Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Реферат Жауапкершилиги шектеули сериктестиктер.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
456.19 Кб
Скачать

3.2. Бірлескен қызмет туралы шарттың мазмұны

Оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттері шарттың мазмұнын құрайды. Қатысушылардың міндеттеріне мыналар жатады: мүліктік жарналар енгізу; серіктестіктің ортақ ісін жүргізуге қатысу.

Жай серікгестіктің қатысушыларының құқықтары мыналар: серік-тестіктің ортақ істерін басқаруға және жүргізуге қатысу құқығы; ақпаратқа құқық; жай серіктестік қызметіне қатысуға құқықты басқаға беру құқылы және қатысудан бас тарту құқығы; ортақ мүлікке қатысты туындайтын, оның ішінде табыстан үлес алуға құқық.

Өз мақсаттарына жету үшін бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушылары ақшалай немесе басқа заттай не өз еңбегімен жарна енгізеді.

АК-ның 230-бабыңда серіктестіктің қатысушыларының жарналары туралы сөз болады. Жай серіктестіктің шаруашылық серіктестігінен айырмашылығы да осывда. Занды тұлға болып табылатын шаруашылық серіктестігінің қатысушьшары салымдарын серіктестіктің жарғылық қорына қосады (59-бап).

Өндірістік кооператив мүшелерінің жарналары аталуы жағынан жақыңдау, олар кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары (пайлар) деп аталады (96-бапты қара). Кооперативте еңбекке қатысу міндетті болып табылады, ал жай серіктестікте жарналарды еңбекке қатысу арқылы қосуға жол берілген.

Бірақ бұл сырттай ғана үқсастық. Жай серіктестік мүлкінің құқықтық режимі бір жағынан, және занды тұлға мүлкі, екінші жағынан, әртүрлі болып келеді. Шаруашылық серіктестіктері мен кооперативтер, занды тұлға ретінде барлық мүліктің, оның ішінде қатысушылар салымдарының меншік иелері болып табылады. Жай серіктесгікте, оған қатысушьгаар мүліктің меншік иелері болып қалады, мүлік оларға ортақ үлесті меншік: құқығында таесілі. Бұл, қатысушылар мүліктің өздері қосқан үлесінің ғана меншік иесі дегенді білдірмейді, себебі жарна ақшалай да, еңбек салымымен де енгізілуі мүмкін. 230-бапта ақша және басқа мүлік жайында сөз болады. АК-ның 115-бабына сәйкес мүлікке заттар, ақша, соның ішіңце шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объекгіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады26. Бұл нормаға түсініктеме беру тәртібінде еңбек салымына кәсіби білімді, дағды мен шеберлікті, сондай-ақ іскерлік беделді, іскерлік байланысты жатқызуға болады (РФ АК-ның 1042-бабы)2

Қатысушылардың әрқайсының салымдарын ақшалай бағалағанда тараптардың өзара келісімі керек. Әркімнің үлесінің мөлшері шарт бойьшша салым мөлшеріне қарай анықталады.

Ортақ мүлікке салымдар қосудың мөлшері мен тәртібі бойынша қатысушылар келісімін бірлескен қызмет туралы шарттың елеулі талабы деп тану қажет (АК-ның 393-бабы).

Шарттың қатысушыларының ортақ іс жүргізуі серіктестік қатысушыларының міндеті де, құқығы да. Жалпы ереже бойынша, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың ортақ істер жүргізуі олардың ортақ келісімі бойынша жүзеге асырылады (229-бап).

Шығындар мен заладды шарттың барлық қатысушылары жабады, ол жалпы ереже. 231-бап ортақ шығындар мен болатын залалдарды жабу тәртібін анықтауды қатысушылардың өздерінің қүзырына қалдырған. Бірлескен қызмет туралы шартта мұндай тәртіп көзделмеген жағдайда ғана 231-бапта көзделген төртіп күшіне кіреді.

Бұл жердегі басты принцип мынау: ортақ шығьшдар мен залалдар шартқа қатысушылардың ортақ мүлкі есебінен өтеледі, ал жетпей қалған сомалар осы мүліктегі олардың үлестеріне қарай бөлінеді. Бұл принцип ортақ меншік туралы нормаларда да қодданылады (АК-ның 215-бабы). Ресейдің заң әдебиетгерінде бұл нормаға сын айтылуда. Мұндай салымда мүліктік сипат та жоқ, тұтыну қүны да жоқ, ал олардың ақшалай бағасы — далбаса. Сондықтан тек іскерлік бедел мен серіктестік ісіне жеке қатысуды ғана қалдыру керек деген ұсыныс бар.