Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5. зіндік жмыс материалдары.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
463.87 Кб
Скачать

1. Жиынтық ұсыныс қисығы төмендегі байланысты көрсетеді:

A) Баға деңгейі мен нақты түрде өндірілген ЖҰӨ көлемі арасындағы.

B) Баға деңгейі мен нақты түрде өндірілген ЖҰӨ көлемі арасындағы.

C) Өндірушілер тауарды сататын, ал тұтынушылар сатып алатын баға деңгейі арасындағы.

D) Нақты түрде тұтынылған және өндірілген ЖҰӨ көлемі арасындағы.

E) Баға деңгейі мен нақты түрде өндірілген ЖІӨ көлемі арасындағы.

2. Экономикалық жандану кезінде:

A) Өндірістің номиналдық көлемі өседі.

B) Өндірістің нақты көлемі өседі.

C) Өндірістің номиналдық көлемі өзгермейді.

D) Нақты көлем төмендейді, ал номиналдық өседі.

E) Нақты көлем төмендейді.

3. Экономикалық өсу - бұл :

A) Барлық пайдаланылатын және өндіріс процесінде пайдалануға болатын ресурстар.

B) Табиғи ресурстар.

C) Қаржы ресурстары.

D) Еңбек ресурстары.

E) Тұрғын үй.

4. Экономикалық өсу факторына жататындар:

A) Атлғандардың барлығыда дұрыс.

B) Табиғи ресурстардың саны және сапалығы.

C) Еңбек ресурстарының саны мен сапасы.

D) Өндірісте қолданылатын технология.

E) Ғылыми - технологиялық әдіс.

5. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторына жататындар:

A) Өндірістегі жұмысшылардың санының өсуі.

B) Еңбек өнімділігінің өсуі.

C) Өндірісті ұйымдастыруды жақсарту.

D) Еңбек ресурстарының саны мен сапасы.

E) Еңбек ресурстарының тек қана саны.

6. Экономикалық өсудің интенсивтік факторына жататындар:

A) Өндірістік қуаттарды жетілдірудің сапалығы, бір өнім бірлігін өндіруге кететін уақытты азайту.

B) Істелген уақытты көбейту.

C) ҒТП жаңалыктарын өндірісте пайдалану.

D) ҒТП-терді пайдаланбау.

E) Бір өнім бірлігін өндіруге кететін уақытты кеміту.

7. «AD-AS» моделінде экономикалық өсу мынандай түрде көрсетілуі мүмкін:

A) AS қисығының оңға жылжуымен.

B) AS қисығының солға жылжуымен.

C) AD қисығының оңға жылжуымен.

D) AD қисығының солға жылжуымен.

E) AS қисығының солға өзгермеуі.

8. Инфляция:

A) Бұл ақша құндылығының немесе көрсеткіш қабілеттілігінің төмендеуі.

B) Өмір сүру құнының өсуі.

C) Барлық көрсетілгендер төмендеуі.

D) Инвестицияның өсуі.

E) Қағаз ақшаның шектен тыс шығарылуымен байланысты бағаның өсуі.

9. Экономикалық цикл дегеніміз:

A) Бірнеше жылдар бойы экономикалық даму деңгейінің бір-бірінен кейін төмен және жоғары болуы.

B) Төмендеу.

C) Өрлеу.

D) Жандану.

E) Дағдарыс.

10. Жиынтық ұсыныс қисығындағы аралық кесінді:

A) Теріс көлбеуге ие.

B) Оң көлбеуге ие.

C) Вертикальды сызық түрінде берілген.

D) Горизонтальды сызық түрінде берілген.

E) –1 мен 0 –дің аралығында.

11. Жиынтық ұсыныс – бұл:

А) Берілген баға деңгейі кезінде қоғам масштабында ұсынылған тауар мен қызмет саны

В) Мемлекеттік салық салу және мемлекеттік шығындарды бекіту процесі

С) Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы

D) Мемлекеттік шығындар сомасы

Е) Тиімді жұмысбастылық жүйесін қамтамасыз ету

12. Жиынтық ұсыныс қисығындағы кейнсиандық бөлік:

А) Теріс сызықпен берілген.

В) Горизонталды сызықпен берілген.

С) Вертикалды сызықпен берілген.

D) Оңды сызықты көрсетеді.

Е) Аралық сызықпен.

13. Жиынтық сұраныс қисығы жоғарылайды, егерде:

А) Өндіргіш күштер жоғарласа.

В) Баға деңгейі жоғарыласа.

С) Ұлттық ақша бірлігінің валюта курсы төмендесе.

D) Баға деңгейі төмендесе.

Е) Инфляция жоғарласа.

10- Апта

Тақырып атауы: Макроэкономикалық тұрақсыздық. Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық.

Тапсырмалар:

Тапсырма №1:

Дұрыс жауаптарын сәйкестендір және сипатта.

Уақыты

Цикл атауы

17-25 ж.

48-60 ж.

3-тен 4 жылға дейін.

10 ж-ға дейін.

Қысқа мерзімді (Китчин циклы) цикл

Орташа мерзімді (Жуглар циклы) цикл

Ұзақ мерзімді (Кондратьевтің «ұзын толқындары») цикл

Құрылыс циклы

Тапсырма №2

Терминдерге жауап табыңыз:

  1. Жұмыссыздық

  2. Жұмыссыздық деңгейі

  3. Фрикциондық жұмыссыздық

  4. Циклдық жұмыссыздық

  5. Жасырын жұмыссыздық

  6. Технологиялық жұмыссыздық

  7. Маусымдық жұмыссыздық

  8. Құрылымдық жұмыссыздық

  9. Инфляция

  10. Инфляция деңгейі

  11. Баяу инфляция

  12. Қарқынды инфляция

  13. Ұшқыр инфляция

  14. Сұраныс инфляциясы

  15. Ұсыныс инфляциясы

  16. Мемлекеттік реттеу әдістері

  17. Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері

  18. Мемлекеттік реттеудің жанама әдістері

Тапсырма №3

Бақылау сұрақтары:

  1. «Адам капиталы», «Еңбек ресурсы», «Еңбек потенциалы» түсініктерін салыстырыңыз.

  2. Еңбек нарығының обьектісіне не жатады?

  3. Жұмыссыздық пен инфляцияның әлеуметтік – экономикалық салдары?

  4. Жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының факторлары?

  5. Оукен заңына түсінік беріңіз?

  6. Жұмыссыздықты жоюға бағытталған мемлекеттік саясаттың әдістері?

  7. Антиинфляциялық саясаттың мәні, әдістері?

  8. Филипс қисығының мәні?

11- Апта

Тақырып атауы: Макроэкономикалық тұрақсыздық. Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық.

Тапсырмалар:

Тапсырма №1:

1) Жұмыссыздық деңгейін есептеу.

Мемлекеттің еңбекке жарамды халқының саны 76 мл адамды құрайды; Армияда қызмет ететіндер – 4 млн адам; үй шаруашылығындағы әйел адамдар – 3 млн; 6 млн адам жұмыс істемейді және жұмыс іздемейтін үйсіз қаңғыбастар; 5 млн адам көлеңкелі экономиканы қалаған және жұмыс іздемейді; 1 млн студент науқандық жұмыс іздейді; Елімізде жұмыс істейтіндер саны 52 млн адамды құрайды. Осы жағдайда жұмыссыздық деңгейі қандай болады?

2) Фрикциондық жұмыссыздық деңгейі- 3,5; Құрылымдық жұмыссыздық деңгейі – 1,5; Циклдық жұмыссыздық деңгейі – 5,5;

Табиғи және нақты жұмыссыздық деңгейін табыңыз?

3) Әр жылға инфляция деңгейін есептеңіз.

Жыл

Баға индексі

Инфляция деңгейі

1

2003

100

0

2

2004

103

3

2005

109

4

2006

114

5

2007

120

Тапсырма №2

Тест сұрақтарына жауап беріңіз:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]