру) арқылы нақты өзіндік құнды калькуляциялауға мүмкіндік береді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебінің нормативтік әдісі айдың аяғын күтпей – ақ нақты өнімнің өзіндік құнына ие болуға (нормадан ауытқулар және олардың өзгерісі, нормативтік өзіндік құнның алгебралық сомасы ретінде), сондай – ақ ауытқулардың себептерін үнемі талдауға (10 күнде 1 рет) және кінәлілерді анықтауға мүмкіндік береді. Нормадан ауытқулардың жүйелі құжатталуының арқасында олардың пайда болған ауытқуларының себептерін дер кезінде белгілеу мүмкіндігі туады, ол «тарихи» калькуляциялау тәсілінде ауытқулардың себебіне кінәлілер өзіндік құнның калькуляциялауын жасағаннан кейін ғана анықталады.

Бухгалтер бұл әдісті қолдана отырып, нормативтік өзіндік құн мен одан ауытқуды анықтау ісімен шұғылданады.Нормативтік әдісінің негізгі принциптері мыналар:

  1. Кәсіпорын қолданыстағы норма мен сметаның негізінде әр бұйым бойынша өзіндік құнның нормативтік калькуляциясын алдын ала жасау;

Бұл принцип бастапқы технологиялық, конструкторлық, қаржылық және әкімшілік құжаттары негізінде есептелетін нормативтік, сметалық көрсеткіштерін қамтитын нормативтік базасы бар кәсіпорында ғана жүзеге асырылуы және басқарудың әр түрлі қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін: өндірістік және коммерциялық процеске кететін шығынның нормативтік сомасын анықтау, өндірістегі және шаруашылық мақсаттарына материалдық, отын – энергия ресурстарын босатуды, еңбекақы қорының есеп айырысуын, қызметкерлердің санын, басқару аппаратының шығын сметасын, бағаны босату жобаларын шектеу.

  1. Нормативтік өзіндік құнды түзетуге арналған бір ай ішіндегі норма есебі, норманың өзгеруіне себепші болған бұл өзгерістердің өнімнің өзіндік құнына және шаралардың тиімділігіне әсерін анықтау;

  2. Норма және нормадан ауытқу бойынша шығындарға бөлетін бір ай ішіндегі нақты шығын есебі;

  3. Олардың пайда болған орны бойынша нормадан ауытқу себептерін талдау;

  4. Нормадан ауытқуды және норманың өзгеруін, нормативтік өзіндік құнның сомасы ретінде шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау.

Нормативті есеп әдісінің артықшылығы – оперативтілігінде. Өнімнің нормативтік өзіндік құны оны өндіру басталғанға шейін есептелінеді. Нақты өзіндік құн - өндіру аяқталғанда есептеледі. Нақты өзіндік құн есебінің екі алгоритімі болуы мүмкін. Бірінші жолы – нақты өзіндік құнды нормадан ауытқуға және норманың өзгерісіне қарай түзелетін нормативтік өзіндік құн ретінде санау. Норманың ауытқуы мен өзгеруі бір айда, яғни есептік кезеңнің ішінде оперативті (жылдам) анықталатындықтан идеалда нақты өзіндік құн өнімді дайындау процесінің аяқталуынан кейін қалағаныңызша дереу алуыңыз мүмкін. Екінші жолы – нақты өзіндік құнды дәстүрлі әдіспен есептеу, содан соң нақты өзіндік құнды оның нормативті шамасымен салыстыру арқылы анықтау. Бұл жағдайда есеп айырысу есептік кезең біткеннен кейін орындалуы мүмкін, яғни оперативті шығын есебі оның одан кейін болатын есебімен ауыстырылуы мүмкін, демек, нормативтік әдіс мұндай орындауда барлық мағынасынан айырылады.

Шығындарды есепке алу техникалық жағынан негізделген нормаларға сүйенеді. Нормалар мен нормативтер шығындарға қарсы механизмнің маңызды элементі - өндіріс тиімділігін арттырудың бірден бір шарты. Нормативтік шығын – бұл алдын ала мұқият анықталған нақты іс жүзіндегі шығын.

Нормативтік шығындарды есептеудің екі әдісі бар:

  1. Өткен мерзімнің нақты мәліметтері бойынша;

  2. Технологиялық талдау негізінде.

Шығындар нормалары мынандай түрде болады:

  • Негізгі нормалар – бұл тұрақты нормалар, олар мерзім ішінде өзгеріссіз тұрақты болып қалады, бірақ бұл нормаларда өндіріс технологиясы өзгерген сайын қайта қарастыру керек.

  • Мінсіз нормалар – бұл нормалар өндіріс процесі мінсіз ұйымдастырылған жағдайда қолданылады, алайда тәжірибеде бұл нормалар сирек қолданылады.

  • Қол жеткізетін нормалар – тиімді қызмет жағдайда қол жеткізетін шығындар нормасы.

  • Ағымдағы нормалар – бұл қысқа мерзімге есептелген шығындар.

Нормативтік шығын есебінің әдісі мен калькуляциясын пайдалану барысындағы бухгалтерлік жазудың схемасында 1320 «Дайын өнім» шоты қолданысқа енеді. Шот дебеті бойынша өткізілген жұмыстың және көрсетілген қызметтің, өндірістен шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны (корреспонденциясында 8010 «Негізгі өндіріс» шотымен) көрініс табады. Кредит бойынша өткізіліп тапсырылған жұмыс, қызметтің, өндірілген өнімнің нормативтік өзіндік құны (7010 «Өткізілген дайын өнімдердің корреспонденциясында өзіндік құны» шотымен) көрініс табады.

Өндіріс шығындарын есепке алудың нормативтік әдісі мен өнімдердің өзіндік құнын есептеп шығарудың негізгі ерекшеліктері келесілерден тұрады:

а) өндіріс шығындарының есебі материалдар шығысының техникалық жағынан негізделген нормаларға, жасалатын өнімдердің әрбір түрін өндірудің жеке технологиялық операциялары бойынша уақыттық және келісімді бағалар нормаларына негізделеді;

б) сол сәтте қолданылатын материалдар шығыстары нормалары, өнім шығару нормалары мен келісімді бағалар, өндіріс пен басқару қызметіне жұмсалатын шығыстар сметасы өндірістің қол жеткізген деңгейін көрсететін өнімдердің өзіндік құнын нормативтік есептеп шығаруды құрайды;

в) материалдар шығыстарының нормалары, өнім шығару нормалары және келісімді бағалар жүйелі түрде қайта қаралып отырады және есептеліп шығарылған қолданыстағы нормативтерге өзгерістер енгізіледі, сонымен бір мезгілде осылар арқылы аяқталмаған өндіріс қалдықтары қайта бағаланады. Сөйтіп, аяқталмаған өндіріс пен өндірістегі одан кейінгі шығындардың есебін жүргізуде нормалардың біртұтас деңгейіне қол жеткізіледі;

г) өндірістің тікелей шығындарының бастапқы құжаттары тиісті нормаларға сәйкес жасалады және есеп жүйесінде нормалар бойынша шығындарды көрсетеді;

д) белгіленген нормалардан артық материалдар шығыстары (мысалы, материалдарды үнемдеп пішпегенде немесе бөлшектердің ақауы болғанда), сондай – ақ технологиялық процесте қаралмаған жұмыстарға ақы төлеу айрықша құжаттарда бөліп көрсетіледі немесе «нормалардан ауытқу» өзгеше белгісімен жеке құжаттар арқылы ресімделеді, нормалардан ауытқыған шығыстар құжатын есепке алу үшін кәсіпорынның жетекші қызметкерлерінің рұқсат бұрыштама қолы талап етіледі,соның арқасында өндірістік емес шығыстарды тұрғызатын себептерді қабылдауды жеңілдетеді;

е) жабдықтарды ұстап тұру және пайдалану шығыстары, қосымша шығыстар өнімдердің түрлері бойынша кешенді түрде бөлінеді (нормалар бойынша және нормалардан ауытқулар бойынша шығыстар сомасын бөлу арқылы);

ж) өндіріс шығындарының талдау есебі нормалар бойынша, нормалардың өзгеруі бойынша және нормалардан ауытқулар бойынша шығындарды бөліп көрсетумен әрбір объекті бойынша (тапсырыстар, қайта бөлулер, өнім түрлері немесе өнім топтары бойынша) жүргізіледі;

з) өнімдер бірлігінің нақты өзіндік құны нормалар бойынша, нормалардың өзгеруі бойынша және нормалардан ауытқулар бойыша шығындарды бөліп көрсету арқылы есептеледі, бірыңғай өнімдер өндіруге жұмсалатын шығындарды топтық есепке алу кезінде нақты өзіндік құнын есептеп шығару аталмыш есепке алу тобының әрбір өнімі бойынша жасалады.

Нормативтік калькуляциялау әдісі нақты өнімнің өзіндік құнын, өндірістегі ақауды бағалау және аяқталмаған өндірістің көлемін анықтау үшін қолданылады. Қолданыстағы жүрген нормалардың барлық өзгерістері ай бойындағы нормативтік калькуляциялауда ескеріледі. Өндірісті игерудің барысында және маиериалдық пен еңбек ресурстарын пайдалануды жақсартудың нәтижесінде нормалар өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]