Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_170452062 калькуляция.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
256.51 Кб
Скачать

Айнымалы шығын бойынша өзіндік құнды калькуляциялау мен есепке алу «директ-костинг» жүйесінің ерекшелігі.

Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына толық шығындарды толық өзіндік құн жүйесі шығындарды басқаруға қажетті ақпаратпен қамтамасыздандыр- майды. Сондықтан халықаралық тәжірибеде «директ-костинг» шектеулі өзіндік құн есебі жиі қолдана бастады.

Бұл жүйе дәстүрлі отандық калькуляциялауға альтернативті әдісінің бірі болып, және жоспарланған шығын объектісі мен толық емес шектеулі өзіндік құн бойынша қарастырылады. Бұл жағдайда айнымалы шығындарда ғана өзіндік құн есептеледі және жоспарланады. Қолдаған шығындар өзіндік құнын калькуляциялау құралына кірмейді, ал есеп беру кезеңдегі қаржылық қортындысынан есептен алынады. Дайын өнімнің қалдығы мен аяқталмаған өндіріс бағалауы айнымалы шығындар бойынша тәжірибеде осындай әдісті қолдануы бірінші этапта өзіндік құнына тек негізгі шығындарды кірістірген, ал жанамашығынның түрлерінің барлығы қаржылық қортындыларға апарылады. Сондықтан бұл жүйе «директ-костинг» атына ие болды. Кейінен «директ-костинг» осындай есепке алу жүйесіне айналды, онда тек негізгі шығындар ғана емес, сонымен жанама шығындарды кірістіру арқылы өзіндік құнды есептеген.

Шектеулі өзіндік құнды есепке алғанда тұрақты жалпы өндірістәік пен жалпы шаруашылық шығындар есеп беруде қатыспайды. Осындай шығындар толығымен өткізілген өнімнің жалпы соммасы өзіндік құнына кіреді, өнімнің түрлерге бөлмейді, және есеп беру кезеңінде өнімді өткізуден алынған пайданың төмендеуіне жазылып апарылады.

Басты қағида , «директ-костинг» жүйенің негізі – айнымалы және тұрақты шығындарын бөлек есебі мен есеп беру кезеңінің тұрақты шығындарды зиян деп анықтау болып табылады.

Әр мемлекетте бұл жүйе әртүрлі атауға ие. Германияда және Австрияда «бөлшек шығынның есебі»немесе жабу соммасы термині қолданылады; Ұлы Британияда- «маржиналды шығынның есебі»; Францияда-«маржиналды есеп».

«Айнымалы», «Тұрақты», «Жартылай ауыспалы», «Жартылай тұрақты» түрлері өндіріс қызметінің көлемі ауыспалы шығынның ісін мінездеген жағдайда да қолданылады. Айнымалы мен тұрақты шығыннның арасындағы айырмашылықты анықтағанда, олардың уақыт кезеңінде барлық шығындар айнымалы болып саналады. Қысқа мерзім уақыт кезеңіндегі шығындар тұрақты немесе өндірістін өзгеруіне байланысты айнымалы болып табылады.

Айнымалы шығындар сомманың өзгеруі өндіріс көлемінің өзгеруіне тура пропорционалды болады, бірақ бірлік өнімді есептеуге тұрақты (келісім еңбекақы, материалдар, отын, қуат) болып табылады.

Тұрақты шығындар соммасы өндіріс көлемі өзгеруде өзгермейді, бірақ бірлік өнімге кеткен шығын есептеуі өндіріс деңгейінің өзгеруіне тәуелді болады.

Бірақта шығынның көбісі жартылай айнымалы шығындарына кіреді. Біреулері үлкен деңгейде, басқалары өндіріс көлемінен тәуелді болады.

Айнымалы:

  • Негізгі материалдар;

  • Негізгі еңбек;

  • Технологиялық мақсаттарға жұмсалған электр қуаты;

Тұрақты:

  • Негізгі құрал амортизациясы;

  • Басқару аппаратының еңбек ақысы;

  • Шығындарды басқару бойынша басқа да көптеген баптар;

Аралас:

  • Материалды-технологиялық қызмет;

  • Байланыс шығындары;

  • Жылу шығындары;

«Директ-костинг» технологиялық басқарушылықтын мәні өндірістегі шығындарды және табыстарды есептеуі өндіріскөлемінің шығындары мен табыстар байланыста болуы калькуляциялау әдісінің базасында жатыр. Осыған байланысты жиынтық шығындардың негізгі шығындарды айқындайтын айнымалы шығындарға немесе жанама шығындарды айқын тұрақты шығынды бөледі.

Өзіндік құнын калькуляциялау технологиясы бойынша «директ-костинг» жүйесі өнімнің кезкелген көлемінде тұрақты шығындардың өзгермеуін алдын ала айқындайды.

«Директ-костинг» жүйесі бірнеше ерекшеліктерге ие:

  • өндіріс шығынның тұрақты және айнымалы шығындарына бөлінуі;

  • шектеулі шығындарбойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау;

  • табыс туралы есеп беру;

Бұл жүйе өнімді өткізуге нысана болады. Өткізу көлемі көп болған сайын кәсіпорнның одан көп табыс алу мүмкіндігі туындайды.Тек айнымалы шығындар ғана дайын өнімнің және аяқталмаған өнімнің құнын анқтайды, сондықтан өткізу көлемі көбейту кәсіпорынды ынталандырады.

«Директ-костинг» жүйенің шартына сәйкес операция ретті бухгалтерлік есеп беруде көрсетілді. Негізгі шартты айнымалы шығындар 8010 «Негізгі өндіріс» және 8030 «Қосымша өндірістер» шотында жинақталады. Жанама шартында – айнымалы шығындар біріншіден 8040«Үстеме шығындар» шотына ауысады. Шартты-тұрақты шығындар көбінесе басқарушылық және шаруашылық шығындар 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотында, ал шаруашылық шығыстар

7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотына апарылады.

Өнімнің нақты өзіндік құн соммасы, өндіріс аяқталғанда және складқа тапсырылған 8010 «Негізгі өндіріс» шотынан 1320 «Дайын өнім» немесе 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотының Дт-не апарылады. «Шартты-тұрақты» шығындар 7010,7210 шоттарының Дт-де жинақталады. Есеп беру кезеңінің соңында 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» шотына жинақталады.

Табыс жайлы есеп беру «директ-костинг» жүйесінің схемасы көп сатылы болады. (таблица 2). Онда екі қаржылық көрсеткіш: маржиналды табыс және пайда анықталады.

Таблица 2

Табыстын құрылымы

№ р/б

Көрсеткіштер атауы

Көрсеткіштердің мағынасы, теңге

1

Өнімді өткізуден түскен пайда(П)

П=500

2

Айнымалы шығындар (АШ)

АШ=300

3

Маржиналды табыс (М)

М=П-АШ =200

4

Тұрақты шығындар (ТШ)

ТШ=100

5

Табыс (Т)

Т=М-ТШ = 100

Маржиналды табыс – бұл өнімнің сатудан түскен пайда мен айнымалы шығындар есебі бойынша оның толық емес өзіндік құн арасындағы айырмашылық. Маржиналды табысқа кәсіпорынның табысымен тұрақты шығындары кіреді. Шығыстын маржиналды табыстан есептелгеннен кейін операциялық табыс көрсеткіші анықталады.

«Директ-костинг» жүйесі бойынша табыс пен шығыс туралы есеп беру нұсқауы №3 таблицада көрсетілген.

Таблица 3

Маржиналды табыс әдісі бойынша құралған

табыс пен шығыс туралы есеп беру.

№ р/б

Көрсеткіштер атауы

Сомма, теңге

1

Өнімді өткізуден түскен пайда

2850

2

Айнымалы шығындар

1650

3

Маржиналды табыс (1к-2к)

1200

4

Тұрақты шығындар

685

5

Таза табыс (3к-4к)

515

Көрсетілген есеп беруге екі саты бар: жоғарыда-маржиналды табыс, төменде- таза табыс, белгілі деңгейде процессін есеп беруі толтырылады. Айнымалы шығындар бойынша өзіндік құнын калькуляциялау өнімнің баға деңгейіне мәнді әсер етеді. Әртүрлі өндіріс сегменттері кәсіпорын бизнесін ынталандырады.

Стандарт директ-костинг – бұл кәсіпорынның қойған мақсатына жету-таза табыс табу, жүйесі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]