Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_170452062 калькуляция.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
256.51 Кб
Скачать

«Стандарт-кост» жүйесі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

Бұл жүйе XX ғасырдың 20-шы жылдарында АҚШ-та пайда болды. Бұл кезде өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтау, баға белгілеу, жедел басқару және шығындарды есептеу үшін материалдық және еңбек шығындарын нормалау пайдалана басталған. «Стандарт-кост» жүйенің тарихы отандық нормативтік есепке алу жүйесі болып табылады.

Отандық экономистер бұл әдіспен ағылшын Д.Т. Гаррисон ғалымының ойларымен 1933 жылы «Стандарт-кост» кітабының аудармасы жарияланған кезде танысқан болатын.

Техникалық басқару институты бұл жүйенің дамыту және тәжірибе жүзінде қолдану жолдарын таба бастады. М.Х. Жебрак профессоры осы шешімге үлкен үлесін қосқан, ол шығындарды есепке алу нормативтік әдіс түрінде жүйені ұсынған.

Бұл жүйе өзінің алдына қойған негізгі мақсаты кәсіпорынның табысының ауытқуы мен шығындарды есепке алу болып табылады. Оның негізгі нақты материалдық шығының нормасы, қуатын, қосымша уақытын, еңбек және басқа да шығындардың, өндірістегі өнімді және жартылай фабрикаттарды өндіруге кеткен шығынды анықтау болып саналады. Жәнеде норманы бекітуді тоқтатуға болмайды. Оның 80%-н орындалуы да үлкен үлес болып табылады. Норманың асып кетуі, оның дұрыс бекітілмегенің көрсетеді.

Шығындарды есепке алудың нормативтік әдісін «Стандарт-кост» жүйесімен салыстырылуы келесі шешімдерге тіріледі:

  • Екі әдісте де шығынды норма шегінде есепке алады;

  • Екі әдісте де толық шығынның есебін болжайды;

  • «Стандарт-кост» әдісі бойынша есепке алуы нормадан тыс бекітілген шығынды кінәлі тұлғаға немесе қаржылық-шаруашылық қызметтер мен кәсіпорынның шығына апарылады, ол әдіс номативтік әдісте де қолданылады. «Стандарт-кост» жүйенің шартында ағымдағы есепте номаның өзгеруі болжанады. Нормативтік әдісте ол мүмкін емес.\

Өндіріс шығындарды есепке алудын екі бапты ажыратады:

  • өткен шығындарды есепке алу;

  • стандартты шығындарды есепке алу мен олардан ауытқулар.

Стандарттардың нормасын анықтау үшін өндірістін басталуынан бұрын стандатты калькуляциялауды құрастыру және нақты шығындардың стандартты ауытқуын бөлінуін есепке алу қажет, осыдан «стандарт-кост» жүйенің аталуы жиынтықтын жүйеленгендіктен пайда болды.

Стандарт-бір бірлік өнімді өндіру үшін қажетті материалдар менеңбек шығындары немесе одан бұрын анықталған материалдар мен еңбек шығынның өнімге, жұмысқа, қызметке жұмсалатын өндіріс бірлігі.

Кост – бір бірлік өнімді өндіруге кеткен шығынның ақшалай көрінісі.

Стандарт-кост – бұл негізгі өндіріс шығынын реттеуге арналған құрал.

Стандартты нормалар мен нормаларды өндіру кәсіпорынның дербес анықтайды. Өндіріс процессі басталмас бұрын бекітілген стандарттар бухгалтерлік өзіндік құн стандарт картасында жалпыланады. Өнім бойынша тапсырысөндірісте осы өнімді; тапсырысты орындауға қатысатын бөлімдер бойынша карта құралады.

Осы жүйе басқа жүйелерге қарағанда, тәжірибеде ерекше өзіндік шығындарда есепке алу жүйесінің мінездемесін қолданады:

- Стандарттардың ауытқуы негізгікөрсеткіштер бухгалтерлік жазулардың синтетикалық шоттарында шығынды тарату процесінде анықталады, ал оның құжаттарында емес. Негізгі мақсаты ауытқуларды құжаттау емес, ал оның болдырмауына жағдай туғызу;

- Барлық ауытқулар бекітілмейді, ол тек қанна стандартарда қолданады;

- Калькуляциялау бабы мен ауытқу факторы арқылыауытқуларды есепке алу үшін арнайы синтетикалық шоттар ашылуы мүмкін;

Осы ерекшеліктер басқару процессінде қаншаға ауытқу мәнін есептеуге қажет; қандай шешімдерді қабылдау үшін осы мәлімет керек болады; өндірісте шығындарды талдау кезіңде ауытқуларды анықтаудын маңыздылығы бағалау мүмкіндігін тұғызады.

Бекітілген барлық кезеңде нормалар өзгермайді, ал тек байыпты ауытқуларда ғана өзгерілуі мүмкін, ол жеткізу бағаны шаруашылық өзгеруі немесе қолданағн техникалық процесстер себеп болуы мүмкін.

«Стандарт-кост» - бұл жүйе өндірістік процессін және шығындар деңгейін жедел басқаруға, норманың нақты көрсеткіштен ауытқуын мен олардың уақытта өзгерісі тенденциясы, басқарушылықтын ауытқуларды минималдау немесе нормаларды түзетулерін жүзеге асыру мүмкіндік жасайды.

Есепке алу саясаты өзгеру, байыпты себептерге сүйену қажет. Мысалы, егер кәсіпорындағы бекітілген нормаларын есепке алу және нормалық өзіндік құны бойынша дайын өнімді есепке алу эффективті емес және де нақты емес болса, онда ол нақты өзіндік құн есебімен ауысады.

«Стандарт-кост» жүйесін қолданғанда нақты шығындарды есепке алу жүйесі сияқты шығындарды өзіндік құнын калькуляциялауды толығымен есепке алады.

«Стандарт-кост» жүйесінің шарты бойынша шығындарды есепке алу корреспонденциясы Дт-де 8010 «Негізгі өндіріс» Кт-де 8011 «Материалдар», 8012 «Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы»,8013 «Еңбекақы қорынан аударымдар», 8014 «Үстеме шығыстар». Көмекші өндіріс шығынларына корресподенциясы Дт-не 8030 «Көмекшк өндіріс» шотында, ал Кт-де 8031 «Материалдар», 8032 «Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы»,8033 «Еңбекақы қорынан аударымдар», 8034 «Үстеме шығыстар». 8011 «Материалдар», 8012 «Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы»,8013 «Еңбекақы қорынан аударымдар», 8014 «Үстеме шығыстар». Көмекші өндіріс шығынларына корресподенциясы Дт-не 8030 «Көмекшк өндіріс» шотында, ал Кт-де 8031 «Материалдар», 8032 «Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы»,8033 «Еңбекақы қорынан аударымдар», 8034 «Үстеме шығыстар».

Ай ішіндегі нақты өндірілген және өткізілген қордағы дайын өнім есептеледі, нормативтік өзіндік құн бойынша бағаланған. Ай соңында нақты өндірілген дайын өнімнің, орындалған жұмыс, қызмет көрсетудің өндірістік өзіндік құны анықталады, жоспарланған және нақты өзіндік құн арасында салыстыру өткізілді. Осындай салыстыру үнемдеу қортындысы болуы мүмкін, яғни нормативтік өзіндік құнның нақтыдан асып кетуі немесе керісінші. Ауытқу соммасы дайын өнімнің нормативттік құны анықталады, яғни нормативті құн нақты өзіндік құнға дейін анықталады. Өнімнің нақты өндіріс өзіндік құн соммасы 8010«Негізгі өндіріс» Кт-нен 1320«Дайын өнім» шотының Дт-не немесе 7010 «Өткізілген енімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотына апарылады.

«Стандарт-кост» жүйесінің артықшылығы мнада:

  • кәсіпорынның табысын төмендететін,жоюға болатын шығындарды анықтау;

  • келешекте шығындарды болжау мүмкіндігі;

  • калькуляциялаумен байланысты жұмыстын есебін минималдау;

  • белгілі шығындар жайлы ақпаратпен қамтамасыздандыру;

  • тауар бірлігіне анықталған өзіндік құнды алдын ала есептеуінен баға бекіту;

  • табыс пен шығыс жайлы есеп беруді жасау мүмкіндігі;

  • менеджерлердің нақты ақпаратпен қамтамасыздандыру, өткізу бөлімін тауарды сатудан бағаны жоғарлату шешімдерін қабылдау мүмкіндігі;

Бұрынғы жүйелерге қарағанда «Стандарт-кост» жүйесі осы шешімдерді қабылдауға үлкен қызмет атқарады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, калькуляциялау –бұл өнім, жұмыс, қызмет бірлігінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқаруда өте маңызды, себебі ол өнімнің өзіндік құнын азайту және бәсекелестігін арттыру үшін ішкі резервтерді уақытында қолдануға мүмкіндік береді. Калькуляциялау өнімнің өзіндік құнын жоспарлау мен олардың нарықтағы сұранысын есепке ала отырып, өнім, жұмыс және қызмет бағасын бекіту үшін қолданылады.

Өнім (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау №7 „Тауарлы-материалдар қорын есепке алу“ бухгалтерлік есеп беру стандартында және әдістемелік ұсынулар арқылы ұйымдар басқармасымен, сонымен қатар №2 „Қорлар“ ХҚЕС-ты бойынша ұйымдастырылады. Өзіндік құнын калькуляциялау кезінде өндіріске өткізілген тауарлы-материалдар қор базасы, шығындарды тарату тәсілдері мен басқа да кәсіпорынның есеп беру саясатының элементтері жылдағы есеп беру өзгеріссіз қолдануы қажетекендігі көзіміз жетті. Яғни осыдан өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің өте маңызды болғаннына деген ой пікірге ие болдым. Себебі олсыз шығындарды тарату мен дұрыс пайдалану, жою көздерін табу қиын жолдардын бірі болып келеді. Өнімнің шығындарын есепте біз нақты өзіндік құнына, яғни баға белгілеуге жол таптық. Әр бір әдісті өзінің ерекшелігімен айрықша бөліп қарастыру маңызды болды. Өйткені әрбір өндіріс саласына өндірген өнімді шығару бойынша жоғары мөлшерде пайда табу үшін шығындарды үнемдеу қажет, яғни дұрыс әдісті таңдау. Ол әрине басшының өзінің өндірілген өнімі туралы нақты және жедел ақпарат алуынан құралады.

Сонымен, әр әдістін өзінің ерекшелігі мен артықшылықтары бар. Бухгалтерлік басқарушылық есебін ұйымдастырудың өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін әрбір сала бойынша таңдап алуы негіз болғанына деген қортындыға келдім.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]