Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
05-11-2015_09-52-51 / гос.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
53.04 Кб
Скачать

1.Жасырын эндометрит?

Бұл ауру қолдан ұрықтандыру кезінде малдәрігерлік- санитарлық ережелерді бұзғаннан,сонымен қатар клиникалық эндометриттерді дұрыс және жазылғанша емдемегеннен болады.

Клиникалық көріністері және анықталуы. Қабыну процесі көрінбей өтеді, жатырдың консистенциясы және көлемі физиологиялық жағдайдан айырмашылығы жоқ, ағу кезіндегі шырыш сұйық,лайланған немесе іріктенген, нәтижесіз қолдан ұрықтандыруға назар салған жөн. Көбінесе жыныстық цикл кезінде білінеді. Дәлелдеу үшін цервикалды шырыш пен эндометриттің гистологиялық кесіндісін (биотом) зерттейді.

Емдеу: Негізгі ем (жергілікті) ауырған жердің себебіне әсер ету болады. Аталған мақсатқа жету үшін көп уақытқа дейін микробтардың санациясын қамтамасыз етеді.

Этиотроптық жалпы әсер ететін дәрмектермен қоса қолданған жөн, олар–аутогемотерапия, лактотерапия (уызды қолдану),ихтиолды,АСД-2, тривитамин және тағы басқаларды парентералды қолдану.Жатырға дәрілерді ағу және жыныстық күйлеу кезінде жіберген дұрыс(суспензияларды, таяқшаларды, таблеткаларды, ұнтақтарды).

2. Иммунология ғылымы

Иммунология дегеніміз- қалыпты жағдайдағы иммундық жүйенің құрылымы мен қызметі. Иммунология антигендер деп аталатын генетикалық бөгде заттарға организмнің молекулярлық және жасушалық әрекетін зерттейтін иммунитет туралы ғылым.Қазіргі уақыттағы иммунологияның негізгі қызметі:

1.Адам мен жануарларды жұқпалы аурулардан арнайы қорғау және балу әдістерін ойластыру.

2.Синтетикалық антигенмен, жасанды және табиғи токсиндермен антигендерге қарсы иммунитетті күшейту жолдарын іздестіру.

3.Белгілі бір антигенге иммуундық жауапты күшейтудің тәсілін ойластыру.

4.Түрлі иммуно модулятордың көмегімен иммуно коррекциялықжүйенің әдісін жасау. Сонымен қатар иммунологиялық жүйенің ауруын анықтау.

5.Аллергияның алдын алу және емдеу.

3.Жатырдың жыртылуы.

Жатыр мойыны толық ашылмай қалғанда, төл теріс келіп, дене мүшелері қайырылып қалып, мал өздігінен туа алмай қатты күшенгенде жатыр қабырғасы, жатыр мойыны жыртылуы мүмкін.Емі ретінде тез арада төлді шығарып алуға тырысамыз, содан кецін жатырдың тез жиырылуыүшін питуитрин, прегнантол немесе окситоцин қолданамыз.жатырдың қабырғасын тігу керек, ол үшін алдымен лапоротомия операциясын жасайды.

4.В.В. Мосиннің плевра үсті тосқауылы.

5. Жұмыртқалықтардың күлдіреуіктерін анықтау және емдеу

Жыныстық органдардағы қабыну үдерістерінің болуы, жоғарыконцентратты азықтандыру типі, шырынды азықтарды көптеп беру, азық құрамында минералды заттардың жеткіліксіздігі, серуеннің жоқтығы, гормоналдық препараттарды (ББҚС, фолликулин, гравогормон), негізсіз қолдану, таз қарынның атониясы, гастроэнтерит кезінде организмнің улануы аталған аурудың себептері немесе оны туындататын факторлар болып табылады.

Клиникалық белгілері және анықтау. Үздіксіз жыныстық қозу (нимфония) ұзақ уақыт байқалады да, ол кейін жыныстық циклдардың тоқталуымен алмасады (анофродезия), бірнеше рет нәтижесіз ұрықтандыру. Тік ішек арқылы тексергенде жұмыртқалықта көлемі үлкен, шар тәрізді, сұйыққа толған денені анықтайды. Бұл бір камералы күлдіреуік жұмыртқалықтың беткейінде орналасады. Жұмыртқалықтардың паренхима- сында орналасқан көп камералы күлдіреуіктерді анықтау біршама күрделі болады. Бұл кезде жұмыртқалықтың көлемі ұлғайған, кернеулі, флюктуация әлсіз білінетін түйіндер қолға білінеді.

Емдеу. Ең алдымен күлдіреуіктерді туындататын себептерді жою керек:

азықтандыруды реттеу, серуен ұйымдастыру, қосалқы ауруларды емдеу.

6. ПЕРСИСТЕНТТІК САРЫ ДЕНЕНІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ

Кезекті жыныстық циклдан кейін 20-30 күннен ішінде сары дене сіңіріліп кетпей тұрып қалса оны персистенттік немесе тұрып қалған сары дене деп атайды.

Себептері. Жатырдағы қабыну үдерістерінің болуы, жоғары концен-

тратты азықтандыру типі, ұзақ лактациялық кезең және белсенді серуеннің жоқтығы.

Клиникалық белгілері және анықтау. Сиырларда ұзақ уақытжыныстық

цикл болмайды (анафродизия). Тік ішек арқылы тексергенде жұмыртқалықтардың бірінде сары денені анықтайды. Оны жыныстық циклдің немесе буаздықтың сары денелерінен ажырату үшін тік ішек арқылы зерттеуді 14-20 күннен соң қайта жүргізеді. Осы уақыт аралығында жұмыртқалықтарда және жатырда ешқандай өзгерістердің болмауы персистенттік сары дене екенін меңзейді.

Емдеу.Ауру жаппай байқалған жағдайда азықтандырудағы, күтіп- бағудағы кемшіліктерді жойып, белсенді серуен ұйымдастыру керек. Сары денені сіңіру мақсатында эстрофан, энзапрост қолдану және тік ішек арқылы сары денені сығып ажырату (энуклеация) ұсынылады. Сары денені алып тастаған соң оның орнын қан кету болмас үшін 2-3 минут қысып тұрады. Жатырға және жұмыртқалықтарға тік ішек арқылы, күнделікті массаж жасау, сонымен қатар ыстық қынаптық ванна және нейротропты препараттар (карбахолин, прозерин), новокаиндік терапия тиімді емдік әсер етеді.

7. Н.А. Флегматовтың жедел тәсілі

Арнайы шынының үстіне екі жерге бөлек-бөлек тамызып, олардың

біреуіне шылым ағу кезіндегі жатыр мойнынан алынған бір тамшы шырышты қосады. Аталған тамшыларды жапқыш шынымен жауып,

микроскоппен тексереді. Эндометрит болған кезде шырышпен араласқан

тамшыда қимылсыз немесе жабысқан спермийлер кездеседі.Қан сары суын биохимиялық талдауды зат алмасу үдерістерінің бұзылуы кезінде жүргізеді. Бұл кезде қышқылдық көлемді , кальций, фосфор, жалпы ақзаттың, көмірсулардың, дәрумендердің, кетон денешіктерінің мөлшерін анықтайды.

8. Иммунологилық жады

иммунологилық жады- организмнің атигендік әсердің қайталануына гуморальдік және жасушалық реакциялар арқылы әдеттегіден әлдеқайда күшті жауап беруі. Оның ерекшелігі антиденелердің титрі жылдам артады және ол антиденелер иммуноглобулиндердің LgG класына жатады.

Иммунологиялық жады лимфоидтық жүйедегі өзгеше өзгерістердің нәтижесінде қалыптасатын «жады жасушаларының» қызметінен туындайды. Осы заманғы көзқарастар бойынша бұл жады жасушалары антиген арқылы күшейтілген Т- және В-лимфоциттердің клоны болып табылады.

Иммунологиялық жады организмнің қорғаныс қабілетінің қалыптасуында маңызды рөль атқарады. Инфекцияның немесе вакцинаның әсерінен пайда болған жады жасушалары сол антигендік әсер қайталағанда иммунологиялық жүйенің жедел жоғары қарқынмен жауап беруін қамтамасыз етеді.